1931-1933жж. ашаршылық



Жоспар:

Кіріспе: Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?
Негізгі бөлім:
1. Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры
2. Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген зардаптары.
3. Сол кездегі биліктің екіжүзділігі, «Сталинге хат»
Қорытынды : Зардаптарды жоюы
Кіріспе
Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?
Большевиктер өкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін- 20-жылдар басында және 30-жылдар басында жантүршігерлік ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.
Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Енді сол жайлы айта кетсек. /1/
Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, «тәрбиелеу мақсатымен» тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Ең ынталы «ұжымдастырушылардың» ұнататын құралы ауытқушыларды кулак құйыршықтарына жатқызу еді. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар солардың қатарына жатқызылды.
Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды.Жоғарыдан берілген нұсқауларда жойылатын кулак қожалықтарының жалпы шаруашылықтар санындағы үлесі 3-5%-дан аспауға тиіс болатын. Көптеген аудандарда кулактардың мөлшері бұған жетпейтін болып шықты. Алайда жоғарыдан берілген нұсқаудың қандайын болса да ой елегінен өткізіп жатпай-ақ орындауға үйренген әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі әдісімен тәркіленген кулактар санын барлық жерде жоғары шегіне дейін жеткізді,жоспарды екі,кейде үш есе асыра орындады. Асыра сілтеушіліктің салдарынан қанаушы санатына кейбір ауқатты және орташа ауқаттылар да тәркіленіп кетті. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйінің немесе екі атының болуы жеткілікті еді.
Кей жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу,меншік құқығынан айыру,тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмегенкедейлер мен орташаларды Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе кулактар қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.
Ақмола округінде стталған үй ішімен қоса 24 сағ ішінде жер аудару фактісі орын алды. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір ауылдарда қара байкот жарияланып, онда терезелерге тақтай қағылыптасталды,пешке от
1. Талас Омарбеков «Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері»Алматы 1997жыл 260 бет
2. Қазақстан Тарихы-жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2009 жыл
60-61 бет
3. «Қазақстан Тарихы». 4-том. Алматы «Атамұра» 2010 жыл
271-277 беттер
4 . «Қазақстан тарихы». Мусин Чапай. Алматы 2008.
335-336 бет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе: Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?
Негізгі бөлім:
1. Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры
2. Ашаршылықтың қазақ халқына тигізген зардаптары.
3. Сол кездегі биліктің екіжүзділігі, Сталинге хат
Қорытынды : Зардаптарды жоюы

Кіріспе
Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды?
Большевиктер өкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін- 20-жылдар басында және 30-жылдар басында жантүршігерлік ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.
Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Енді сол жайлы айта кетсек. 1
Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тәрбиелеу мақсатымен тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Ең ынталы ұжымдастырушылардың ұнататын құралы ауытқушыларды кулак құйыршықтарына жатқызу еді. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар солардың қатарына жатқызылды.
Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды.Жоғарыдан берілген нұсқауларда жойылатын кулак қожалықтарының жалпы шаруашылықтар санындағы үлесі 3-5%-дан аспауға тиіс болатын. Көптеген аудандарда кулактардың мөлшері бұған жетпейтін болып шықты. Алайда жоғарыдан берілген нұсқаудың қандайын болса да ой елегінен өткізіп жатпай-ақ орындауға үйренген әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі әдісімен тәркіленген кулактар санын барлық жерде жоғары шегіне дейін жеткізді,жоспарды екі,кейде үш есе асыра орындады. Асыра сілтеушіліктің салдарынан қанаушы санатына кейбір ауқатты және орташа ауқаттылар да тәркіленіп кетті. Кулактар қатарына жатқызу үшін темір шатырлы үйінің немесе екі атының болуы жеткілікті еді.
Кей жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз тәркілеу,меншік құқығынан айыру,тұрақты мекенінен күштеп көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмегенкедейлер мен орташаларды Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе кулактар қатарына жатқызу құбылыстары ұшырасты.
Ақмола округінде стталған үй ішімен қоса 24 сағ ішінде жер аудару фактісі орын алды. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір ауылдарда қара байкот жарияланып, онда терезелерге тақтай қағылыптасталды,пешке от жағуға рұқсат етілмеді. Тұтас қоныстарға байкот жасалған жағдайлар да кездесті.
Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу.оларды суық су құйып азаптау,қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою орын алды,кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілді.
1932-1933 жылдар аралығында Қзақстан жөніндегі Бірікке Мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. Солардың ішінд 3386 адамға ең ауыр жаза-ату, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамау жөнінде үкім шығарылды. Үштіктің хаттамалары Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық мәжілістерінде қаралып,оларға хатшылардың бірі- Ф.Голощекин, І.Құрамысов, ал 1930 жылғы 9 наурыздан бастап, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г.Рошаль қол қойып отырды.

Саяси жер аударылғандың бір тобы Павлодар қаласынан КСРО Орталық Атқару Комитетінің Төралқасына былай деп хат жазған екен: ...Жекелеген фактілер келтірмей-ақ, жалпы сипатта алғанда, ауылдар мен селелорда сұмдық оқиғалармен қоса аштық кең көлемде етек алған. Ит.мысық желініп жатыр... Халық аштықтан ісініп өлуде... Ал тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге де шамасы келмеуде: өліктер шашылып жатыр...

Осылай өркениетті кооператорлар қоғамын құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. 1930-1932 жылдары аштық етек алды. 2
Негізгі бөлім
1. Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Кейінгі кезге дейін прблеманы талдау үшін бірінші және екінші бүкілодақтық хлық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтардажүргізілді деректері бірден-бір құжат көзі болып табылады. Олардың арасында қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды.халықтың кемуі нақ осы санақтараралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық екемуінің шыңы 1932-1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінщі санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай жылында болған. Басқаша айтқанда,қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді,бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.
1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, ҚазақАКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейін 1939 жылғы халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген. Деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдары Қазақстан - өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.
Қазақ халқы шаруашылығы есеп (Қазнархозучет) басқармасы М.Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп,алд қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет,жер аудару құрбандары көрсетілмейді. Осыдан келіп тархшы-демографтар мынадай қооытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан атлған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42 % -ы құрбан болды.

Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны : украидар-859,4 мыңнан 658,1 мыңға, өзбектер-228,2 мыңнан 103,6 мыңға, ұйғырлар-62,3 мыңнан 36,6 мыңға азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілі үйреніскен жерін тастап, азытүлікке қатысты қолайлылау аудандарға - Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.
Келтірілген деректерден байқағанымыздай,шаруашылқты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болдыв. Малдан жұрдайй болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдарыеттен айырылды. Балықшылық,аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзете алиады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, сатық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды). Жұтаған аймағын тастап кету де барлық уақытта бірдей қолдан келмеді. Жылқысы, түйесі жоқ, жаяу қалған қөшпеліге бірнеше жүз, тіпті мыңдаған шақырымдық орасан зор қашықтықты еңсеру қиынға түсті. Малсыз қалған шаруа шаруашылығына кең-байтақ дала енді асыраушы емес, ажал торына айналды.
Мұқтаждық қуған адамдар тобы бір ғана мақсатпен-тірі қалу үшін қалаларды, кенттерді, станцияларды, теміржол станцияларын кезіп кетті. Олра шоғырланған жерлерде бөртпе сүзегі шықты, адамдар сирек қоныстанған мұндай жерлер үшн бұл бұрын-сонды кездеспеген індет еді. Белгісіз ауруға қарсы күресетін иммунитеті болмағандықтан, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметінің әлсіздігінен (көптеген жағдайларда мүлдем болмағандықтан) аштықтан әлсіреген адамдар қазаға ұшырады.
Тұрғылықты халық санына көші-қон да қатты шығын әкелді. Халықтың бастапқы жиынтық санының төрттен бірі, яғни 1 030 мың адам республикадан тыс аймақтарға көшіп кетті. Оның 616 мыңы оралмады, ал 414 мыңы кейін Қазақстанға қайтып келді. Мамандардың бағалауы бойынша оралмай кеткен 200 мыңға жуық адам шет елге- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Голощекиннiң геноцид саясаты
Демографиялық саясат
Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Кеңес өкіметінің орнауы
Алаш зиялыларына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін (ХХ ғ. 20-30жж)
Қазақстанда ұлттық интелекцияның қалыптасу тарихы
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Пәндер