ТОРҒАЙДАН ШЫҚҚАН ЗИЯЛЫЛАР


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
1. 1 XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті . . . 7
1. 2 1905-1907 жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы . . . 8
1. 3 XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті . . . 9
1. 4 Торғай көтерілісі . . . 13
1. 5 Қазақстан азамат соғысы жылдарында . . . 18
ІІ. ТОРҒАЙДАҒЫ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
2. 1 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі . . . 24
2. 2 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы тәрбие үлгісі ретінде . . . 25
2. 3 Ахмет Байтұрсынұлының саяси қызметі және Алаш Орда идеясы . . . 32
2. 4 Міржақып Дулатұлы және Алаш тұлғалары . . . 42
2. 5 Торғай зиялылары және Алаш Орда құрылтайы . . . 44
ІІІ. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ
3. 1 Алаш қайраткерлері және қазақ тілі . . . 50
3. 2 Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты . . . 55
3. 3 Алаш жолындағы Тәуелсіз Қазақстан . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ.
Ресей патшаларының қай қайсысы болмасын қазақ даласын отарлауды басшы мақсат еткені тарихтан белгілі Ресей пастшасының 1732 жылы берген уәдесі далада қалып, қазақ жері бөлшектенуге түсті, орыс отарлаушылары Жайық бойымен ішке қарай 744 шақырым, жоғарғы Жайыққа дейін 561, 5 шақырым, жоғары Жайықтан үйге дейін 753 шақырым, Үйден Омбыға дейін 641 шақырым, Омбыдан Өскемен -Ертіске дейін 950, барлығы 3590 шақырымдық орыс пайдасы үшін желі тартылды. Оңтүстік жағын Сырдария - Жетісу жерлері мен түйсіктіріп, қазақ даласын түгел әскери күшпен қоршауға алды». Әскери отарлаушылар қазақ жерін шарлап, үлкен 3 бөлікке бөліп тастады. Олар Шығыс, Орта және Батыс бөлік болып аталады. Торғай даласы осы үш бөліктің шығысына қарады, 1845 жылы Торғай өзенінің оң жағасына бекіністің іргесі қаланып, оған Орынбор қазақтарының бірнеше отбасы көшіріліп әкелінді. Оларды жерсіндіріп тұрақтандыру үшін әскери міндеттен, салықтан босатты. Оларды жергілікті халық шабылуынан қорғау үшін 2 рота солдат ұстады. 1868 жылы патша әкімшілігінің шешімімен қазіргі Арқалық қаласынан 289 шақырым қашықтықтағы Торғай бекінісі қала болып аталады. Ресей отарлаушылары көздеген мақсатына жету үшін қазақ даласына басқару жүйесін күн сайын жақындатуды көздеген. Сөйтіп, 1868 жылы 21 қазанда орынбор даласындағы және Сібір ведомствасына қарайтын қазақтарды қиындықтан құтқару үшін деген желеумен жаңа Ереже шығарды. Бұл Ереже бойынша Торғай, Орал, Ақмола облыстары құрылды. Бұрынғы Орынбор облыстық басқармасы таратылып, орнына Торғай облыстық басқармасы құрылды. Торғай облысы солтүстігінде Орынбор губерниясымен, батысында Орал, оңтүстігінде Сырдария, шығысында Ақмола облыстары мен шектесті. Торғай облысы Торғай, Ырғыз, Елек, Николаев деген төрт уезге бөлінді. Жаңа ереже қазақтардың қалыптасқан басқару жүйесін быт-шыт қылды. Аға сұлтандық билік жаратылды. Сұлтандар, ел билеуші ру басшылары мен билердің, дін иелерінің ісіне шек қойылды. Сот құрылымы өзгеріп олардың бәрінің орнына ауылдық, болыстық, уездік жүйе құрылды.
Қазақ күн көрісінің негізгі - малдық өрісі, шабындағы халық жер-жерде көтерілістер жасап жаты. Олар: Торғай облыстарының Арыстанов Ханғали сұлтан патша үкіметінің жаңа ережесіне қарсы көтеріліс жасады. «Жаңа Ереже бойынша Торғай уезінің географиялық жағдай, бұрынғыға қарағанда билік жүргізуге оңай, «ықшам» - деп жазды уезд бастығы А. П. Яковиев, 1888 жылғы есебінде «Торғай облысына орыс қарашекпенділері ХІХ ғасырдың аяғына жақын еркін ене бастады. 1882 жылғы мәлімет бойынша Торғай 501 келімсек болса, 1901 жылы оның саны бірнеше есеге өскен. Келімсектер саны өскен. Келімсектер саны өскен сайы қазақ халқының да мінез-құлқы, дәстүр -салты өзгере бастағанын көреміз. Амал не, ол өзгерістер оң өзгеріс емес еді.
Қазақ даласында, онымен қатар Торғай өңірінде де отаршыларға қарсы жекелеп күресу, қарсылық көрсету нәтижесіз екенін қазақ зиялылары жақсы білді. Сондықтан да күш біріктіріп, жаппай жұмыла қарсы күрес мәселесін көрерді. Бұл мәселе жөнінде өзінің әділ сөзін Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетіне 1913 жылғы 23 қарашадағы №39 сонында жазды.
Торғай өңірі халқының өмірі жыл сайын құлдырап бара жатқандығы жөнінде «Тургайская газета», «Қазақ» басылымдары қатты алаңдаушылық білдірді. Торғай түнегі кешеңгер Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтар жылма жыл кедейленіп, халық күш-қуатынан айырылуда, егіншілікті дамытуға қаражаттары жоқ. Сондай-ақ, құнарлы жерлерді переселендер иеленіп келіп жатыр» деп патша саяхатын әшкерленген еді. Сол кездегі қазақ ахуалына ара түскен қазақ зиялылары бірен-саран болса да болды. 1941 жылғы 23 қаңтарда «Қазақ» газетінің №97 санында Досымжал Қылышбай.
«Өткен жылдарда Есіл өзені бойындағы ата-бабаларымыздан бері мекен етіп атқарған қыстаулық, жаздық, егіндік жерлерімізді мұжықтарға тартып алып берді.
Өзімізді тақыр далаға айдап шықаннан кейін ол жерде малымызға жайылым болмай, арық болып қыстан қырыла бастады» - деп жазды. Мақалада орыстардың қарсылық көрсеткен қазақтарды заңсыз өлтіргенін де жазады.
Бұл 1941 жылғы жағдай болғанмен орыс отаршыларының қазақ жеріне тұяғы тигеннен бергі әрекеті екені даусыз.
Халқының тағдыры таразыға түскен қиын-қыстау күндерде Торғайдың тонжарған түлегі Мыржақып Дулатов, «Қалғанша жарты қасық қаным мен сенікі, пайдалан шаруаңа жараса, Алаш» деп жария салды. «Оян, қазақ» кітабында.
Торғай елі, көпке томырақ шаша алмай шұрайлы жерлерінен айырылды. Жоқшылық пен кедейшіліктің зардабын тартты. Оның үстіне бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ресей мемлекетіне жылу жинауға отырған Торғай халқына патша үкіметіне 1916 жылғы 25 маусымдағы қазақтарды майданның қара жұмысына алу жөніндегі жарлығы жараның алдын алды. Қазақ даласында, жарлық шыққан кейін бес күн өткенде Қостанайдың Қарабалық болысында көтеріліс алауы бұрқ етті. Ол көтерілісті Осман, Әбдіғаппар, Айжарқын, Кейкі, Амангелді сияқты батырлар басқарды. Торғай өңірінде, әсіресе Түйікше, Бетпаққарада, Құмкешуде, Доғалда, Ақшығанақта, Татырда патша әскеріне қарсы, ірі шайқастар өтті.
Қылыш ұстаған сарбаздар жан қиярлықпен қарсы тұрды. 1916 жылғы 25 маусым жорлығынан бұрын-ақ яғни сәуірдің 24 күні Ахмет Байтұрсынов: «Оқушының көбі өртті көрмейді, біз сабырлы болғанмен үкімет көшіп барады» деп заман ағымын ескерткен екен. Оның үстіне 25 маусымнан кейін Әлихан, Ахмет, Мыржақып аталарымыз « . . . қазақ шын қарсылық қылатын болса, елге отряд шығады. Елдің іргесі бұзылады» - деп халықты сабырлыққа шақырып, ақыл кеңестерін айтты.
Көтерілісті патша жендеттері асқан қатыгездікпен басты. Жазалаушы әскер халыққа зұлымдықтың не бір түрін жасап, елдің мол мүмкін тонады. Ашу-ызадан ғана тұрған көтеріліс, ықпалды пікірлер, ойласпаған ғылыми-әскери тактика болмағандықтан осылай басылып жаншылып қалды. Бірақ «көшпенділер көне береді» деген патшалық пікірінің быт-шыты шығып, қазақ халқы өз намысын таптатпайтынын дәлелдеді.
Кеңес үкіметі, Торғай уезінде 1917 жылдық желтоқсан айының аяғында құрылды. Осы аласапыран кезінде Ахмет Байтұрсынов 4 шілдеде «Сарыарқа» газетінің 45 - санында «Большевиктерден келер зиян-тынышсыздық. Олар мемлекет қалпына лайық істердің бәрін аздырды, бүлдірді, жайды мемлекет қазынасын құртты, өнеркәсіптің бәрі тоқтады . . . » деп большевиктердің бет пердесін елге айқындап берді. Ақыры большевиктер қазақ даласын қанға бояп, дегеніне жетті Ресейге әбден тәуелді Қазақ Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасын орнатты.
Осы астаң-кестең заманда Торғай даласы тағы да қанды майдан алқабына айналды. Патша әскері де, қызылдар да, халыққа ойранды салып бақты. Ел тонаудан, жылаудан көз ашпады. Торғай даласы талай-талай бөлістерге түсіп, дағдылы шаруашылық, әлеуметтік қалпынан айырылып, естері шықты.
Елдің есін жиғызбау мақсатында коммунистік партия 1936-1938 жылдарда тағы да қасырет науқанын бастады. Торғай өңірінің ғана емес бүкіл қазақ халқының кемеңгері атанған А. Байтұрсынов, М. Дулатовтан бастап талай азаматтар осы қасірет құйынына ілікті, Торғай топырағында-адам жазықсыз жазаланып, «халық жауы аталды», Бүкіл саналы ғұмырларын халыққа, ұлтына, еліне, жеріне арнаған, сол үшін өмірлерін де қия алатын азаматтар сондай атақ алды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан тарихы.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Торғайдағы зиялылардың Қазақстан тарихындағы орны.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Торғайдағы зиялылардың Қазақстан тарихындағы орнын анықтау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдени-қоғамдық өміріне сипаттама беру;
- Торғайдан шыққан зиялылардың өмірі мен қызметіне, халық үшін еткен еңбегіне шолу жасау;
- Торғайдағы зиялылардың Қазақстан тарихындағы орнын анықтап беру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
1. 1 XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Ресейде реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3-маусымда Екінші мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Заң бойынша қазақтар мен өлкені мекендеген басқа шағын халықтар сайлау құқынан айырылды.
Осы кезде революциялық ұйымдар мен қозғалысқа қатысқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді.
Патша өкіметі тек қана қудалау жасаумен ғана шектелмеді, сонымен қатар шаруалар қауымын күшпен ыдырату саясатын жүргізе бастады. 1906 жылы 9-шы қарашада Столыпин шаруаларды қауымнан хуторға бөлу туралы жаңа жер иелену заңын шығарды.
П. А. Столыпин 1906-1911 жылдары Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде өзінің аграрлық реформаларын әзірледі. Оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П. А. Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл Сенаттың қарауына берілген 1906 жылғы 9-қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуіне және жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық. Ол III-Мемлекеттік Думада 1910 жылы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгерту мен толықтырулар туралы» заң етіп қайта қаралып толықтырылды.
1911 жылғы 29-мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформалар бойынша шараларды жүргізу оның барысында шаруалардың көшіп-қонуына еркіндік берілді, нәтижесінде олардың шет аймақтарға, соның ішінде Қазақстанға жаппай көшуі кеңінен өрістеді.
1910-1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар жандана түсті. 1911 жылы мамыр айында Перовск және Түркістан станциялары теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамы рудниктеріндегі кеншілер ереуілге шықты.
1912 жылы Ресейдің жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Сол жылғы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қорыту зауытында басталған ереуіл 1913 жылдың маусым айына дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартысында Ембі мұнайшыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу кезінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қол жеткізді. Өлке жұмысшыларының ереуілдері патша өкіметіне қарсы шаруалар толқуларының артуына, ұлт-азаттық қозғалысының дамуына ықпал етті.
1. 2 1905-1907 жылдардағы орыс революциясына Қазақстан халқының қатысуы.
Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.
1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті.
1905 жыл Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400-дей адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. Ақбаев Якутияға жер аударылды.
Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі манифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта кейбір жерлерде күшейте түсті.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ шаруалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды.
Мәскеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 желтоқсанда Успен руднигіндегі жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жұмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналысында қабылдаған талаптарын «Петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылданбағандықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905-1907 жылдары Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады.
1906 жылы 6 қаңтарда патшаның арнаулы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Меллер-Закомельскийдің жазалау экспедициясы әкелінді.
1905-1907 жж. болған революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстан жұмысшыларының кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі болып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы (1905 ж. қараша) құрылды, оған Н. Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. 1905-1906 жж. Орынбор-Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы ең ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған.
1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. 1906 жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халық өкілдері болды. Олар: Ш. Қошығұлов - Ақмола облысынан, Х. Нұрекенов - Семей облысынан, Б. Қаратаев - Орал облысынан, А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т. Аллабергенов - Сырдария облысынан, М. Тынышбаев - Жетісу облысынан.
Ұлттық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал -демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. 1905 жылы қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың делегаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті.
Қазақ еңбекші бұқарасының 1905-1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті.
1. 3 XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті
Оқу ағарту ісі. XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында Ресей империясының халыққа білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесіне көп дәрежеде өз ықпалын жасады. Оқу ағарту ісі айқын таптық сипатта болды, оның Қазақстандағы айырмашылығы ұлттық ерекшелікке орай жүргізілді. Ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі және ұлттық шет аймақтардағы бүкіл ағарту жүйесін: 1) әлі аз орыстанғандар үшін, 2) орыстары көп жерде тұратындар үшін, 3) жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп, 3 санатқа бөлді.
Заңды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда әр түрлі облыстарда әр алуан үлгідегі мектептер құрыла бастады. Мәселен, Ақмола және Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда - ауылдық мектептер, болыстық (бір сыныпты), екі сыныпты училищелер, Жетісу мен Сырдарияда - «орыс бұратаналық» мектептер, Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) старшындық және учаскелік училищелер құрылды. Олардың бәрі Халық ағарту министрлігіне бағынды.
Халыққа білім беру саласындағы империялық саясат шеңберінде 1906 жылы тамызда болып өткен III жалпымұсылмандық съезі халыққа білім беру ісі бойынша тұтас бағдарлама жасады. Съезд шешімдерінде былай деп белгіленді:
барлық қоныстарда балалар мен қыздарға міндетті бастауыш білім беретін мектептер ашылсын;
оқыту бір бағдарлама бойынша және араб әліпбиі негізінде ана тілінде жүргізілуі тиіс болды;
мектептерді ұстау земствоның, қала молдасының қарауында, ал басқару мен бақылау мұсылмандардың өз қолында болуға тиіс;
мұғалімдер мен оқушылар құқықтары жөнінен орыс мектептерінің мұғалімдерімен және оқушыларымен теңестірілуге тиіс болды.
1907 жылы Ресей империясында жалпы білім беруді енгізу туралы жоба жарияланды, онда бастауыш мектептер желісін құру көзделді. Жоба бойынша білім беру ісі 7-11 жастағы балаларды қамтуға тиіс болды, бастауыш білім беруді 10 жыл ішінде енгізу жорамалданды.
Нақ осы жылдарда бастауыш білім беру мұқтаждарына қаражат босату туралы заң (1908) және 1909 жылы Халық ағарту министрлігі жанына «мектеп-құрылыс қорын» құру туралы заң қабылданды. Бұл заң актілері мектепте білім беру жүйесін кеңейтті, халыққа білім беру ісінің, соның ішінде Қазақстанның бүкіл аумағында орыс-қазақ мектептерінің (ол кездегі құжаттарда - орыс-қырғыз және орыс-туземдік) кең желісін құруға кейбір дәрежеде жағдайлар жасады.
Мерзімді баспасөз. XX ғасырдың басына қарай Қазақстанда ұлттық қазақ зиялыларының қалыптасу үрдісі жүріп жатты, олардың бір бөлігі еуропалық білім алғандар еді. 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдегі мұсылмандардың, соның ішінде түрік халықтарының қозғалысы жаңа қарқын алды. Мерзімді баспасөздің пайда болуы мен дамуына капитализмнің, тауар-ақша қатынастарының, көлік пен байланыстың дамуы да, өлкені одан әрі отарлау да себепші болды. Туып келе жатқан ұлттық буржуазияның үстемдік етуші орыс буржуазиясымен бәсекесі, шетел капиталының енуі білім беру, баспасөз және байланыс жүйесі реформасының қажеттігін туғызды.
Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары «Түркістан уәлаятының газетін» (1870-1882), «Дала уәлаятының газетін» (1888-1902) және Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Омбыда Дала генерал-губернаторлығы шығарды (1902 жылдан кейін олар Ақмола және Жетісу облыстарының «Ведомостарына» қосымша ретінде шығарылды. Сондай-ақ бұл басылымдар ақпараттық-анықтамалық сипатта болды. Сонымен қатар газет ұйымдарына империяның қамқорлығындағы отарлық өлкенің тұрмыс салтын насихаттау миссиясы жүктелді. Осы мақсатпен ресми емес бөлімде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды.
Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революциның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден Қосшығұловтың бастамасымен «Улфат» газетіне қосымша ретінде «Серке» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған. 1907 жылғы наурызда Троицкіде «Қазақ» газетінің бірінші (әрі соңғы) нөмірі шықты.
Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді «Қазақстан» газеті шықты. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда «Ешім даласы» газеті шығып тұрды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz