Мемлекет және азаматтық қоғам


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3-4

І. Мемлекет: түсінігі, ұғымы және белгілері

1. 1 Мемлекеттің пайда болуының жалпы заңдылықтары . . . 4-7

1. 2 Мемлекет ұғымы және белгілері . . . 7-11

ІI. Азаматтық қоғам және оның қағидаларының теориялық негіздері

2. 1 Азаматтық қоғам, оның тарихы, қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары . . . 11-15

2. 2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы . . . 15-18

2. 3 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері . . . 18-21

ІІІ. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің арақатынасы . . . 21-23

3. 1 Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның
перспективалық көрiнiсi . . . 23-25

3. 2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын
дамыту . . . 25-26

Қорытынды . . . 27-28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.

Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.

Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады

Курстық жұмыстың өзектілігі . Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше.

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік - экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам - мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.

Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда «Азаматтық қоғам» бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы) ; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап) ; идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа

Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Мемлекет және азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы және оның қалыптасуы, дамуы бойынша мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін ашу.

Курстық жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына сай, мынадай міндеттер қарастырылады:

  • Мемлекет және азаматтық қоғамның мәнін, түсінігін анықтау;
  • Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру;
  • Мемлекет және азаматтық қоғам идеалын және оны қалыптастыруды зерттеу т. б.

І. Мемлекет: түсінігі, ұғымы және белгілері

1. 1 Мемлекеттің пайда болуының жалпы заңдылықтары

Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері шарушылықпен айналысады. Сөйтіп, терімшіліктен өндіріс шарушылығына ауыса бастайды. Мал бағудан егіншілікке ауысады.

Егіншіліктің нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қолөнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне келесісі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға - мал өнімі, малшыларға - жер өнімі, қолөнершілерге - тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдалдық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.

Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері - терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай, еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.

Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) әлеуметтік билік орын алатын. Мұнай билік, әдетте, ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп еңбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына бірдей болатын, еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық қауым адамдары арасында теңдей етіп бөлінетін, қауымдастардың құқықтары да, міндеттері мен жауапкершіліктері де тең болған.

Рулық қауым, яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем - ру басы, яғни қауым бастығы, ру ағалар кеңесі және қауымдастардың жалпы жиналысынан тұратын. Рулық қауымның болмысына байланысты ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана қауымдастардың жалпы жиналысы шақырылатын болаған. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді талқылауға, оларды шешуге қатысуға хақылы болатын.

Рулық қауымдағы күнделікті мәселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазымға адамдар сайлау арқылы ие болатын.

Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек қана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделеді. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын.

Уақыт өте келе, рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды. өз кезегінде олар әлгі рулар өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер (қариялар) кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лауазым да қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде алмастырылып отыратын және ол лауазым иесіне ешқандай артықшылық бермейтін.

Қоғам дамуының барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп, тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды.

Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгенде, алғашқы қауымдық құрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадай сипаттарды атауға болады:

  1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортақ шаруашылықпен айналысуында қандас туыстастығына, бір аумақта бірлесіп өмір сүруіне сүйенген;
  2. Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдей болған;
  3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтарда некелік қатынастарына тыйым салу «жеті атаға» жеткенге дейін сақталып келген, яғни жақын туыстар түгілі, жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған;
  4. Ру (қауым) өлген адамды барлық барлық қауымдастарға ортақ қабірге жерлейтін болған;
  5. Әрбір рудың (қауымның) өзіне тән атауы болатын;
  6. Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі - көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.

Сонымен, мемлекеттілік кезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін-өзі басқаруға негізделтін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да, сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қарым-қатынастарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында ешқандай артықшылықтарға ие болмаған деп тұжырым жасауға болады.

Неміс ойшылы философ Ф. Энгельс «Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы» деген еңбегінде алғашқы қауымдық құрылысты «алғашқы қауымдық коммунизм», «адамзаттың алтын ғасыры» деп атаған.

Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу рулар мен тайпалардың әлеуметтік-экономикалық бірлігін білдірді және оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету әрекеттерінде орын алды. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығына, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек құралдарына қоғамдық меншіктің болуын және өндірілген қоректі өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына әжептәуір ықпалые тигізді.

Нормалар алғашында «табу» - тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар әдет-ғұрыптарға ұласты. Кейініректе моральдық нормалар пайда бола бастады.

Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Олар ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылды. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру әдет-ғұрыптарын сақтау, орындау міндет пе, әлде құқық па деген сауал ру мүшелрінің ойына кіріп те шықпайтын. Олардың түсінігінше, ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзін-өзі түсінікті жағдай болып саналды.

Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты, еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесмінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді, еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты, артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасылардың меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырын, ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі - жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты, қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда болды. Екінше жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, құлдырады. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады.

Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мелекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы заң - мемлекеттің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.

Мемлекет пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен - теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады.

Сонымен, мемлекет - қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.

1. 2. Мемлекет ұғымы және белгілері

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мо мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мелмлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.

Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.

Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.

Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.

Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттің мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси-бұқаралық қатынасы.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.

Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп - бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.

Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:

- нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;

- жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.

Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:

- құқық шығармашылық;

- құқықты орындаушылық;

- құқықты қорғаушылық.

Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.

Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

- бұқаралық саяси бірлік.

- аппараттық билік.

- легитимдік (заңды деп танылған) билік.

Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т. б.

Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нормативтік актілердің қажеті жоқ.

Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;

- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;

-материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т. б. қүжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;

-әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;

-мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды

жасау;

-мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдар- ының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;

-мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру;

-шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т. б. қызмет істері.

Таптық қоғамдағы саяси биліктің негізгі құралы болып табылатын мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған.

Егер, мемлекетке дейінгі рулық қоғамда билікті ақсақалдар жүргізіп, өмір әдет-ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттің құрылуына орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда болды. Үстем таптың еркін жүзеге асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін қорғау үшін құқық пайда болды. Осылайша, үстем таптың мүддесін қорғау үшін қалыптасқан құқық нормалары бірте-бірте әдет-ғұрыптарды ығыстыра бастайды.

Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстан мемлекет билігін жүзеге асыратын айрықша органдар мен мекемелер жүйесі, яғни басқарудың айрықша қызметін күштеп жүргізетін аппараты болуымен; мемлекет санкция берген белгілі бір нормалар жүйесін бекіткен құқықтың, сондай-ақ осы мемлекеттің юрисдикциясы жүретін белгілі бір аумақтың болуымен де ерекшеленеді. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз - өзі орналасқан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Мемлекеттің пайда болуына орай, адамдар тура мағынасында айтқанда нақты бір аумаққа «байланып қалады». Қондырма ретіндегі мемлекеттің мәні нақты коғамдағы өндірістік қатынастардың тиісті түрлеріне орай айқындалады.

Бүгінгі тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік және қоғамдық істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам кұру болып табылатындығында. Республика Конституциясының 3-бабында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп көрсетілсе, 1-бабында «Қазақстан Республикасы демократиялык, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп атап көрсетілген. Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын ізгілік іргетасының қалануында, яғни азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-ожданы, ар-намысы қорғалатындығында. Бұл - халықтың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде заңның үстем болуы арқылы қол жеткізілетін нәрсе. Ол адамның құқығы мен бостандығын, бейбітшіл азаматтық қоғам құруды және ұлтаралық татулықты, сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын мынадай белгілері болады:

1. Басқарушы билеуші органдарының болуы. Яғни, мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заң шығарушы, заңды атқарушы және сот органдары жатады. Ерекше атап кету жөн, мәжбүрлеу органдары - әскер, полиция, абақты. Осы органдар қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті қамтамасыз ету үшін керек. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын шенеуніктер (мемлекеттік қызметкерлер) болады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады;

2. Халық - мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл т. с. с. ) бөлінеді (ол бірлестік әр елде түрліше аталады) . Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

3. Мемлекет аумағы - мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекет арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байлнысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан, олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болды. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғамының экономикалық жүйесі
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуының теориялық негіздері
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Азаматтық қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
Мемлекет, теориялық негіздері
Құқықтық мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz