Рим құқығы бойынша міндеттеме құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Міндеттеме түрлері
  3. Міндеттеменің орындалу орны және уақыты
  4. Міндеттеменің тоқтатылуы
  5. Қорытынды

Кіріспе

Міндеттеме түсінігі Юстинианның Институцияларында көрсетілген. Бұл Институцияға сәйкес біздің мемлекетіміздің құқығына сай қандай да болмасын бір нәрсені орындауға байланысты құқықтық. Міндеттеме уәкілетті тұлғаның міндетті тұлғаның мүліктік сипаттағы нақты әрекеттерді жасауын талап ету құқығын білдіреді.

Міндеттеме бұл - несие берушінің борышқордан өзінің пайдасына нақты әрекеттіғ мінез құлықты талап ететін формальды мүмкіндігінен тұратын субъективтік юридикалық жағдай.

Кейіннен міндеттеме екі тұлғаның арасындағы заңи қатынас ретінде қарастырыла бастады. Бұл қатынасқа сәйкес бір тарап несие беруші және ол талап ету құқығына ие, ал екінші тарап борышқор - бұл несие берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді жасаушы. Міндеттеме әр кезде де уақытша және ол тоқтатылуға есептелінген.

Міндеттеме контрактіден, деликтіден, квази - контрактіден, квази - деликтіден пайда болады. Контракт дегеніміз - цивильдік құқықпен танылған және талаппен қорғалатын шарт. Деликті құқықбұзушылық, зиян келтіретін тиым салынған әрекет.

Міндеттеме қоғамда абстрактілі нысанаға ие және табиғи сипатты қарастырмайды.

Міндеттеменің мазмұны міндетті тұлғаның беру, жасау, ұсынуын міндеттейді және ол рим терминологиясында dare, facere, praestare терминдерімен анықталды.

«Беру» термині - мүлікті беру дегенді білдіреді. Бұл әрекет заттық құқықтарды бір тұлғадан екінші тұлғаға ауыстырумен тығыз байланысты.

«Жасау» термині - бір тұлғаның екінші тұлғаның пайдасына жасалатын нақты физикалық сипатқа ие және бөлінбейтін кешенді әрекетті жүзеге асыру. «Ұсыну» - материалдық нысандағы, соның ішінде ақшалай сипаттағы төлемді жүргізу, орналастыру.

Міндеттеме түрлері. Міндеттеменің бірнеше түрлері болды. Бұлар бөлінетін, бөлінбейтін, цивильдік, табиғи, альтернативтік және факультативтік. Жауапкершілік сипатына қарай міндеттеме үлестік және ортақтасқан болуы мүмкін.

Міндеттеме бөлінетін деп танылады, егерде оның пәні оның құндылығын жоғалтпай бөлуге мүмкіндік берсе. Бөлінбейтін міндеттеме дегеніміз міндеттеме пәні бөлінбейтін міттедеме. Міндеттемені еріксіз орындау мүмкіндігін қарастыратын міндеттеме цивильдік болып табылады. Табиғи міндеттеме талаппен қорғалмайтын мүліктік сипаттағы қатынас. Альтернативтік міндеттеме дегеніміз борышқордың екі әрекеттің біреуін орындауға тиісті болатын міндеттеме. Егерде шартта көзделмесе қай әрекетті оындауды таңдау құқығы міндетті тұлғаға берілетін.

Факультативтік - бұл тиісті міндеттеменің орнына басқа міндеттемені орындау мүмкіндігі. Факультативтік міндеттеме міндеттеме пәні біреу, бірақ борышқорға жеңілдік беріледі, яғни борышқор міндеттеме пәнінің орнына басқаны ұсына алады.

Міндеттеменің орындалу орны мен уақыты. Міндеттеменің орындалу орныдау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе, міндеттемені орындау орнын борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал, егер орындалмаса орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер шартта міндеттеменің орындалу орны көрсетілмесе, онда орындалу орны болып берілген міндеттеме бойынша талап қоюға мүмкін болатын орын саналды. Кейде мәміле күрделі болуы да мүмкін.

Міндеттеменің орындалу рны дау болған заттың құнын анықтау кезінде маңызы болды, себебі, заттың құны ақшалай көрсетілетін болды және мұндай жағдайда маңыздысы қай жер бойынша бағалау жүргізу. Бұл сұрақ орны туралы сұрақпен қатар шешіледі, атап айтқанда келісім жасалған жермен, ал көрсетілмесе талап қойылған жермен анықталды.

Міндеттеменің орындалу уақыты туралы сұрақ шарттың тараптарына байланысты шешілді: міндеттеме орындалу керек тараптардың шартта көрсеткен мерзімінде. Мерзім күнтізбесімен анықталады. Кейде мерзім нақты болмауы да мүмкін, яғни оның пайда болу мерзімі белгісіз болатын уақыт.

Міндеттеменің тоқтатылуы. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген. Міндеттеме тұрақты болуы мүмкін емесү

Міндеттеме тоқтатылады немесе әртүрлі тәсілдермен орны толтырылады. Олардың ішінде негізгісі орныдалу (төлем) . Міндеттеме тоқтатылады орындалған кезде.

Міндеттеменің тоқтатылуы міндеттеменің мазмұнын құрайтын тараптардың міндеттері мен құқықтарының тоқтатылуы.

Міндеттеменің негізгі және қалыпты тоқтатылу тәсілі оның тиісінше орындалуы. Тиісінше орындалу дегеніміз - міндеттемені тиісті борышқордың, міндеттеме мазмұны бойынша, орындалу орнында және мерзімінде орныдалуы. Орындау (solutio) - борышқордың несие берушінің пайдасына одан күтілген әрекеттерді орындауы. Орындау түсінігі борыш пен жауапкершіліктің бір тұлғада сәйкес келуімен бекітіледі. Solutiо, solvere түсінігі рим құқығында эволюция жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері
Рим құқығының қайнар көзі
Рим құқығы
Рим жеке құқындағы міндеттеме және шарт туралы ілім
Римдік жек құқық пәні
Рим құқығынан кешен
Рим құқығындағы міндеттемелер мен шарттар
Рим құқығының қайнар көздері
Азаматтық құқық пәні
Кепілдің құқықтық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz