Рим құқығындағы міндеттемелер мен шарттар


Жоспар
Кіріспе
- Міндеттемелердің жүйесі.
- Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)
- Сатып алу - сату (Emptio - Vendizio)
- Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum) .
- Серіктестік келісім-шарты (Sociеtas)
- Тапсырма келісім-шарты (Mandatum)
Әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы рим құқығының баспаларында міндеттеме - obliqatio, төмендегідей анықталады:
- «Міндеттеме - мемлекетіміздің заңдарына сәйкес бізге қандай да бір қажеттілікті орындатуға күші бар, құқық кісенін түсіндіреді»;
- «Міндеттеменің мазмұны, бізбен қандай да бір дене затын немесе қандай да бір құралды істеу емес, ол біздің алдымызда қарым-қатынас байланысын беретін, елестететін байланыс құралы». (Павел Д. 44. 7. 3. ) .
Міндеттемеің негізі ол бір жағынан «талап ету құқығы» болса, екінші жағынан осыған сәйкес «талапты орындау міндеттілігі» немесе «борыш». Міндеттемені міндеттен айыру керек. Мінтеттеме тек азаматтың әрекеттерге байланысқан (келісім, әлде құқық бұзу ретінде), ал міндет оларсыз (заң әлде әдет бойынша) пайда болады. Ал мідеттеме және міндеттілік-синонимдер.
Қарама-қарсы қою (ол жағарыда келтірілген классик заңгер Павел шығармасынан үзіндідегідей) меншіктілік құқығын беру немесе меншікті затты өз міндеттілігіне беру немесе ол біреудің меншігі болса, оны басқа біреуге белгілі зат ретінде меншіктеп беру үшін орындалатын міндеттеме. Бұл міндеттеме орындалу үшін жеке бас меншігін басқа бас меншіктілігіне аударуға болатын құқықтық міндет. Ол үшін міндетті түрде барлық қажетті шарттар орындалу керек. Осы құқық міндеті арқылы орындалған бір жеке бас меншіктілігі екінші жеке бас меншіктілігіне ауыспайды, тек екінші жеке бас заңға сәйкес сол затты меншіктенуге құқылы болады. Сондықтан затты сатып алушы (сатып алу құнын төлесе де, оның меншікті иесі болмайды; бұл адам тек қана ол затты беруді талап етуге құқылы; ол зат сатып алушының меншігі болу үшін заңға сәйкес нақты берілуі қажет және затты табыс еткен тұлға оған меншікті құқылы болған жағдайда.
Жоғарыда көрсетілген рим құқығының қайнар көзінен алынған екі үзінді, міндеттілікте римдік заңгерлерді елестету бойынша маңызды байланыс барын куәлайды.
Міндеттілік, Юстиниан институциясынан алынған үзіндіде көрсетілгендей, - міндет жүктелгенше еркін қозғала алатын адамға қозғалысын баяулататын кісен тағатын сияқты, өзінің үстінен бөтен адамның хандылығын сезіндіретін құқықтық кісен.
Ерте заманда «кісен», «байланыс» деген сөздер мәнерлі сөздер ғана болмағанын ескере кеткен жөн.
12 тақтадағы жарлық заңдарында, борышқорды жіппен және шынжырмен байлағаны, мұнда киілетін шынжырдың салмағы да белгілі болған (15 фут, көрінетін қаулысы болған. Кредитор, қарызын уақытында төлемеген борышқорды қамауға алуға (сотсыз да), ал содан кейін өлтіруге немесе құлдыққа сатуға құқы болды.
Біздің ғасырға дейінгі IV ғасырда Петелий заңы бойынша борышқорды сатуға немесе өлтіруге рұқсат етілмеген, яғни тыйым салынған. Борышқорды өзі ұстап алу мүмкіндігі ертеде қалған, республика кезеңінде қарыз алған адам өз кредиторларына барлық мүлкін қарызы үшін қалдырып, жеке басының жауаптылығынан қашуға мүмкіндік алған, яғни борышқор үшін оның мүліктері жауап берген. Болашақ уақытқа шамалаған қатынас сияқты, міндеттеме өз табиғаты бойынша кредиттік сенімділіке негізделген қатынасты көрсетеді (сенемін деген сөзден) .
Сондықтан міндеттемедегі, талап етуге құқығы бар жағы кредитор деп, ал кредитордың талабын орындауға міндетті жағы борышқор деп аталады.
Міндеттемелердің жүйесі.
Рим құқығы бізге бірнеше мідеттемелердің түрлерін мұра ретінде қалдырған. Ондай түрлер қанша болғаны есептелген жоқ. Көбі қазіргі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға кірген. Кейбіреулері кірмесе де, мүмкін қажеті болса жаңадан шығады, оны біз рим құқығының рецепциясы деп атаймыз. Осы тарауда міндеттеме түрлі рим құқығындағы келісім-шарттары көрсетіледі. Басқаларды тек міндеттемелердің жүйесінде белгілейміз.
Жоғарыда айтылғандай міндеттемелер не болмаса шарттардан, әлде құқық бұзушылықтардан (заң тізімінде болғаны, әлде болмағаны) шығады. Бұл бірінші бөлімде. Шарттарды да римдықтар екіге бөлетін. Бір жағынан контракттар Contractus, екеіншіден, пакттар Pactus. Контракт және пакт-келісім шарттардың екі түрі. Контракттар шарттардың заңды түрі, оларды және осы шарттарды бекіткен тұлғаларды (талапкер және жауапкер) мемлекет заң бойынша талап қорғаумен қорғаған. Ал тізімге кірмеген шарттарды пакт деп атаған. Оларды кейде қорғаған, кейде жоқ. Бірақ та римдықтар контрактіні әлде пактыны бекітсе, әдет бойынша өте қатал ретінде орындайтын.
Котракттарды да екі тізімге бөледі. Шарт ауызша бекітілсе, оны ауызша шарт - Contractus verbalis - вербальдық контракттар деп атаған. Жазбаша түрінде бекітілсе - Contractus litteralis - литтералдық контракттар.
Ауызша әлде жазбаша да болса контракттар екі үлкен тізімдерге кіргізіледі. Ол тізімдердің атақтары - реалдық және консенсуалдық контракттар - Contractus realis et Contractus consenssualis. Сонда реалдық котракттар затты әлде заттарды (Res - заттар) бір тұлғаның қолынан басқа қолға берілген кезінде бекітілді болатын. Консенсуалдық контракттар одан ерте, екі жақ келісімге (Consenssus - келісім) ғана келсе бекітілді саналатын.
Реалдық контракттарға - қарыз (Mutuum) шарты, несие (Commodatum) шарты, сақтау ( Depositum ) шарты, және кепілдік (Fiducio, Pignus, Hipoteca -түрлі) шарттары енеді.
Консенсуалдық контракттардың ішінде сатып алу - сату (Emptio-Venditio), жалдау (Locatio-conductio), тапсырма (Mandatum), серіктестік (Societas) шарттары табылады.
Міндеттемелердің жүйесінде құқықбұзушылақтардың міндеттеме ашатын түрлері да бар. Олардың ішінде - Injuria - әділетсіздік, Furtuum -ұрлық, Rapina - тонау, Damnum injuria datum - заңсыз зиян келтіру тағы басқалар.
Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)
Рим құқығындағы жалдау келісім-шарты.
Ортақ пікірлі яғни келіскен уақыттан бастап күшіне енеді. Екі жақты.
Бір жақ екінші бір жаққа бір немесе бірнеше заттарды уақытша пайдалануға беруге міндеттенетін, ал екінші жақ өз кезегінде сияпат төлеп, алған затты басқа қалпында қайтаруға міндеттенетін.
Байқаусыздан қаза табуға жалға беруші жауап беретін.
Жалдаудың үш түрі болды: заттарды жалдау; мердігерлік қызмет, көрсетулерді жалдау. Жалдауға жарайтын заттар жылжитын және жылжымайтын мүліктер: жалға біреудің мүлігін беруге болатын. Жалдаудың мерзімі әдетте бес жылға дейін берілетін, бірақ егерде жалдаушы затты мерзімі асып кетсе де пайдалана берсе, онда жалдау үнсіз созылған болып саналады.
Затпен бірге оған жататын нәрселер де берілетін. Жаладушы белгіленген күнды (төлемақы) пайдалану мерзіміне байланысты төлеп орытарады. Жалға беретін тұлғаны локатор, ал алатын кондуктор атаған. Кондуктордың міңдеттері осындай:
- төлемақыны төлеу;
- жалдауға беру.
Егер жалдау келісім-шартының мерзімі бітпей тұрып затың иесі ауысатын болса, онда бұл келісім-шарт жойылу арқылы күшін тоқтататын. Локатордың құқықтары мен міндеттері: уақытша пайдалануға беру; көрінбейтін жетіспеушіліктер үшін жауап беру.
Мердігерліктің мәні мынада:
Қызметтерді келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде орындау міндеттері;
Басқа біреудің көмегінсіз, өзі орындау;
Жалданушы келтірілген зиян үшін өзі жауап берген. Жалдаушы қызмет көрсетілгеннен кейін сияпат төлеуге міндетті, ал егер қызмет осы жалдаушының кінәсімен көрсетілмеген болса, онда сияпат келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде төленуі қажет.
Қызмет жалдау келісім-шарты, құлдарды жалдауда дамыған болуы керек. Ал, кейін батрақтар мен қолөнершілердің қол еңбгіне таратылған.
Мердігерлік шарты осылай көрінеді - бір жақ (мердігер) екінші бір жақ үшін мерзімінде және жоғары сапалықпен жұмысты орындап беру міндеттемесін алған. Бұл келісім-шарт түрінің мәні жұмыстың өзі емес, оның нәтижесі еді
(киімді тазалау, үй салу, адамдарды көлікпен жүргізу) . Теңіз тасымалдары ерекше келісім-шартпен реттелетін. Мердігердің міндеттері:
Жұмысты дұрыс түрде орындау және қолына қайтару ол қандай болсын кінә үшін ғана емес, сонымен қатар жұмысты орындаған мамандар білімінің жеткіліксіздігі және жұмысқа көмекшілерді жалдаса, оларды таңдауы мен бақылауы үшін де жауап берген.
Қабылдағанға дейін тауар жайылып немесе бұзылып кеткен жағдайдың өзінде орындалған жұмысты қабылдап, сияпат төлеуге міндетті.
Сатып алу-сату (Emptio - Venditio) шарты.
Бір жақ затты ұсынатын, ал екінші жақ сол зат үшін төлемақысы төлейтін.
Сатып алу-сату келісім-шартын затты ақшаға ауыстыру туралы екі жақты келісім арқылы белгіленген ортақ пікірлі таңдау атауымен белгілі.
Екі жақтың да белгілі бір затты белгілі бір ақша саласына ауыстыру туралы келісім қажет болды.
Юстинианның бағасы заттың тура бағасымен бірдей бола бермеуге де болатын.
Сатушының өте күрделі жағдайда болғанын айту қажет. Ең бастысы, ол затты сатып алушыға иеленуге беруге міндетті болатын (бірақ меншікке емес, өйткені классикалық заңгерлердің ойынша келісім сатып алушыға меншіктік құқығын алу нәтижесіне тек қана факттық түрде затты алған соң жететін) : сатушының немесе басқа бір тұлғалардың қандық қатысынсыз затты қолға беру, сол затқа иелік етуге ешбір қарсыласусыз жүзеге асырылады.
Сатып алу-сату келісім шартының негізгі элементтері: баға, тауар, жақтардың келісімі.
Осы шарттың заттары тек қана айналымнан шықпаған тәндік заттар, табиғи заттар, дене және қанды қатынастар жағынан сатушыға жататын белгілі - дара заттарды беру. Сатып алу-сату шарттар бойынша бағалар нарық жағдайына байланысты, бірақ орташа құнынан төмен болмайтын ақшалай сомада белгіленетін. Жақтардың келісуі - белгілі зат белгіленген ақша саласына ауыстырылатын болғандықтан екі жақты келісім міндетті түрде қажет.
Екі жақ та келісімге келгеннен кейін келісім-шарт жетілдірілген болып саналып, күшіне енетін. Міндеттілер осы шарттарда екі жақты болады, өйткені екі жақтың әрбіреуі де бір мезгілде кредитор және қарыздар болған.
Цивилдік құқық бойынша жауапкершілікті сатып алушының алдында сатушы ұстады.
Сатушы затты мындай түрде беруге міндетті: жақсы қалпында; сатып алушының мүлігіне; жоғары сапада басқа тұлғалардың заңдық қарсыласуларынан қорғалған. Ал, егер мұндай жағдай болатын болса, затты қайтарып залалды өтеуге міндетті болатын.
Сатушы сатылатын заттың ішкі және сыртқы жетісушілектері үшін жауапты еді.
Затты сатып алушының қолына бергенге дейін қамқорлауы керек (сыну, ұрлау және т. б. )
Сатып алушының міндеті - сатып алу бағасын төлеу (егер келісім-шартта төлеу мерзімі кейінге меншік иесі) ; сатып алынған затты алу және белгілі жағдайларға байланысты сатушыға шығындарын өтеу. Сатып алу-сату шарттың мақсаты Затты сатып алушыға меншік құқығына беру. Бірақ сатушы заттың меншік иесі болмаса, сатып алушы да өз кезегінде меншік құқығына ие бола алмады; зат өз иесімен талап етіле алатын. Бұл жағдайда сатушы заттың эвикциясы үшін жауап беретін.
Эвикция.
Сатып алушының сатып алған мүлкін оны сатқанға дейінгі негіздемелер бойынша қайтарып алу (мәселен, ол үшін үшінші тарап мүлікке сатушының емес, өзінің ғана меншіктік құқысы бар екенін дәлелдейді) .
Жетіспеушіліктер болғанда талаптың екі түрі болуы мүмкін :
бағаның төмендігі туралы;
келісім-шартты бұзуы туралы.
Байқаусыздан қаза табу мүмкіндігінде сатып алушы жауапты болды.
Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum)
Римдағы қарыз операцияларының негізгі институты қарыз келісім-шарты болып табылады. Оның негізгі реквизиті - затты қарыз алушының меншігіне беру.
Қарыз беруші бұрын өз билігінде болған затты заем заты ретінде ұстап қалып отыру құқығына ие болатын.
Жақтардың келісім заттарды беру кезінде қарыз алушыға міндет тудырған (қайтару туралы) .
Гай айтатын; «Қарызға беру заттарды беру арқылы жүзеге асырылатын. Бұл заттарды өлшеуге, санауға болады. Бұл заттарды біз алушының меншігіне түсіп, ақырында ол бізге тура сол затты емес, соған ұқсас заттарды беру үшін береміз»
Несие келісім-шарты - белгілі жеке-дара затты уақытша қайтарымсыз пайдалануға беру.
Қарыз келісім-шарты (мутуум)
Іс жүзіндегі келісім-шарты. Бір жақ екінші бір жақтың меншігіне ақша саласын, зат мөлшерін, тура сондай түрде және сапада мерзімінде қайтару.
Кейбір кездерде грек құқығының ықпалымен пайыздар қолданылды. Егер пайыз болмаса келісім-шарт қайтарымсыз мінезде болатын.
Серіктестік келісім-шарты (Socitas)
Республика кезеңінін басында, халықарылық сауда қатынастарының дамуы барысында, Римның экономикалық өмірінің дамуында аса маңызды рөл атқарған перегриндердің де қолы жете алатын кәсіпкерлер серіктестіктері пайда болды.
Серіктестіктер түсім алу мақсатымен әртүрлі кәсіпкерлік түрлеріне сенімделген, сонымен қатар нақты қызметке арналған кәсіпкерліктер де болды.
Рим құқығы тура өкілдікті білмеді, әр серікте өз серіктестігінің мүддесіне қызмет ететін.
Әрбіреу уәде еткен салым жасауы керек болды, жұмысты өзі орындауға, түсіммен бөлісуге, сайма-сайлық түрде шығындар және залалды өтеуге қатысуы керек (өз кінәсімен болған) .
Адриан кезіңінен серіктестердің әрқайсысы да кінә үшін де бірдей жауапкершілік ететін. Сол кезде оның ортақ іспен шұғылданғанда және серіктестік мүддесі үшін залал мен шығындарды өтеу құқығы болатын.
Серіктестіктің тоқтатылуы тек бас тарту, өлім жағдайында ғана емес, сонымен бірге банкротқа ұшырау және серіктестердің бірінің ғана мүлігін кәмпескелеу жағдайларында жүзеге асырылады.
Бір немесе бірнеше тұлға кез-келген мақсатқа жету үшін рим құқығына қайшы болмайтын бірігуі.
Келісім-шарт мүліктік ортақтастықты пайда болдырған. Ол әртүрлі көлемдер мен мөлшелерде белгіленетін, бірақ бәрі бір барлық тұлғалардың ортақ меншіктігін шектелген ортақтастық та болатын; теңдік қажетті болмады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz