Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ..3

Алаш партиясының бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А.Бочагов кезінде Алашты – «ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С Брайнин мен Ш.Шафиро – «Бүкіл байлардың саяси ұйымы» деді, ал Құрамысов – «Жартылай феодалдық байлардың партиясы» деп өз ой-пікірлерін білдірген. М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ. Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. «Алаштың» ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Алаш үні» 2003 ж. № 1
«Алаш үні» 2003 ж. №4,5,3
К.Нұрпейісов, Алаш ақиқаты, Алматы 2010
Егемен Қазақстан 2003 ж 16 желтоқсан №326
Қойгелдиев, Алаш қозғалысы, Екі томдық монографися, Алматы 2008, 1 том 382-423 беттер
Жас Алаш 1999, 11 қыркүйек № 109
Азат 2006, 22 наурыз №11
Сарыарқа 1918 ж, 22 январь № 28
Өміржанов Алматы, 2009, Азат қозғалысы және 20 ғасыр басындағы Алаш партиясы арасындағы саяси құқықтық үндестік
Алаш, №5 2009 ж
Мұхамедов М. Сатершинов, Алматы 2003 277 бб
Қазақстан тарихы 1997, №5 31 бб

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Д.А. Қонаев атындағы көлік және гуманитарлық университеті

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН МАҚСАТЫ

ТЕКСЕРГЕН: ________________________
ОРЫНДАҒАН: _______________________

АЛМАТЫ 2013

АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН МАҚСАТЫ

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ..3

Алаш партиясының бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .9

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз
еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан
елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады.
Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат,
еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып
табылады.
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда
да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде
айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң
тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы
дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі
сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір
кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны
толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің
негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда
үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ
зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген
ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш
партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар
болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен,
А.Бочагов кезінде Алашты – ұсақ ұлттық буржуазиялық партия десе, С
Брайнин мен Ш.Шафиро – Бүкіл байлардың саяси ұйымы деді, ал Құрамысов –
Жартылай феодалдық байлардың партиясы деп өз ой-пікірлерін білдірген.
М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және
бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан
астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз
екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ. Қозыбаев,
М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ
интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға
болмайтындығын көрсетті. Алаштың ақиқатын кім айтады деген жалпы
тақырыпта зертеушілер А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің
мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде
қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан
тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы
1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия
деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды
деген өзінің пікірін қайталаған.

АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы
жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша
үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде
құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жқнінен
империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз
демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған
талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-
өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы
жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті
Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші
позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт
өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек Қазақ газетінің 1917 жыылғы 23
желтоқсандағы 256-санында жарияланған Мен кадет партиясынан неге шықтым?
деген ашық хатында (хат Сарыарқа газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29
санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа кадет партиясынан неге
шықтым деген сұраққа жауабында Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге
оқырмандардың назарын аударған: кадет партиясы жер адамға меншікті болып
берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші
мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып қалады.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып,
ұлт автономиясын тікпек болдық.
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда үкіметтен ақша
алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болмақ. Жалование алған молдалар
хүкіміетке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ қырғыз дін ісін
көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мұны орысша
отделение церкви от государство дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме
өзгеше қарайды.
Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен содан соң қазаққа Алаш
партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июлдегі (1917 жылғы шілде – К.Н.) жалпы
қазақ сьезінде айтқан едім.
Басқа сөзбен айтқанда, Ә.Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін
қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-
мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп
түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да
күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс деп
тапқанын ашық мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет
партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық
болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен
саясаткерге тән батыл қадам болды.
Бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында
өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен
Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген
аудандарының өкілдері қатынасты. Сеьзге қатынасушылар саны аса көп
болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі
Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей
қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым
көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ
сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып
саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. Алашсаяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
13. Әйел мәсселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм
Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың,
Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен
өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде
өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық
және қазақтың саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.
Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды
мәселелердің бі-
рі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы
партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе
жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: Қазақ халқынаң өз алдына
саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд
исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі
демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия
жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына
жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары
қарап бекітеді.
Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары
Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат
болады.
Жаңадан құлған партия Алаш деген атқа ие болды. Бүкілресейлік
мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден
Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов,
Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа
Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-
демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының
құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының
белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев,
С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.
Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда
социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес
бағдарламассын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайратерлерінің
пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді.
Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген қазақ халқын
отарлық езгіден құтқару үшін деген ұранныңң астында топтастыруға бағыт
алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық
сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.
Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі
кейінірек, 1917 жылғы ҚАЗАҚ газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш
партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері
қазақттың ұлттық партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған
либералды орыс буржуазиясының партиясы – кадеттердің үлгісінде құруға бейім
тұрды. Сондықтан да 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш
партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен
іздеген жөн.
Сөз жоқ, бірінші жалпықазақтық сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын
жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы
және аса маңызды қадамы болды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған
қысқа ғұмырында шын мәнінде саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол
құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да,
Бағдарламасы да болмады. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі
жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Осы күнге дейін Алашқа
мүше болғандардың саны туралы айтылып және жазылып жүрген мәліметтер тек
жорамалдар ғана. Мұны М.Дулатов ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылы қарашаның
30-да берген жауабында растай түседі. Осы құжатта М.Дулатов былай дейді:
Алаш партиясының жарғысын бекіткен сьезд болған емес. Газет арқылы
жарияланған жобамен танысқанн және оны мақұлдағанның бәрі өзін партияның
мүшесімін де санады – шын мәнінде нұсқау беретін қалыптасқан партия болған
жоқ. Тек қана Құрылтай депутаттығына кандидаттар осы партияның атынан
ұсынылды. Бұдан басқа партия тарапынан жасалған әрекет болған емес.
Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың көлеңкесінде
қалды. ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылдың 14 шілдесінде берген жауабында
Мағжан Жұмабаев та Міржақыптың осы тұжырымына жақын пікір айтады. Алашты,
— дедйі Мағжан, — саяси партия деп санаған емеспін. Тек қана Алашорда
үкіметі болды.
Демек, Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі
партияға ауысу кезеңін бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған
жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол
жылдың соіына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылғанға дейін
айтарлықтай қарқынмен жүргізіледі. Оның жергілікті комитеттері жекелеген
облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар
да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918
жылдың көктемінің соңы – жазының басында азамат соғысының басталуына орай
Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында
Алаштың, М. Дулатов дәл айтқанындай, Алашорданың көлеңкесінд қалғаны
тарихи шындық.
Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды,
өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында
қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы
бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу
жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның
программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне
белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар
ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді.
Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы
шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси
күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын
отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол
жеткізу болды. Басқа сөзбен айтқанда Алаш қоғамдық – саяси қозғалысының
көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келегн
Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық
мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Кіріспеде айтылғандай,
20-30 жылдардағы әдебиетті былай қойғанда, соңғы 3-4 жылда осы тақырып
бойынша жарық көрген еңбектердің өзінде Алаштың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Көлбай Тоғысовтың қызметі
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
Алаш зиялыларына қарсылық
Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Алаш зиялыларының ақырғы сөзі
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Пәндер