Экономикалық теория негіздері (лекциялар)



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН
ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... .9
3.ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТТАР: МЕНШІК
ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
4.ТАҚЫРЫП.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ
ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
5.ТАҚЫРЫП.ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ.
ТАУАРЛЫ ӨНДІРІС. АҚША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 22
6.ТАҚЫРЫП.НАРЫҚ ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ҮЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...27
7.ТАҚЫРЫП. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ... ...29
8.ТАҚЫРЫП. БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
9.ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛ (ҚОРЛАР). АУЫСПАЛЫ
АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
10.ТАҚЫРЫП.ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
11.ТАҚЫРЫП. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНАН ТАБЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ..45
12.ТАҚЫРЫП. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... 46
13.ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ.ТЕҢДІК
ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
14.ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДАР. ИНФЛЯЦИЯ
ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
15.ТАҚЫРЫП.МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ПАЙДА БОЛУЫ, МАҚСАТЫ, ҚҰРАЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
16.ТАҚЫРЫП.МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
17.ТАҚЫРЫП.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР.
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
ҚОЛДАНУҒА ҚАЖЕТТІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
«Экономикалық теория негіздері» пәні әр түрлі экономикалық жүйелерде қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары туралы, сонымен қатар, шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық принциптері мен мотивтері туралы студенттерге теориялық білім беру, мемлекеттік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда экономикалық көзқарас пен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру мақсатын алға қояды.
Пәннің міндеттері мынадай:
экономикалық мәселелер бойынша ғылыми жинақталған негізгі теориялық танымдарды білу;
шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдерін білу;
экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;
глобализация жағдайында ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық мүдделері мен стратегиялық артықшылықтарын білу.

Әдістемелік нұсқауда «Экономикалық теория негіздері» пәнінен тәжірибелік, СОДЖ тапсырмалары және қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген.
Қолдануға қажетті әдебиеттер тізімі

1. Экономикалық теория. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 1999.
2. Экономикалық теория негіздері. Ә.Әубәкіров, Досқалиева С.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ.: Оқу құралы. Алматы: Санат, 1998.
3. Жалпы экономикалық теория: Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И.: Оқулық. Алматы-Ақтөбе, 2002.
4. Әкімбеков С., Баймухаметова А. Экономикалық теория: Оқу құралы. Алматы, 2002.
5. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2007, 28 ақпан.
6. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясы» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2006.
7. «Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсанында» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006. 2 наурыз.
8. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Атамұра, 2005. 48-б.
9. Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории.- Алматы, 1998.
10. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері: Оқулық.ҚарМТУ, 1997.
11. Нұрғалиев Ө. Экономикалық теория. 106 сұраққа жауап тестілер, жаттығулар, есептер. Қарағанды: ҚарМТУ, 2003.
12. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов. Экономикалық теория: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2004.
13. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. Алматы: «Экономика», 2008.
14. Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития/ Под ред. М.Б. Кенжегузина. В двух томах. А., 2001.
15. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы. А., Экономика,1998.
16. Лемешевская Л.В. Экономическая теория.Тесты, ситуации, задачи: Учебное пособие/Мн.: Книжный дом; Мисанта, 2005.
17. Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник М.: Юность, 1997.
18. Руководитель авторского коллектива и научный редактор профессор Сидорович А.В. Курс экономической теории. Общие основы экономической теории, микроэкономика, макроэкономика, переходная экономика: Учебное пособие. М.: МГУ им. М.В. Ломоносова: Изд-во «ДИС», 1997.
19. Мельдаханова М.К. Занятость населения и экономический рост: методология, стратегия и механизм регулирования А., 1999
20. Региональная политика Республики Казахстан: экономический механизм реализации. А., 1998.
21. Нурланова Н.К Формирование и использование инвестиций в экономике

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен
әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2-тақырып. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы ... ... ... ... .9
3-тақырып. Экономикалық институттар: меншік
және
кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .13
4-тақырып.Экономикалық жүйе түрлері, олардың
даму
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..17
5-тақырып.Қоғамдық шаруашылық формалары.
Тауарлы өндіріс.
Ақша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 22
6-тақырып.Нарық түрлері, құрылымы,
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... 27
7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері ... ...29
8-тақырып. Бәсеке және
монополия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..34
9-тақырып. Капитал (қорлар). Ауыспалы
айналым және
айналым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 37
10-тақырып.Өндіріс
шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 41
11-тақырып. Өндіріс факторларынан табыстар ... ... ... ... ... ... ... ...45
12-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... 46

13-тақырып. Экономикалық тепе-теңдік
және экономикалық
өсу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...50
14-тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция
және
жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..53
15-тақырып.Мемлекеттік реттеу: пайда болуы, мақсаты,
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
16-тақырып.Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
17-тақырып.Халықаралық экономикалық қатынастар.
Сыртқы экономикалық қызметті
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..66
Қолдануға қажетті әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .70
КІРІСПЕ

Экономикалық теория негіздері пәні әр түрлі экономикалық жүйелерде
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары
туралы, сонымен қатар, шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық
принциптері мен мотивтері туралы студенттерге теориялық білім беру,
мемлекеттік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда экономикалық көзқарас
пен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру мақсатын алға қояды.
Пәннің міндеттері мынадай:
– экономикалық мәселелер бойынша ғылыми жинақталған негізгі теориялық
танымдарды білу;
– шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдерін
білу;
– экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;
– глобализация жағдайында ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық
мүдделері мен стратегиялық артықшылықтарын білу.

Әдістемелік нұсқауда Экономикалық теория негіздері пәнінен
тәжірибелік, СОДЖ тапсырмалары және қолданылатын әдебиеттер тізімі
берілген.
1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен әдіс-тәсілдері

Талқылайтын сұрақтар

1. Экономикалық теория курсының логикасы мен құрлымы.
2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, экономикалық игіліктер,
ресурстардың шектеулілігі (сиректілігі).
3. Экономиканың негізгі үш сұрағы не, қалай, кім үшін өндіру.
4. Экономикалық теорияның қызметтері: танымдық, тәжірибелік, болжамдық,
дүниетанымдық, әдістемелік
5. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
6. Экономикалық заңдар мен категориялар.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдар А. Экономикалық тәжірибе
тұтастығы;
б) – экономикалық процестер мен заңдардың Б. Экономикалық категория
мәнін анықтайтын ғылымдар;
в) – өндіріс, тарату, игіліктер мен В. Еңбек
қызметтерді ауыстыру мен тұтыну процесінде
туындайтын қатынастар; Г. Кейнсиандық
г) – экономикалық процестер мен құбылыстарға
тән объективті, қажет, себеп-салдар
байланыстары мен өзара байланыстылық; Д. Меркантилизм
д) – көзделген экономикалық шаралардың
тиімділігін тексеру мақсатында экономика Е.Позитивті экономикалық
саласында ғылыми қойылған тәжірибе; теория
е) – зерттеу әдістері туралы ғылым; Ж. Индукция
ж) – байлықты ақшамен теңдестіретін З. Маржинализм
экономикалық теория;
з) – ақша факторлары басты рөл атқаратын И. Жалпы экономикалық
экономика тұрақтылығының теориясы; ғылымдар
и) – қоғамның экономикалық өмірінің неғұрлым К. Материалдық емес өндіріс
жалпы және маңызды жағын көрсететін логикалық
ұғым; Л. Өндірістік қатынастар
к) – ойдың жекеден жалпыға қозғалысы; М. Экономикалық заңдар
л) – экономикалық процестер мен құбылыстарды
ғылыми түсіндіруге бағытталған ғылым;
м) – нарықты экономиканы мемлекеттік реттеудіңН. Утопиялық социализм
теориялық негізі;
н) – оны түрлендіру мақсатында адамның О. Жеке экономикалық
табиғатқа әсер ету процесі; ғылымдар
о) – ішкі дүние мен материалдық емес сипаттағыП. Экономика
қызметтерді жеткізіп беруді көрсету мақсатындаР. Монетаризм
рухани құндылықтарды құру процесі;
п) – салалық ерекшеліктер мен экономикалық
басқару функцияларын зерттейтін ғылымдар;
р) – капитализмнін өлуі мен жаңа қоғамдық С. Әдіснама (Методология)
формацияның құрылуын болжайтын экономикалық
теория;
с) - өзінің талдауында шекті шамаларды
қолданатын теория

Келесі пікірлер дұрыс па:

1. Экономика сөзінің бірнеше мағынасы бар.
2. Адамның дамуы еңбектің нәтижесі болып табылады.
3. Адам экономиканың мақсаты мен құралы болып табылады.
4. Материалдық өндірістің шекарасы мен құрылымы өзгермейді.
5. Экономикалық теорияның гносеологиялық функциясы әлеуметтік –
экономикалық даму тенденциясын анықтаудан тұрады.
6. Меркантилизм саясаты сауда балансының белсенді жүйесін болжайды.
7. Физиократтар байлық көзін өндірістен көрді.
8. Көрінбейтін қол қағидасы Д.Рикардомен қалыптасқан.
9. Утопия кітабы Т.Мораның қаламұшына қатысты.
10. Маржинализм теориясы экономикалық талдауда шекті шамаларды қолдануды
болжайды.
11. Тарихи мектеп экономикалық заңдардың жан-жақты сипатын теріске
шығарады.
12. Монетаристер экономиканы басқаруды алдымен ақша массасын мемлекеттің
бақылауы дегенге келтіреді.
13. Кейнсианс бағыты теориялық жағынан нарықтық экономиканы мемлекеттік
реттеу деп дәлелдейді.
14. Институциондық-әлуметтік бағыт тек экономикалық және саяси
факторларды ескереді.
15. Дүние жүзі экономистері әр түрлі елдердің экономикасы бір
экономикалық жүйеге түрленеді деп есептейді.
16. Экономикалық теория – тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін шектелген
қорларды пайдалану туралы ғылым.
17. Позитивті экономика – қалаулы нәтижелерге жету үшін қалай әрекет
жасау туралы ғылым.
18. Болжамдау – позитивті және нормативті экономикалық ғылым арасындағы
аралық буын.
19. Ғылыми абстракция әдісі оймен жобалауды құрудан тұрады.
20. Ғылыми парадигма – бұл экономикалық санат.

Кестені толтырыңыз:
Экономикалық мектеп Өкілдері Байлық көзі
Меркантелизм
Физиократ
Классикалық саяси экономика

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Дедукция деген не ?
А) жекеліктерді жалпылықтың негізінде түсіндіру;
В) қарапайымдалған пікір;
С) экономикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан келу;
Д) жалпылама ұстанымды жекеліктердің негізінде дәлелдеп, шығару;
Е) экономикалық үдерістердің үлгісін жасау.
2. Экономикалық жүйе экономиканың мына мәселелерін шешеді:
А) нені, қалай, кім үшін;
В) жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай;
С) кім, неге, кім үшін;
Д) қашан, неге, қайда;
Е) қалай, кім үшін, өсу қарқыны қандай.
3. Меркантелистердің негізгі тұжырымы:
А) меншіктің түрлерін дамыту керек;
В) мемлекет халықаралық шаруашылығы ретінде ауыл шаруашылығын дамыту
керек;
С) халықаралық саудада мемлекет протекционистік саясат жүргізуі керек;
Д) байлықтың көзі тек еңбек бөлінісінде;
Е) байлықтың көзі тек ақша мен алтынды қорландыруда.
4. Барлық экономикалық жүйелердің алдында тұратын түпкі мәселе, бұл:
А) өндіріс;
В) бөлу;
С) сиректік;
Д) тиімділік;
Е) инвестиция.
5. Талдау анализ дегеніміз:
А) зерттейтін объектіні бөліп қарастыру;
В) зерттеу объектісін микродеңгейде қарастыру;
С) зерттеу объектісін макродеңгейде қарастыру;
Д) нақты әлеуметтік-экономикалық сұрақты шешудің әдістері;
Е) әртүрлі элементтерді біріктіру.
6. Экономикалық мектептердің қайсысы өз талдауының мақсаты ретінде, айналым
шеңбері емес, өндірістік процесті таңдап алды?
А) физиократтар;
В) классикалық саяси экономика;
С) институционализм;
Д) маржинализм;
Е) меркантилизм.
7. Жалпы баға деңгейі мен жұмыссыздық экономикалық жүйенің қай пәнінде
курсында оқытылады?
А) макроэкономика;
В) халықаралық қаржы;
С) менеджмент;
Д)маркетинг;
Е) микроэкономика.
8. Төмендегі шарттардың қайсысы экономикалық теория пәнін оқытуға қатысы
жоқ:
А) игіліктердің сиректілігі;
В) игіліктерге қажеттілік;
С) материалдық және рухани қажеттілік;
Д) өндірістік ресурстардың сарқылмауы;
Е) ресурстарды тиімді пайдалану.
9. Англиядағы меркантелистік мектептің негізгі өкілі кім?
А) П.Л.Буабильгер.
В) Д.Ло.
С) Кольбер.
Д) Т.Ман.
Е) Ф.Кенэ.
10. Экономикалық теория пәніне қатысты емес мәселелер:
А) қажеттілікті максималды қанағаттандыру;
В) өндірістік ресурстарды шектеулілігі;
С) байлықтың тапшылығы;
Д) білімге қажеттілікті қанағаттандыру;
Е) ресурстарды тиімді бөлу.
11. “Еңбек-байлықтың атасы, жер-оның анасы” деген сөз кімге тиесілі?
А) Д.Рикардо.
В) А.Смит.
С) Ф.Кэне.
Д) У.Петти.
Е) К.Маркс.
12. Позитивті экономика:
А) не болу керек;
В) бағалық талдау;
С) ұсыныстар жасау;
Д) экономика нақты деректерге және болжамдарға негізделеді;
Е) экономика дамуындағы нақты деректер мен құбылыстарды.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
3. Қоғамдық қатынастар жүйесі: әлеуметтік-экономикалық, техникалық-
экономикалық, ұйымдық-экономикалық, экологиялық-экономикалық.

2-тақырып. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы

Талқылайтын сұрақтар

1. Қоғам өміріндегі өндірістің мәні.
2. Игілік, өнім, қызмет. Қажеттіліктердің жіктемесі.
3. Өндіріс факторлары.Қоғамдық өндіріс құрылымы.
4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.
5. Қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс (экстенсивтік және
интенсивтік).

Анықтама мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) – өндіріс процесін қамтамасыздандыратын заттық, А. Үй шаруашылығы.
энергетикалық, жеке және т.б. факторлар;
б) – шағын жүйе, яғни ресурс иесін және тұтынатын Б. Өндірістік қатынас.
отбасын көрсетеді;
в) - өндірісті ұйымдастыру формасы мен басқару В. Фирма.
құрылымы;
г) - адамдар арасында материалдық және рухани Г.Шаруашылық механизм.
игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас мен тұтыну
процесінде қалыптасатын қатынастар;
д) - шағын жүйе, яғни экономикалық игілік пен Д. Өндіргіш күштері.
қызмет көрсетуді қажетті шикізат көмегімен
құрылады;

Тапсырмалар мен жаттығулар:
1. Адам мен Еваны жұмақтан қуып шығып және: Маңдай терін аққанша өз
наныңды жейсің, өзің шыққан жерге әзірше қайтып оралмайсың деген сөздерді
айтып, Құдай жерде экономиканы жаратты деп айтуға болады ма?
Экономиканың негізгі элементтеріне нені жатқызуға болады?

2.Кестеде өндірістік мүмкіншіліктің қисығы А және В мемлекеті үшін
берілген.

А Қолдану 10 9 7 4 0
құралдары
Инвестициялық 0 1 2 3 4
тауарлар
В Қолдану 18 16 12 6 0
құралдары
Инвестициялық 0 1 2 3 4
тауарлар

а) А және В мемлекеті үшін өндіріс мүмкіндігінің қисығын салыңыз;
б) егер екі мемлекеттің ресурстары бірдей болса, В мемлекетінің техникалық
дәрежесі А мемлекетіне қарағанда жоғары деп айтуға болады?
в)1инвестициялық тауарға шаққандағы қай мемлекеттің ұстанымды шығындары
төмен;
г) қандай өндіріс көлемінің тауарларын А және В мемлекеттеріне тиімді деп
айтуға болады?

3. Жетіспейтін мәліметтермен 1.1-сызбасын толтырыңыз.

Анықтама үшін сөздер; материалдық игілік, ақыл – ой, еңбек нәтижесі,
рухани, физикалық, адамның өмір сүру жағдайы, жинақталған білім адамның
дамуы.

4. 1.2-сызбадағы бос орындарды толтырыңыз, келесі түсініктерді қолдана
отырып:
а) жұмыс күші;
б) жұмыс құралы;
в) кәсіпорынның негізгі қорлары (капиталы);
г) кәсіпкерлік.

Келесі пікірлер дұрыс па?
1. Күннің көзі экономикалық игілікке жатады.
2. Өндірістік мүмкіншілік қисығындағы нүкте болуы мүмкін екі өнім көлемінің
максималдылығы.
3. Өндірістік мүмкіншілік қисығы ҒТП жетілген сайын оңға жылжиды.
4. Өндіріс мүмкіншілік қисығынан тыс жатқан нүктеде өндіріс мүмкін емес.
5. Өндіріс мүмкіншілік қисығынан тыс жатқан нүктеде қолдану мүмкін.

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Ұлғаймалы ұдайы өндірісті қалай анықтауға болады:
А) өндіріс үдерісінің тұрақты қайталануы және жаңаруы;
В) өндіріс үдерісінің өзгермеген ауқымда қайталануы;
С) өндіріске ұлғаймалы көлемде жұмыс ресурстарын тарту;
Д) өндірістің өскелең ауқымда қайталануы;
Е) өндіріс үрдісі.
2. Жай өндіріс-бұл:
А) өндірілген өнімді сату;
В) өндірістің дамуы;
С) өндірістік емес сфераның дамуы;
Д) өндіріс процесінің тұрақты қайталануы;
Е) ауыл шаруашылығының дамуы.
3. Игіліктер мен қызметтер жасау үшін басқа барлық ресурстарды реттеу және
байланыстыруға бағытталған адам капиталының ерекше түрі:
А) капитал;
В) еңбек ресурстары;
С) кәсіпкерлік қабілеті;
Д) табиғи ресурстар;
Е) информациялық ресурстар.
4. Бөлу қатынастарын не сипаттамайды?
А) қосымша өнімді бөлу;
В) өндіріс құралдары мен жұмыс күшін бөлу;
С) ұдайы өндіріс кезендері;
Д) өндіру және тұтыну кезендері;
Е) қажетті өнімді бөлу.
5. Тұтыну фазасы үшін не мінезді?
А) жұмыс күшін объектілер бойынша бөлу;
В) игіліктер мен қызметтерді тікелей тұтыну;
С) өндіріс факторларын біріктіру;
Д) еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын бөлу;
Е) қызметтерді өндіру.
6. Қоғамдық-экономикалық формация деген не ?
А) өндірушілерді өндіріс құралдарымен қосу әдісі;
В) экономикалық қатынастар жүйесі;
С) қоғам дамуының белгілі даму сатысына сипатты экономикалық тәртіп;
Д)өндірігіш күштер мен өндірістік қатынастардың тұтастығы мен өзара
әсері;
Е) өндіріс әдісі мен оның қоғамдық-саяси құрылымының қосындысы.
7. Өндіріс-бұл:
А) материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру процесі;
В) заттардың үлкен жинағы;
С) жеке қажеттілікті қанағаттандыру;
Д) қоғам байлығы;
Е) адамның іс-әрекеті.
8. Ұдайы өндірістің экстенсивті түрін не сипаттайды?
А) еңбек өнімділігі мен технологияның өзгермеген жағдайында қосымша еңбек
пен табиғат ресурстарын және өндіріс құралдарын тарту;
В) кәсіпорындарды қайта құру;
С) өндіріс пен өнімді жаңарту негізінде даму;
Д) технологияны өзгерту;
Е) өндірістік құрылымды өзгерту.
9. Өндірілген өнім көлемі қолданған факторлардың сапасын өзгертпей, олардың
тек санын ұлғайту арқылы өсіру экономикалық өсудің қай үлгісін сипаттайды?
А) жәй ұдайы өндірісті;
В) экстенсивті үлгісін;
С) интенсивті үлгісін;
Д) “0”-дік өсуді;
Е) ұдайы өндірісті.
10. Ұдайы өндірісті қалай түсінуге болады:
А) өнеркәсіп процестерін жаңарту, тұрақты қайталау;
В) экономикалық процестердің заңнамалық дамуы;
С) өндірістік циклдердің тұрақты ауысымдары;
Д) еңбек құралдары өндірістерін тұрақты қайталау;
Е) өндірістердің прогрессивті әдістерін қолдану.
11. Ұдайы өндіріс түрлері:
А) тұрақты және ауыспалы;
В) қарапайым және кеңейтілген;
С) үздіксіз және кеңейтілген;
Д) тұрақты және кеңейтілген;
Е) ауыспалы және кеңейтілген.
12. Өндіріс факторларына нелер жатады:
А) еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік іс-әрекет, ақпарат;
В) тек еңбек, жер және капитал;
С) тек жер, капитал және кәсіпкерлік іс-әрекет;
Д) тек кәсіпкерлік іс-әрекет пен ақпарат;
Е) тек еңбек, капитал және кәсіпкерлік іс-әрекет.
13. Қоғамдық ұдайы өндірістердің фазалары:
А) өндіріс, бөлу және тұтыну;
В)өндіріс, қайта бөлу және тұтыну;
С) өндіріс, айырбастау және тұтыну;
Д) өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну;
Е) өндіріс, бөлу, қайта бөлу, айырбастау және тұтыну.
14. Өндіріс факторлары мыналар болып табылады:
А) дәстүрлі ресурстар;
В) пайдаланылған ресурстар;
С) қолданылатын ресурстар;
Д) өндірістің болашақ ресурстары;
Е) тек табиғи ресурстар.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1. Өндірістік функция.
2. Қоғам алдындағы басты проблемалар.

3-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТТАР: МЕНШІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Талқылайтын сұрақтар

1. Меншік және оның түрлері.
2. Меншік құқығы дегеніміз не?
3. Иелену, пайдалану, билік ету категорияларының тұжырымдамасы.
4. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) -мемлекеттік меншіктің басқа бір мемлекеттік емесА. Меншік.
меншік формасына ауысу процесі;
б)-бір адам немесе жанұя мүлік қор иесі болып Б. Иелену.
табылады;
в)-адамдардың қозғалысқа байланысты және В. Жекешелендіру.
қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қызметін
бағыттайтын экономикалық байланыс формасы;
г)-заттардан пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімде Г.Меншік
алудың жиынтығы деп пайымдайды; субъектілері.
д)-адамдардың заттармен әрекеттерінің барлық Д.Мемлекеттік меншік.
қатынастарына тән және адамның қоршаған ортамен
жалпыға бірдей әмбебап байланысы;
е)-меншік субъектісі мемлекет өзі болады; Е.Мемлекет иелігінен
алу.
ж)-кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттік орган Ж. Жеке меншік.
қызметтерінің қысқартылуы, кәсіпкерлік құқықтың
шешім қабылдаудағы кеңейтілуі;
з)-меншік иесі мүлікті алумен қоса барлық З. Иелік.
құқықтармен үйлестірілген;
и)-шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен И. Акционерлік
және әрекеттестіктерінің қатынастары; меншік.
к)-адамдар арасында меншік қатынастарының пайда К.Экономикалық ынта.
болуы;
л)-акцияларды сату негізінде пайда болады; Л. Бұйыру.
м)-өндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді М. Нақты құқық.
иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді.

Келесі пікірлер дұрыс па:
1. Меншік – бұл тек қана экономикалық қатынас.
2. Формалдық құқық-ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау.
3. Иелену–адамдардың барлық заттармен қатынастарына байланысты байланыс.
4. Иелік ету пайдалануға қарағанда иемденудің жоғарғы формасы болып
табылады.
5. Мүлікті алу құқығы пайдалану негізінде жүзеге асады.
6. Арендада еңбекші және меншік иесі бір адамдай болады.
7. Жалдамалы жұмысшының жұмыс күні иелік етудің мысалын түсіндіреді.
8. Жеке меншік негізінде бір адам немесе жанұя мүліктің немесе қордың
меншік иесі болып табылады.
9. Қаржы мүмкіншіліктері кооперативі акционерлік қоғамға қарағанда жоғары.
10. Мемлекеттік меншік субъектісі болып әр бір азамат табылады.
11. Мемлекет иелігінен алу меншік формасын алмастырады деп тұжырымдайды.
12. Жекешелендірудің тиімді формасы мемлекеттік мүлікті арендаға алып
артынша толығымен сатып алу болып табылады.
13. Жекешелендіру меншік алмастырудың міндетті формасы деп болжамдайды.
14. Мүлікті еңбек ұжымына тегін тапсыру жекешелендіру формасы болып
табылмайды.
15. Маркстік әдіс-амалдың сәйкестігінше меншік сол немесе басқа өндіріс
тәсілінде негізгі орын алады.
16. Батыс экономикалық теориясында меншік ұғымы қажеттілікпен салыстырғанда
олардың қорларға шектеулігімен байланысты.
17. Меншік субъектілеріне өндіріс құралдары, тұтыну заттары, қорлар, ұлттық
игілік жатады.
18. Меншік экономикалық ынтаның құрылуына әсер етпейді.
19. Меншік қатынастары меншік субъектілері арасында қалыптасады.
20. Қазіргі кезде ТМД елдерінде экономика мемлекеттік меншік негізінде
құрылады.

Тапсырмалар мен жаттығулар
1. Формалды және нақты құқыққа мысал келтіріңдер. Меншікті экономикалық
және заңгерлік тұрғыдан қарағандағы айырмашылықтары қандай? Осы
айырмашылықты мысалдарыңызда көрсетіңіз.
2. Төмендегі 3.1-сызбасын мәліметтерге арналған сөздік көмегімен
толтырыңыздар:

Анықтама сөздері: меншікті заңды түрде дайындау, еңбекші және меншік
иесі бір адам, меншіктің экономикалық түсінігі, пайдалану, нақты құқық,
заттардан пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімде шығару, бұйыру, нақты
байланыстар, заттардан пайдалы қасиеттерін қысқа мерзімде шығару.
3. Иемдену формалары - бұйыру, иелену және пайдалану формаларының
құрылуына нақты мысал келтіріңдер. Бұл формалардың әр қайсысының
ерекшеліктеррі мен жетіспеушіліктері неде?
4. Экономикалық ынтаның қандай түрлері сізге мәлім? Жоғарыда келтірілген
экономикалық ынталардың қайсысы мемлекетке, кәсіпкерлік ұжымға, жоғарғы
оқу орнындағы студентке тиесілі?
5. Фирманың қызмет ету барысында қандай экономикалық ынталар туындайды
және не себептен екенін талдаңдар.
6. Өндіріс қызметінің қандай сфераларында жеке меншік және мемлекеттік
меншік неғұрлым тиімді.
7. Сіздің пікіріңізше, мемлекет қандай құқықтарды неғұрлым нәтижелі жұмыс
істеу үшін, мемлекеттік кәсіпкерлікке беру қажет.
8. Сіздің пікіріңізше жекешелендірудің формалары қандай және не себепті
олар ТМД елдерінде тиімді?

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Иелік құқығын қалай сипаттауға болады?
А) заттың пайдалы қасиеттерін алып шығару құқығы;
В) заттың тағдырын шешу құқығы;
С) игілікті мұрагерлікке қалдыру құқығы;
Д) игілікті төтенше бақылау құқығы;
Е) заттың пайдалану мүмкіншілігін анықтау құқығы.
2. Меншікті жекешелендіру-бұл:
А) жалға беру;
В) сату;
С) сатып алу;
Д) меншікті мемлекет қарамағынан алу процесі мен оны жеке және заңды
тұлғалардың жеке меншігіне беру;
Е) Аукцион.
3. Шектеулі адам саны бар, жабық типтегі бірлестік бөлшектік меншігі
негізінде ортақ іс жасайтын және басқаруға үлесіне қарамай араласатындар:
А) серіктестік;
В) кооперативтік кәсіпшілік;
С) концерн, корпорация;
Д) акционерлік қоғам;
Е) коллективті кәсіпшілік.
4. Төмендегілердің қайсысы меншік субъектісіне жатпайды?
А)АТУ-дың ғимараты;
В) “Сеймар” концерні;
С) мемлекеттік сақтандыру қоғамы;
Д) шаруа Тұрысбеков;
Е) В.С.Черномырдин.
5. Игіліктерді пайдалануды кім және қалай қамтамасыз ететінің шешу құқығы-
бұл:
А) табысты алу құқығы;
В) егемендік құқығы;
С) басқару құқығы;
Д) пайдалану құқығы;
Е) иелік ету құқығы.
6. Меншік дегеніміз не?
А) идеологиялық ұғым;
В) құқықтық қатынас;
С) әлеуметтік қатынас;
Д) экономикалық қатынастардың әлеуметтік-құқықтық бейнесі;
Е) әлеуметтік-құқықтық қатынас.
7. Жеке меншік неге жол ашады:
А) еркін кәсіпкерлікке;
В) қолмен істейтін еңбекке;
С) ұжымдық еңбекке;
Д) өз мақсатына және өз еңбегіне;
Е) жалдамалы еңбекке.
8. “Меншіктен айыру” деген не?
А) бизнес мәселесімен өзі шұғылданғысы келмейді;
В) бұл адамды табиғат өнімдерінен айыру;
С) кәсіпорынды басқара алмау;
Д) қарызды төлеу мақсатында меншігінен айыру;
Е) бұл адамның өмір сүру игіліктері мен ресурстарды өзінің тіршілік ету
мүмкіншілігіне айналдыра алмауы.
9. Егер белгілі бір мүлік арендаға алынған болса, онда арендатор:
А) потенциалды меншік иесі;
В)сол мүліктің бағалығын пайдалана алады сата алады немесе сыйлай
алады;
С) мүліктер иесіз;
Д) толық меншік иесі;
Е) мүліктің тұтыну құнының иесі.
10. Игіліктрді тұтыну, өзгерту, шеттету және жою құқығы – бұл:
А) егемендік құқығы;
В) табысты алу құқығы;
С) иелік ету құқығы;
Д) басқару құқығы;
Е) пайдалану құқығы.
11. Меншіктің түрлерін атаңдар:
А) акционерлік, шетелдік, біріккен;
В) жеке, мемлекеттік, капиталистік;
С) кәсіпорындық, муниципалдық;
Д) социалистік, капиталистік;
Е) жеке, ұжымдық, қоғамдық.
12. Меншік құқықтарының жүйелік ерекшелігі деген нені білдіреді?
А) көнгіш мінез-құлық;
В) өндірістің шығындары;
С) меншік құқықтарының нақты айқындалмауы;
Д) жеке тұлғаның барлық құқықтарын, меншік субъектісін және меншіктің
объектісін айқындау;
Е) ақпаратты іздеу.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1. ҚР-дағы меншік түрлері.
2. ҚР-дағы меншікті жетілдіру бағыттары.
3. Жекешелендірудің әлеуметтік-экономикалық салдары
4.ҚР мемлекеттік меншігін жекешелендіру кезеңдері, мақсаттары,
тәсілдері, түрлері, мәселелері.
5. Қазіргі нарықтық экономикадағы шағын, орташа және ірі фирмалардың
ролі, олардың өзара әркет ету нысандары.
6. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары.

4-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Талқылайтын сұрақтар
1. Экономикалық жүйенің түрлері.
2. Экономикалық жүйелердің дамуының критерийлері.
3. Формациялық тұрғы.
4. Өркениетті тұрғы.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а)-өндіріс көлемі, оның құрылымы, тұтыну мөлшері А. Базис.
және деңгейі орталықтан құру – экономикасы;
б)- кәсіпорын және оның құрылымы, әртүрлі типтер Б.Қоғамдық экономикалық
мен түрлерге жататын және шаруашылықтың әртүрі формация.
формалары пайдаланатын – экономика;
в)-базис пен қондырма үйлесімі; В. Командалық экономика.
г)-әдет-ғұрып пен дәстүрге негізделетін, Г. Дәстүрлі экономика.
экономика;
д)-қоғамның өндіруші күштері мен өндірістік Д. Аралас экономика.
қатынастар үйлесімі;

Келесі пікірлер дұрыс па?
1. Экономикалық жүйенің шағын және ірі түріне бөлуге болады.
2. Әр экономикалық жүйе ірірек экономикалық жүйеге кіреді.
3. Фирма экономикалық жүйені ұсынады.
4. Сала экономикалық жүйеге жатпайды.
5. Құрылым мен жүйе – ұқсастық түсінік білдіреді.
6. Әрбір экономикалық элемент байланысы экономикалық жүйені көрсетеді.
7. Әрбір экономикалық жүйе элементі әртүрлі белгі негізінде болуы мүмкін.
8. Үй шаруашылығы – бұл шағын жүйе.
9. Жұмыс күші қоғамның өндіргіш күшіне жатпайды.
10. Қоғамдық-экономикалық формация замандас экономикалық жүйенің
классификациясын көрсетеді.
11. Экономикалық базис – бұл қоғамның өндіргіш күші мен өндірістік
қатынас үйлесімділігі.
12. Экономикалық өсу теориясы Д.Беллуге жатады.
13. Экономикалық өсудің бесінші сатысы У.Ростоудың - сапалы өмірді іздеу
сатысы.
14. Шаруашылық механизмі - бұл меншік қатынас пен басқару механизм
үйлесімділігі.
15. Индустриалдыққа дейінгі қоғам дамыған қоғамның өндіргіш күшімен
ерекшелінеді.
16. Экономикалық жүйенің формациясына келуін зерттеу- бұл цивилизация.
17. Командалық экономикада бағалық құру сұраныс пен ұсыныс негізінде.
18. Капитал жұмысында К.Маркс аралас экономиканы қарастырды.
19. Экономикалық жүйесін дәстүрліге жатқызатын замандас әлемде көп ел
бар.
20. Аралас экономика – жартылай жоспарлы, жартылай нарықтық.

Тапсырмалар мен жаттығулар

1. Қоғамдық, экономикалық жүйелерге мысал келтіріңдер. Олар қандай жалпы
қасиетке ие?
2. Экономикалық қызмет жүйесінің екі негізгі кооперация әдісі бар: сұраныс
пен ұсыныс ара-қатынасында ерікті ынтымақтастық және орталықтан басқару.
Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
а) қандай экономикалық жүйеде ерікті ынтымақтастық пен орталықтан басқару
пайдаланылады?
б) қандай экономикалық жағдайда орталықтан басқару нәтижелі?
в) бір және басқа координация әдістеріне қандай жетіспеушіліктер бар?
3. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.1- сызбасын толтырыңыз.

Анықтама сөздері: экономика-саяси, аймақтық, техника-экономикалық, табиғи-
экономикалық, салааралық, демография-экономикалық.
4. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.2- сызбасын толтырыңыз.

Анықтама сөздері: өндіріс құралы, өндірістік қатынас, қондырма, өндіргіш
күштер.

5. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.3-сызбасын толтырыңыз.
Формация түрлері:

Анықтама сөздері: коммунистік, қауымдық меншік, капиталистік, жеке меншік,
еңбекке экономикалық емес жәбірлеу, қоғамдық меншік, құл иеленушілік,
феодалдық.
6. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.4-сызбасын толтырыңыз.

Анықтама сөздері: сапалы өмірді іздеу қоғамы, индустриалды қоғам, дәстүрлі
қоғам, көпшілік тұтыну қоғамы, индустриалдыққы дейінгі қоғам, өту қоғамы,
қозғалыстың шешуші сатысы.

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Экономиканың орталықтандырылған жоспарлауын не сипаттайды?
А) нарықтық реттеушінің іс-әрекеті;
В) меншік нысанының көптүрлілігі;
С) еркін бәсекелестік;
Д) ресурстарды және капитал салу жоспарлы бөлу;
Е) капиталдың еркін құйылуы.
2. Экономикалық мәселелер кейде нарықпен, кейде мемлекетпен жекелей
шешілген кезде, онда экономика:
А) нарыктық;
В) аралас;
С) дәстүрлі;
Д) әміршіл;
Е) кезеңдік.
3. Дәстүрлі экономикалық жүйе үшін не сипатты?
А) кеңейтілген қайта өндіру;
В) өндіріс күшінің дамуының төмен деңгейі;
С) дәстүр мен салтты есепке алып, өндірістік қатынастарды реттеу;
Д) табиғи шаруашылық пен меншіктің ұжымдық нысанының басым болуы;
Е) қарапайым кооперация.
4.Экономикалық жүйе келесі іргелі мәселелерді шешеді:
А) қашан, қайда, кім;
В) қалай, неге, кім үшін;
С) не, калай, кім үшін;
Д) кім, неге, не үшін;
Е) инфляцияның және жұмыссыздықтың қандай себептері бар?
5. Экономикалық жүйе түсінігінің дұрыс анықтамасын таңдаңдар:

А) белгілі бір тұтастықты құрайтын, экономикалық
элементтердің өзара байланысының жиынтығы;

В) бұл бір тұтас ретіндегі өндірістік қатынастардың нақты - тарихи
нысаны;
С) бұл материалдық жоне
материалдық емес игілік пен қызметтерді өндірушілер арасында ерекше
қалыппен тәртіпке салынған байланыс;
Д) бұл өндіріс тәсілі;

Е) бұл басқару тәсілі.
6. Экономикалық жүйе кездесетін, іргелі мәселе — бұл:
А) инвесгициялар;
В) сиректік;
С) өндіріс;
Д) тиімділік;
Е) бөлу.
7. Өндірістік қатынастар дегеніміз не?
А) өндіріс үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар, бөлу, айырбас және
тұтыну;
В) табиғи, материалдық, ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша
қатынастар;
С) адамның табиғатқа қатынасы;
Д) әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар;
Е) таптар арасындағы қатынастар.
8. Әлеуметтік-экономикалық түрлерге жоғарыда аталған қатынастардың қайсысы
қатысты?

А) белу және еңбек кооперациясы;

В) ұйымдастыру нысаны мен экономиканы басқару;

С) адамның табиғатқа қатынасы;

Д) меншікке қатынасы;
Е) таптар арасындағы қатынас.
9. Аралас экономиканың моделі үлкен әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді:
А) АҚШ;

В) Жапония;

С) Швеция;
Д) КНДР;
Е) Эфиопия.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1. Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру қоғамның экономикалық жүйесі және
оның әлеуметтік-экономикалық дамуы кезендерінің негізгі бағыттары.
2. Ақпараттық экономика.

5-ТАҚЫРЫП.ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ. ТАУАРЛЫ ӨНДІРІС. АҚША

Талқылайтын сұрақтар
1. Натуралды шаруашылық, оның белгілері мен ерекшеліктері.
2. Тауарлы шаруашылық: туындау себептері мен жағдайлары, негізгі белгілері.
3. Тауар, оның қасиеттері: құн және тұтыну құны.
4. Ақша мәні. Ақшаның қызметтері.
5. Құнның еңбек теориясы.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) – активті төлем құрал ретінде қолдану А. Пайдалылық.
мүмкіндігі және осы жағдайда оның номиналды
құнының сақталуы;
б) – өндірістің қоғамдық формасында өнімді өндіруБ. Ұсыныс көлемі.
тек жеке тұтынуға ғана емес, сату-сатып алу
арқылы айырбасқа түсу;
в) –игіліктін қажеттілікті қанағаттандыру В.Қоғамдық-қажетті жұмыс
қасиеті; уақыты.
г) –интеллектуальды, жүйке, бұлшық ет және басқа Г.Жалпы пайдалылық.
да энергия шығындары;
д) –тауардың басқа тауарға айырбасталу Д.Сұраныс көлемі.
мүмкіндігі;
е) - өндірістің қоғамдық формасында өнім тұйық Е.Шекті пайдалылық.
шаруашылық бірліктерінен ішкі қажеттіліктерге
бағытталуымен өндіріледі;
ж) –барлық игіліктер бөлігінен алынған жалпы Ж. Тұтыну құны.
пайдалылық;
з) –тауардың қажеттіліктерді қанағаттандыру З. Абстракталы еңбек.
мүмкіндігі;
и) –барлық берілген мүмкіндіктерден кез келген И.Натуралды шаруашылық.
баға деңгейінде тұтынушылардың тауарлар мен
қызметтерді сатып алуға келісімі мен мүмкіндігі;
к) – қосымша игілік бөлігін тұтынудан алынған К. Жеке жұмыс уақыты.
пайдалылық;
л) - барлық берілген мүмкіндіктерден кез-келген Л. Айырбас құны.
баға деңгейінде өндірушілердің тауарлар мен
қызметтерді өндіруге және нарыққа ұсынуға
келісімі мен мүмкіндігі;
м) –орташа деңгейде біліктілік пен М.Өтімділік.
интенсивтілікпен шығындалған тауардың негізгі (Ликвидность)
көлемін өндіруге жіберілген уақыт көлемі;
н) жеке тауар өндірушінің жұмыс уақыты; Н.Тауарлы өндіріс.

Келесі пікірлер дұрыс па:
1. Тарихи алғашқы шаруашылық қызметін тауар өндіріс құрайды.
2. Натуралды шаруашылық ішкі қажеттілікке бағытталады.
3. Натуралды шаруашылық мысалына агрофирма жатады.
4. Иемденуші натуралды шаруашылық минималды тұтыну деңгейін қамтамасыз
етеді.
5. Алғашқы еңбек бөлінісінде қолөнершілер бөлінді.
6. Қарапайым тауар өндірісінде өндіріс құралдары өндірушіге тиесілді.
7. Ірі тауар өндірісінің негізінде еңбек жатыр.
8. Тауарлы өндірістің негізгі элементі ақша болады.
9. Бір тұтыну құны бірнеше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алады.
10. Тауардың тұтыну құны оны өндіруге кеткен еңбек көлеміне байланысты
емес.
11. Айырбас пропорциясы салыстырмарлы тұрақты.
12. Нақты еңбек сапалы және сандық белгіге ие.
13. Шекті пайдалылық-ол барлық игіліктер бөліктерін пайдалану нәтижесінде
алынған пайдалылық.
14. Төлем құралы еңбек ақысын алғанды ақша қызметін атқарады.
15. Марксистік теорияға сәйкес тауар құны нақты еңбекпен құралады.

Тапсырмалар мен жаттығулар:
1. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 5.1- кестесін толтырыңыз
Натуралды шаруашылық
Иемденетін Ұдайы өндіріс
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.

Анықтама сөздері: экономикалық игіліктердің пайда болуы; қолданбалы еңбек
құралдарын пайдалану; жинақталудың басым болуы; тұтынудың минималды
деңгейіне кепілдік; табиғат игіліктерін пайдалану; тұтыну кепілдіктерінің
болмауы; жасанды еңбек құралдарының жиынтығының пайда болуы; өндірістің
басым болуы.
2. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 5.2- кестесін толтырыңыз
Тауарлы шаруашылық
Жай Күрделі
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.
5. 5.
6. 6.
7. 7.

Анықтама сөздері: жайдан кейін жүреді, негізінде жалданбалы еңбек жатыр;
табыстың негізгі формасы, өнімді сатудан алынған табыс; өндірістің ірі
масштабы; натуралдыдан кейін болады; еңбек жеке меншігі мен басқару
интеграциясы; жай еңбек құралдары; табыс еңбек ақы, пайда, процент;
өндірістің ұсақ масштабы; күрделі еңбек құралдары; жеке меншік, еңбек және
басқару қызметінің бөлінуі; негізінде жеке еңбек жатыр; өндіріс құралдары
кәсіпкерге тиесілі; өндіріс құралдары өндірушіге тиесілді.
3. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 5.3-сызбасын толтырыңыз

Анықтама сөздері: жеке жұмыс уақыты, абстракталы еңбек, тұтыну құны,
қоғамдық-қажетті еңбек уақыты.

4. Айталық, еңбек құн теориясына сәйкес өнімнің бірлігінің құны 2 сағатқа
тең болды, ал жұмыс күні өндірілген өнім -5. Егер еңбек өнімділігі 2 есе
артса, өнімнің бір бірлігінің құны және оның көлемі неге тең болады?

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Натуралды шаруашылықта не тұрақты тапшылықта болады?
А) тауарлар мен қызметтер;
В) табиғи ресурстар;
С) ақша;
Д) уақыт;
Е) интеллектуалды тауарлар.
2. Натуралды шаруашылық дегеніміз:
А) сатуға арналған өнім;
В) өндірісті кеңейту;
С) қоғамдық еңбек бөлінісі;
Д) әмбебап өндірістік еңбек;
Е) тікелей (қолма-қол) байланыс.
3. Құн заңының мәні:
А) қазіргі нарықтық шаруашылықтың апат мінездерін реттейтін, заң;
В) айырбас құны бойынша жүзеге асатын, заң;
С) тауар айырбастары олардың құнының өсуімен көтерілетін және олардың
айырбас құндарының түсу кезінде төмендейтін, заң;
Д) тауар құнының шамасы кеткен шығындардың сомаларына тең;
Е)тауарлардың импорт және экспорт құндарының арасындағы ара қатынастар
өзгермейді.
4. Ақшаның қызмет қатынастарына не жатпайды?
А) қор жинау құралы;
В) құн өлшемі;
С) айырбас құралы;
Д) тартымдылық құралы;
Е) төлем құралы.
5. Келтірілген қызметтердің қайсысын алтын ақша ғана атқара алады?
А) құн өлшемі;
В) төлем құралы;
С) әлемдік ақша;
Д) айналым құралы;
Е) асыл қазына жинау құралы.
6.Бартер ақшаның қай қызметін атқарады?
А) қор жинау құралы;
В) айналым құралы;
С) дүниежүзілік ақша;
Д) құн өлшемі;
Е) төлем құралы.
7. Ақшаның қандай қызметі баға ұғымын білдіреді?
А) құн өлшемі;
В) қор жинау құралы;
С) әлемдік ақша;
Д) төлем құралы;
Е) айналым құралы.
8. Ақша бірлігін үлкейту, белгілі бір пропорция жолымен ескі ақшаларды жаңа
ақшаларға айырбастау:
А) дефляция;
В) деноминация;
С) девальвация;
Д) ревальвация;
Е) нуллификация.
9. Ақша экономикалық категория ретінде-бұл:
А) жалпылама эквивалент қызметін атқаратын товар;
В) басқа товарға қарай құнын анықтайтын товар;
С) алтынмен құнын анықтайтын товар;
Д) алтын және күміс;
Е) товар айырбасына қызмет атқаратын құрал.
10. Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта енгізілді?
А) 1990ж;
В) 1992ж;
С) 1993ж;
Д) 1995ж;
Е) 1994ж;
11. Стипендияны төлеу кезінде ақша қандай қызмет атқарады?
А) құн өлшеуші;
В) айналым құралы;
С) төлем құралы;
Д) жинақтау құралы;
Е) дүниежүзілік ақша;
12. Ақша айналысының көрсеткіштерін көрсетіңіз:
А) берілген елдегі евро және американ доллары және өндірістік дамыған
елдердің басқа да валюталары;
В) ақша бірлігі;
С) ақша агрегаттары;
Д) ақша түрлері;
Е) ақша жүйесінің институттары.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1. Шекті пайдалылық теориясы.
2. Құн нысанының дамуы және ақшаның пайда болуы.
3. Ақша нысандарының эволюциясы: тауар-ақша, металл, қағаз, несиелік,
“электрондық” ақшалар.
4. Ақша айналысының заңы. Ақша реформалары.
5. ҚР-да ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы.

6-ТАҚЫРЫП. НАРЫҚ ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ҮЛГІЛЕРІ

Талқылайтын сұрақтар

1. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі.
2. Нарықтың құрылымы.
3. Нарықтық экономиканың үлгілері.
4. Нарықтың басымдылығы неде?
5. Нарықтың қандай кемшіліктері бар?

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а)–бір мезгілде өндіріс факторының және шығындалушыА. Тепе-теңдік нарық.
топтың иесі болып табылатын нарық субъектісі;
б)–қалыпты өндірістік қызметке қажетті фирмалар менБ. Инфрақұрылым.
тұрғындарға қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдар
мен коммерциялы емес мекемелердің жүйесі;
в)–қызмет негізінде сұраныс пен ұсыныс жататын В. Нарық.
өзін-өзі реттеуші жүйе;
г)–сұраныстың ұсынысқа тең болатын нарық; Г. Нарықтық қатынас
субъектілері.
д)–игіліктермен,қызметтермен,өндір іс факторларымен Д.Үй шаруашылығы.
операция жасайтын заңды және жеке тұлғалар;

Келесі пікірлер дұрыс па:
1. Нарық – бұл тауар мен ақша айналысының сферасы.
2. Нарық – бұл өзін-өзі реттеуші жүйе.
3. Нарық-бұл айналым сферасы.
4. Нарық- бұл сатып алушы мен сатушыларды бір жерге жинайтын механизм.
5. Ақшаның пайда болуы, нарықтың пайда болуының негізгі шарттары болып
табылады.
6. Бағалы қағаздар нарықтық қатынастар объектісі болып табылмайды.
7. Үй шаруашылықтары өндіріс факторының иесі ретінде табыс алады.
8. Үй шаруашылықтары да және фирмалар да табыстың жартысын жинақтайды.
9. Экономикада табыстардың соммасы шығындар соммасынан артық .
10. Нарық туралы негізгі ақпаратты өндіріс динамикасы береді.
11. Нарық артықшылығы сұраныстың ұсыныстан артық болуымен сипатталады.
12. Коммерциялық инфрақұрылымды нарықтық деп санайды.
13. Нарықтық экономикада жағымсыз жақтау жоқ.
14. Нарықтық экономикада мемлекеттің неізгі қызметі – бұл жоспарлау.
15. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуы зиян келтіреді.

Тапсырмалар мен жаттығулар:
1. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 6.1-кестесін толтырыңыз

Анықтама сөздері: игілік, үй шаруашлығы, объекты, фирма, қызмет, мемлекет,
өндіріс факторы.

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Нарық шаруашылыгының негізгі субьектілері болып табылатындар:
А) өндіріс факторының иелері;
В) өндірістік, сауда және несие беруші капиталистер;
С) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері;
Д) үй шаруашылығы, бизнес және үкімет;
Е) кәсіподақ, кәсіпкерлердің бірігуі, мемлекеттік институттар.
2.Жоғарыда аталғандардың ішінде қайсысы нарық тетіктернің кұрылымдық
элементтері болмайды?
А) бәсекелестік;
В) сұраныс;
С) ұсыныс;
Д) бұйрықтық (директивтік) жоспарлау;
Е) баға.
3.Нарық экономикасында қалай өндіру мәселесі шешіледі:
А) өндірушілердің ұмтылысы арқылы пайда алу және соған орай,
өндіріс ұстанымын азайту;
В) сұраныс пен қозғалыс арқылы соңғы өнімге белгіленетін баға;
С) өндірісті мамандандыру негізінде;
Д) өндіріс құралдарын экономикада кеңінен қолдану негізінде;
Е) трансакциялық шығынды қысқарту негізінде;
4. Нарық инфрақұрылымы дегенде не түсіндіріледі:
А) өндірістің материалдық жағдайы;
В) өндірістің жалпы жағдайын қамтамасыз ететін, шаруашылық кызметінің
саласы мен аясы;
С) қызмет аясы;
Д) өндіріс құралдары;
Е) тауар өндірушілердің тиімді қызметі үшін жалпы жағдайда қамтамасыз,
ететін, қызмет аясы мен әр түрлі ұйымдардың жүйесі.
5. Нарық инфрақұрылымының элементтері болып табылатындар:
А) тауарлық жэне қор биржалары, еңбек биржасы, сауда үйлері;
В) әкімшіліктер, соттар, прокуратура;
С) зауыт пен фабрикалар;
Д) өндірістің материалдық жағдайы;
Е) адамның өмірлік қызметінің жағдайы.
6.Нарықтық экономика жағдайындағы тауар өндірушілер арасындағы
байланыстардың негізгі нысаны болып табылатындар:
А) шарттар жүйесі;
В) жоспарлы байланыс;
С) тікелей коғамдык қатынастар;
Д) баспа-бас айырбас байланысы;
Е) телеграфтық байланыс.
7. Нарықтың басымдылығына қатысты емес:
А) ресурстарды тиімді бөлу;
В)нарық кімнің ақшасы бар, солардың сұранысын канағаттандыруға
бағытталған;
С)барлық шектелген ақпараттардың болуына қарамастан, нарықтың пайдалы
қызмет ету мүмкіндігі;
Д) өзгерісті жағдайларға жоғары бейімділік және икемділік;
Е) ғылыми-техникалық революцияның нәтижелерін оңтайлы пайдалану.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы
1. Нарықтық инфрақұрылым.
2. Нарықтық қайта құрудың Қазақстандық үлгісі.

7-ТАҚЫРЫП. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Талқылайтын сұрақтар

1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал ететін факторлар.
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар.
3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарықтық тепе-теңдік.
4. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың құралдары ретінде.
5. Икемділік түсінігі. Икемділік теориясын тәжірибеде қолдану.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) –сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне сәйкес А. Нарықтық ұсыныс.
болғандағы баға;
б) –жеке сатып алушының сұранысы; Б. Сұраныс икемділік
коэффициенті табыс
бойынша.
в) –баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы тура В. Сұраныс заңы.
байланыс;
г) –сұраныс көлемінің баға өзгерісіне әрекет ету Г.Нарық сұранысы.
дәрежесі;
д) –тепе-теңдік баға көлеміне сәйкес келетін өнім Д.Сұраныс көлемі.
көлемі;
е) – ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаныңЕ.Сұраныстың
пайыздық өзгерісіне қатынасы; қиылыспалы икемділігі.
ж) – жеке өндірушінің ұсынысы; Ж.Ұсыныстың икемсіз
жағдайы.
з) – баға мен сұраныс көлемінің арасындағы кері З. Сұраныстың икемді
байланыс; жағдайы.
и) –жеке сұраныстар соммасы; И. Жеке ұсыныс.
к) –сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің К. Ұсыныс заңы.
табыстың пайыздық өзгерісіне қатынасы;
л) –сұранысқа ие болған тауарлар саны; Л. Ұсыныс икемділік
коэффициенті.
м) –жеке ұсыныстар соммасы; М. Тепе-тең өнім
шығару.
н) – бір тауарға тұтынушылық сұраныстың, басқа Н.Жеке сұраныс.
тауар бағасы өзгергенде әрекет ету дәрежесі;
о)-бағаның тұрақты болған кезінде кез келген тауарО. Баға бойынша
көлемі сатылатын сұраныс; сұраныс икемділігі.
п)-тез аралықтағы ұсыныс; П. Тепе-тең баға.

Келесі пікірлер дұрыс па:
1. Сұраныс заңы берілген тауардың бағасы мен сұраныс арасындағы кері
байланысты көрсетеді.
2. Сұраныс қисығы теріс бағыт болады.
3. Ұнға сұраныс төмендегенде, оның бағасы өседі.
4. Егер тұрғындар бағаның әрі қарай өсуін күтсе, онда сұраныс қисығы оңға
жылжиды.
5. Табыстың өсуіне қарай, тауарға деген өсетін болса онда берілген тауар
қалыпты тауарларға жатады.
6. Сұраныс икемділігің баға бойынша коэффициенті абсолютті өлшем бойынша
алынады.
7. Сыраға деген сұраныс, суға қарағанда икемді.
8. Ұсыныстың өсуі, ұсыныс қисығының оңға және төмен қозғалуын көрсетеді.
9. Тепе-теңдік өнім көлемі – ол өнім көлемінің тепе-тең бағаға сәйкес
келуі.
10. Нарық ұсынысы – жеке ұсыныстардың соммасы.

Тапсырмалар мен жаттығулар:
1. Берілген Qd = 20 - 2Р, Qs = 14 + 4Р онда Р - баға, Qd –сұраныс көлемі,
Qs-ұсыныс көлемі.Табу керек тауардың тепе-тең өндіріс көлемімен, бағасы
қаншаға тең?
2.Тұрғындар табысының артуынан видеомагнитофон және нанның сұраныс қисығы
қалай өзгереді?
3. 7.1- кестесіне сүйене отырып сұраныстың нарықтық көлемін тап және А, В,С
тұтынушыларына жеке сұраныс қисығын, нарықтық сұраныс қисығын сал.
Тұтынушылардың сұраныс көлемі Нарықтық
Баға (Р) сұраныс көлемі
А В С
10 - - 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу еңбегіне үйретудің ғылыми педагогикалық негізі
Ұлттық шоттар жүйесінің түсінігі
Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
Менеджмент пәнінен дәрістер
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері жайлы мәлімет
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Пәндер