Ірі қара шаруашылығы



• Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара
• Ірі қара тұқымдары
• Сүтті бағыттағы тұқымдар
• Етті бағыттығы тұқымдар
• Сиырды күту
• Ірі қараны азықтандыру, Сиырларды азықтандыру нормасы
• Қортынды
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африкаға кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Сиыр, ірі қара, мүйізді ірі қара -- сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілген түрлері бар. Қолға үйретілген Сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африкаға кең тараған. Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті. Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін -- бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) -- баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) -- тайынша, бір жастағы ұрғашысын -- қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын -- құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) -- дөнежін, еркегін -- бұқа, піштірілген еркегін -- өгіз деп атайды. Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6 -- 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 -- 35 жыл, бұқасы 15 -- 20 жыл тіршілік етеді. Сүт бағытындағы Сиырдан 9 -- 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді. Сиырды етке 1,5 -- 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн. Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 -- 10 жыл пайдаланады. Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 -- 10 айлығында, бұқаларда 8 -- 10 айлығында жетіледі. Алайда шағылысқа қашарды 18 -- 22, бұқаны 14 -- 18 айлығында қосады. Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 -- 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады. Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз. Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 -- 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салмағы. 1 -- 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды. Ересек Сиырдың салм. 250 -- 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 -- 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады. Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 -- 400 кг, сүтінің майл. 3,6 -- 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 -- 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 -- 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында. Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 -- 70% аралығында. Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем). Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады. Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі. Бұзау (теленок) - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Б.-ды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Б. бағып-күту өсу кезендеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады. Өмірінің алғашқы 7-10 күндігінде б.-ды енесінің уызымен ауыздандырып, сүтін еміздіреді. Сүтті және сүтті-етті тұкымының б-ын ертерек балауса, пішен, пішендеме, сүрлемді көп жеуге үйретіп, жемді аз беріп өсіреді. Етті бағыттағы тұқымның б.-ын 8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді. Еркек б.-дың жыныстық қабілеті 6-айлығында жетілетіндіктен, осы жастан бастап еркек және ұрғашы б.-ды бөлек бағады. Алғашқы 15-20-күндігінде б. басы шығыны көбінесе іш ауруы мен өкпенің қабынуынан болады. Одан сақтандыру үшін б. ауқымы кең, ауасы таза, құрғақ қорада ұстап, дұрыс азықтандырып, мезгілімен серуендетеді. Ірі қара тұқымдары Негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі. Біздің республикамызда сүтті бағытта қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, латвия буырыл сиыры, қара ала сиыр тұқымы, сүтті-етті бағытта алатау, симменталь тұқымдары, етті бағытта қалмақ сиыры, қазақтың ақбас сиыры, санта-гертруда, галлювей тұқымдары, өсіріледі. Енді соларға қысқаша болса да тоқталып өтейік. . Сүтті бағыттағы тұқымдар Қырдың қызыл сиыры Қырдың қызыл сиыры - сиырдың сүтті асыл тұқымы. 18 ғ-да Запорожье сұр сиырын Остфрисландия бұқаларымен шағылыстыру арқылы алынған. 19 ғ-да Украина жерінде Қырдың Қызыл Сиырын өзара, кейін Ангельн бұқаларымен асылдандырды. Қазақстанда жергілікті тұқымның сиырын қырдың қызыл асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру арқылы жерсіндірілді. Асылдандыру тәсілі сиырдың сүттілігін, сүтінің майлылығын, экстерьерін (жануардың сыртқы дене бітімі) іріктеп таңдау жолымен жүргізілді.

Қырдың Қызыл Сиыры құрғақ континентті ауа-райына бейім келеді. Малдың түсі қызыл, дене тұрқы созылыңқы және сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі, бөксесі едәуір жақсы дамыған, құйымшағы ұзын. Бұлшық еттері, кеудесі, тері асты клетчаткалары орташа дамыған. Артқы жағы жалпақтау әрі түзу және ұзын, ішті келеді. Сирақтары жіңішке, тұяқ бітісі мықты. Асыл тұқымдытарда орташа сүт өнімділігі. 3000 -- 4500 кг, сүтінің майлылығы 3,6 -- 3,8%. Кейбір асыл тұқымдарының сүттілігі 9000-нан 12500 кг-ға дейін жетеді. Сиырының тірілей орташа салмағы. 445 -- 550 кг, ал бұқалары -- 800 -- 1000 кг. Бордақыланған сиырдың үлес салмағы 50 -- 56%. Қырдың қызыл асыл тұқымының бұқасы мен сиырын шағылыстыру арқылы Премьера 357-Н, Злодей 459-Н, Ахмет, Сұлтан 29-Н, Май 3108-Н, Пталина-ДН-709, т.б. линиялары шығарылған. ТМД-да сан жағынан екінші, ал Қазақстанда бірінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі келісті, конституциясы мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті. Сақа сиырлары 420 -- 500 кг, жаңа туылған бұзаулары -- 30 -- 36 кг тартады. Дұрыс азықтардырып өсірген жағдайда олардың салмағы 6 айлығында 160 -- 180 кг, 18 айлағында 320 -- 350 килограмға жетеді. Қазақстан жерінің қуаң да ыстық ауа райына төзімді келеді. Басқа тұқымдармен осы жағдайда салыстырғанда ауруға төзімді, тіршілікке бейім. Әулиеата тұқымы жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен будандастыру жолымен алынды. Тұқымдық аудандастыру жоспары бойынша Қазақстанның оңтүстігіңдегі негізгі тұқым. Басқа тұқымдарға қарағанда ыстыққа, бірқатар ауруларға (приплазмоз, тейлериоз және т. б.) төзімді келеді. Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440 -- 470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26 -- 30 кг тартады. Алты айлықтарында 160 -- 170 килограмға жетеді. Сүттілігі 2500 -- 3000 кг, сүтінің майлылыгы -- 3,9 -- 4,1%.
Латвияның бурыл сиыры республикамыздың Ақмола, Торғай облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа, сүтті мал.Орташа есеппен сүт өнімділігі 4100 кг жылына майлығы 4,3%. Сақа сиыр-ларыңың салмағы 450 -- 520 кг, жаңа туылған бұзауларының сал-мағы 29 -- 37 кг, алты айлықтарында -- 160 -- 180 кг, 12 айлығында -- 250 кг тартады. Конституциясы мықты. Жергілікті латвияның өгіздерімен Данияның және ангел тұқымдарымен будандастыру жолымен шығарылған тұқым.

Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішінде Қазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450 -- 600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35 -- 40 кг. Сүттілігі -- 3500 -- 6000 кг. Бірақ сүтінің майлылығы небары 3,2 -- 3,7%. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы. .Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.

Алатау сиыры жергілікті қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылран мол өнімді тұқымдарға жатады. Басы үлкен, кеудесі терең, жауырыны, арқасы, белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Түсі негізінен бурыл. Желіні орташа дамыған, Сақа сиырларының салмағы 500 -- 550 кг тартады. Сүттілігі -- 2800 -- 3500 кг, сүтінің майлылығы -- 3,8 -- 4,0%. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып, қоңданады. Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53 -- 60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы.

Етті бағыттығы тұқымдар
Симментал тұқымы саны жағынан Қазақстанда екінші орын алады. Негізінен Ертіс өңірінде (Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей облыстары), сонымен қатар Орал облысында, Қостанай және Қостанай облысының бірқатар аудандарында өсіріледі. Дене бітімі әдемі, сүйегі мықты, бұлшық, еттері жақсы дамыған. Желіндері дөңгелек немесе тостаған тәріздес келген ірі мал. Сақа сиырлары 550 -- 600 кг, жаңа туылған бұзаулары 35 -- 45 кг, 6 айлық бұзаулары -- 190 -- 220 кг, 18 айлық баспақтары 440 -- 450 кг, ал өзгешелері 500 -- 600 кг тартады. Сүттілігі 2500 -- 3500 кг, сүтінің майлылығы -- 3,8 -- 4,0%, еті дәмді болады.

Қалмақ сиыры шөл және шөлейт жағдайда әбден бейімделген етті бағыттағы ірі қара өкілі. Конституциясы мықты, тұлғасы кең де терең, бұлшық, еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы 520 -- 550 кг, жаңа туылған бұзаулары 20 -- 25 кг, 8 айлық (етті тұқымдардың төлін енесінен айыратын мерзімі) бұзаулары 200 -- 220 кг тартады. Сүттілігі 1100 -- 1500 кг, сүтінің майлылығы 4,1 -- 4,5%. Табиғи жайылымда жақсы жетіліп, сойыс шығымы 55 -- 60 процентке жетеді. Қалмақ сиыры жыл бойы тек табиғи жайылымда жайылуға бейімделген, ыстық пен суыққа өте төзімді. Көшпелі жағдайдың сұрыптауынан өтіп, шыдамдылығы шыңдалған. Қысқа қарай түбіт жүні көбейіп, жазға қарай керісінше түлейді. Сөйтіп түбіт жүнінің орнына қылшық жүні шығады. Терісі қалың болғандықтан шыбын-шіркей, масадан зәбір көрмейді. Өйткені шыбын-шіркейдің тұмсығы теріні тескенмен қан тамырларына жетпейді. Осыдан барып қан арқылы тарайтын ауруларға шалдықпайды. Сақа сиырларының салмағы 350 -- 550 кг, бұқаларыныкі -- 800 -- 850 кг. Бұзаулары баяу өседі. 18 айлық өгізшелер 400 -- 450 кг, тайынша-қашарлары 340 кг тартады. Сойыс шығымы 60 -- 65 процент. Республикамыздың батыс және оңтүстік облыстарында өсіруге болады.

Қазақтың ақ бас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолымен сұрыптап алынған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың май жинауға бейім. Жазда ыстыкқа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы 500 -- 550 кг, жаңа туылғанн бұзауларының салмағы -- 27 -- 30 кг тартады. 8 ай енесін еміп өскенде . 220 -- 240 килограмға жетеді. Сүттілігі -- 1250 -- 1500 кг, сүтінің майлылығы 3,8 -- 4,0%. Табиғи жайылымда өте тез жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді. Сойыс шығымы 55 -- 65 процентке жетеді.

Санта-гертруда тұқымы Алматы, Қызылорда, Талдықорган, облысының шаруашылықтарында шоғырланған. Тез жетілгіш етті бағыттағы ірі қара. Еттілік белгілері жақсы дамыған, ірі. Сақа сиырлары 550 -- 600 кг, жаңа туылған бұзаулары 29 -- 30 кг, 8 ай-лығында 220 -- 240 кг тартады. Сойыс шығымы 60 -- 65 процентке жетеді. Галловей малы 60 -- 70 жылдар аралығында Англиядан сатып алынған, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарына шоғырландырылған. Қара түсті келеді. ұзын жүні (20 см) тығыз, мұқыл (мүйізсіз) мал. Конституциясы өте мьқты, ұзақ тіршілік етеді. Ұзын жүні қатты аяздардан жақсы қорғайтындықтан жыл бойы биік таулы жайылымдарда баққан пайдалы. Сақа сиырлары 450 -- 500 кг, жаңа туылған бұзаулары 24 -- 27 кг, 8 айында 180 -- 220 кг тартады. Сойыс шығымы 58 -- 60%. Еті өте дәмді де құнарлы.

Сиырды күту. Сиырдың өнімділігі оны ұстайтын қораның дұрыс салынуына да байланысты. Сиыр қорасы малға қажетті жағдай туғызуға келетін арзан материалдардан салынады. Ол үш бөлімнен -- сиыр қора, азық сақтайтын бөлме және көң жинайтын лапастан тұрады. Құрылыс материалы.ретінде ағаш бөрене, қалың тақтай, кірпіш не саман қолданылады. Қораның аумағы бұзаулы сиырға 6X4 м, биіктігі 2,2 -- 2,4 м болып салынса, оның ішкі аумағында сиырға 2 0 м3, бұзауға 10 м3 келеді де( зоогигиеналық талапқа сай қажетті ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. Егер шаруашылықта бірнеше сиыр болса әр басқа 6 -- 7 м2, ал тана-торпаққа 4 -- 5 м келетіндей етіп жоспарлайды. Дербес шаруашылықта әр түрлі мал өсірілетін болғандықтан оларды орналастыратын мал қораның жоспарын барлық жағдайда келтіріп көрсету қиын. Ол көптеген жағдайларға -- мал түрлеріне, санына, жер ыңғайына және басқа да жеке жайттарға байланысты келеді. Әсіресе малдың таза ауаға шығарылып серуендейтін алаңы, түрлі азықтар жинайтын бөлмелері болуға тиіс. Қора еденінің ағаштан төселгені жақсы.Сонда малға сыз өтпей, көңін жинау жеңілдейді. Егер еден бетоннан болса оған зәр ағатын аралығы бар ағаш, яғни саңылаулы еден төсеген жөн. Дұрысы қатты тапталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара шаруашылығының халық шараушылығында алатын орыны
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Симментал тұқымды малына сипаттама
Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Пәндер