Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау



Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау бұл мемлекеттік мал дәрігерлігінің мекемелері мен ұйымдары жүзеге асыратын ветеринарлық-санитарлық шаралардың кешені. Көліктегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып жануарлар, соның ішінде құстар, балықтар, сонымен қатар тасымалдауға ұсынылған ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттар, тасымалдауға қолданылатын көлік жарақтары (вагондар,кемелер,ұшақтар,баржалар,автокөліктер) және де жүк тиеу-түсіру алаңдары,құрал-жабдықтар,суару құбыры және жануарлар мен жануар тектес шикізаттарды қысқа мерзімді ұстау орындары саналады.
Көліктегі қызмет атқаратын мал дәрігер мамандарының міндеті-жануарларды ауырудан сәтсіз шаруашылықтардан шығаруға рұқсат етпеу (ерекше жағдайлардан басқа), тасымалдау кезінде жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту, сонымен бірге ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттарының жолшыбай бұзылыуын болдыртпау, тұрғындарды адамдармен жануарларға ортақ жұқпалы ауырулардан қорғау,тасымалдау кезінде «Ветеринария» туралы заңының талаптарының әрбір бұзу әрекеттерінің алдын алу, мал шаруашылығы жүктерін тасымалдау үшін пайдалынатын вагон, кеме, автокөлік және ұшақтарды дизенфекциялау жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз етуден тұрады. Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың нәтижесі бойынша мынадай, мал дәрігерлік және әкімшілік, шаралар жүргізіледі кейбір жануарларды, мал шаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады; жолшыбай ауырған жануарларды аластайды; көлік құралдарын тазартып, бұқырлайды; бекеттерді және порттарды уақытша жауып, жүк тиеуге және түсіруге тыйым салынады, және ақырында, жануарларды тасымалдау үшін айналып өтетін жолдарды белгілейді. Шекарадағы бақылау пункттерінде ауру немесе ауыруға күдікті жануарларды оқшаулайды, мал шаруашылығының ішкі өнімдерін тәркілейді; импорттық-экспорттық қарым-қатынастарды тоқтатады (шекараны жабады).
Республиканың көлік жүйесінде халық шаруашылық «жүктерінің», соның ішінде үй, жабайы, зертханалық, зоопарктік жануарлар, ет, ет өнімдерін және шикізаттарды, биологиялық препараттарды, консервіленген қанды, араларды және тағыда басқа жүктерді жедел тасымалдауда су жол көліктермен тасымалдаудың алатын орны ерекше жоғарыда аталған «жүктердің» бәрі де тасымалдауды, сонымен қатар тиеу, тасымалдау, түсіру, портта уақытша сақтау кезеңінде тиісті жағдайларды сақтауды қажет етеді.
1.М.Т.Бутко и другие “Ветеринарная санитария на транспорте” – Москва – 1986г
2.А.Н.Жумакаева “Ветерипнарный санитарный контроль на государственном границе и транспорте” – Астана 2004г
3.Әшімов Қ.Қ., Жұмақаева А.Н “Мемлекеттік шекарада және көліктегі ветеринарлық санитарлық бақылау” Астана 2004ж
4.Г.Г.Есенғалиев “Мемлекеттік шекарадағы және көлікңтегі мал дәрігерлік санитарлық қадағалау” Астана 2003ж
5.ҚР – ң “Ветеринария туралы заңы” (Республика Президентінің заңдық күші бар жарлығы. 25.07.1995ж)
6.Қ.Д.Даулетбаев “Мемлекеттік шекарадағы және көліктегі мал дәрігелік санитарлық қадағалау” Алматы – 1997ж
7.Мал дәрігерлік заң. 1,2,3 – том. 1981ж
8.В.П.Тян “Темір жолш көлігімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау” №9
9.Ветеринария жзурналы. 1985ж
10. “Мал дәрігерлік заң” 1 – 2 том.1972ж. 3 –і том 1981ж. 4 –ші том. 1988ж
11. П.Г.Песков “Көліктегі және ветеринарлық санитарлық бақылау” Москва – 1982ж
12.В.П.Урбан “Эпизоотология және инфекциялық аурулар” Лининград – 1987ж
13.А.А.Поляков “Ветеринарная дезинфекция” Москва – 1975г
14.У.Ж.Омарбеков “Жануарлар және мал өкілдерімен шикізат өнімдерін кедендік тасымалдауды ұйымдастыру”.Алматы – 2005ж
15.Даулетбаев и другие “Государственный ветеринарный надзор на границе и транспорте РК” Алматы – 1997г
16.А.А.Поляков “Ветеринарлық санитарияның негіздері” Москва -1986ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау бұл мемлекеттік мал дәрігерлігінің мекемелері мен ұйымдары жүзеге асыратын ветеринарлық-санитарлық шаралардың кешені. Көліктегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып жануарлар, соның ішінде құстар, балықтар, сонымен қатар тасымалдауға ұсынылған ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттар, тасымалдауға қолданылатын көлік жарақтары (вагондар,кемелер,ұшақтар,баржалар, автокөліктер) және де жүк тиеу-түсіру алаңдары,құрал-жабдықтар,суару құбыры және жануарлар мен жануар тектес шикізаттарды қысқа мерзімді ұстау орындары саналады.
Көліктегі қызмет атқаратын мал дәрігер мамандарының міндеті-жануарларды ауырудан сәтсіз шаруашылықтардан шығаруға рұқсат етпеу (ерекше жағдайлардан басқа), тасымалдау кезінде жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту, сонымен бірге ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттарының жолшыбай бұзылыуын болдыртпау, тұрғындарды адамдармен жануарларға ортақ жұқпалы ауырулардан қорғау,тасымалдау кезінде Ветеринария туралы заңының талаптарының әрбір бұзу әрекеттерінің алдын алу, мал шаруашылығы жүктерін тасымалдау үшін пайдалынатын вагон, кеме, автокөлік және ұшақтарды дизенфекциялау жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз етуден тұрады. Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың нәтижесі бойынша мынадай, мал дәрігерлік және әкімшілік, шаралар жүргізіледі кейбір жануарларды, мал шаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады; жолшыбай ауырған жануарларды аластайды; көлік құралдарын тазартып, бұқырлайды; бекеттерді және порттарды уақытша жауып, жүк тиеуге және түсіруге тыйым салынады, және ақырында, жануарларды тасымалдау үшін айналып өтетін жолдарды белгілейді. Шекарадағы бақылау пункттерінде ауру немесе ауыруға күдікті жануарларды оқшаулайды, мал шаруашылығының ішкі өнімдерін тәркілейді; импорттық-экспорттық қарым-қатынастарды тоқтатады (шекараны жабады).
Республиканың көлік жүйесінде халық шаруашылық жүктерінің, соның ішінде үй, жабайы, зертханалық, зоопарктік жануарлар, ет, ет өнімдерін және шикізаттарды, биологиялық препараттарды, консервіленген қанды, араларды және тағыда басқа жүктерді жедел тасымалдауда су жол көліктермен тасымалдаудың алатын орны ерекше жоғарыда аталған жүктердің бәрі де тасымалдауды, сонымен қатар тиеу, тасымалдау, түсіру, портта уақытша сақтау кезеңінде тиісті жағдайларды сақтауды қажет етеді.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Жануарлар мен құстарды тасымалдау, жөнелтуге дайындау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау.

Жануарларды (соның ішінде құс, ара, балық, және т.б.), өнімдерді және жануар тектес шикізаттарды тасымалдау үшін ИЯ-76, АН-12 т.б. жүк ұшақтары қолданылады.
Жедел тасымалдау талап етілетін және тасымалдау кезінде ерекше жағдайды сақтауды қажет ететін жүктерді "жүктердің арнайы түрі" деген атауға ие. Оларды шектеулі мерзімде жеткізумен байланысты, әсіресе ашықтыққа, тасымалдау тек әуе жол көлігімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Арнайы мал шаруашылық жүктеріне келесілер жатады.
-ауыл шаруашылық малдар;
-жабайы аңдар;
-құстар және бауырмен жорғалаушылар;
-бағалы терілі аңдар;
-асыл тұқымды жұмыртқалар;
-аралар;
-ауыл шаруашылық малдарының ұрықтары;
Жануарларды, құстарды, араларды, балықтарды және басқада тірі организмдерді әуе жол көлігімен тасымалдауға мемлекеттік мал дәрігер қызметінің ветеринарлық куәлікті (сертификат) берген жағдайда рұқсат етіледі.
Тасымалдауға тек қана сау жануарлар қабылданады жануарларды әуе жол көмегімен тасымалдау тек қана жануарларды жөнелтуші шаруашылық тағайындалған жол серіктері болған жағдайда ғана рұқсат етіледі жөнелтуші шаруашылық жолшыбай жануарларды азықтандыру мен суаруға қажетті инвентарь, ветеринарлық аптечка, жол серіктерге арнайы киімдер, азыққа арналған қораптар, суға арналған бочкалар ( әр ірі малға 10л- ден), пішен немесе құрама азық (тасымалдау ұзақтығы мен жануар түріне байланысты),шелек, қалдықтарды жинауға арналған құрал-жабдықтар (көңге арналған қораптар, күрек, айыр) белгіленеді.
Ауыл шаруашылық жануарларын тек жүк ұшақтарымен немесе тұрақтағы тік ұшақтармен ғана тасымалдайды.
Ұшақтың жүк бөлмесі тұрақтың мықты бекілуі үшін, су, азық берілетін қондырғылармен, сондай-ақ жануарлардың кіріп-шығуы үшін арнайы жол қалдырумен қамтамасыз етіледі.
Мал тұратын тұрақты жеңіл немесе берік металдан (ұзындығы-220см, ері-80-150см, биіктігі-150см) дайындайды.
Ол тез жиналып-құрылатын, сондай-ақ оның ішінде, сыртынан да ешбір өткір заттар болмауы шарт. Жануарларды тиер алдында ветеринария қызметінің өкілдері оларды тексеріп, құжаттарға белгілейді жіберуші немесе алатын шаруашылық жануарларды тасымалдауға жол серік тұлғалары болған жағдайда ғана рұқсат етіледі жол серіктер жануардың жағдайына міндетті түрде бақылау жасауы тиіс, сондай-ақ олардың суару мен азықтандыру, дәл уақытында тұрақтарын тазалап, төсенішін ауыстыру секілді жұмыстарын атқаруы тиіс. Жол серіктер ұшақ командирінің қол астына қарау сияқты инструкциямен (нұсқаумен) таныстырлып, оның рұқсатынсыз қандай-да бір іс-әрекет жасауға тыйым салынады (мысалы, жүк кабинасында жануарлардың орнын ауыстыру,т.бт).Тасымалдау қауіпсіздігінде күмән тудыратын барлық жағдайлар жөнінде жол серік ұшақ командиріне хабарлауы тиіс, сондай-ақ оның бұйрығы бойынша іс-әрекет жасауы қажет.
Жол серіктер құрамында, қажетті медикоменттерімен қоса жануарға тез арада көмек көрсететін (егер қажет болса), мал дәрігері болуы керек.Жол серіктер соны ұшаққа тиелген жануарлардың санына байланысты алады.
Тасымалдау ұзақтығына байланысты жануарларды азықтандыру үшін портқа су және азық қорын алады. Аралық әуе жайларда жануарларды ұшақтан шығаруға рұқсат етілмейді.Әрбір риіс орындалғаннан кейін жануарлар тасымалданған жүк бөлмелерін мұқият тазалап, қажет болған жағдайда дезинфекциялануы тиіс. Тасымалдау ережесінде бекітілген, мерзімінде тағайындалған бекетке жабайы жануарларды, құстарды және бауырмен жорғалаушыларды әуе жолымен тасымалдау оларға толық кепіл берілген жағдайда қабылданады.Жануарларды әуежайға ұшақтың ұшуына дейін 2 сағат ішінде жеткізеді әуежайда әкетілетін және әкелінетін жабайы жануарларға уақытша тұратын арнайы орындар бөлінуі тиіс.
Бұл тұрақтар жақсы жарықтандырлып, желдету мен қалыпты температураны ұстап тұратын қондырғылармен жабдықталуы шарт. Жабайы жануарларды, құстарды, бауырмен жорғалаушыларды әуе жолымен тасымалдау кезінде, әуежай персоналының қауіпсіздігі мен жануарлардың сақталуын бағытталған, оларды тасымалдаудың қатаң талаптарын сақтау қажет жабайы жануарларды, құстар мен бауырмен жорғалаушыларды тек ұшақтармен тасымалдауға рұқсат етіледі. Жануарларды, құстарды және бауырмен жорғалаушыларды кісі бар жүктермен және азық-түлік өнімдермен қоса тасымалдауға рұқсат етілмейді.Әуежайлар жуып-шайылып,желдетілуі тиіс.

2.2 Тасымалдауға ұсынылған жануарлар мен құстарды қабылдау, тиеу орналастыру кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау.

Малдарды Қазақстан Республикасына шет елден әкелуге республикалық мал дәрігерлік қадағалау департаментінің рұқсатымен жүргізіледі және оларды жұқпалы, аурулардан сәтті шаруашылықтармен елді-мекендерден дайындалғандығы мал дәрігерлік сертификатпен куәландырылған болса;
Қазақстан Республикасына шетелден әкелінетін жануарлар, әкелуші елдің базасында міндетті 14-күндік профилактикалық карантиннен өтулері тиіс, мұнда жануарларды мұқият клиникалық байқаудан, дене қызуын өлшеуден, диагностикалық зерттеуден өткізеді.
Жылқы, есек,қашырларды әкелер алдында
-маңқа ауруына екі қайтара малиминизациялайды;
-ДП реакциясымен инфекциялық анемияға зерттейді;
-серологиялық әдіспен инфекциялық метритке зерттейді;
-КБП антигенімен суауруға зерттеледі; ал асыл тұқымды және спорт түріне арналған жылқыларды осыдан басқа КБП-сымен нуттолиоз, пироплазмоз, анаплазмоз, ринопневмонияға зерттейді.Жылқыларды импорттаудан 14-күн бұрын сібір жарасына қарысы егілуі тиіс.
-Мүйізді ірі қара малын импорттауда АП мен КБР-мен бруцелиез ауруына, ППД туберкулинімен туберкулез ауруына,клиникалық және ирологиялық әдіспен литкоз ауруына, микроаллютинация реакциясымен лептоспирозға.микроспотиялық әдіспен кампилобантериоз және трихомоноз ауруларына.капрологиялық әдіспен фасуполез, ішек пен өкпе,гельминттеріне зерттеледі. Барлық Қазақстан Республикасына жолданған жнуарлар белгіленген жеріне жеткізілгеннен кейін, арнайы бөлінген базарларда бір айлық карантиндерден өткізілуі тиіс,осы мерзімде жылқыларды маңқа, мүйізді ірі қараны туберкулез, вибриоз,іш тастау және тағы басқа ауыруларға зерттейді.Сойыс малдарын бірінші кезекте 1-2 тәулік ішінде союға жолдайды.

2.3 Жануарлар мен құстарды тасымалдау кезіндегі жолшыбай ветеринарлық-санитарлық бақылау.

Жануарларды, құстарды және бауырмен жорғалаушыларды тиеу кезінің барлық жағдайында дірілдеу (вибрация) мен двигатель дыбыстары естілмейтін ұшақтың жайларында( бөлме) орналасып, тұрағы мен малдың басы ұшақтың ұшу бағытына қарап тұруы керек.
Жолшыбай жануарларға қалыпты температура ұсталып тұрылуы тиіс.Сонымен, маймылдар температураның өзгерісіне сезімтал, желдетуден қорқады, сондай-ақ борометрлік қысымның төмендеуіне сезімтал. Оларға 25-30С аралығында температура қолайлы. Жіберуші немесе алушы шаруашылықтан маймылдарды жолсерікпен қоса тасымалдауға рұқсат етіледі.
Кейбір жануарлар мен құстар, маймылдар, әнші құстар, ескек аяқтылар (морж тюлень т.б) 16-24 сағат көп емес уақытқа тасымалдауға төзімді, ал қалған жануарлар-2 тәуліктен артық емес. Әнші құстарды тасымалдау кезінде ауа температурасы 15С, попугайларға-20С, ал ақ аюларға-5С-ден кем емес болуы қажет, өйткені бұл аталған жануарлар клеткада тұратындықтан қозғалысы шектеулі және (қыздырына) жылына алмайды. Жағымсыз қатты дыбыстар, температура мен атмосфералық қысымның күрт төмендеуі жануарларға теріс әсерін беріп, олардың өліміне әкелуі мүмкін.
Жөнелтуші әуе жай тағайындалған олардың мекен-жайына жабайы жануарлардың, құстардың және бауырмен жорғалаушылардың жөнелтілгені жөнінде, ұшақтың ұшу уақытын, датасын(күнін), рейс нөмерін атай отырып, ақпараттандыруға (хабарлауға) міндетті. Ал,тағайындалған әуе жайдың тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің жұмысшылары дер уақытында аталған жүктердің ұшақтан түсіріліп, әуе жайдан шығарылуы үшін, алушы (қабылдаушы) шаруашылыққа хабардар етеді. Бұл жөнінде жөнелтуші алушы шаруашылыққа хабар береді. (телефонмен немесе телеграммамен) жөнелтуші, аралық және тағайындалған әуе жайларда жабайы жануарларды, құстарды және бауырмен жорғалаушыларды әуе жайларда кедергіде тұру жағдайларында олардың тіршілігін сақтау мен қалыпты жағдайда туындатуда шаралар қолданылуы тиіс, қысқы кезеңде оларды жылы жайларда ұстау керек, өйткені жануарларға тез суық тиеді, нәтижесінде өлуі мүмкін, жазғы уақытта, әсіресе ыстық, құрғақ ауа-райында, оларды тура түсетін күн сәулесі бар жерге қалдырылмауы қажет, керісінше көлеңке жерде орналастыру керек.
Жануарларды, құстарды және бауырымен жорғалаушыларды уақыттылы және дұрыс азықтандыру қажет: аюларға, сілеусіндерге, қабыландарға күніне бір рет балауса ет; маймылдарға-нан, жұмыртқа, жемістер; қайнаған сумен немесе қою шаймен суару қажет. (шикі суды беруге тиым салынады).
Жануарларды күтіп-бағуды және азықтандыруды жөнелтуші шаруашылықтың жолсеріктері атқарады.
Жабайы жануарлар, құстар, бауырмен жорғалаушылар тасымалдайтын клеткалардың зақымдалуымен жануарлардың ауырсыну жағдайлары немесе агрессивті қимылдары жайында, көмек немесе консультация жөнінде кеңес сұраумен тез арада хабарлайды. Мүмкіндігінше зақымданған клеткаларды немесе қораптарды тұрған орнында жөндейді.

2.4. Жануарлар мен құстарды тасымалдау кезеңдеріндегі байқалып белгілі болған конвенциялық және басқа да індет ауруларда ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыру.

Карантин -- ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын Карантин (итал. қарантена, қаранта гіорні - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.
Карантиндік шаралар
Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Медициналық-санитариялық шараларға:
* барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу;
* тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау;
* ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу;
* диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау;
Жұқпалы аурумен ауырған адамдарды шағын топтарға бөліп обсервациялау кезінде немесе Карантин жарияланған жерден келгендерге дәрігерлік бақылау жүргізу мерзімі ауру түріне байланысты болады. Мысалы, оба және тырысқақ ауруында - 6 күн, нағыз шешек кезінде - 14 күн. Бұл мерзім сол аурулардың ең ұзақ жасырын кезеңінен аз болмауы тиісті. Оқшаулау әскери бөлімшелерде жаңадан келген сарбаздар үшін де қолданылады. Карантин жарияланған елден (жерден) кетушілер мен келушілерге сол ауруға қарсы егілгені, яғни вакцинацияланғаны туралы тиісті куәлік (сертификат) берілуі керек. Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша карантин жарияланған жерде адамдардың бір-бірімен араласуына шек қойылады, жатақхана тұрғындары шағын топтарға бөлініп орналастырылады, дәрігердің рұқсатынсыз карантиндік аумақтан шығып кетуіне немесе оған басқа жақтан адамдар келуіне тыйым салынады, азық-түлікпен және сапалы сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда карантиндік шаралар оқта-текте кездесетін, аса қауіпті емес жұқпалы аурулар бойынша мектептерде, перзентхана, балабақша, емхана, ауруханаларда жүргізіліп тұрады. Барлық атқарылатын шаралар қауіпсіздік техникасы сақтала отырып, микробиологиялық бақылауға және эпидемиол. қадағалауға алынуы қажет.
Ветеринария саласы
Карантиндік шаралар ветеринария саласында да қолданылады. Ол кезде:
1. карантинге қойылған малды бөлек ұстап, сау малмен жанастырмау;
2. індет шыққан шаруашылықтан бірде бір мал басын, малдан алынған шикізат өнімдерін, азықтарды, құрал-саймандарды, т.б. сыртқа шығармау;
3. карантиндегі малды күтіп бағу үшін арнаулы адамдар тағайындау шаралары жүргізіледі.
Карантиндегі малдың ыстығы күніне екі рет өлшеніп отырады. Оларға арналған қора-жай сау мал тұратын қоралардан кемінде жарты шақырым қашықтықта болуға тиіс. Шаруашылыққа сырттан әкелінген әрбір мал басы туралы куәлікте келіп түскен малдың жұқпалы аурудан сау екендігі көрсетіледі. Ветеринарлық жарғыға сәйкес ондай малдар 30 күн бойы бақылауда болуы керек. Мал күтіміндегі адамдар жұмысқа керекті киім-кешекпен (таза халат, кебіс, алжапқыш, қолғап, т.б.) қамтамасыз етіледі. Бұл жабдықтар жұмыс аяқталған соң изоляторда қалдырылады. Карантиндегі малдың қиын өртеп жібереді немесе белгілі тәртіппен мал қорымына апарып көміп тастайды. Өлексені ит-құсқа тастауға болмайды. Ауру мал жатқан жер, қоралар карантин мерзімі аяқталысымен мұқият зарарсыздандырылады.
Ауыл шаруашылығында
Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақты ойраншөп, кекіре, арамсояу, т.б.) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.

2.5. Жануарлар мен құстарды тасымалдау кезеңдеріндегі байқалып белгілі болған конвенциялық және басқа да індет ауруларында жүргізілетін ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыру.

Листериоздың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Жұқтыру материалымен жұмыс істеу және жеке қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқамадан өтпеген адамдар серологиялық оң реакциясы бар жануарларды және листериозбен ауыратын жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, тұтас етті бөлуге және олардан алатын шикізаттарды қайта өңдеуге жіберілмейді.
Шаруашылық субъектілерінің қызметкерлері, оның ішінде уақытша тартылған адамдар жеке гигиена және жеке қорғаныш (халат, резеңке қолғап, жеңқап, клеенка алжапқыштары, тиісті аяқ киім) құралдарынсыз жұмысқа жіберілмейді.
Шаруашылық субъектілерінің қызметкерлеріне профилактикалық медициналық тексерулер жаппай мал төлдегеннен кейін 1-2 айдан соң, малдан алынатын шикізат пен өнімдерді өндіру кәсіпорындарының қызметкерлеріне жаппай мал сойылғаннан кейін 1-2 айдан кейін профилактикалық медициналық тексеру жүргізіледі.
Листериозға профилактикалық зертханалық тексерілуге мыналар жатады:
* жануарларды күтуге және мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін қайта өңдеуге уақытша тартылатын адамдар (маусымдық жұмыстан кейін 1-2 айдан соң);
* бала көтеретін жастағы әйелдер: қайталанған баспа, аналық бездің, жатыр мойнының асқынуы кезінде;
* асқынған акушерлік анамнезімен, жүктіліктің патологиялық (тұмау тәріздес ауру, токсикоз, ангина) жәненемесе босану ағымымен жүкті әйел және жас босанған әйел;
* листериозға күдік келтірілген жаңа туған нәресте;
* өлі туылған немесе өмірінің алғашқы күндерінде шетінеген баланың мәйіті.
Адамдардың, ауыл шаруашылығы және басқа да жануарлардың арасында листериозбен ауруы анықталғанда эпизоотиялық ошақты эпидемиолог-дәрігер мен ветеринариялық маман бірлесіп тексеру жүргізеді.
Листериозбен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар, сондай-ақ үй жануарлары листериозға тексеріледі.
Листериозбен ауыратын науқастарды, листерионы тасымалдаушыларды емге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Реконвалесценттер клиникалық сауыққаннан кейін және бактериологиялық зерттеудің бір реттік теріс нәтижесінен соң стационардан шығарылады.
Листериозбен ауырып жазылған адамдарды диспансеризациялау 1 жыл бойы міндетті түрде тоқсан сайын арнайы зертханалық тексерулер өткізіле отырып жүргізіледі.
Листериозбен ауырып жазылған адамдардың жұмыс істеуіне және ұйымдастырылған ұжымда жұмыс істеуіне рұқсат ету шектеусіз, клиникалық сауыққаннан кейін және теріс бактериологиялық тексеруден кейін жүргізіледі.
Жануарларды сатып алу, сату, союға өткізу, басқа орындарға ауыстыру және жаңадан топтастыру ілеспе құжаттар (ветеринариялық куәліктер, ветеринариялық сертификаттар және анықтамалар) болған кезде жүргізіледі, малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізу ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгеннен кейін жүргізіледі.
Жануарлар саны листериоз бойынша қолайлы шаруашылық субъектілерінің жануарларымен толықтырылады.
Листериозды уақтылы анықтау мақсатында комлементтің байланыс реакциясына (бұдан әрі - КБР) жануарлардың қан сарысуын зерттеу жүргізіледі:
1. листериозға күдіктенуде барлық жағдайларда;
2. асыл тұқымды мал өсіретін кәсіпорындарда, жасанды ұрықтандыру станцияларында (пункттерінде) барлық өндірушілерді (өгіздер, қабандар, қойлар) жылына екі рет;
3. шошқаларды, ірі қара және ұсақ малдарды - асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта әрқайсысын жылына 1 рет.
Жаңадан келген малдарды 30 күн бойы профилактикалық карантинде ұстамай, жалпы табынға қосуға жол берілмейді.
Профилактикалық карантин кезінде және шаруашылық субъектілерде жаңа топ құрастырғанда жануарларға клиникалық тексеру жүргізіледі және қажет болғанда (жүйке жүйесінің бұзылу белгілерінің көрінуі, іш тастау, дене қызуының көтерілуі) - листериозға бактериологиялық және серологиялық тексеру жүргізіледі.
Жануарлардың иелері барлық ауру жағдайлары, листериозға күдіктену, іш тастауы, өлі туу және жануарлардың қырылуы туралы ветеринариялық қызметке хабарлайды және ветеринариялық инспекторлардың талаптары бойынша жануарларды сатып алу туралы барлық қажетті мәліметтерді беруі, олардың тексеруіне, зерттеуіне және өңдеу жүргізуіне жағдай жасайды.
Ветеринариялық мамандар жәненемесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторы жануарлардың іш тастау, өлі туу және қырылуы жағдайларының барлығын есепке алуды жүргізеді және ветеринариялық зертханаға тексеруге патологиялық материал жібереді.
Барлық жем, оның ішінде сүрленген шөп пен құрама жемді жемдеу алдында листерияны жұқтыруына зерттеу қажет және бұл жемдерді зерттеу нәтижелері теріс болған кезде ғана мал рационына қосу қажет.
Сүтпен және сүт өнімдерімен (қаймағы айырылған сүт, сүт сарысуы, тағы басқа) қоректендіру үшін қолданылатын астаулар жуылуы және дезинфекциялануы тиіс.
Жануарлардың маститі кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Листериозға оң әсер берген және онымен ауыратын ауру жануарларды қабылдау және сою ет өндіретін объектілерде және сою пункттерінде (бұдан әрі - объектілер) жүргізіледі.
Объектілерге келіп түскен ауру жануарларды арнайы бөлінген ашық қораларда (изоляторларда) сау жануарлардан оқшау ұстайды. Оларды союға ауысым соңында немесе бөлек ауысымда жалпы сою цехында жол беріледі.
Жануарларды сою алдында ұстайтын базалардың (ашық қоралардың) едендерінің қатты жабыны болады, сұйықтық науалар мен сұйықтық қабылдағыштармен және сарқынды суларды зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады.
Сою аяқталғаннан кейін санитариялық қасапхананың, сою цехының үй-жайы, сою алдында ұстайтын база, сойылған өнімдерді қайта өңдеу бойынша өндірістік үй-жайлар, технологиялық жабдық, мүкаммал, санитариялық және арнайы киім, аяқ киімдер, көлік құралдары және өндірістік ағындар механикалық тазартылуы және дезинфекциялануы тиіс.
Объектілерде малдарда листериоздың болуына немесе болмауына қарамастан, оларды бордақылауға және өсіруге, сондай-ақ сиырларды, қойлар мен ешкілерді саууға жол берілмейді.
Субөнімдерді жинау үшін "Листериоз" деген таңбасы бар, су өткізбейтін, санитариялық өңдеуге жатқызылатын ыдыс, ал конфискаттар үшін "Конфискаттар" деген таңбасы бар, жабылатын, су өткізбейтін ыдыс бөлінеді.
Листериозға зерттеу үшін зертханаға:
1. ұсақ жануарлардың тұтас өлексесін немесе басын (бас миын), бауырды, көкбауырды, бүйректі, лимфатүйіндерді, өкпенің зақымданған бөлігін, іш тасталған ұрықты немесе оның қабығын жіберу қажет. Жаз мезгілінде патологиялық материал глицериннің 40%-дық стерильденген сулы ерітіндісімен консервирленеді;
2. тірі кездегі диагностика үшін - іш тасталған жатырдан бөлінген жыныс мүшелерінің ағындысын, ауру жануардың және ауруға күдікті жануардың қанын немесе сарысуын, малдың сүтін жіберу қажет.
"Листериоз" диагнозы эпизоотологиялық деректер кешені мен зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады. Шешуші кезеңге бактериологиялық зерттеу - литерия өсірінділерінің бөлінуі жатады.
Жануарға листериоз диагнозы қойылған кезде шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маман бұл туралы шаруашылық субъектісінің басшысына, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына және аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына тез арада хабарлайды және эпизоотиялық ошақта эпизоотологиялық тексеру жүргізеді.

Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша мыналарға жол берілмейді:
* сою үшін оларды сыртқа шығаруды қоспағанда жануарларды шығару (әкету);
* жануарды ет өңдейтін объектілерге апаруды қоспағанда, мәжбүрлеп сойылған листериозбен ауырған жануардың етін шикі күйінде шығаруға. Қолайсыз пункттердегі және ет өңдейтін объектілердегі жануардың етіне "Ветеринария туралы" Заңға сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілуі тиіс;
* науқас жануар жеген және листерияларын жұқтыруына күдіктену кезінде жемді сыртқа шығаруға;
* ветеринариялық дәрігердің рұқсатынсыз шаруашылық субъектісінің ішінде жануарды қайта топтастыруға (ауыстыру);
* басқа шаруашылық субъектілеріне және аудандарға шығару үшін қауіпті пункттерде асыл тұқымды және асыл тұқымды емес малды өсіретін қолайсыз пункттерде, шөпті, сабанды және басқа да қатты жемді дайындауға, сондай-ақ жануарлардың (құстарды қосқанда), терісі бағалы аңдардың, иттердің, мысықтардың жәрмеңкелерін, базарларын және көрмелерін өткізуге;
* науқас жануарларды өсіру және бордақылау үшін халыққа сатуға;
* ауру мал мен қолайсыз табындардың мал басының сау малмен бірге жайылуы, су ішуі және басқа да байланыста болуына, сондай-ақ, малды алыс жерлердегі жайылымдарға айдауға және тасуға.
Листериоз бойынша қолайсыз деп жарияланған шаруашылық субъектісінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1. жануарды таңдамалы түрде температурасын өлшей отырып, басты клиникалық тексеру және жарамсызын айыру;
2. клиникалық белгілері жоқ ауру мал мен листерия тасымалдаушыларды анықтау үшін серологиялық зерттеу жүргізіледі;
3. орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының клиникалық белгілері бар ауру малдар союға жіберіледі;
4. ауруы күдікті жануарлар және оң серологиялық реакциясы бар жануарлар оқшауланады және антибиотиктермен емделуі тиіс немесе союға жіберіледі;
5. клиникалық белгілері жоқ және теріс серологиялық реакциясы бар жануарлар иммундалады және профилактикалық мақсатта антибиотиктер қабылдайды;
6. жануарлардан алынған сүт серологиялық зерттеуден өтуі және оң нәтиже көрсетілген кезде кейіннен шаруашылық ішінде жануарларға беру үшін немесе тоң май жасау үшін 15 минут қайнатылуы тиіс. Сауыққан жануарлардың сүті шаруашылық субъектісінде екі ай өткенге дейін пастерленеді, осыдан кейін оның сыртқа шығарылуына жол беріледі;
7. қолдан ұрықтандыру листериозға алдын ала тексерілген сау аталық жануардың шәуетін қолданып жүргізіледі;
8. мал қора-жайларындағы қи күнделікті қи сақтайтын қоймаларға немесе жеке учаскелердегі үйінділерге жиналады. Оны 2-3 ай ішінде биотермиялық зарарсыздандырудан кейін тыңайтқыш ретінде қолдауға жол беріледі.

Дезинфекциялау мынадай іс-шараларды қамтиды:
1. мал қора-жайларында және оған іргелес аумақтарда ауру жануарлардың анықталған әрбір жағдайына дезинфекциялау, содан соң барлық кезек ішінде әрбір 14 күн сайын шектеу жүргізіледі. Ауру мал, ауруға күдікті жануарлар ұсталатын қоралардың кіреберісі аяқ киімді өңдеуге арналған дезинфекциялау кедергілерімен (кілемшелер) жабдықталады;
2. листериоз қоздырғышы бар жайылу алаңдары, аулалар, базалар, мал қоралары, су қоймаларына жақын жерлер және басқа да учаскелер мен аумақтар ауру тоқтағаннан кейін қоқыстан, қидан тазартылады. Қи мен қатты қалдықтар (шөп және басқалар) шығарылады және (биотермиялық әдіспен, химиялық құралдармен және басқалармен) зарарсыздандырылуы тиіс. Үй-жайларда және оларға жақын аумақтарда дератизациялау жүргізіледі, кеміргіштердің өлекселері жиналады және өртеледі;
3. шөмелелер, пішен, сүрлем шөмелелері, құрама жем кеміргіштердің мекендеуі тексеріледі. Кеміргіштер анықталған жағдайда, уақтылы дератизациялау жүргізіледі;
4. траншеяларда және үйінділерде сақталатын сүрлемде листериоз қоздырғышы болған жағдайда, барлық листериоз қоздырғышымен зақымдалған сүрлем биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылуы тиіс;
5. листериозбен ауыратын ауру жануарлардан алынған терілік шикізатты зарарсыздандырады.
Мал қоралар мен мал күтуге қолданылатын заттарды дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау препараттары пайдаланылады.
Малдың іш тасталған ұрығы, өлекселері тез арада кәдеге жаратылуы тиіс.
Шаруашылық субъектісінде клиникалық ауру жануарлар анықталған соңғы жағдайдан кейін, серологиялық тексерудің теріс нәтижесін алғаннан кейін, шаруашылық субъектінің үй-жайлары мен аумағына қорытынды механикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізгеннен кейін екі айдан соң листериоз бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылады.
Шаруашылық субъектісінің листериоздан сауығуынан кейін екі жыл ішінде асыл тұқымды және асыл тұқымды емес жануарды өсіруге жануардың қан сарысуын серологиялық зерттеудің теріс нәтижелері алынғаннан кейін жол беріледі. Бір жыл ішінде жануардың басқа түрлерін өсіру аталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Листериоз бойынша бұрын қолайсыз болған шаруашылық субъектілерінде оң реакциялары жойылғанға дейін жануарларды қоралаудың алдында жылына 1 рет серологиялық тексеру жүргізіледі. Оң реакция байқалатын жануарлар оқшауланады, емделуі тиіс немесе союға жіберіледі. Жануарларды әкету кезінде ілеспе ветеринариялық құжаттарда листериозға зертханалық зерттеулер нәтижелері көрсетіледі.

2.6. Жануарлар тасымалдау кезеңдеріндегі байқалып белгілі болған індет ауруларында жүргізілетін ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыру.

Аусыл - жұқпалы, жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың аса қауіпті ауруы, қоздырғыштары О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия-1 типтерінің бір немесе бірнеше варианттары. Өткінші қызбамен қоса ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, жұлықтың терісінде және тұяқтарының арасында, жалтыр танауында, желінде афтылар мен эрозиялардың болуы аурудың клиникалық белгілеріне тән қасиет. Ауырған жануарлардың клиникалық белгілері білінбей, жазылып кетуі мүмкін. Жаңа туған төлдерде аусыл өте жітілі түрде өтуі мүмкін, онда афты пайда болмайды және өліммен аяқталады. Аурудың бір типімен (варианты) ауырып жазылған жануарлар аусылдың басқа типтегі (варианты) қоздырғыштары жұғып, қайтадан ауруы мүмкін.
Індеттің көздері болып аусылмен ауырған жануарлар, оның ішінде аурудың жасырын кезеңінің 1 күннен 7 күнге дейін, кейде 21 күнге созылатын ескеру қажет, аталған жануарлар вирустарды сыртқы ортаға афтылардың қабықтарымен, сүтпен, сілекейімен, демалған ауамен, дәретімен және нәжістерімен сыртқа шығарады. Аусылдан жазылған, сонымен қатар аусылға қарсы егілген және аурулармен бірге тұрған кейбір жануарлар, ұзақ уақыт бойы вирустасығыш болып, індеттің қауіпті көзі айналуына мүмкін.
Аусылмен ауырған жануарлардан алынған залалсыздандырылмаған тағамдар мен шикізаттар, сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған мал азығы, су, төсеніш, күту заттары, күтушілердің киімдері және аяқ киімдері, көліктер аусылдың вирустары ұзақ (1 жылға дейін) уақыт сақталатындықтан аусылдың таралу факторлары болып табылады. Аусылдың вирустары жұққан мал азығының, топырақтың, төсеніштің ұсақ бөлшектері желмен бірнеше шақырым жерге ұшып барады.
Диагнозды эпизоотологиялық деректермен қоса, клиникалық белгілердің және лабораториялық зерттеулердің талдауын негізге алып қояды.
Ажырату диагнозын жүргізгенде везикулярлы стоматитті, вирустік диареяны, зілді катарлы горячканы, ірі қара обасын, шешекті және стоматитті ескереді.
Аусылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Жануарларды тасымалдау шарттары
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Тірі балықтарды су жолы көлігімен тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау
Эндокринді шикізаттар
Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құрылымы, қызметі, міндеттері
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Пәндер