Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Ақшаның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 Ақша теорияларына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Ақшаның металдық теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Ақшаның сандық теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі даму деңгейі табылады.
Берілген курстық жұмысының мақсаты-ақша теорияларының қалыптасу тарихын неғұрлым кең ауқымда қарастырып, оның бүгінгі таңдағы жағдайын анықтау.
Осыған байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер қойылады:
ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәнін ашып, оның даму тарихын қарастыру;
Ақшаның атақаратын қызметтерін талдау;
Ақшаның түрлеріне шол жасау;
Ақшаның сандық теориясына сипаттама беру.
ҚР-ғы сандық теориясының даму.
Берілген курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімімен тұрады.
Атап айтқанда негізгі бөлімінің бірінші тарауы «Ақшаның шығу тарихы мен мәні» деп белігіленіп, онда ақшаның даму тарихы, ақшаның атқаратын қызметтері мен ақшаның түрлеріне сипаттама берілген болатын.
Берілген курстық жұмысты жазу барысында ақша теорияларын кең ауқымда зерттеген экономика ғылымдарының мамандары Ғ.С. Сейітқасымов, С.Б. Мақыш, Б.А. Кошенова, Е.Ф.Жукова, Э. Дж. Долланның еңбектеріне сүйеніп, мерзімді басылым беттеріндегі соңғы мәліметтерді қарастырған болатынбыз.

Пайданылған әдебиеттер тізімі
1. Антонов Н.Г., Пессель М.А. Денежное обращение, кредит и банки-М., 1995
2. Ақша, қаржы және несие. Оқу құралы-Қарағанды, 2002ж.
3. Бунина М.К. Деньги. Банки. Валюта: Учебное пособие-М., 1994г.
4. Балабанова И.Т. под ред. Банки и банковское дело, СПб., 2003г.
5. Банковский портфель т.1.-М., 1994г.
6. Вусов В. Деньги. Денежное обращение. Инфляция: учебное пособие для вузов-М., 1999г.
7. Жуков Е.Ф. под ред. Общая теория денег и кредита, М., 1998г.
8. Жуков Е.Ф. под ред. Деньги, кредит, банки, М., 2003г.
9. Кошенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары-А., 2000ж
10. «Қазақстан Республикасының банктері және банк қызметі туралы» ҚР Заңы. 31.03.1995ж
11. Лаврушина О.И. Деньги, кредит, банки, М., 1999г.
12. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, А., 2004ж.
13. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер., А. Экономика, 2001ж.
14. Уткин Э.А. Словарь банковских терминов., М.,1997г.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі
мәні ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Ақшаның даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2 Ақша теорияларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20
2.1 Ақшаның металдық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20
2.2 Ақшаның номиналистік
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Ақшаның сандық

... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30
Кіріспе
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде.
Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша
теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа
қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының
қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің
шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының
актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі
даму деңгейі табылады.
Берілген курстық жұмысының мақсаты-ақша теорияларының қалыптасу тарихын
неғұрлым кең ауқымда қарастырып, оның бүгінгі таңдағы жағдайын анықтау.
Осыған байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер қойылады:
◆ ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәнін ашып, оның даму
тарихын қарастыру;
◆ Ақшаның атақаратын қызметтерін талдау;
◆ Ақшаның түрлеріне шол жасау;
◆ Ақшаның сандық теориясына сипаттама беру.
◆ ҚР-ғы сандық теориясының даму.
Берілген курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім екі
тараудан , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімімен тұрады.
Атап айтқанда негізгі бөлімінің бірінші тарауы Ақшаның шығу тарихы мен
мәні деп белігіленіп, онда ақшаның даму тарихы, ақшаның атқаратын
қызметтері мен ақшаның түрлеріне сипаттама берілген болатын.
Берілген курстық жұмысты жазу барысында ақша теорияларын кең ауқымда
зерттеген экономика ғылымдарының мамандары Ғ.С. Сейітқасымов, С.Б. Мақыш,
Б.А. Кошенова, Е.Ф.Жукова, Э. Дж. Долланның еңбектеріне сүйеніп, мерзімді
басылым беттеріндегі соңғы мәліметтерді қарастырған болатынбыз.
1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
1.1 Ақшаның түсінігі және даму тарихы
Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде
ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
• жалпыға тікелей айырбасталу;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін
көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектеледі.
Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып
алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты,
жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдалланудың көлемі едуәір
кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізуіменен байланысты емес, ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік
ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің
олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонтезациялануы аяқталып,
ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды
толығымен тоқтатты. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немес жайлаңқы
формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде
жүреді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді
екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай
демоентезациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін
орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және
қорлану құралы болып, алтын белгілері-(қағаздай белгілері) қағаз және несие
ақшалар қызмет атақарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр
десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап береді. Ақша- тауарлы
өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың
ақшаның пайда болуына, оның қолданылуының өрістеуіне әсер ету жағдайларын
тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде бксқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам
еңбек нәтижесі-өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі-
тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі,
немесе тауар –еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен
өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтынуы үшін жұмсалса, онда еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен,
етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі-
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие
бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиетті тауардың тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны- тауарды
өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда
ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың
тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетіне шығады да, ал
басқа тауарларға айрбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әр бір тауар
өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады.
Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның
айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам
еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өнделмеген тың жер, өзендер
мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз-
тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі-еңбек.
Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір
жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнім құн ете алмайды.
Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі-бір
қоғамдық жағдай болуы қажет- ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар,
оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің
ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа
тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді.
Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап
байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта- нарықта, айырбас кезінде
байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Капитал сөзінің шығуы малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл
сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын
көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланады. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік
Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы
құндық эквивалент ретінде қолданылады. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте,
Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен,
хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты
құралдарының бірі болды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б.
Көлемі түймедей ақшыл-қызғұлт бақалшақ Кари көптеп таралды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады.
Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске
ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір
тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең
арзаны- қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат- қызыл түсті
(ронго) пайдаланды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменінің тасын еске
түсіреді.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестіріледі.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері-зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,
құйма және т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана басталды. Ежелгі Спартта,
Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі
ақшалар пайдаланылды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде
пайдаланылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар-біркелкі, төзімді, ұсақталынады,
және т.б.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып
тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.
Бірақ б.э. дейін ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола
бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт
стерлинг, ливр, марка салмақ бірліктері атауымен аталады.
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері, олардың мазмұны
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі неліктен? Ол ақшаның тауар
өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы
қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын
өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралдары
қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі.
Ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық
өндіріс кезінде тікелей құнының көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны
тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен көрінеді. Алайда
тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керсінше толық құнды ақшаны
қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана
айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін
себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады.
Тек өз құны бар тауарлар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи
өлшемін емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді. Сонымен, ақшаның
бірінші атқаратын қызметі ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар
құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ.
Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағыяғни ойдағы ақша
ретінде орындайды, себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан
бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін
тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда
ақша ұстап тұру қажеті жоқ. Себебі, еңбек өнімі ойда бағаланады.
Тауарлардың ақша болып көрінетін құны – тауар бағасы. Баға деген құнның
ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау
керек делік. Яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін
баға масштабын қолдану керек. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде
мемлекет белгілеген белгілі бір металдың мөлшері мен массасын айтады.
Алғашқы монета соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл
ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты ақша масштабы
ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметінің баға масштабының арасында
айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі- ол ақшаның экономикалық қызметі.
Яғни құн өнімді шығаруға кеткен еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы
тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды
түрде бекіткен құқықтық сипаттағы техникалық құрал. Тауардың мемлекет
бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан метал ақша айналымы
кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятының
айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделік
жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Сонын негізінде ақшаның құн өлшемі
қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі-айналым құралы.
Басқаша айтқанда тауарлардың бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауарлар айырбастау
тауар айналыс формасына айналды. Бұнда екі акті бар. Біріншісі, ол тауарды
сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі, ақшаға басқа қажетті
тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды білдіреді. Ақшаның бұл
қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда,
біріншіден, ТА процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін
қоғам таныды деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, бір нарықта тауарды
сатып, басқа бір нарықта керекті тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып, керек тауарды сатып алуды кейінге
қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып,
түйісіп, біртұтас тауар айналысы процесін құрайды. Осы процестер барысында
ақша бірініші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп, ақша
айналысын құрайды. Сөйтіп ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу,
сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
• Тауар мен ақшаның бір-біріне қарсы қозғалысы;
• Бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындалуы;
• Бұл қызметіін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде
шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақтыақша материалы емес, оның
орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.
Демек, ақшаның айырбас құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар
ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін
кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызады. Ол
үшін нақты ақша алтынның символы ретінде кем бағалы монеталар мен қағаз,
несие ақшаларының тауар айырбасында қолданылуына қоғамдық кепілдік беріп,
адамдар мойындауы қажет. Сонын нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше
белгілерімен куәландырылған ұлттық айналысқа ұлттық ақшалар мен майда
монеталар пайда болды. Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша
мөлшері сатылатын тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты
анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша
қажет. Егер де айналымдағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда
айналымдағы кем бағалы ақша құнсыздалады. Оны ғылым тілінде инфляция деп
атайды. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу
уақытымен сәйкес келе бермейді, төлемді кешіктіре отырып сатылған
тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы
тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек бұл
тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы, несие
беруді, ал сатып алушы борышқор деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына
сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтілгенде ақша төлем
құралы қызметін атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп
қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет
көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:
• Тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
• Еңбек ақы, зейнет ақы, шәкірт ақы, жәрдем ақы төлеу;
• Мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
• Банктік, мемлекеттік тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу
• Сақтандыру міндеттемелерін өтеу;
• Құқықтық сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Ақшаның төлем құралы қызметтінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктері
бұл қызметінде ақша сатып алу сату процестерін аяқтайды және қолма қол
ақшамен қатар несие ақшалары жүреді. Дамыған нарық жағдайында ірі сауда
келісімдерінде ақша көбінесе төлем құралы ретінде қолданылады. Ақша төлем
құралы қызметін орындауға байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни
ақша айналысы заңы толық мәңге ие болады. Атап айтқанда тауар несиеге
сатылғанда айналысқа қолма қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек
ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін
айналымғаақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара
өтілетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз
міндеттемелері бойынша уақытында төлемдер түспесе, онда ол төлемеушіліктің
тізіміне іліктіреді. Сөйтіп ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары
мен несие жүйесін дамытты. Ол алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір
айғағы.
Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның
айналыс және төлем құралдарын қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде
белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әртүрлі жағдайларға байланысты
тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да
тоқтап белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Тауар
айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп
отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша мөлшерін қосып, кейде
керсінше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие
ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың
жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне кәсіпорындардың,
ұйымдардың банктердегі есеп және дипозиттік шоттарындағы ақша
қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар. Ал екіншісіне халықтың
банктердегі мемлекеттік облигациялардағы және тағы басқа салымдары
түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың
жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп
елдің ішкі қажеттілігін өтеуге толық құны жоқ ақша, яғни қолма қол ақша
және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы. Шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы, тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып,
әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар
ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-
саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге
дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл
нарықта ақша өзінің ұлттық мундирын шешіп, яғни алтын құймасы формасында
айналысқа түседі. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек
алтынға бекітті. Сол кезде алтын дүниежүзілік ақша ретінде таңылып, үш
түрлі бағытта қолданылуда. Атап айтқанда:
• Бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы
ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда
қолданылады;
• Бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу
құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып
алғанда жүреді;
• Қоғамдық байлықты материаландыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты
бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде
депрпция зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.
Айта кетеін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша
белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту
жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.
Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілеренің дүниежүзілік ақша ретінде
қолданылуының себептері:
Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында
жоғарғы үлесті салмағы бар.
Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге
мүмкіндігі бар.
1.3. Ақшаның түрлері мен оның қазіргі формалары
Ақшаның айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яни ақша біртекті масса
болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен
бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз- ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша
өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар,
қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді толық құнды ақшалар және
толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен
сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, сонын ішінде: мыстан, күмістен, алтын
жасалғандар жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған монета түріндегі
формасы. Бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы
реверс және гурт деп аталады. Алтын айналысына бірқатар елдерде ХХ ғасырдың
екінші жартысында бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды,
өзінің орталарымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективтік қажеттіліктері болған:
• Алтын өндірі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
• Жоғарғы құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады;
• Алтын стандарты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Алтын айналысы не ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz