Есімдік


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЕСІМДІКТІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

  1. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
  2. Есімдіктердің қалыптасуы.
  3. Есімдіктердің мағыналық түрлері.
  4. Есімдіктердің септелу ерекшеліктері.
  5. Есімдіктердің басқа сөз таптарына ауысуы және прономиналдану - есімдікке айналу процесі.
  6. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі.

Проблемалық сұрақтар:

  1. Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері неде?
  2. Есімдіктерді заттық және сындық мәндегі есімдіктер деп бөлудің себебі неде?
  3. Жіктеу есімдктерінің жаққа қатысы қандай?
  4. Есімдіктердің грамматикалық категориялары бар ма, неге?

Есімдік - лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздөр деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; . 7) белгісіздік есімдігі.

ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ.

Бслгілі бір жақтық ұғыммен байланысты колданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:

жак.:

жак.

жекеше түрі:

жекеше түрі

Көпше түрі:

Көпше түрі

жак.:

/

II

сыпайы

III

жекеше түрі:

мен сен

сіз

ол

Көпше түрі:

біз, біздер

сендер, сіздер

олар

Бірінші жақ- айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ - тыңдаушы жақ. Бұлар - адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сүраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол - адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні) . Ол (кім?) - оқыған азамат. Ол (не?) - биік тау т. б.

Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер - жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.

Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.

Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.

Септік:

Септік

Мен:

Мен

сен:

сен

Ол:

Ол

біз:

біз

сіз:

сіз

Септік: А. 1.
Мен: мен ме-нің
сен: сен се-ніқ
Ол:

Ол

о-ның і

біз:

біз

біз-дің

сіз:

сіз

сіз-дің діңдідің дің ддіңддіңдіқ

Септік:

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Мен:

ма-ған

ме-ні

мен-де

ме-нен

мені-мен

сен:

са-ған

се-ні

сен-де

се-нен

сені-мен

Ол:

о-ған

о-ны

о-нда

о-дан

оны-мен\

біз:

біз-ге

біз-ді

біз-де

біз-ден

біз-бен

сіз:

сіз-ге

сіз-ді

сіз-де

сіз-ден

сіз-бен

Септік:

Септік

Мен:

сендер

сен:

сіздер

Ол:

олар

Септік:

А.

I.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Мен:

сендер

сендер-дің

сендер-ге

сендер-ді

сендер-де

сендер-ден

сендер-мен

сен:

Сіздер

сіздер-дің

сіздер-ге

сіздер-ді

сіздер-де

сіздер-ден

сіздер-мен

Ол:

олар

олар-дың

олар-ға

олар-ды

олар-да

олар-дан

олар-мен

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс} шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -'ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.

Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жактың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.

жак.:

жак.

Мен, біз:

Мен, біз

сен, сіз сендер, сіздер:

сен, сіз сендер, сіздер

ол, олар: ол, олар
жак.:

І

ІІ

ІІІ

Мен, біз:

мен-мін біз-біз

сен, сіз сендер, сіздер:

-

-

сен-сің, сіз-сіз

сендер-сіңдер

сіздер-сіздер

-

ол, олар:

-

-

олар, ол

Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып аныктауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес ссптіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.

СІЛТЕУ ЕСІМДІГІ.

Сілтеу есімдіктсрі меңзеу, нұскау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтсу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш кызметін атқарып түрады. Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қ ырандай (Ә. Ә) . Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ. ) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктсрі к, ай? (қырандай, ұрыста) ? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып түр.

Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалгаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: б ұл - бұлар, сол - солар, осы - осы-лар, анау - анауым-анауың-анаулары т. б.

Сілтеу есімдіктерінің. тәуелдену үлгісі.

:
Жақ: Жақ
бұл: бұл
сол: сол
Ол: Ол
:
Жақ:

I менің

II сенің
сіздің

III оның

бұл: бұным бұның бұныңыз бұнысы
сол: соным соның соныңыз сонысы
Ол: оным оның оныңыз онысы
:
Жақ:

I біздің

IІ сендердің
сіздердің

III олардың

бұл:

бұнымыз

бұларымыз

бұларың

бұларыңыз

бұлары

сол:

сонымыз

соларымыз

соларың

соларыңыз

солары

Ол:

онымыз

оларымыз

оларың

оларыңыз

олары

:
Жақ:

Жақ

бұл:

Осы

сол: мынау (мына)
Ол: анау (ана)
:
Жақ:

I менің

II сенің

Сіздің

III оның

бұл:

осым

осыным

осың

осының

осыңыз

осысы

сол:

Мынауым

Мынауың

мынауы

ңыз

мынауы

Ол:

Анауым

Анауың

анауыңыз

анауы

Сілтеу есімдіктері септелгенде, заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Олардың септелгенде мынадай ерекшеліктері байқалады: 1) бұл, сол, ол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі: а) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады; ә) жатыс септікте түбірде л дыбысы н-ға айналады; б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы дәнекері пайда болады (дұрысында түбірдегі л дыбысы түсіп калып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; е) барыс септік жалғауы түбірдегі л дыбысы түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады; 2) барыс септік жалғауы -ған түрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады: 3) жатыс септікте осы сілтеу есімдігіне - нда жалғауы жалғанады; 4) бұл сілтеу есімдігінің түбірі ілік, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде мұ түрінде де қолданылады.

Сілтеу есімдіктері сөйлемде толықтауыш қызметтерін де атқарады. Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш болғанда, одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұлар - станцияның маңдай алды құрылысшылары (Ө. Нұрш. ) . Бұл - аңыраған ана Наталья. (Ғ. М. )

Сұрау есімдігі.

Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына қолданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.

Кейбір сұрау есімдіктерінің, тәуелдену үлгісі.

Тәуелдіктің жақтары
кім
не
қайсы
Нешеу
Тәуелдіктің жақтары:

І менің

біздің

ІІ сенің

сіздің

сендердің

сіздердің

ІІІ. оның

олардың

кім:

кімім?

кіміміз?

кімің?

кіміңіз?

кімдерің?

кімдері-

ңіз?

кімі?

кіміі?

кімдері?

не:

Нем?

неміз?

нең?

неңіз?

нелерің?

нелері-

ңіз?

несі?

несі?

нелері?

қайсы:

қайсым?

қайсымыз?

қайсың?

қайсыңыз?

қайсыларың?

қайсылары-

ңыз?

қайсысы?

қайсысы?

қайсылары?

Нешеу:

нешеуім?

нешеуіміз?

нешеуің?

нешеуіңіз?

нешеулерің?

нешеулеріңіз?

нешеуі?

нешеуі?

Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Себебі I және II жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан баска да бөгде эатқа катысты бола береді.

Сұрау есімдіктерінің. жіктелу үлгісі.

Жіктіктің жақтары:

Жіктіктің жақтары

кім?:

кім?

Кайсы?:

Кайсы?

нешеу?:

нешеу?

қандай?:

қандай?

не?:

не?

Жіктіктің жақтары:

I мен
біз

II сен
сендер

Сіз

кім?:

кіммін? кімбіз? кімсің? кімсіңдер?

кімсіз?

Кайсы?:

қайсымын?

қайсымыз?

қайсысың?

қайсысың

дар?

қайсы-

сыз?

нешеу?:

нешеумін? нешеуміз? нешеусің? нешеусіңдер?

нешеусіз?

қандай?:

қандаймын?

қандаймыз?

қандайсың?

қандайсың-

дар?

қандайсыз?

не?:

-

-

-

Жіктіктің жақтары:

сіздер

III ол олар

кім?:

кімсіздер?

кім? кімдер?

Кайсы?: қайсы-сыздар? қайсы? қайсы?
нешеу?: нешеусіз-дер? нешеу? нешеу?
қандай?: қандайсыз-дар? қандай? қандай?
не?: Не? нелер?

Өздік есімдігі

Өздік есімдігіне әр тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. өз есімдігі тәуелдеулі, көптеулі, септеулә түрде қолданылады да, жіктеу есімдіктерінің немесе зат есімнің орнына қолданылады. Мысалы: менің өзім, сенің өзің, баланың (Асқардың) өзі, оөушылардың өздері, біздің өзіміз, мсендердің өздерің, т. б. Өздік есімдігі түбір тұлғада өз түрінде зат есімді анықтап жұмсалады. Мысалы: өз баласы, өз ісім, өз жұмыстарың, т. б. Өз есімдігі әдетте тәуелденіп барып септеледі. Сондықтан оның үлгісі тәуелдеулі септеу болады.

Өздік сімдіктерінің септелу үлгісі.

Септік:

Септік

өзім:

өзім

өзің:

өзің

өзіңіз:

өзіңіз

өзі:

өзі

Септік: Аі
өзім:

өзім

өзімнің

өзің:

өзің

өзің-нің

өзіңіз:

өзіңіз

өзіңіздің

өзі:

өзі

өзі-нің

Септік:

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

өзім:

өзіме

өзімд і

өзім-де

өзім-нен

өзім-мен

мені-мен

өзің:

өзің-е

өзің-ді

өзің-де

өзің-нен

өзім-мен

өзіңіз:

өзіңіз-ге

өзіңіз-ді

өзіңіз-де

өзіңі-ден

өзіңізбен

өзі:

өзі-не

өзі-н

өзі-нде

өзі-нен

өзі-мен

Өз есімдігі теуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі.

Жак:

Жак

өзім:

өзім

өзін:

өзін

өзіңіз:

өзіңіз

өзі:

өзі

Жак: I мен
өзім: өзіммін
өзін: өзіңмін
өзіңіз: өзіңізбін
өзі: өзімін
Жак: Біз
өзім: өзімізбіз
өзін: өзіңбіз
өзіңіз: өзіңізбіз
өзі: өзіміз
Жак: II сен
өзім: өзімсіқ
өзін: өзіңсің
өзіңіз: өзіңізсің
өзі: өзісің
Жак: сендер
өзім: өзімсіңдер
өзін: өзіңсіңдер
өзіңіз: өзіңізсіңдер
өзі: өзісіңдер
Жак: Сіз
өзім: өзімсіз
өзін: өзіңсіз
өзіңіз: өзіңізсіз
өзі: өзісіз
Жак: сіздер
өзім: өзімсіздг. р
өзін: өзіңсіздер
өзіңіз: өзіңізсіздер
өзі: өзісіздер
Жак: III ол
өзім: өзім
өзін: өзің
өзіңіз: өзіңіз
өзі: өзі
Жак: олар
өзім: өзім
өзін: өзің
өзіңіз: өзіңіз
өзі: өзі

Өз есіндігі теуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі.

Жак:

Жак

өзім:

өзім

өзін:

өзін

өзіңіз:

өзіңіз

өзі:

өзі

Жак: I мен
өзім: өзіммін
өзін: өзіңмін
өзіңіз: өзіңізбін
өзі: өзімін
Жак: Біз
өзім: өзімізбіз
өзін: өзіңбіз
өзіңіз: өзіңізбіз
өзі: өзіміз
Жак: II сен
өзім: өзімсіқ
өзін: өзіңсің
өзіңіз: өзіңізсің
өзі: өзісің
Жак: сендер
өзім: өзімсіңдер
өзін: өзіңсіңдер
өзіңіз: өзіңізсіңдер
өзі: өзісіңдер
Жак: Сіз
өзім: өзімсіз
өзін: өзіңсіз
өзіңіз: өзіңізсіз
өзі: өзісіз
Жак: сіздер
өзім: өзімсіздг. р
өзін: өзіңсіздер
өзіңіз: өзіңізсіздер
өзі: өзісіздер
Жак: III ол
өзім: өзім
өзін: өзің
өзіңіз: өзіңіз
өзі: өзі
Жак: олар
өзім: өзім
өзін: өзің
өзіңіз: өзіңіз
өзі: өзі

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігі мен зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы:

мен өзім айттым біз өзіміз айттық

сен өзің айттың сендер өздерің айттыңдар

сіз өзіңіз айттыңыз сіздер өздеріңіз айттыңыздар

ол (бала, Ахмет) өзі айтты олар (балалар) өздері айтты

Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзімен-өзі, өзді-
өзі
деген қос сөздер дефис аркылы жазылады.

ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ. \

Жалпылау, жинактау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, тугел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы - өлең айтып, ән салалық. (А. ) . Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би (мақал) .

Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос 'қаддық? (А) . Біліпті дерттің барлығын (А) .

Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.

БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІГІ.

Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік,

мекеңдік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А) . Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері) . Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге каратпа, кісіге каратып ойнап оқтама (Ш. Айманов) . Ешқайда болмай шықты оған жер тең (С. М. ) деген сөйлемдерде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім (білмейді) ? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемнің бастауышы болып тұр; ешқандай болымсыздық есімдігі қандай (менмендік) ? деген сұракқа жауап беріп, менмендік деген дерексіз мәндегі заттың сынын білдіріп, сөйлемнің анықтауышы болып тұр; ешқашан болымсыз есімдігі қашан (каратпа) ? деген сұракқа жауап беріп, қаратпа деген қимылдың мезгілін, ешқайда болымсыздық есімдігі қайда (болмай шықты) ? деген сұраққа жауап беріп, болмай шықты деген қимылдың мекенін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайда, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркессе, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды (А) .

БЕЛГІСІЗДІК ЕСІМДІГІ.

Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А) . Адамның кейбір кездері Көнілде алаң басылса (А) . Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған.

Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар. 1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері еқінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т. б. ) тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: Бізде ерік жок, бастай бер, Әлденеге бастайсыз (А) . Әлдеқайдан гармон үні, ән сазы естіледі (Қ. Токаев) . Әрқашан күн сөнбесін . . . Директор біреумен сөйлесудің алдында кезінен қөзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады. (С. Ерубаев) . Кей құрбы бүгін тату, ертең бату (А) .

2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, сөйлемде атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, кемектес септіктерде тұрып толықтауыш, ілік септікте . анықтауыш қызметтерін атқарады. Мысалы: Біреулер үйінің орнын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі есімдіктер және орын алмастырушы сөздер
Ағылшын тіліндегі есімдік және олардың атқаратын қызметтері
Есімдіктер туралы
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Есімдік сөз табы
Жіктеу есімдіктер
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Есімдікті оқытудың ерекшеліктері
Есімдік туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz