Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны

Т. Молдағалиев - қазіргі таңдағы қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ақын. Ақын 1935 жылы Алматы облысының Жарсу ауылында дүниге келген. Т. Молдағалиев - жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы. Оған “Жалында”, “Балдырғанда” атқарған қызметтері дәлел. Студент кезінің өзінде-ақ “Студент дәптері ” деп аталатын жыр жинағымен халқын қуантып, дарынды ақын атанған. Т. Молдағалиев әр алуан тақырыпта қалам тартқан. Табиғат лирикасына, туған жеріне т. б тақырыпта жазылған өлеңдері сезімге толы.
Ақындықтың абзалы, халқымыздың сүйікті ұлының 70 жасқа толған мерейтойы өткен жылдың қараша айында Республика көлемінде кеңінен аталып өтілді.

Жерлес жазушы, белгілі қаламгер Сәбит Мұқановтың пікірін тыңдау.
Т. Молдағалиевтің жас кезінен аса дарынды, шоқтығы биік ақын болғандығын көреміз.

Әбіш Кекілбаевтың Тұманбай ақын туралы пікірін тыңдау.
Тұманбай ақынның ақ пейіл, сезімтал ақын, бауырмалдық дәріпшісі екендігін “Бауырлар” өлеңінен байқаймыз.

Өлеңді мен бала кезімнен бастап жаздым. Бірақ ол кездегі өлең емес, тек өлеңге еліктеу болатын. Алғаш газет бетін көрген өлеңім 1951 жылы күзде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының «Үлгілі колхоз» дейтін газетіне шықты. Газет редакторы Үсенбай Тастанбеков ағай (қазір Қаскелеңде тұрады) поэзияны жақсы көретін адам екен. Менің аяғын апыл-тапыл басқан балапан жырларымды, махаббат лирикаларымды газетінің бетіне анда-санда болса да басып тұрды. «Келешекте сен ақын боласың» деген сенімге менің жас көңілімді, жас талабымды байлаған да сол ағай еді. Бір күні сол кісіден хат алдым. Ол кісі өз хатында «Тұманбай, сенің ақындық қанатың қатая бастады. Енді өлеңдеріңді облыстық, республикалық әдеби басылымдарға да беруге болатын шығар. Талабыңа нұр жаусын» депті. Содан мен бір өлеңімді сол кезде шыға бастаған, Алматы облыстық «Коммунизм таңы» газетіне жібердім. Бір күні бір достарым газетті қолыма ұстатып, мені құттықтады. Сөйтсем, әлгі «Украина қызына» деген өлеңім «Коммунизм таңының» әдеби бетіне шығыпты.

Сол күндері (бұл - 1951 жылдың сәуір айы еді) біздің университетте әдебиет кеші өтті. Үлкен ғалым ағамыз, оқытушымыз Бейсенбай Кенжебаев баяндама жасады. КазГУ-дың студент ақындары бірінен кейін бірі өлеңдерін оқи бастады. Еркеш Ибраһим, Жәрдем Тоғашов, Нұрғожа Оразов, Тұрап Айдаров, т. б. жас жігіттер өздерінің жаңа жазған жырларын оқыды. Аудитория оларды өте жылы қарсы алды. Жиын бітер тұста менің қасымда отырған курстасым Нұрғали Оразов орнынан көтеріліп: «Мына Тұманбай деген жігіт те өлең жазады. Бірақ өлеңдерін оқуға ұялады. Осы жігіттің де бір-екі өлеңін тыңдасақ қайтеді, жолдастар?» деді. Мен қатты қысылдым. Шегінерге жер қалған жоқ. Сахнаға шығып, бір-екі өлеңімді оқыдым. Соның біреуі жақында ғана жарық көрген «Украина қызына» деген өлең еді. Менің талабымды залда отырғандар өте жылы қабылдады. Е. Ибраһим, Ж. Тоғашовтар сөйлеп, менің болашағымнан үлкен үміт күтетіндерін айтты. Ертесіне бөлмелес достарымның жетелеуімен «Сталин жолына» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас Алаш») өлеңдерімді алып бардым. Ұялып, дірілдеп, әуелі «Қазақстан әйелдерінің» табалдырығынан аттадым. Үлкен бөлмеде екі әйел отыр екен. Неге келгенімді сұрады. Аса қиналып тұрып, журналға өлең әкелгенімді айттым. Есік жақта отырған жас келіншек маған қарай қолын созды. Содан қолына ұстатқан өлеңдерімді оқып көріп жымиды да оларды төрде отырған апайға берді. Ол кісі де оқып шығып, менің жүзіме ұзақ қарады. «Өлеңдеріңді басамыз, қарағым, журналдың 5-санынан күт» деді. Өлеңдерімді алғаш оқыған кісінің аты - Тұрсынхан Әбдірахманова да, ал төрде отырған апай журналдың редакторы Әтина Жәкетова екен. Тұрсынхан апай кейін үлкен ғалым, үлкен ақын болды. Ол кісінің әншілік өнері де сол кездегі радио тыңдармандарының, халықтың құлағында мәңгілік қалды десем, артық айтпағандық болар. Әтина апай да қазақ әйелдерінің арасындағы үлкен журналист, мәдениет қайраткері ретінде ел-жұртының махаббатына бөленді. Ойлап тұрсам, менің ақындық қанатымды қағуыма себепкер болған қазақтың осынау екі қызы екен. Олардың сол шақтағы маған деген мейірімі, маған деген көңілі мені әлі күнге жыр биігіне ұшырып әкеле жатқан сияқты болады. Өзім де ақындық өмірімде сол кісілер сияқты мейірімді болуға тырыстым. Алдыма келген жас талаптардың көңілін қайтарып көрген емеспін. Қолымнан келген көмегімді ешкімнен аяған да жоқпын.

«Тұманбай ақын» ретінде қалыптасуы

- Сол алғашқы өлеңге қанат қаға бастаған тұста қазіргі үлкен ақынымыз Мұзафар ағаның, бақилық болып кеткен, жазушы, ғылым докторы Нығмет Ғабдуллиннің, академик ағамыз Серік Қирабаев, жазушы ағамыз Сансызбай Сарғасқаевтың, ақын ағаларым Ғафу Қайырбеков пен Қабдыкәрім Ыдырысовтың, Қабыкен Мұқышев пен Ізтай Мәмбетовтің, Жұбан Молдағалиев пен Қуандық Шаңғытбаевтың, Сырбай Мәуленовтің, Кәкімжан Қазыбаев, Сапар Байжанов, Тілеген Хайдаров, Мыңбай Рәшев, Бекмұрза Баймахановтардың ағалық қамқорлығын көрдім. Жазушы Мұқан Иманжановпен «Пионер» журналында бірге жұмыс істеп, адамдықтың, адалдықтың, кісіліктің, кішіліктің, адамға деген ұлы махаббаттың мектебінен дәріс алдым. Өз ұғымымдағы қазақтың ұлы ақындары Ә. Тәжібаевтың, Т. Жароковтың, Ж. Саинның, Қ. Аманжоловтың, Д. Әбілевтің, Қ. Бекхожинның, Х. Ерғалиевтің ақындық мектептерінен сабақ алдым. Олардан да ақындық шеберлікті, азаматтықты, елге аянбай қызмет етуді үйрендім. М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, З. Шашкин, Х. Есенжанов ағалар - менің әлі күнге оқып жүрген университеттерім. Абай мен Жамбыл, Махамбет - алыс та жақын, жыр көгіндегі ай-күндерім. Мен алдымнан да, өзімнің соңымнан да көп үйрендім. «Үйреттім» деп айтпаймын, әлі де көп үйренудемін. Қазақтың ұлы поэзиясы, әлем поэзиясы, оның ішінде орыс поэзиясы - менің әрқашан да аялайтын асыл аналарым. Егер Тұманбайды білгісі келетіндер болса, әлем поэзиясынан нәр алған, күндер керуенінен махаббат тапқан, өлеңнің құлы болып жүрген жай бір пенде деп ұғуын тілеймін.
Әлем ән салып тұрады. Сол әнге құлағын үйреткен, сол әнге жүрегімен берілген, жұртының жанынан жақсылық қана іздеген Тұманбай Молдағалиев болатын

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ, Қазақстанның халық жазушысы.

Біз, ақындар, бірімізге біріміз сүйеніп өстік. Алдыңғы ағаларымызды оқып жетілдік. Маған жырға сәт сапарды лирик ақын Қуандық Шаңғытбаев аға берсе, Сабырхан Асанов сәт сапарды ақиық ақын Әбділда Тәжібаев ағаның өзінен алыпты.

Т. Молдағалиев Ғашық жүрек.

Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің "Ғашық жүрек" атты бұл жинағына автордың өткен ғасырдың 50-жылдарынан бері казақгың өйгілі сазгерлерінің әндерімен бірге калың жұртшылықтың жүрегін терең баулап алған ән өлеңцері топтастырьшьш отыр. Халқымыздың поэзия төрінен кеңінен орьш тапкдн ақьш шығармашылығы - өзінің әндерге қосыльш жазылған өлендері келіп қосьшғанда - түгас бір телегей-теңіз дәрияға айналады. Ақынның осы өлеңдері енді өн-дәрия болып өз окырмандарына бет алды. Бұл кітап жүрегі ән мен жырға бөленген қалың жүртшылыкка арналды.

Ол бір ретіне қарай айтылған сөз ғой . . . Негізі, мені «жастықтың ақыны» десеңдер, сол әлдеқайда жарасады.

. . . Өлеңді мен бала кезімнен бастап жаздым. Бірақ ол кездегі өлең емес, тек өлеңге еліктеу болатын. Алғаш газет бетін көрген өлеңім 1951 жылы күзде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының «Үлгілі колхоз» дейтін газетіне шықты. Газет редакторы Үсенбай Тастанбеков ағай (қазір Қаскелеңде тұрады) поэзияны жақсы көретін адам екен. Менің аяғын апыл-тапыл басқан балапан жырларымды, махаббат лирикаларымды газетінің бетіне анда-санда болса да басып тұрды. «Келешекте сен ақын боласың» деген сенімге менің жас көңілімді, жас талабымды байлаған да сол ағай еді. Бір күні сол кісіден хат алдым. Ол кісі өз хатында «Тұманбай, сенің ақындық қанатың қатая бастады. Енді өлеңдеріңді облыстық, республикалық әдеби басылымдарға да беруге болатын шығар. Талабыңа нұр жаусын» депті. Содан мен бір өлеңімді сол кезде шыға бастаған, Алматы облыстық «Коммунизм таңы» газетіне жібердім. Бір күні бір достарым газетті қолыма ұстатып, мені құттықтады. Сөйтсем, әлгі «Украина қызына» деген өлеңім «Коммунизм таңының» әдеби бетіне шығыпты.

Сол күндері (бұл - 1951 жылдың сәуір айы еді) біздің университетте әдебиет кеші өтті. Жиын бітер тұста менің қасымда отырған курстасым Нұрғали Оразов орнынан көтеріліп: «Мына Тұманбай деген жігіт те өлең жазады. Бірақ өлеңдерін оқуға ұялады. Осы жігіттің де бір-екі өлеңін тыңдасақ қайтеді, жолдастар?» деді. Мен қатты қысылдым. Шегінерге жер қалған жоқ. Сахнаға шығып, бір-екі өлеңімді оқыдым. Соның біреуі жақында ғана жарық көрген «Украина қызына» деген өлең еді. Менің талабымды залда отырғандар өте жылы қабылдады. Cодан кейін «Сталин жолына» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), «Лениншіл жасқа» атты өлеңдерім шықты .

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз… (бірінші тармағынан шыққан атау) - 1993-2006 жж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ретінде қолданған ән.

1993 ж. бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ретінде қолданған.

2006 ж. қаңтар айынан бастап Менің Қазақстаным әнінің жаңа нұсқасы әнұран етіп қабылданды.

Сазын 1944 ж. Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди сазшылар жазған.

Сөзін 1992 ж. Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева ақындар ұсынған.

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдын тезінен, тозақтын өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты - халықта,
Халыктың қуаты - бірлікте!

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі -
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтын даласы!

Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!

Менің елім - менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ… Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде, шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.

Отансүйгіштік - рухтың аса бір қасиетті тірегі демекші, Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен жалғасып жатыр. Президентіміз ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үлгісіне сай айқындалған. Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету», - деп жазды.

Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кешпеді, не өткермеді? Екі жүз жылдық жоңғар-қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай сынды қас батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай аталарымыз халықты озық елдер қатарынан қалыспауға, білімге шақырса, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Мағжан Жұмабаев сияқты халық ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысты.

Сен үшін, Отан, сертім сол -

Неден де болса тайынбан!

Киелі менің өрісім

Барлығы-дағы сен үшін, -деген М. Мақатаевтың өлең жолдары осыны дәлелдейді.

«Отан үшін отқа түс - күймейсің», -деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз! Әрине, біз, кейінгі ұрпақ, халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз. Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз орнықты, аспан түстес көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп, Әнұранымыз асқақтата шырқалуда.

Алғашқы жылдардағы аласапыран тірлік қалыпты өмірге ұласты. Халқымыз өтпелі кезеңнен абыройлы өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Көркем әдебиет стиліндегі фигуралар
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Стилистикалық фигуралардың сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz