Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттің басқару нысандары және сипаттамасының теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттің басқару нысанының және сипаттамасының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... .8
1.3 Мемлекеттің басқару нысанының формалары, мемлекет қызметінің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысандары және сипаттамасы
2.1 Қазақстан . Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ... ... .14
2.2 Саяси режим . мемлекет нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3. Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік құрылым нысандары және оларды жетілдіру жолдары ... ...22
3.2 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Аквинский (1225-1274) болып табылады.
Сонымен, мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ет етін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты – «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің» болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына бағынады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекет бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2010
2. Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2002»
3. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық теориясы, Алматы – 2009
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы – 2001
5. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996
6. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 2003
7. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі
8.Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциясылық құқығы, Астана – 2007
9. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998
10. Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқы - Алматы, 2009
11. Мемлекет және құқық тарихынан, 2 – кітап, Алматы, 2001
12. Марченко М.Н. Теория государства и права. — М., 2008. — Гл.4.
13. Общая теория права и государства/ Под. ред. В.В. Лазарева. 2-е изд. - М., 2001. Тема 5.
14. Теория гос.права / Под. ред. М.Н. Марченко. 2-е изд. — М., 2006.
15. Теория права и государства / Под.ред. Н. А. Катаева и В. В. Лазарева. - Уфа, 2004. - Гл.2.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мемлекеттің басқару нысандары және сипаттамасының теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттің басқару нысанының және сипаттамасының түсінігі, мәні және
мемлекетті басқару
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.2 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар
... ... ... ... ... .8
1.3 Мемлекеттің басқару нысанының формалары, мемлекет қызметінің
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысандары және сипаттамасы
2.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет ... ... .14
2.2 Саяси режим – мемлекет нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3. Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік құрылым нысандары және оларды жетілдіру жолдары ... ...22
3.2 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық
жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен
үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша
көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде
қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының
бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің
пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі
идеологтары Августин (354-430) және Аквинский (1225-1274) болып табылады.
Сонымен, мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ет
етін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын
бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді
орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның
айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып
табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа
ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде
жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының,
құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты –
тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы. Оның мәні биліктің барлық үш
тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп
кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса,
мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып
табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір
жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары
мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің
жоғары органдарына бағынады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекет бірыңғай мемлекеттік билікті заң
шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады
(3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын
органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң
шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы
өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады.
Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет
атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін
тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.
Заң шығарушы уәзіпін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан
Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан республикасының
Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие.
Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең
алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол
ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- мемлекеттің басқару нысандарын анықтау;
- мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасын зерттеу;
- мемлекеттің басқару нысандарының қызметтерін, міндеттерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару
нысаны
Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару
нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
Егер "Мемлекеттің негізі" санаты мемлекеттегі басты, заңдылық неге
байланысты екенін белгілесе, "мемлекет нысаны" санаты - қоғамда кім және
қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы
қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әртүрлі
аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай
әдістерді және жолдардың кемегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі,
мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.
Құқық нысанына — оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар,
сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және діни ерекшеліктер,
қоғамның мөдени деңгейінің дамуы әсер етеді.
Мемлекет нысандарының құрамдары (бөліктері):
- Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен
ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-
қатынастары сипатталады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне
байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
- Мемлекеттік құрылым нысаны — мемлекеттің аумақтық құрылысын,
мемлекетпен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатнастары
көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық,
федератиктік жөне конфедеративтік мемлекеттер жатады;
- Саяси (мемлекеттік) режим — мемлекеттік билікті іске асырудың жолдары
мен әдістерінің жүйесін көрсетеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты
демократиялық, антидемократиялық және саяси (мемлекеттік) режимдерге
бөлінеді.
Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол
жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы
төртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.[1]
Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не
президент), заң шығару органы, үкімет.
Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға
бөледі.
Монархия (грек тілінен - жалғыз билеуші) - басқару нысаны, өкімет
түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады - монархтың
(корольдің, патшаның, шахтың, императордың т.с.с).
Монархияның белгілеріне:
- жоғарғы өкімет билігі (монархтың өкіметі) мұра ретінде беріледі;
- басқаруының уақыты шексіз болады;
- сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады.
Республика (латын сөзінен — мемлекеттік, қоғамдық іс) — басқару
нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі
сайлаушылардың еркімен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.
Республиканың белгілеріне:
— өкіметтің сайлануы;
— белгілі уақытқа ғана сайлау;
— сайлаушылардың еркіне тәуелділік.
Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді,
осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас
болып бөлінеді.
Президенттік республикаларда (США, Бразилия, Аргентина, Венесуэла,
Боливия, Сирия т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды,
Парламенттік республикаларда (Германия, Италия, ! Индия, Туркия, Израиль
т.б.) — парламент, аралас (Франция, Финляндия, Польша, Болгария, Австрия
т.б.) — Президент пен парламент бірге жүргізеді.
Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады не
сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен жене бір мезгілде
мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның
жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте парламент үкіметке сенімсіздік
вотумын жариялай алмайды, ал президент — парламентті таратпайды. Дегенмен
парламент қабылданатын заңдардың көмегімен президент пен үкіметтің
жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай
жағдайларда президентгі жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол
конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы
органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен -
"тиым салу").
Парламенттік республикада - үкімет заң шығарушы органмен құрылады және
ол сонын алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не
сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына
(министірлер, кеңесші төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты
министірдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы
Президент, не парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың
тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. Дегенмен, мемлекеттік өкімет
органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте
өкілетті органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы
мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет
басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.[2]
Аралас (жарты президенттік, жартыпарламенттік) республиканың сыйпатына
үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады — президенттің алдында және
парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей
халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі.
2. Мемлекеттің басқару нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет
(Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси жүйесі құрылды.[3]
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер
етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер
мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа
шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда
демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде
бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзеңдермен байланысты болды:
Қытайда — Хуанхэ, Египетте — Ніл, Вавилонда — Тигр және Евфрат, Үндістанда
— Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада — шектелген монархия
немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жер орта
теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі.
Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі
мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы
мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі — феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көл уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік
жинағында — Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында — Русская
правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы
міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық
мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін
сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын.
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір
ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшін күресі . Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм
кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің
қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі
атасы - қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі
объективтік процесс.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады.
Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі
болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.[4]
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді — басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде,
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі -
Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік
пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
3. Мемлекеттің басқару нысанының формалары мен түрлері
Мемлекеттің белгілері және оның түсінігі - мемлекеттің қоғамнан
және басқа да қоғамдық ұйымдардан айырмасын білуге көмектесетін, өзіне тән
белгілері болады.
Біріншіден, мемлекеттің тұтас аумағы болады, онда сол елдің өз халқы
тұрады және оған сол мемлекеттің саяси өктемдігі жүреді. Сол аумақта өмір
сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттіктерін пайдаланып сол
мемлекеттің азаматтарына айналады. Қандай мемлекет болмасын өзінің аумағын
сыртқы басқыншылықтан қорғау үшін көп жағдайларды ұйымдастырады және
шешеді.
Екіншіден, мемлекеттің қоғамды, оның қызметін өз жөнінде басқаруға
құрылған, ерекше аппараты бар, саяси (өкіметі) билігі болады. Демократиялық
қоғамда өкімет халықпен бірге болады, себебі ол мемлекеттің аппаратын
құрғанда тікелей қатынасып, бөліктерінің қызметіне бақылау жүргізеді.
Өзіне жүктелген қызметті орындау үшін, саяси өкімет, заңдар қабылдайды және
басқа да бәріне бірдей шешімдер шығарады.
Үшіншіден, тек мемлекет ғана өзін тәуелсіз билік иесі екендігін
көрсетеді. Мемлекеттік өкімет - жоғарғы, туелсіз және бөлінбейді. Оның
жоғарғылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы партияларға не болмаса
басқа да ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін
ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді. Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың
тәуелсіздігіне қарсы қойылмаған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша тек халық
ғана өкіметті және тәуелсіздікті ұстайды. Халық референдум арқылы
мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әртүрлі, қандай болса да өкіметтен
тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие
болғандығы.
Төртіншіден, мемлекеттің өзі ғана, бөрін тегіс қамтитын ұйым. Ол барлық
халықты біріктіреді және оның атынан шығады. Оның шешімінің, барлық
азаматтарға және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.
Бесіншіден, тек мемлекет қана, өлеуметтік қажеттіліікке, отан Қорғауға,
мемлекеттік аппаратты ұстауға, өз азаматтарынан және барлық ұйымдардан алым-
салық жинайды.
Мемлекет — тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері
арқылы қоғалшың алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.
Мемлекет — саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық,
жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) айырықша іске асыруға белгілі аумақ
көлемінде ықпал етуші.
Мемлекетті рулық құрлыстың әлеуметтік билігінен айырып қарауға
көмектесетін, - оның мынандай белгілері:
1. Көпшілік биліктің болуы, қоғамнан бөлініп алынған және елдің
тұрғындарына сай келмейді (мемлекеттің міндетті түрде басқару және
мәжбүрлеу аппараты болады, себебі көпшілік билік — шеңеуліктер, әскер,
полиция, соған қоса абақты және басқа мекемелер).
2, Алым-салық жүйесі (мемлекеттік аппаратты және заттар өндірмей, тек
басқару жұмысымен шұғылданатын адамдарды асырауға қажет).
3. Тұрғындарды аумақтарға бөлу (мемлекет өз аумағанда тұратын
тұрғындарды, өзінің билігімен біріктіріп, қорғайды).
4: Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық
қатынастардағы тәуелсіздік).
5. Құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі ол мемлекеттік
билікті заң жүзінде бекітеді және соған байланысты оны басқаларға
мойындатады (легитимді жасап) заңды қалпын және мемлекеттің қызметінің
нысанын белгілейді.[5]
Мемлекеттің басқару формалары — біртұтас қоғамдық-экономикалық
мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.
Бір жағынан, әртүрлі формадағы мемлекеттер көптеген нысандармен
қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер
кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен ертедегі шығыс деспотиясы -
Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса,
республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы
Афин мемлекеті) сай келеді." Феодальдық кейіпке - монархиялар (ерте
феодальдық, феодальдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттікі монархия),
буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік,
президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар,
социалистік кейіпке - Париж Коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық
демократия республикалары.
Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір
нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиялық - өкілетті
монархия, тек феодальдық мемлекеттің белгілі дамуы кезеңіне жатады, ал
парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық
кейіптегі мемлекеттерге тән.
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге
бөлінеді.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ
2.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлық
(біртұтас) мемлекет.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді;
— мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы
қандай;
— жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-
қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
— жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас
қалай құрылған;
— жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың
құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай, деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған
Қазақстан республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты "Қазақстан
Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет".
Президенттік басқару нысандары әр елде әртүрлі болады. Президенттік
басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің парламенттің алдында емес, президенттің алдындағы
жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының
өкілеттілігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір
нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар,
Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының
өкілеттігін жинап береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел
ішінде және халықаралық қатнастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең
жоғарғы лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президент — мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының, адам жөне азамат құқықтары мен
бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті — мемлекеттік биліктің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
1998 жылғы 7 қазанда "Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы
қабылданды.[6]
Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру,
Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процессіне саяси
партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес
тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын
ролін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы
жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, сотты
құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер
енгізілді. 33-баптың 4-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың
жасына шек қою алынып тасталды. Еңдігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар,
білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей
пайдаланылады.
49-баптың 2-тармағына өзгертулер енгізіліп, парламенттің сайлану
мерзімі 4 жыл болып белгіленді. 50-бапқа 5-тармақ қосылып, Сенат
депутаттарының өкілеттік мерзімі — 6 жыл, Мәжіліс дапутаттарының өкілеттік
мерзімі — 5 жыл болып белгіленді. 50-баптың 3-тармағы өзгертіліп, мәжіліс
депутатарының саны 77-ге дейін көбейтілді. 10 депутат партиялық тізімдерге
байланысты сайланады.
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды түрде
мүмкіндік көзделді. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан
астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін
болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті
деп есептелген кедергі жойылды. Соған сәйкес, аралас сайлау жүйесі
енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбісі мажоритарлық (көпшілік дауыс алуына
байланысты) жүйе негізінде, ал басқа бөліктері - пропорционалды (тепе-
теңдік) жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды.
Конституцияның 53 бабының 3 тармағындағы депутаттың мерзімі аяқталғанда,
оның бұрынғы істеген қызметін беруге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz