Қала мен аул - село - адамзат мекенжайының тарихи түрлері



1.Қала мен аул - село - адамзат мекенжайының тарихи түрлері.
2.Урбанизация дәуіріндегі қала мен ауыл-селоның даму ерекшеліктері.
3.Қазіргі заманғы ауыл-селоның әлеуметтік-экономикалық және мәдени проблемалары.
4.Қала мен ауыл-селоның және табиғаттың қарым-қатынасын үйлестіру – қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблема.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1.Қала мен аул - село - адамзат мекенжайының тарихи түрлері.
2.Урбанизация дәуіріндегі қала мен ауыл-селоның даму ерекшеліктері.
3.Қазіргі заманғы ауыл-селоның әлеуметтік-экономикалық және мәдени
проблемалары.
4.Қала мен ауыл-селоның және табиғаттың қарым-қатынасын үйлестіру –
қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблема.

1) Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-
территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке
адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-
тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен
негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені
ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи
және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни
географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше
мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор.
Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары
егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң
аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-
қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде
қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды.
Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын
табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы
кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық
жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық
факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына
айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де:
жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған
сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері
нығая түссе, енді берулері әлсіреді.
Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен
(қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала
мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала
маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының
салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға
соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып
келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және
объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің
көреміз.
Олардың арасындағы айырмащылықтар ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
факторларға байланысты. О баста қаланың ауыл-селодан бөлінуінің іс-әрекетке
байланысты болды. Ауыл шаруашылығына қарағанда өнеркәсіптік еңбектің
табиғатпен байланысы өзгеше. Ауыл-селода мекенжай үшін табиғат
жағдайларының әсері басым болса, ал өнеркәсіптік еңбек үшін табиғат тікелей
еңбек объектісі болмайды. Өнеркәсіптік еңбек базары бар жерде ғана іске аса
алады. Қала адамзат дамуының табиғаттан тәуелділігін жеңудің формасы, қоғам
жасаған “элемент” болып табылады.
Қаланың ауыл-селодан бөліну процесі сондай-ақ еңбектің материалдық
және рухани түрлеріне (ақыл-ой және дене еңбектеріне) бөлінуімен де
байланысты болды. Демек, қала негізінен таптық қоғамның шығуымен байланысты
пайда болды деуге болады: ертедегі дүниеде қала сауда мен қолөнердің
орталығы болса, орта ғасырлар тұсында қалалар әрі қарай дами түсті –
европалық қалаларда өндіріс дамып, түрлі елдер арасындағы сауда
қатынастарының орталығына айналды. Жаңа Дәуірде (ХІХ ғ. дейін) қалалар
сауда орталығы болумен қатар өкімет билігінің символы ретінде пайда болып
дамыды, озат қоғамдық идеялардың орталығына айналды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ.
басында өнеркәсіп пен қатынас жолдарының дамуы қалалар мен қала
тұрғындарының санының күрт өсуіне себепші болды. ХХ ғ. қалалар бүкіл
қоғамнан еңбек ұжымдары мен мекемелердің, жалпы тұрғын халықтың
мүдделерінің түйдектеле ұштасқан әлеуметтік-территориялық мекенжайына
айналды. Сондықтан ХХ ғасырды қалалық мекенжайлардың жаппай пайда болу
ғасыры деп атауға да болады. Қалалардың дамуының тағы бір маңызды факторы
ғылым мен мәдениеттің, транспорттың, тұрмыстық қажеттіліктердің, т.б. өріс
алуы болып табылады.
Қала мен аул-селоның баршаға бірдей ұғымы жоқ. Мәселен, географтар
қаланың көшелері, үлкен биік үйлері, т.б. бар, қолдан салынған үлкен
мекенжай деп анықтаса, тарихшылар қаланы мәдениеттің (цивилизацияның)
орталығы деп түсінеді, ал саясатшылар қала саяси басшылық орталығы деп
анықтайды, экономистер қала экономикалық қарым-қатынастардың делдалы дейді,
т.с.с.
Қала мен селоның анықтамасының алуан түрлілігіне байланысты олардың
бір-бірінен айырмашылығын бірнеше белгілері бойынша анықтауға әрекет
жасалды. Ол белгілер – лингвистикалық (тілдік), статистикалық, тарихи,
құқықтық, архитектоникалық (құрылыстық), т.б. белгілері.
2) Қазіргі заманғы қала мен ауыл-селоның әлеуметтік құрылымы мен
атқаратын қызметін зерттегенде міндетті түрде ескеретін жағдай – ол
мекенжайлардың урбанизация деп аталатын процеске ұшырағандығы. Урбанизация
(латынша urbanus – қалалық деген сөзден шыққан французша urbanisation деген
сөз) қалалардың қоғам өміріндегі, дамуындағы ролінің тарихи арту (өсу)
процесін білдіреді. Қазіргі кездегі негізгі мекенжайлар ретінде қала мен
ауыл-селоның айырмашылығы ең алдымен материалдық өндірістің формасымен,
экономикалық өмір ерекшеліктерімен анықталатынын жоғарыда атап
көрсеткенбіз. Қала қазірде де өнеркәсіп пен сауда-саттық орталығы, осыларға
байланысты өнеркәсіптік жұмыс орындарының шоғырланған жері, ал ауыл-село –
ауыл шаруашылық өндірісінің (егіншілік пен ауыл шаруашылығының) жері.
Алайда, материалдық өндірістің формасы қала мен ауыл-селоның тек
негізгі, басты айырмышылығы ғана. Іс жүзінде олардың басқа да толып жатқан
айырмашылықтары бар – олар мәдени, оқу-білім дәрежесіндегі, тұрмыстық
жағдайларындағы, күнделікті мінез-құлқы мен ойлау, сөйлеу сипатындағы,
әлеуметтік-кәсіптік және демографиялық айырмашылықтармен анықталады.
Мәселен, қалада тұрғын үй мәселесінде толып жатқан қиындықтар кездеседі,
жұмыссыздық, қылмыскерлік, нашақорлық, т.б. көп. Ал селода жағдай өзгешелеу
– онда тұрғын үй мәселесі жеңілдеу, нашақорлық, қылмыскерлік аздау, ондағы
семьялық, көршілік т.б. қатынастар да өзгешелеу.
3) Ауыл-селоның өзіне тән негізгі қызметі – адамзаттың тіршілігі үшін
қажет азық-түлік өндіріп, қоғамды асырау екендігі, ауыл шаруашылығынсыз
өндірістің басқа салаларының жұмыс істеуі мүмкін еместігі ежелден белгілі.
Бұл міндетті ойдағыдай атқару үшін елдің ауыл шаруашылығына жарамды
территориясын дұрыс игеріп, азық-түлік өндіруде ауыл-село мекенжайларын
тиімді орналастырып, дамытудың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде, мәселен,
ауыл шаруашылығын фермерлік жолға көшіруді дұрыс шешу үшін оған қызмет
көрсететін теміржол, автожол, әуе жолы жүйелерін, т.б. дұрыс орналастыру
қажет.
Еліміздің ауыл-село шаруасының бүгінгі таңдағы тіршілігінің тарихы
сонау 20-30 жылдардан басталады. Сол жылдары басталған ауыл шаруасын жаппай
коллективтендірудің оң нәтижесімен бірге теріс жақтары да болды: бір
жағынан, көшпелі елді отырықшылыққа айналдырып, тұрақты ауыл-село
мекенжайларын ұйымдастыру материалдық және рухани мәдениетті дамытуға
жағдай жасаса, екіншісі, “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” деген
бұрмаланған ұранмен жүргізілген жаппай коллективтендіру, миллиондаған қазақ
шаруаларының аштан қырылуына, шетелдерге қашуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Әлеуметтік философия. Қоғам мәселесі
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
Ауылды зерттеудің алғышарттық тұғырнамалары
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы)
Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар
Пәндер