Экономикалық теорияның даму кезеңдері және оның қалыптасуындағы көзқарастар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Экономикалық теорияның қалыптасуындағы көзқарастар
  3. Экономикалық теорияның даму кезеңдері
  4. Қорытынды
  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Экономикалық ілім - ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б. д. д. 430-355 ж. ж. ) пен Аристотельдің (б. д. д. 384-322 ж. ж. ) еңбектерінен табуға болады. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.

Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай - ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді.

Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады.

Экономикалық теорияның қалыптасуындағы көзқарастар

Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған.

Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т. б. шешуге талаптанған. Ксенофонт (б. д. д. 430-354 жж. ), Платон (б. д. д. 427-347 жж. ), Аристотель (б. д. д. 384-322 жж. ) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.

Көне Рим ойшылдары Сенека (4-65 б. д. д. жж. ), Лукреций Кар (39~55 б. д. д. жж. ) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. "Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған. Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болды (грекше: "политейя"- қоғам, "ойкос"- үй, шаруашылық, "номос" - заң) . Сонымен. саяси экономия - қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері

«Меркантилизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вилья Стаффорд (1554-1612 ж. ж. ) және Томас Мэн (1571-1641 ж. ж) болып табылады.

Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея алғашқы рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы - Франсуа Кенэ (1694-1774 ж. ж. ) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі - ауыл шаруашылығының енбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623-1687 ж. ж. ), Адам Смит (1723-1790 ж. ж. ) және Давид Рикардо (1772-1823 ж. ж. ) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) болатындығын айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды. Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

Саяси экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете зерттеу негізінде марксизм ілімі қалыптасты. К. Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы. ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сінген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К. Маркстың басты енбегі «Капитал» (1867-ші жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші, 1894 ж. 3-ші томдары жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде жеке олкылықтар да кездеседі. Тарих К. Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу қөрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады.

ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 ж. ж. ), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж. ж. ), Эйген фон Бем- Баверк (1851-1914 ж. ж. ), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882 ж. ж. ) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылык, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық мектептің бірден-бір белгілі теоретигі швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910 ж. ж. ) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, онын негізіне - сұраным мен ұсынымды талдау жатады.

Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ. ғ. ) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К. Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.

Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924ж. ж. ) өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж. ) Деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» ұғымымен пара-парлығын айтты. Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық ғылым жаңа зерттеулермен толықтырылды. Осы зерттеулер дамыған елдерге кең тараған және «Экономикс» (авторлары П. Самуэльсон, Кэмпбелл, Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю және басқалары) типтес оқулықтарда баяндалды. Альфред Маршаллдың шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар көлеміндегі өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашты.

Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс болып табылады. Оның басты енбегі - «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құткарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж. М. Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты.

Кейнсиандық мектеп - ХХ ғасыр (Дж. Кейнс) . Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А. Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады.

«Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 ж. ж. ) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж. ж. ) Германиядан - Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж. ж. ) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы - экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Эволюциялық биология
Дарвиннің эволюциясы
Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Б. Эльконин бойынша тұлға дамуы
Саясаттанудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz