Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси құқықтық ілімдер



Жоспар
Кіріспе.
1. Қайта өрлеу дәуірінің өкілі Н.Макиавелли
2. XVI ғасырда Батыс және Орталық Еуропада Реформация үдерісі.
Қорытынды.
Пайдалған әдебиет.
Кіріспе
Қайта өрлеу және Реформация кезеңдерінің алдындағы тарихқа аз-маз тоқталып өтейік. XVI ғасырдағы Еуропада барлық жерде құқықтық теңсіздік, феодалдық тәуелділік, қоғамның сословиелік бөлінушілігі орын алды.
Идеология, ғылым, өнер, философия толықтай діңге тәуелді болды.
Сондықтан көбінесе жаңа идеялар мен көзқарастар діңді тазарту, шынайлыққа, діни басқарушылықтың кесірінен бүлінген бастапқы христиандыққа, қайта оралу ұранымен әрекет ететін. Католик шіркеуінің өзіне қарсы шығу Киелі жазбаға сілтеме жасау арқылы іске асатын. Бәрінен бұрын, Библиядан теңдік идеялары, сословиелік иерархиясыз және қанаушылықсыз мыңжылдық патшалық идеялары алынатыны.
Қайта өрлеу (франц. – Renaissance - ренессанс) мәдениеті мен идеологиясы антика әлемінің, яғни Ертедегі Грекия мен Ертедегі Римнің мәдениті мен ғылымын қайта жандандыру идеясына негізделген. Ең алдымен қалқан болып гуманизм мәселесі көтерілді. Қайта өрлеу кезеніңде схолистиканы (Киелі жазбаларды зерттеуді) адамның ( грек. - homo) өзін, оның психологиясын, моралін, физиологиясын, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттеуге ауыстыруға ұмтылу айқын байқалды.
Зайырлы ғылымдар Құдайды, оның біздің әлемдегі көрінуін емес, адам мен қоғамды зерттеді. Олар схолистиканы емес, бақылау мен тәжірибе жасауды, ұтымды ойлауды пайдаланды.
Сөйтіп, Реформация – католик шіркеуі реформаларының үдерісі пайда болды. Бұл ағымның өкілдері иерархиясыз және күрделі әдет-ғұрыптарсыз бастапқы христиандыққа жүгінді. Ренессанс антика мәдениетін қайта жандандыруға байланысты болып еді ғой, өйткені философия мен ғылым тұтастай әлі діннің күшті ықпалына ұшырамай тұрған антика дәуірінде адам жамандық пен күнәқарлықты шоғынландырушы болып табылады деген түсінік қалыптаспағаны.
Нақ осы Қайта өрлеу мен Реформация кезеңі (XVI ғасыр) Шығыс пен Батыс бір-бірімен түбегейлі ажыраған аралыққы тап келді. Бұл жерде географиялық шекара туралы емес, ең алдымен саяси ғылыми даму кезеңі туралы сөз болып отыр. Егер Шығыс схоластиканы дамыту және терең зерттеу жолымен кетсе, - ал Батыс рационализм және зайырлы ғылымдарды өркендету жолына түсті. XIV-XV ғасырларға дейін аталған аймақтардағы елдердің экономикалық, саяси және мәдени дамуының арасында маңызды айырмашылықтар болмағанын айтуға болады.
Қолданылған әдебиет
С.И.Алимов. – Алматы: «Бастау» баспасы. – 2011. – 288 бет
Құқықтық және саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қайта өрлеу және Реформация кезеңдерінің алдындағы тарихқа аз-маз
тоқталып өтейік. XVI ғасырдағы Еуропада барлық жерде құқықтық теңсіздік,
феодалдық тәуелділік, қоғамның сословиелік бөлінушілігі орын алды.
Идеология, ғылым, өнер, философия толықтай діңге тәуелді болды.
Сондықтан көбінесе жаңа идеялар мен көзқарастар діңді тазарту,
шынайлыққа, діни басқарушылықтың кесірінен бүлінген бастапқы христиандыққа,
қайта оралу ұранымен әрекет ететін. Католик шіркеуінің өзіне қарсы шығу
Киелі жазбаға сілтеме жасау арқылы іске асатын. Бәрінен бұрын, Библиядан
теңдік идеялары, сословиелік иерархиясыз және қанаушылықсыз мыңжылдық
патшалық идеялары алынатыны.
Қайта өрлеу (франц. – Renaissance - ренессанс) мәдениеті мен
идеологиясы антика әлемінің, яғни Ертедегі Грекия мен Ертедегі Римнің
мәдениті мен ғылымын қайта жандандыру идеясына негізделген. Ең алдымен
қалқан болып гуманизм мәселесі көтерілді. Қайта өрлеу кезеніңде
схолистиканы (Киелі жазбаларды зерттеуді) адамның ( грек. - homo) өзін,
оның психологиясын, моралін, физиологиясын, қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынасын зерттеуге ауыстыруға ұмтылу айқын байқалды.
Зайырлы ғылымдар Құдайды, оның біздің әлемдегі көрінуін емес, адам мен
қоғамды зерттеді. Олар схолистиканы емес, бақылау мен тәжірибе жасауды,
ұтымды ойлауды пайдаланды.
Сөйтіп, Реформация – католик шіркеуі реформаларының үдерісі пайда
болды. Бұл ағымның өкілдері иерархиясыз және күрделі әдет-ғұрыптарсыз
бастапқы христиандыққа жүгінді. Ренессанс антика мәдениетін қайта
жандандыруға байланысты болып еді ғой, өйткені философия мен ғылым тұтастай
әлі діннің күшті ықпалына ұшырамай тұрған антика дәуірінде адам жамандық
пен күнәқарлықты шоғынландырушы болып табылады деген түсінік
қалыптаспағаны.
Нақ осы Қайта өрлеу мен Реформация кезеңі (XVI ғасыр) Шығыс пен Батыс
бір-бірімен түбегейлі ажыраған аралыққы тап келді. Бұл жерде географиялық
шекара туралы емес, ең алдымен саяси ғылыми даму кезеңі туралы сөз болып
отыр. Егер Шығыс схоластиканы дамыту және терең зерттеу жолымен кетсе, - ал
Батыс рационализм және зайырлы ғылымдарды өркендету жолына түсті. XIV-XV
ғасырларға дейін аталған аймақтардағы елдердің экономикалық, саяси және
мәдени дамуының арасында маңызды айырмашылықтар болмағанын айтуға болады.

1. Николло Макиавелли (1469-1527 жж)
Қайта өрлеу дәуірінің алғашқы және ең көрнекті ойшылдарының бірі деп
Никколо Макиавеллиді айта аламыз.
Ол Флоренция республикасында (Италия көптеген мемлекеттерге ыдырап
кеткен кезеңде) лауазымды тұлға болған. Ол өмір сүрген және қызмет еткен
уақытта Америкаға сауда-саттық жолдар ашылуына байланысты Италия тоқырауға
тап болған еді. Оған дейін Солтүстік Италия мемлекеттері Шығыс Арабия
арқылы Үндістан және Қытаймен сауда-саттықты өз қолдарында ұстап тұрғаны.
Осы сауда-саттықтың есебінен олар дамып, баюға қол жеткізді.Н.Макиавелли,
бәрінен бұрын, Патша атты кітабында баяндалған негізгі үш идеясымен
танылды.
А) Әдістемесінің (методология) көмегімен ол өзінің саяси ілімін
теологиядан (дін ілімінен) азат етуге тырысты. Н.Макиавелли саясаттың адам
қызметінің ерекше саласы екенін, оның өз заңдары болатынын,ал оларды
зерттеу және пайдалану керектігін, саясатты Киелі жазбадан шығарудың қажет
еместігін жазды. Оның ілімі онымен замандас мемлекеттердің,антика дәуірі
мемлекеттерінің қызметін зерттеп білуге,мемлекеттік қызметке қатысушылардың
мүдделері мен ұмтылыстарын зерттеп білуге негізделген. Саяси үдерістерді
түсіну – адамдардың өздерін, олардың іс-әрекеттері мен психологиясын
түсінуге жатқанына ол басты назар аударды.
Адамдарды басқару үшін, олардың іс-әрекеттері мен ұмтылыстарының
себептерін білу керек. Біріншісінің де, екіншісінің де негізінде мүдде
жатқаны анық.
Сол себепті мемлекеттік құрылысты және оның жұмыс атқаруын зерттеп
білу адамның табиғатын,оның психологиясы мен қызығушылықтарын зерттеп
білуге негізделуге тиіс.
Мемлекет,Н.Макиавелли бойынша, ол - мемлекет пен оның бағыныштылары
арасындағы белгілі бір қарым-қатынастар және өз қызметінде қорқынышқа
немесе сүйіспеншілікке сүйене алады. Бастысы, - деп жазады ол, - қорқыныш
өшпенділікке, ал сүйіспеншілік жеккөрушілікке ұласпауы керек.
Билік өзінің тұрлаулы болуы үшін, адамның екі психологиялық
ерекшелігін ескеруге тиіс, олар:
- меншікке деген сүйіспеншілік;
- байлыққа ұмтылу.
Билік үшін ең қауіптісі, Н.Макиавеллидің пікірінше, қарамағындағы
бағыныштыларының тіпті өміріне де емес, олардың меншігіне қолсұғушылық
болып саналады. Ол: Адамдарды не аялау керек, не құртып тыну керек,
өйткені адамның үлкен жамандық үшін емес, азғантай жамандық үшін-ақ кек
алуы мүмкін, - деп жазған-ды.
Сөйтіп, ол мемлекеттің басты міндеті бағыныштылардың меншігін
қорғаудан көрді.
Оның даңқын шығарған екінші идеясы моральдық тұрғыда мақсатқа
сәйкестілік дотринасы болды.
Н. Макиавелли саясатты моральдан ажыратып қана қоймай, оларды бір-
біріне тікелей қарсы қояды. Саясатта оның пікірі бойынша, адамдардың
арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін мораль нормаларына ұқсамайтын
ерекше ережелер әрекет етеді. Саясаткерлердің қызметі мораль тұрғысынан
емес, істеген істерінің нәтижелері бойынша бағалануы тиіс. Саяси
қайраткердің басты мақсаты ол біртұтас, мықты, ұлттық мемлекет құрудан
көрінді.
Оның сіңірген еңбегінің үшіншісі саяси республиканизм теориясы болды.

Н. Макиавеллидің пікірі бойынша, біртұтас мемлекет құру үшін, сондай-ақ
төтенше жағдайларда қатаң бір билік болуы керек. Бірақ мемлекет қалыпқа
келгенде, яғни істер жайымен атқарылып жатқанда, дара билік – ол –
бақытсыздық, өйткені билеушілерді де, бағыныштыларды да тез бұзады.
Сондықтан қалыпты жағдайларда халықты билеудің ең жақсы түрі – сайлау
арқылы келетін, яғни республикалық, жақсы әзірленген, ал ең бастысы – іс
жүзінде қолданылатын заңдарға негізделген билік. Ол: Халық ешкім де,ешбір
жағдайда өзіне берілген заңдарды бұзбайтынын көрген кезде, ол аз уақыттың
ішінде-ақ жайбарақат және ризашылықпен лайықты өмір сүре бастайды,- деп
жазды.
Сөйтіп, Н.Макиавеллидәң маңызды қызметтерінің бірі саясатты дінның
ықпалынан шығарып, оны ғылымдардың мейлінше дербес, зайырлы саласына
айналдырғаны болды.
2. XVI ғасырда Батыс және Орталық Еуропада Реформация үдерісі.
XVI ғасырда Батыс және Орталық Еуропада Реформация үдерісі деп аталған
үдеріс орын алды. Ол католик шіркеуінің реформасын қуаттаған қозғалыс еді.
Реформацияның ірі теорияшыларының бірі Виттенберг университетінің
профессоры,дін ілімінің докторы Мартин Лютер болды.
1517 жылғы қазаның 31-інде ол өзінің ғибадатханасының есігіне сол
кезде-ақ жұрт танып үлгірген 95 тезисті іліп,католик шіркеуінде орын алып
отырған тәртіпке ашық қарсылық білдірді. Ол шынайы сенімге, яғни Киелі
жазбада жазылғанға қайтып оралуға үндейді.
Оның тезистерінің негізгі қағидалары төмендегілер болып табылады:
- көпшілік салт-ғұрыптар мен қызметтер (шіркеудегі) Киелі жазбаға
негізделмеген;
- Киелі жазба ғана сенімнің бастауы бола алады.
- Библияның мәтінінде расталатынның барлығы – қасиетті, онда жоқ нәрсе сын
тұрғысынан қайта қаралуы керек;
- Зайырлы және діни биліктің бір-біріне тәуелді еместігі негізделуге тиіс.
Құдайдың Өзі екі: сенушілер үшін – діни ( шіркеулік ) және қатыгездер
үшін зайырлы билік болуын белгілеген. Шынайы сенуші құқыққа да,
мемлекетке де мұқтаж емес. Бірақ ондай адамдар азшылықты құрайды.
Сондықтан адамдардың қозғамдастығында бейбітшілікті сақтау үшін,
мемлекет пен құқық қажет. Шынайы сенушінің зайырлы мемлекетте қызмет етуіне
болады – бастысы, ол қызмет өз мақсатын көздемеуге тиіс. М.Лютер: Бүкіл
әлем қатыгез болғандықтан және мыңдардың ішінен бір ғана шынайы христиан
табылатындықтан, адамдар бір-бірлерін жеп қояр еді, ал әйелдер мен
балаларды қорғайтын, тойындыратын және құдайға құлшылық етуге қоятын ешкім
болмай, дүние қаңырап бос қалар еді, - деп жазды;
М.Лютердің идеялары қоғамның сословиелерге бөлінушілігіне, заң
алдындағы теңсіздіктерге қарсы шаруашылық еңбекпен айналысатындар мен
қалалық төменгі таптағылардың қуатты қозғалысына түрткі болды. Шіркеуді ары
қарай реформалауға әрекет жасаған Томас Мюцер (1490-1525жж.) еді. Ол 1524
жылы Германияда орын алған шаруалар көтерілісінің бастамашыларының бірі
болды.
Т.Мюнцердің негізгі идеялары:
- Құдайдың сотын мәсіх ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқыктык ілімдер туралы ақпарат
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ілімдер жайлы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Қайта өрлеу дәуірінің социалистік - утопистік бағыты
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Әлемдік саяси ой тарихы
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Гуманизмнің бастаулары бруно
Пәндер