Талдаудың оптикалық әдістері



Талдаудың оптикалық әдістері
Жоспары:
Колориметрия
• Стандарттық әдіс
• Түстерді теңестіру әдісі
• Сұйылту әдісі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Талдау тәжірибесінде алғаш мәрте колориметрия әдіс қолдануға ұсынған К. Гейнс болды. Колориметрия әдісінде заттың ерітіндісі арқылы өткен жарықтың ағысының айқындылығы стандарттық ерітінді арқылы өткен жарықтың ағысында айқындылығымен визуалдық түрде, яғни арнайы бақылау құралдарымен жабдықталмаған жай ғана көзбен қарау арқылы салыстырылады. Жарық ағындарының айқындылығын салыстыру үшін стандарттық сериялар, түстерді теңестіру және сұйылту әдістерін пайдаланады.
Стандарттық сериялар әдісінде заттың берілген үлгісінен түсінің айқындылығы осы заттың әр түрлі концентрациялары стандарттық ерітінділерінің айқындылығымен салыстырылады. Бугер заңы бойынша ерітінділердің концентрациялары тең болған жағдайда олардың сіңіру көрсеткіштері де (басқа да жағдайларда) өз ара тең болады.
Әдебиеттер

1 Б. Я. Пинес. Лекции по структурному анализу : учебное посо-
бие. – Харьков: Изд-во Харьк. Ун-та., 1967. – С. 9-82.
2 Зайдель А. Н., Островская Г. В., Островский Ю. И. Техника и
практика спектроскопии. Серия Физика и техника спектрального анализа. - М : Наука, 1976. – 373 c.
3 Малышев В. И. Введение в экспериментальную спектроскопию.
- М. : Наука, 1979. – 300 с.
4 Рентгенофлуоресцентный анализ. Применение в заводских ла-
бораториях. Сб. науч.трудов / под ред. Х. Эрхардта. – М. : Металлургия, 1985. – 187 с.
5 Русакок А. А. Рентгенография металлов. – М. : Атомиздат, 1977.
– 556 с.
6 Кустанович И. М. Спектральный анализ. – М. : Высшая школа,
1967. – 241 с.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Талдаудың оптикалық әдістері

Жоспары:
Колориметрия
• Стандарттық әдіс
• Түстерді теңестіру әдісі
• Сұйылту әдісі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Талдау тәжірибесінде алғаш мәрте колориметрия әдіс қолдануға ұсынған К.
Гейнс болды. Колориметрия әдісінде заттың ерітіндісі арқылы өткен жарықтың
ағысының айқындылығы стандарттық ерітінді арқылы өткен жарықтың ағысында
айқындылығымен визуалдық түрде, яғни арнайы бақылау құралдарымен
жабдықталмаған жай ғана көзбен қарау арқылы салыстырылады. Жарық
ағындарының айқындылығын салыстыру үшін стандарттық сериялар, түстерді
теңестіру және сұйылту әдістерін пайдаланады.
Стандарттық сериялар әдісінде заттың берілген үлгісінен түсінің
айқындылығы осы заттың әр түрлі концентрациялары стандарттық
ерітінділерінің айқындылығымен салыстырылады. Бугер заңы бойынша
ерітінділердің концентрациялары тең болған жағдайда олардың сіңіру
көрсеткіштері де (басқа да жағдайларда) өз ара тең болады.

А1=εС11, А2= εС11, А1=А2 , εС11= εС21, С1=С2 (1)

Осы әдісті орындау барысында заттың концентрациясы белгілі стандарттық
ерітінділері әзірленеді, ал осы ерітінділерден сұйытылған ерітінділер
дайындалады. Бұл ерітінділер ені бірдей пробиркаларға құйылады. Талдауға
алынған заттың ерітіндісін тура осындай пробиркаға құйып, олардың
түстерінің айқындылығын салыстыра отырып заттың ерітіндісінің
концентрациясын анықтайды. Стандарттық сериялар әдісінің дәлдігі жоғары
емес (5 -10 %), сондықтан да заттың мөлшерін жуықтап анықтау үшін
қолданылады.
Түстерді теңестіру әдісін арнайы аспаптарда колориметрлерде орындайды.
Бұл әдісте түстің айқындылығының және қабат көрсеткіштері әр түрлі А1 және
А2 екі ерітіндіні салыстыратын болса, онда сіңірулер теңелген жағдайда І1
қалыңдығы көбейтілген бірінші ерітіндідегі концентрация С1 екінші
ерітіндідегі қалыңдығы І1 көбейтілген С2- ге тең болады.

А1=εС111, А2= εС212, А1=А2 , εС111= εС212,

С2=С11112
(2)

Теңестіру әдісі бойынша жұмыс істейтін қарапайым колориметр (Дюбосктың
колориметрі) екі шыныдан әзірленген цилиндрлерден (4) құралған (1–ші сурет,
а). Олар ішінде стандарттық және талдауға алынған заттың ерітінділері
құйылған стакандарға (3) батырыла алады. Стакандар, ерітінділер және шыны
цилиндрлер арқылы жарық көзінен (1) сәуленің бастапқыда өзара тең және
соңынан өзгерген екі шоғыры өтеді. Олардың айқындылығы окулярлық
қондырғының (7, 8, 9,) көмегімен салыстырылады. Колориметрмен жұмыс жүргізу
барысында жарықтың ағынының түстерін теңестіре отырып шестерналары бар
тетіктің (5) және тісшелері бар тіректердің көмегімен шыны цилиндрлердің
түсірілу деңгейлерін реттейді. Теңестіруді орындаған соң шкалалар бойынша
әр бір стакандағы ерітіндінің қабатының қалыңдығын анықтайды және талдауға
алынған заттың ерітіндісінің концентрациясын есептейді. Түстерді теңестіру
әдісінің дәлдігі жоғары емес және шамамен 5 -10 % аралықты құрайды.

1-ші сурет. Колометриялық аспаптардың сызбасы:
а – колориметрдің сызбасы; б – фотоколориметрдің сызбасы

Сұйылту әдісінде талдауға алынған ерітіндіні өлшемдік колбаны
еріткішпен оның айқындылығы тура сол сияқты цилиндр құйылған осы заттың
стандарттық ерітіндісінің түсімен бірдей болғанша сұйытылады. Бұл әдісте
келесі теңдікті пайдаланады.

C1V1 = C2V2, C2=C1 V1 V2 (3)

Мұндағы С1 – стандарттық ерітіндінің концентрациясы; С2 - талданатын
ерітіндінің концептрациясы; V1 – стандартты ерітіндінің көлемі; V2 —
зерттелетін ерітіндінің көлемі.

Жарық ағынының айқындылығын көзбен көру арқылы өлшеу тәсілі сонымен
қатар, фотометрлерде де қолданылады; Фотометрлерде жарық ағындарын
ерітіндінің қабатын қалыңдығын өзгерту немесе ерітіндіні сұйылту арқылы
теңестіру қолданылмайды. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрохимиялық талдау әдістері
«Зерттеудің физикалық әдістері» пәнінен материалдар
Аналитикалық электронды микроскоптар
Абсорбциалык спектроскопия жалпы сипаттама беру
Спектрлік әдістер
Оптикалық спектроскопияның шоғырды өлшеу әдістері
Талдаудың негізгі физика - химиялық әдістері
Эмиссиялық спектрлік талдаудың сандық негіздері
Эмиссиялық спектрлік талдау
Вольфрам наноұнтағының рентген-құрылымдық талдауы
Пәндер