Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі қосылған құн салығы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік.экономикалық мазмұны және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау ... .9

2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының маңызы мен ролін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

3 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН НАРЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 32
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы «Қосымша құн салығы: қызмет ету мәселелері және дамуы» Республикамыздың салық саласындағы өте күрделі де, қызықты тақырыптардың бірі. Себебі, қосылған құн салығы табыс алушылардан алынады және тауарлардың құнына қосылып, олардың өзіндік бағасын көбейтеді.
Қосымша құн салығы алғашқы рет 1954 жылы Францияда енгізілген, содан кейін бүкіл Европада қолданыла бастады. Қосымша құн салығы «европалық салық» деп аталатын себебі европалық одаққа кіру үшін әр мемлекет оны енгізуі шарт. Бүгінгі күні қосымша құн салығы 40-тан астам елдерде қолданылады. Олардың көпшілігінде қосымша құн салығының мазмұны мен бюджетке алу тәртібі бірдей деуге болады. Ал, айырмашылығы тек қосымша құн салығын анықтау тәсілінде және салық ставкалары мен жеңілдіктердің әртүрлі болуында. Кейбір елдерде салықтың төмендетілген ставкасы 2-ден 10 пайызға дейін, медициналық, аэық-түліктік және басқа әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтер үшін, «стандарт» қызметтер мен өндірістік тауарлар үшін 12-32 пайыз, ал өте жоғары деңгейдегі қымбат тауарлар үшін 25 пайыздан жоғары ставкалар қолданылады. Сонымен қатар, европалық мемлекеттер қосылған құн салығының бірыңғай ставкасын 15 пайыз шамасында қолдануды қолға алып отыр. Біздің елімізде де, соңғы салық кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салықтың ставкасы 16 пайыз болып бекітілгені белгілі.
Қосылған құн салығын енгізудің бір бағыты өндірістің өнімінің артық шығарылуы тығырығынан шығу болса, екіншісі кейбір нашар тауар өндірушілерді рыноктан шығару болып табылады. Сондықтан да бұл салық өндірісті ұстап тұру саясатының бір элементі тұрғысында қабылданды.
Экономиканың тұрақсыздануы кезінде қосымша құн салығын дұрыс есептемеу немесе дұрыс қолданбау тек тұтынушыларға ғана кері әсерін тигізіп қоймай, тауар өндірушілер үшін де үлкен проблема тудыратыны сөзсіз.
Қосымша құн салығын талдағанда оның оның көп салалы екені, яғни ол барлық тауарлар мен қызмет түрлерін қамтитынын естен шығармау керек.
Барлық қосымша құн салығын қолданатын елдерде, соның ішінде Қазақстанда екі салық салу объектісі бар:
Біріншісі тауарларды өткізу, қызмет көрсету;
Екіншісі тауарларды импорттау.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстандағы жалпы жанама салықтарға түсінік беріліп, олардың экономикадағы ролі айқындалған. Одан кейін тақырып қосымша құн салығы туралы өрбіген. Қосымша құн салығының объектілері мен салық төлеушілері, оның Салық кодексінде белгіленген ставкалары жазылған.
Сондай – ақ, қосылған құн салығын есептеу үшін айналымды анықтау тәртібі толық баяндалған, тиісінше мысалдар келтірілген.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі қосылған құн салығының ролінің теориялық негіздері: қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі, Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау жәнешот-фактура ұғымы және оны толтыру тәртібі қарастырылған.
Екінші тарауда экономиканың дамуына қосылған құн салығының әсерін талдау: мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының маңызы мен ролін талдау және шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін бағалау баяндалған.
Нарық экономикасына көшу кезіндегі Балтық пен ТМД елдері бойынша қосымша құн салығынан түскен бюджет кірістері жалпы ішкі өнімге пайыз есебіндегі үлесі мысалға келтірілген.
Сондай-ақ, шетелдердегі қосымша құн салығынан түскен табыстарының жалпы мемлекет табысына шаккандағы үлесі пайыз түрінде келтірілген.
Үшінші тарауда қосылған құн салығын нарық талаптарына сай дамыту жолдары: Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму бағыты, сондай-ақ қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру шаралары сипатталған.
Сондай-ақ, осы тарауда қосымша құн салығы әкімшілігін одан әрі шетел тәжірибесінің оң жақтарын енгізе отырып дамыту жолдары қарастырылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) Алматы «Бико», 2009 жыл 1 қаңтар
2. «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заң, Алматы «Қаржы қаражат» 2002 жыл.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы «Қаржы қаражат» 1995 жыл.
4. Ермекбаева Б.Ж. «Жалпы мемлекеттік салықтар» (оқу құралы), Алматы «Экономика» 2007 жыл.
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің жаршысы», № 12 Арнайы шығарылым, Алматы «Бико» 2000 жыл.
6. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жинақ» , Астана, «Бико» 2001 жыл.
7. «Қызмет көрсететін кәсіпорындардың табысына салық салу туралы Салық кодексі» (Салық кодексін түсіндіру сериясында шығарылған) Алматы «Бико» 2001 жыл.
8. «Налоги и налогообложение» под ред.И.Г.Русаковой, В.А.Кашина. - Москва «Финансы», 1998г.
9. Журнал «Финансы Казахстана»
10. Журнал «Бухгалтер и налоги» №1 июльАлматы,2008 жыл.
11. Журнал «Бухгалтер и налоги» №2 август Алматы,2008 жыл.
12. Журнал «Бухгалтер и налоги» №3 сентябрь Алматы,2009 жыл.
13. Журнал «Бизнес и право»
14. Вестник налоговой службы РК № 3(43) март 2007 год, Алматы
15. Вестник Министерства государственных доходов РК, Алматы, декабрь 2002 г.
16. Журнал «Вестник КазГАУ»
17. Бухгалтер бюллетені 1 шығарылым «Жүз сұрақ – жүз жауап» №20 (229) Алматы, мамыр 2002 жыл
18. Журнал «Вопросы экономики»
19. Бюллетень бухгалтера - МВП «Бико»
20. «Коммерциялық емес ұйымдарға және әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу» жинағы, Астана 2001 жыл.
21. Налоговый эксперт. Пилотный номер. 2000г.
22. Черник Д. Налоги Франции и Великобритании.
23. Черник Д. Налоги Италии. Финансы. 1995г. №1. с.35
24. Черник Д. Налоги Испании. Финансы. 1996 г. №2. с.32
25. Батаева С. Там, где платят налоги. Московские новости. 1996г. № 41.
26. Черник Д. Налоги Германии. Финансы, 1996 г. №6.
27. Попонова Н.А. Контроль за уплатой налогов на
предприятии. Финансы. 2003 г. №2. с.70.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ___________________________________ ________________________3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ
РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі
___________________________________ ______________________5
1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау _____9

2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының
маңызы мен ролін талдау_____________________________ ________________13
2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі ерекшеліктерін
бағалау____________________________ ________________________________17

3 ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН НАРЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму
бағыты_____________________________ _______________________________21
3.2 Қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып жетілдіру
шаралары ___________________________________ ______________________25

ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ ___________________________30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________3 2

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы Қосымша құн салығы: қызмет ету мәселелері
және дамуы Республикамыздың салық саласындағы өте күрделі де, қызықты
тақырыптардың бірі. Себебі, қосылған құн салығы табыс алушылардан алынады
және тауарлардың құнына қосылып, олардың өзіндік бағасын көбейтеді.
Қосымша құн салығы алғашқы рет 1954 жылы Францияда енгізілген, содан
кейін бүкіл Европада қолданыла бастады. Қосымша құн салығы европалық
салық деп аталатын себебі европалық одаққа кіру үшін әр мемлекет оны
енгізуі шарт. Бүгінгі күні қосымша құн салығы 40-тан астам елдерде
қолданылады. Олардың көпшілігінде қосымша құн салығының мазмұны мен
бюджетке алу тәртібі бірдей деуге болады. Ал, айырмашылығы тек қосымша құн
салығын анықтау тәсілінде және салық ставкалары мен жеңілдіктердің әртүрлі
болуында. Кейбір елдерде салықтың төмендетілген ставкасы 2-ден 10 пайызға
дейін, медициналық, аэық-түліктік және басқа әлеуметтік маңызы бар тауарлар
мен қызметтер үшін, стандарт қызметтер мен өндірістік тауарлар үшін 12-32
пайыз, ал өте жоғары деңгейдегі қымбат тауарлар үшін 25 пайыздан жоғары
ставкалар қолданылады. Сонымен қатар, европалық мемлекеттер қосылған құн
салығының бірыңғай ставкасын 15 пайыз шамасында қолдануды қолға алып отыр.
Біздің елімізде де, соңғы салық кодексі бойынша қосылған құнға салынатын
салықтың ставкасы 16 пайыз болып бекітілгені белгілі.
Қосылған құн салығын енгізудің бір бағыты өндірістің өнімінің артық
шығарылуы тығырығынан шығу болса, екіншісі кейбір нашар тауар өндірушілерді
рыноктан шығару болып табылады. Сондықтан да бұл салық өндірісті ұстап тұру
саясатының бір элементі тұрғысында қабылданды.
Экономиканың тұрақсыздануы кезінде қосымша құн салығын дұрыс
есептемеу немесе дұрыс қолданбау тек тұтынушыларға ғана кері әсерін тигізіп
қоймай, тауар өндірушілер үшін де үлкен проблема тудыратыны сөзсіз.
Қосымша құн салығын талдағанда оның оның көп салалы екені, яғни ол
барлық тауарлар мен қызмет түрлерін қамтитынын естен шығармау керек.
Барлық қосымша құн салығын қолданатын елдерде, соның ішінде
Қазақстанда екі салық салу объектісі бар:
Біріншісі тауарларды өткізу, қызмет көрсету;
Екіншісі тауарларды импорттау.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстандағы жалпы жанама салықтарға
түсінік беріліп, олардың экономикадағы ролі айқындалған. Одан кейін тақырып
қосымша құн салығы туралы өрбіген. Қосымша құн салығының объектілері мен
салық төлеушілері, оның Салық кодексінде белгіленген ставкалары жазылған.
Сондай – ақ, қосылған құн салығын есептеу үшін айналымды анықтау
тәртібі толық баяндалған, тиісінше мысалдар келтірілген.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі қосылған
құн салығының ролінің теориялық негіздері: қосылған құн салығының
әлеуметтік-экономикалық мазмұны және қажеттілігі, Республикада қосылған құн
салығы салынатын айналымды анықтау жәнешот-фактура ұғымы және оны толтыру
тәртібі қарастырылған.
Екінші тарауда экономиканың дамуына қосылған құн салығының әсерін
талдау: мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн салығының
маңызы мен ролін талдау және шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының
негізгі ерекшеліктерін бағалау баяндалған.
Нарық экономикасына көшу кезіндегі Балтық пен ТМД елдері бойынша
қосымша құн салығынан түскен бюджет кірістері жалпы ішкі өнімге пайыз
есебіндегі үлесі мысалға келтірілген.
Сондай-ақ, шетелдердегі қосымша құн салығынан түскен табыстарының
жалпы мемлекет табысына шаккандағы үлесі пайыз түрінде келтірілген.
Үшінші тарауда қосылған құн салығын нарық талаптарына сай дамыту
жолдары: Республиканың салық жүйесін реттеудегі қосылған құн салығының даму
бағыты, сондай-ақ қосылған құн салығын шетелдік тәжірибемен салыстыра
отырып жетілдіру шаралары сипатталған.
Сондай-ақ, осы тарауда қосымша құн салығы әкімшілігін одан әрі шетел
тәжірибесінің оң жақтарын енгізе отырып дамыту жолдары қарастырылған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ
РОЛІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қосылған құн салығының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және
қажеттілігі

Салық жүйесі осы сәтте қолданылып жүрген барлық салықтардың
заңдық тұрғыдан бекітілген тізбесі.Онда салықтардың ставкалары, салық
төлеушілермен салық салу обьектілері, төлеу тәртібі,шарттары мен мерзімі,
есеп жүргізу әдістемесі, сондай-ақ тиісті әкімшілік ұсыныстар нұсқалады.
Жалпы салық туралы түсінік өзінің бастауын ғасырлар (әскери
трофейлер,құрбандыққа шалу,жалшылар еңбегі) тереңінен алады.
Тарихқа жүгінсек,қазынаға түсетін түсімдердің түрі көп болған.Оған
жататындар жеке меншік (домендер) контрибуцилер,монопольды сипаттағы
өндірістік кіріс көздері сияқты түсімдер(қазыналық
фабрикалар,теміржол,кеден,сот және басқа түсімдер)елге келу және кетуге
байланысты кеден баждары.
Француз экономисті Ж.Боден (1530-1597) мемлекеттік кіріс көздерінің
7 түрін анықтады,оған әскери олжа,көрші мемлекеттер сыйлықтары,
одақтастардан алым, баж және саудадан түскен кірістер, халықтан түскен
табыстар жатады.
Салықтың енуі мемлекеттік бақылау жүйесінің,экономиканың,құқықтық
танудың жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасады. Салық түсінігінде тек
экономикалық және философиялық ойлар емес,сонымен қатар заңды актілерде
бекітілген құқықтық өзара қарым-қатынастардың нақты формалары енгізілді.
Ғасырлар бойы салық туралы түсініктер өзгеріп отырды.Салық салудың дамуы
мен жетілуіне байланысты әртүрлі көзқарастар туа бастады. Сол көзқарастар
арқылы ғана халықтың салық салуға деген қатынасы бағаланады. Сондықтан
ғалымдар және қоғам қайраткерлері салыққа тек экономикалық позиция жағынан
ғана емес,заңдық жағынан да көзқарастарын білдіреді. А.Смит 1723-1790
салықты төлеу тәртібі мен мөлшерін бекітілген заңдық тәртіптегі алым
ретінде анықтады.
Сонымен бірге салық әлеуметтік экономикалық дамудың тұтыну заңы
ретіндегі қажеттілік деп түсініледі .Сондықтан салықты кім төлесе-жалшылық
емес, еркіндік белгісі Ф.Аквинский (1226-1274) салықты ұрлықтың бір түрі
деп көрсеткен .Осы көзқарастардан салық салу табиғатының екі жақтылығын
көруге болады.
Бұл бөлімде біз тұтынуға салынатын салықтарға жататын
қосылған құн салығы және акциз салықтары жөнінде баяндаймыз. Қазіргі
кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық термин ретінде
тұтыну салығы деп аталып жүрді. Кейбір дамыған мемлекеттерде тұтыну
салығы десе, ал бірқатар елдерде жанама салықтар ретінде аталуда, қалай
атасақта бұл салықтардың мағынасы мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде
қатар аталып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.
Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы М. ЛОре (Франция)
енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде
бейнеледі. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды.
кейін келе Еуропалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын
алғышарттардың бірі болып саналды.
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу барысында негізінен 4 әдіс
қолданылады:
• Тікелей аддитивті немесе бухгалтерлік;
• Жанама аддитивті;
• Тікелей шегерім жасау әдісі;
• Жанама шегерім жасау әдісі немесе шоттар бойынша есепке жатқызу.
Аддитивті - қосу жолымен алынатын шама.
Бірінші және екінші әдістер балансқа негізделген, анығын айтқанда
ол пайданы анықтау негізінде есептеледі. Бірақ компанияның балансында
жасалған мәмілелер жалпылама түрде көрсетіліп, тауарлар түрлері бойынша
жіктелмейді.
Үшінші әдіс өндірілген өнім құнына жұмсалған шығындарды шегеріп
тастағаннан кейін ғана салық сомасы есептеледі. Бұл үші әдісті біртұтас
салық ставкасын қолданған жағдайда ғана пайдаланады.
Ал тәжірибеде, негізінен төртінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс
арқылы дифференцияланған салық ставкасы мәміле жасалған сәтте бірден
қолданылады, сондай-ақ шот-фактураны толтыру арқылы жасалған мәміле
туралы, компанияның салық міндеттемелері туралы ақпар алып отыруға
мүмкіндік туады.
Көптеген елдерде қосылған құнға салынатын салықтан экспорттық
операциялар, азық – түлік тауарлары, дәрі – дәрмек, кітап, газер – журнал
өнімдері, пошта, сақтандыру, жолаушы тасымалдау қызметтері босатылады.
Тұтынуға салынатын салықтардың ішінде ең күрделісі - 1992 жылы
енгізілген қосылған құн салығы. Қазіргі кезде қосылған құн салығы
Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің
қатарынан саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің 27.1 пайызын құрайды.
Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шеккен
шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып
алушыға аударады.
Бұл салықтың ерекшелігі мынада - оның салық салынатын объектісі
сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – сома емес, тек салық салынатын
айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.
Қосылған құн салығы дүниежүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде
еуропа экономикалық одағының 17 мемлекетінде қолданылады. бұл салықтың
артықшылығы:
• Біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің
үлкен тобынан алынады;
• Екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы
қарапайымдылығымен ерекшеленеді;
• Үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына,
инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін
қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды
өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке
аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында атауарлар импорты
кезіндегі аударым.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған
құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер, бұдан әрі
тауарлар) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған
тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы
айырма ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған
мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
1. Жеке кәсіпкерлер
2. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда)
3. Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент еместер
4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері
5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды
Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар
Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері:
1. салық салынатын айналым;
2. салық салынатын импорт
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
1. Тауарларды өткізу бойынша айналым
Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:
1) тауарға мекшік құқығын беруді, оның ішінде:
• тауарды сатуды;
• тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;
• тауар экспортын;
• тауарды тегін беруді;
• жарғылық капиталға жарна төлеуді;
• жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін;
2) тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді және мүлікті
қаржы лизингіне беруді;
3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;
4) қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге
қойылған мүлкін (тауарын) беруін;
5) кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік
қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын
төлеушінің не оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе
басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;
6) бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып
табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне
тауар жөнелтуін;
7) бұрын экспорт режимін шығарылған тауарды кері импорт режимінде
қайтаруды білдіреді.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген
жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін
орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген
қызметті, оның ішінде:
1) мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау (жалгерлік)
шартымен пайдалануды;
2) санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға
салым ретінде берілетін құқықтар беруді;
3) жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар
орындауын, қызметтер көрсетуін;
4) қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылатын бір заңды
тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер
көрсетуін білдіреді.
3. Мыналар өткізу бойынша айналымға жатпайды:
1) бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды
жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы,
ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы) жөндеуі және объектілер салуы
үшін алыс – беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған,
құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес Тауарларды кеден аумағынан тыс
жерлерде ұқсату режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп –
жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Қүны онымен жіберілетін өнімді
өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта
белгіленген талаптармен және меозімде, бірақ ұзақтығы алты айдан
аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс
болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс
өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
4) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде
қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
5) шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын
тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес Тауарларды уақытша әкету
кеден режимімен ресімделсе;

1.2 Республикада қосылған құн салығы салынатын айналымды анықтау

Қосылған құн салығы өзінің экономикалық мазмұны бойынша жанама
салықтарға жатады. Жанама салықтар сатып алуға салынатын салық болып
табылады және оны төлеу тауарларды, қызмет немесе жұмысты соңғы тұтынушыға
жүктеледі.Сол себептен олардың әділетсіздігі мен әлеуметтік қарсы
бағыттылығы туралы ойлар туындауда.Алайда қосылған құн салығы бюджет
кірістерінің тұрақты көзі болып табылады.Кейбір экономистердің айтуы
бойынша,жанама салықтар мемлекеттің ауыспалы экономикалық дамуына
экономикалық жағынан тірек болады.
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)
өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған,оларды өткізу бойынша
салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды,сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды
білдіреді.Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті құн
салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)үшін есептелген
қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті
қосылған құн салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн
салығын салу обьектілері болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке
тұрған және тауарлар импорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына
импорттайтын тұлғалар саналады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға
оның қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік
беруге міндетті,онда:
- тұлғаның атауы және деректемелері;
- салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- қосылған құн салығын төлеуші болып тіркелген күні.
Егер қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі
салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен
аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы
бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.
Салық салынатын айналымға тауарларды өткізу бойынша айналым және салық
салынатын импорт жатады. Соның ішінде нөлдік ставка бойынша салық
салынатын айналымға тауарлар экспорты кіреді.
Тауарлар экспортын растау үшін экспортталатын тауарларды беруге
жасалған шарт және Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы
өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған
тауардың ілеспе құжаттарының көшірмесі құжаттары қолданылады.
Халықаралық тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыстарға,
көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы
салынады.
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын
айналым болып табылады. Қазақстан Республикасында қосылған құн
салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет
көрсетулер алушының салық салынатын айналымына енгізіледі.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға
тиісті, Қазақстанның аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар
салық салынатын импортқа жатады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке келесідей жағдайларда
жатқызылады:
- тауарларды алушы сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып
табылса;
- өнім беруші тауарларлдың шот – фактурасын ұсынса, егер өнім
беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот –
фактура ққс жоқ деген белгімен жазылса;
- тауарлар импорты жағдайында – қосылған құн салығы бюджетке
төленген болса қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға
құқысы бар.
Қосылған құн салығы, егер қосылған құн салығын төлеушінің
кәсіпкерлік қызметіне жатпайтын шаралар өткізумен байланысты
тауарларды, тұрғын – үй қорындағы ғимараттарды, негізгі құралдар
есебінде сатып алынған жеңіл автомобильдерді , жалдау шартына
сәйкес тұрғын – үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге
пайдаланылған тауарлар мен қызметтерді және өтеусіз алынған мүлікті
алу мен байланысты есепке жатқызылмайды.
Салық салынатын айналым мөлшерін анықтау үшін қосылған құн
салығы енгізілмей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен
тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар құны алынады.
Өткізілген тауарлардың құны қандаай да бір өзгеріске түскен
жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Салық төленушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету тауарлар
ішінара қайтарылған жағдайда, мәміленің шарттары мен өткізілген
тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін баға, өтем өзгерген
жағдайларда жүргізіледі.
Ал салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының
кеден заңдарына сәйкес белгіленген импортталтын тауарлардың кедендік
құны, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары енгізіледі.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған
құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген
қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған салық сомасы
арасындағы айырма ретінде анықталады.
Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай, егер
алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының
орташа айлық сомасы 1000 АЕК – тен кем болса, онда салық кезеңі тоқсан
болып табылады. Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі
үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен
кейінгі айдың 15 – нен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Қосылған
құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру
үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке
әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар:
1) пошта маркаларын ;
2) акциздік алым маркаларын;
3) уәкілетті органдар жүзеге асыратын соларға байланысты
мемлекеттік баж алынатын қызметтерді,
4) адвокаттық қызметті, нотариаттық іс - әрекеттерді жүзеге асыру
бойынша көрсетілегн қызметтерді
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өткізетін тауарлар. т.б.
қосылған құн салығынан босатылады.
Қосылған құн салығы жанама салық ретінде салық төлеушінің
мүлігі немесе пайдасына байланыс бағаға және тарифке үстеме ретінде
бекітіледі. Жіберілген тауарға қосылған құнды сатушы бекітеді және
ол өткізілген тауар айналымы бойынша бюджетпен есептеседі.
Қосылған құн салығы есебімен тауарды сатып алған сатушы салық
саласын есепке қою бойынша анықтайды, яғни бюджеттегі төлемдердің
төмендеуінде есепке алады.
Салықтан босатылған және жеке өндірістік мұқтаждығы үшін жүзеге
асырылатындардан басқа Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын
тауарларды сату жөніндегі айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген ережелерге сәйкес
айқындалған айналым салық салынатын айналым болып табылады.
Салық салынатын айналымның көлемі оларды қосылған құн салығына
қоспастан қолданылатын бағалар мен тарифтерден туындайтын сатылатын
тауарлардың негізінде, бірақ сауда-делдалдық қызмет үшін оларды сатып алу
бағасынан төмен болмайтындай етіп айқындалады.
Сатып алу бағасы салық салу мақсатында өзіне тауарлардың сатып алу
құнын, сондай-ақ тауарларды жеткізушілер бойынша қосылған құн салығының
сомасы көрсетілген шот-фактуралар қойылған және қосылған құн салығы бойынша
Заңға сайкес есепке жатқызылған қосымша құн салығының сомалары бойынша
оларды сатып алуға және сатуға байланысты шығындардың құнын қосады.
Тауарларды өткізуге байланысты шығындар, өзіне салық төлеушінің есеп
беру кезеңінде олардың шығынға жатқызылған кәсіпкерлік қызметіне байланысты
шығындарын қоса алады.
Сатып алу бағасы өткізілген тауарлардың әрбір түрі бойынша орташа
өлшенген сатып алу құны бойынша айқындалады. Тауардың түрі, оны
сортына, санатына және т.б. бөлместен, атауы бойынша айқындалады.
Тауарларды ауыстыру кезінде немесе оларды қайтарымсыз беру кезінде
салық салынатын айналым ауыстыру немесе беру сәтінде құрылған қосылған құн
салығы қосылмастан, бірақ нақты қалыптасқан шығыннан төмен емес бағалар
деңгейіне қарай айқындалады.
Мысалы: "Арман" ЖШС сауда - делдалдық қызметін азық-түлік тауарлары
рыногында жүзеге асырады. Есеп беру кезеңінің басында ЖШС-те мынадай
тауарлардың қалдықтары болды: қант 17 200 теңге болатын 400 кг, макарон
өнімдері - 7 600 теңге болатын 200 кг, майонез - 18 500 теңге болатын
500 банка.
Есеп беру кезеңінде осындай түрдегі тауарлар сатып алынды, соның
ішінде қант - 4 300 теңге болатын 100 кг, макарон өнімдері - 5 550 теңгелік
баға бойынша 150 кг, майонез сатып алынбады.
Есеп беру кезеңі ішінде 25 000 теңгелік 400 кг қант, сомасы 11 750
теңге тұратын 250 кг макарон өнімдері, сомасы 11 250 теңге тұратын 250
банкі майонез сатылды.
Өткізілген тауарлардың сатып алу бағасын айқындау үшін ауыспалы
қалдықты есепке алып өткізілген тауарлардың әрбір түрінің орташа өлшемдегі
сатып алу бағасын табу қажет. Өткізілген тауарлардың орташа өлшемдегі сатып
алу бағасы қант бойынша 43 тсңге [(17 200 + 4 200): (400 + 100)], макарон
өнімдері бойъшша 38 теңге [(7 600 + 5 550) : (200 + 150)], майонез бойынша
37 теңге (18 500 : 500) құрайды.
Есеп беру кезеңінің шығыны 27 120 теңге, соның ішінде қосылған құн
салығы бойынша есепке жатқызылған кезеңдегі шығындар 10 884 теңге құрайды.
Ауыстыру шартының әрбір тараптарының салық салынатын айналымыыың
мөлшері олар тиеп жіберген өнімнің және тиеу құжаттарында аталған құнына
орай, бірақ нақты қалыптасқан шығындардан төмсн болмайтындай етіп
айқындалады.
Мысалы: "Ара" ЖШС "Зенит" акционерлік қоғамына "Зенит" кәсіпорнынан
алынған кұны 5 000 теңге тұратын тауардың орнына құны 3 000 теңге тұратын
тауар тиеп жіберді. Демек "Ара" кәсіпорнының салық салынатын айналымы 3 000
теңге және ҚҚС сомасы 450 теңге құрайды; ал, "Зенит" АҚ тиісінше 5 000
теңге және 750 теңге болады.
Тауарды алу кезінде "Ара" ЖШС ҚҚС-ның есебіне 750 теңге, ал "Зенит" АҚ
450 теңге көлемін жатқызуға құқығы бар.
Егер тиеліп жіберілген тауардың құны нақты құрылған шығындардан төмен
болса, онда темендетілуі бар салық төлеуші ҚҚС бойынша декларациялар өткізу
кезінде тиісті салық салынатын айналымның түзетілуін жүргізуге міндетті.

2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асырудағы қосылған құн
салығының маңызы мен ролін талдау

Салықтан босатылғандардан басқа Қазақстан Республикасының кеден
аумағына еркін айналым ушін импортталатын тауарлар салық салынатын импорт
болып табылады.
Тауарлардың импортында қосылған құн салығымен салық салуды көздейтін
олармен Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарды жасамаған Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден тауарларды әкету кезінде
салық салынатын импорт Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттер шығу елі болып табылмайтын импортталатын тауарлардың құны болып
табылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттерден шығатын импортталатын тауарлардың құны, егер экспорт елінде
белгіленген қосылған құн салығының ставкасы Қазақстан Республикасында
белгіленген қосылған құн салығының ставкасынан төмен болса, салық салынатын
импортқа енгізіледі.
Салық салынатын импорт көлеміне Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес айқындалған тауарлардың кеден құны, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарлар импорты кезінде төлеуге
жататын алымдар, баждар, салықтар сомалары енгізіледі.
Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы Салық
кодексінде белгіленген жағдайлардан басқа салық салынатын импорт мөлшерінен
15 пайызға теңеледі.
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есептеу мен төлеу
тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26
сәуірде 743-нөмірмен мемлекеттік тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасы
Мемлекеітік қаржы министрлігінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі № 243 бұйрығымен
бекітілген және Кеден кодексімен белгіленген.
Қазақстан Республиксында салық төлсушілер деп танылмайтын резидент
еместердің Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сату кезінде
салық салынатын объекті аталған резидент еместердің Қазақстан
Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды сату бойынша айналым
болып табылады.
Резидент үшін бюджетке аударуға жататын
қосылған құн салығын есептеу кезінде салық салынатын айнылымға "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Заңына, яғни Салық кодексіне сәйкес төлем көзінен ұсталатын
салық сомасын қоса
алынған тауарлар үшін резидент емеске төлеуге жататын тауарлар құны
енгізіледі.
Шетел валютасында жүргізілетін сатып алынған тауарлар үшін төлем
жағдайында салық салынатын айналымға тауарларды сатып алу сәтіне
белгіленген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша
теңгеде есептелген аталған тауарлар құны енгізіледі.
Қазақстан Республикасына тауарлар экспорты кезінде
олар қосылған құн салығын ескеріп қолданатын Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекеттердің резиденттері болып табылатын резидент
еместерге таралмайды.
Резидент емес үшін төлеуге жататын қосылған құн салығы тауарлар
жеткізу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей
бюджетке аударылады.
Резидент емес үшін қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу
фактісін растайтын құжаттар бар кезде төленген салық сомасы қосылған құн
салығы бойынша есепке алуға жатады.
Салық кодексі мен Кеден кодексінде белгіленген тәртіп Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік
ресімдеуден өткен және сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша жүзеге
асырылатын тауарлар импортына таралмайды.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес осы
Салық кодексінде көзделген қосылған құн салығын есептеудің өзге тәртібі
белгіленген болуы мүмкін.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегіндегі сыртқы экономикалық
қызметті жүзеге асыру кезінде қосылған құн салығын есептеу тәртібін
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы –
мемлекеттер мен жасалған
халықаралық шарттар реттейді, атап айтқанда:
1992 жылғы 13 наурыздағы салық саясатының келісілген қағидалары туралы
Теуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы-мемлекеттер үкіметтері
арасындағы келісіммен. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы
жүзеге асырылатын сыртқы сауда операцияларына салық салу тәртібі осы
Келісіммен реттеледі;
1997 жылғы 18 ақпандағы - 1997 жылдың 18 ақпанынан бастап уақытша
енгізілді, 1998 жылдың 18 желтоқсанынан бастап тұрақты қолданыстағы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі
арасындағы тауарларды экспорттау және импорттау кезінде қосылған құн
салығын өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
1997 жылгы 14 қыркүйектегі, 1998 жылдың 9 шілдесінен бастап күшіне енген
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
арасындағы тауарларды экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды
өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
4) 1997 жылғы 12 маусымдағы, 1998 жылдың 25 қарашасынан бастап күшіне енген
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі
арасындағы тауарларды экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды
өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
5) 1997 жылғы 13 маусымдағы, 1999 жылдың 31 мамырынан бастап күшіне енген
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Украина Республикасыны Үкіметі
арасындагы тауарларды экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды
өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
6) 1999 жылғы 2 ақпандағы, 2000 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енген
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі
арасындағы тауарларды экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды
өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
7) 1997 жылғы 11 қарашадағы, 2000 жылдың 5 шілдесінен бастап күшіне енген
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Республикасының Үкіметі
арасындагы тауарларды экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды
өндіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
8) 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды экспорттау жөне импорттау
кезінде жанама салықтарды ондіріп алу қағидаттары туралы Келісіммен;
9)1999 жылдың 2 сәуірінде Теуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде
қабылданган 1994 жылғы 15 сәуірдегі еркін сауда аймағын құру туралы
Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1999 жылгы 2 сәуірдегі
хаттамамен. Аталған
Хаттама Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы, Армения
Республикасы арасындағы жүзеге асырылатын сыртқы сауда операцияларының
салық салу тәртібін реттейді.
10) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін өзара есептесу осы халықаралық
шарттарға сәйкес қосылған құн салығы ескерілген бағалары бойынша жүзеге
асырылады. Осығаи байланысты Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарларды
Ресей Федерациясының аумағына экспорттауға қосылған құн салығы салынады.
Салық салынатын айналым мөлшерін түзету.
Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен
жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;
4) өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын
алған.
5) айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.
Салық салу айналымының мөлшерін түзету қосымша шот-фактураның немесе
осы аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негізінде
жүргізіледі.
Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету.
Егер өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін
төленетін ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып
табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:
1) күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы
ескерілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттік
тізілімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған
салық кезеңінде бюджетке жарна ретінде енгізілуге тиіс қосылған құн
салығының сомасын азайтуға құқығы бар.
Өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін ақыны қосылған
құн салығын төлеуші өзіне берілген құқығын пайдалағаннан кейін алған
жағдайда салық салынатын айналым мөлшері ақы алынған сол салық кезеңінде
аталған ақының құнына арттырылуға тиіс.
Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны,
сондай-ақ қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына
тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер сомалары енгізіледі.
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып
табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезінде салық
салынатын айналым.
Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып
табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу
орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді
алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы болып табылады
және оларға Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының
мөлшері осы баптың мақсаттары үшін, оған Қазақстан Республикасындағы
көздерден төленген табыстың төлем көзінен ұсталуға тиіс салық сомасы
ескеріле отырып, резидент емеске төленуге тиіс сома негізге алына отырып
анықталады. Төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы 15 пайыздық
ставканы салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы анықталады.
Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін төлем шетел валютамен
жүргізілген жағдайда салық салынатын айналым жасау күні валюта
алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледі.
Есептелген қосылған құн салығының сомасы салық кезеңінен кейінгі
айдың 15-інен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларация табыс
етілетін мерзімнен кешіктірілмей төленеді. Қосылған құн салығының
төленгенін растайтын төлем құжаты салық сомасын есепке жатқызуға құқы
береді.

2.2 Шетелдік тәжірибеге сай қосылған құн салығының негізгі
ерекшеліктерін бағалау

Қосымша құн салығы кәсіпорындардың экономикасының бір құрамына
кіретін салықтардың бірі ретінде оны реформалау кезіндегі қоршаған ортаға
ықпал етуі ерекше талдауларды керек етеді.
Өйткені, біріншіден, қосымша құн салығы басқа салық түрлеріне
қарағанда жас, яғни ол тек қырық жылға жуық қана өмір сүріп келеді. Оның
қасында басқа жанама салықтардың, акциз бен айналым салығының, пайда
болғанына мыңдаған жылдар болса, тікелей салықтар (мүлік, жер салықтары мен
табыс салығы) олардан да бұрын дүниеге келгені белгілі.
Екіншіден қосылған құн салығының есептелу механизмі, төлену және
есептелу тәртіптері кейбір дайындықсыз салық төлеушілерге ғана емес салық
қызметкерлерінің бір бөлігіне де ауырлау болады.
Үшіншіден, қосымша құн салығына әр мемлекеттің, әр маман-
экономистердің көзқарастары әртүрлі. Бұл көзқарастар бойынша кейбіреулері
оны өнідісті дамытудың бір тетігі, содан келіп кәсіпкерлердің табысы
молаяды және ол бағаның өсуінен емес өндірістің дамуынан молаяды десе,
бірқатары қосымша құн салығын әділетсіз, кемшілігі көп, кәсіпкерлердің
табыс табуына кедергі келтіреді дегенді алға тартады.
Жоғарыда айтылғандарға дәлел ретінде төмендегі бір-біріне қарама-
қайшы ғалымдардың бірнеше пікірлерін ортаға салайық:
Біріншісі қосымша құн салығының әділдігі жөнінде: қосымша құн
салығының дұрыс жағы сонда, оны жинау яғни есептеу өндірістің барлық
сатысында өте жеңіл, сөйтіп оны төлеуден ешкім де жалтара алмайды. Ол
экономиканың барлық салаларына бірдей тарайды, сондықтан да оның басқаша
есептеу мүмкін емес, ол дегенің әлеуметтік әділдік принципін жүзеге асыру
үшін керек нәрсе.
АҚШ-та тауарлар мен қызметтердің құнына кіретін қосымша құн салығын
әлеуметтік әділ емес деген пікір қалыптасқан, оған қарағанда тікелей
салықтарда әділдік басым дегенді алға тартады. Себебі, қосымша құн салығы
халықтың әр категориясының табыстары мен байлықтарына тікелей әсер етеді,
сөйтіп инфляцияның өсуін жеделдетеді
Осы қосымша құн салығының инфляцияға әсер етуін ғалым экономист
Починок А. былай тұжырымдайды:
Инфляцияның жоғыр жағдайында салықтардың жиналу көлемі мемлекеттің
шығындарынан қалыс қалып отырады. Бұдан шығатын жол қосымша құн салығы және
акцизді көтеру, ал олар өз кезегінде
өндірушілердің емес тұтынушылардың қалтасына ұрады. Біздің жағдайда бұл
жағдай онша залал емес, себебі бізде тауарлар әлі өз құнын жоғарылата алмай
отыр.
Нарық жағдайында инфляцияны ушықтандырмау үшін қосымша құн салығын
толығымен тоқтата тұру керектігін.
Жоғарыда көрсетілгендей қосымша құн салығы туралы әр түрлі ой-
пікірлер салық төлеушілер мен салық қызметкерлерінің нарық жағдайына сол
кездегі беймделмегені, қосымша құн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосылған құн салығының Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі рөлі.
Жанама салықтар жүйесіндегі қосылған құн салығы
Қазіргі кезеңдегі ҚР салық жүйесі
Салық салынатын айналымды анықтау
Қосылған құн салығының экономикадағы мәні және мазмұны
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері
Өндірістік тәжірибе туралы есеп беру
Қосылған құн салығының сипаттамасы
Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны
Пәндер