Жануарлар гаметогенезі



• Трансгенді жануарлар алу
• Трансгенді жануарлар алудың маңызы
• Генетикалық химерлер алу жолдары.
• Гендерді көшіріп қондыру арқылы трансгенді жануарларды алу жолдары
• Жануарлардың өсуін үдететін стимуляторлар мен модификаторлар
• Өсуі үдетілген трансгенді жануарларды алу
• Қолданылған әдебиеттер
Геномында бөтен ген (немесе гендер) бар жануарлар трансгенді (немесе трансформацияланған) деп аталады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады. Трансгеноз деп генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің жаңа формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды түсінеді. Трансгенді жануарлар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері (тұқымдылығы және өсу қарқындылығы жоғары, вирустық ауруларға төзімді т. б.) бар малдардың, жаңа тұқымдарын алу үшін қолданылуы мүмкін.
Трансгеноз әдісімен бөтен генді эукариоттық жыныс клеткаға енгізіп, оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген іргелі мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады. Бұдан басқа ген жұмысы механизмдерінің түр ерекшелік дәрежесін айқындауға болады. Тасымалданған гендер (трансгендер) жаңа иесінің генетикалық аппаратымен құрылымды әрі функциялы байланысқандықтан бұл процесс in vitro жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға әкеледі, ал бөтен гендерді, тасымалдау тәсілдері клетка және организмдердің генетикалық инженериясының әдістері болып саналады. Басқа жағынан, трансгенді жануарларды алу бойынша жүргізілген ғылыми іргелі зерттеулер мен олардың нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуы арасындағы алшақтық соншалықты емес, демек, осы бағыттағы зертханалық жұмыстарды тек таза теориялық деп қарауға болмайды.
Трансгенді жануарларды алу үшін рекомбинатты гендерді микротүтікше және микрокапиллярлар көмегімен ұрықтанған ооциттің (жұмыртқа клетканың) пронуклеусіне енгізу әдісі кең қолданылады. Трансгеноз әдісі арқылы трансгенді тышқандар алу жақсы зерттелген. Мұның басты себебі болып тышқан ооциттері цитоплазмасының мөлдір болуы саналады. Басқа жануарлардың, соның ішінде малдың ооциттері мөлдір емес, сондықтан рекомбинантты ДНҚ-ны пронуклеуске енгізу өте күрделі және қиын іс. Осыған қарамай, соңғы кезде әр түрлі әдістемелік және техникалық жетілдірулер арқасында трансгенді қой, сиыр, шошқа және қоян алу іске асты (Хаммер және т. б., 1985; Крамер және т. б., 1986; Чёч, 1987).
1.Б.Бегімқұлов Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы, «Білім» 1996 г
2.Дж.Уотсон, Дж.Туз,Д.Курц.Рекомбинантные ДНК.М.Мир, 1986г.
3.А.Сассон Биотехнология: свершения и надежды Москва “Мир” 1987 г.
4.Маниатс Т.Фрич Э.Дж.Сэмбрук. Методы генетической инженерии.Молекулярное клонирование.М.Мир 1984г.
5.Инге-Вечтомов С.Г.Введение в молекулярную генетику.М.Высшая школа,1983г.
6. Интернет ресурстары
7. Джамалова Г.А. Биотехнология животных

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Трансгенді жануарлар алу
Геномында бөтен ген (немесе гендер) бар жануарлар трансгенді (немесе трансформацияланған) деп аталады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады. Трансгеноз деп генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің жаңа формасын алу үшін жасанды жолмен тасымалдауды түсінеді. Трансгенді жануарлар әр түрлі биологиялық активті биотехнологиялық заттарды синтездеу және бағалы белгілері (тұқымдылығы және өсу қарқындылығы жоғары, вирустық ауруларға төзімді т. б.) бар малдардың, жаңа тұқымдарын алу үшін қолданылуы мүмкін.
Трансгеноз әдісімен бөтен генді эукариоттық жыныс клеткаға енгізіп, оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген іргелі мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады. Бұдан басқа ген жұмысы механизмдерінің түр ерекшелік дәрежесін айқындауға болады. Тасымалданған гендер (трансгендер) жаңа иесінің генетикалық аппаратымен құрылымды әрі функциялы байланысқандықтан бұл процесс in vitro жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға әкеледі, ал бөтен гендерді, тасымалдау тәсілдері клетка және организмдердің генетикалық инженериясының әдістері болып саналады. Басқа жағынан, трансгенді жануарларды алу бойынша жүргізілген ғылыми іргелі зерттеулер мен олардың нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуы арасындағы алшақтық соншалықты емес, демек, осы бағыттағы зертханалық жұмыстарды тек таза теориялық деп қарауға болмайды.
Трансгенді жануарларды алу үшін рекомбинатты гендерді микротүтікше және микрокапиллярлар көмегімен ұрықтанған ооциттің (жұмыртқа клетканың) пронуклеусіне енгізу әдісі кең қолданылады. Трансгеноз әдісі арқылы трансгенді тышқандар алу жақсы зерттелген. Мұның басты себебі болып тышқан ооциттері цитоплазмасының мөлдір болуы саналады. Басқа жануарлардың, соның ішінде малдың ооциттері мөлдір емес, сондықтан рекомбинантты ДНҚ-ны пронуклеуске енгізу өте күрделі және қиын іс. Осыған қарамай, соңғы кезде әр түрлі әдістемелік және техникалық жетілдірулер арқасында трансгенді қой, сиыр, шошқа және қоян алу іске асты (Хаммер және т. б., 1985; Крамер және т. б., 1986; Чёч, 1987).
Трансгеноз жұмысы көп жақты және бірнеше сатылардан тұрады. Алдымен, екі пронуклеус (аталық және аналық) сатысындағы зиготаларды алу керек. Бұл үшін синхронды овуляция, уақтылы қолдан ұрықтау немесе шағылыстыру керек, осыдан кейін белгілі уақыт өткеннен кейін зиготаларды хирургиялық жолмен алуға болады. Алынған зиготаларға бөтен ДНҚ-ны енгізбестен бұрын, оны іn vitro жағдайында әр түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы сақтау керек. Енгізу кезінде зиготалар вазелин майының астындағы арнайы ерітіндінің тамшысына орналасады, бұл сұйықтықтың кеуіп кетуінен сақтайды. ДНҚ-ны зиготаға енгізу үшін диаметрі 0,5 -- 2 мкм аралығындағы шыныдан дайындалған микротүтікшелер қолданылады.
Микротүтікшенің көмегімен 0,5 секундтан 2 минут аралығында ең аз дегенде 10[-11] мл ДНҚ-ны зиготаға микроскоптан бақылап енгізеді. Микроинъекциялау процесі зиготалар үшін зақымды, сондықтан олардың біраз мөлшері жойылып кетеді. Микроинъекциядан кейін 2 сағатқа жетпей жарамды зиготаларды (трансгенді) алдын ала, арнайы дайындалған аналық -- реципиенттерге тасымалдайды. Бұл кезеңде де зиготалардың көп мөлшері зақымданады. Аяғында, трансгенді жануарлардың шығуы 1%-ке тең болады. Алайда, мұның өзі трансформация және трансдукциямен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазіргі кезде трансгеноз әдісі көптеген ғылыми зерттеулерде қолдану алды.
Долли қойы алғашқы клондалған жануар
Трансгенді жануарлар алудың маңызы

1.Трансгенді малдарды алу кезеңдері

2.Трансгенді малдарды алудың ғылыми жұмыстары

Трансгеноз әдісі ауыл шаруашылық малдары ішінен алдымен қойда айтарлықтай ғылыми нәтиже берді. Австралия ғалымдары зиготаға өсу гормоны генін микроинъекциялау арқылы әлемде алғаш рет трансгенді қойлар алды (Т. Скотт, 1986). Зерттеушілер тәжірибеде тышқанның металтионеин промоторын қойдың өсу гормонының құрылымды генімен біріктірді. Бес аптадан кейін трансгенді қозыларға мырыштың болмашы мөлшерін енгізгенде рекомбинантты ДНҚ тізбегінің реттеуші бөлігі яғни промоторы активтеліп, соматотропин генінің интенсивті синтезі іске асты. Осының нәтижесінде 2 -- 4 жылдан кейін трансгенді қойлар өздерінің тірі салмағы бойынша құрдастарынан 1,5 есе асып түсті. Қазіргі уақытта Австралия ғалымдары құрамында күкірт бар амин қышқылдарының синтезделуіне жауапты екі ферментті коделейтін жаңа гендерді қойларға енгізу жұмысын жүргізуде.
Бишоф бастаған зерттеушілер тобы адам қанының ұю факторын трансгенді қойлардың сүтінен алу проектісін, іске асыру үшін қызу ғылыми жұмыстар жүргізуде. Олар қой геномына қан ұюының IX факторының генін қойдың -- лактоглобулин промоторымен біріктіріп, енгізу мақсатын алға қойды. Ұю факторы қойдың сүт бездерінде синтезделіп, сүтке бөлінеді деп күтілуде. Зерттеу жұмысының бас кезінде қойдың лактоглобулин белогы тышқанның сүт бездерінде синтезделіп, сүтке бөлінді. Келесі эксперименттерде Дж. Симонс және т. б. -- лактоглобулин генінің бірінші экзонының аймағына адам қаны ұюының IX факторының генін жалғап, рекомбинантты ДНҚ құрастырды. Осы конструкцияны зиготаларға микроинъекциялау арқылы трансгенді қойлар алынды. Рестрикциялық талдаудың мәліметтері бойынша трансген толық бағалы болғанымен, ол өз функциясын іске асырмады. Казіргі кезде зерттеушілер оның себебін анықтап, алға қойған мақсаттарын жақын арада шешеді деп күтілуде. Шотландия генетиктері сүтінде адамның антитрипсин а -- 1 белогы бар трансгенді қойларды алды. Бұл қосылыстың 1 л. сүттегі мөлшері 35 г. тең болды. Медицинада оны өкпе ауруларын емдеу үшін қолданады. АҚШ ғалымдары трансгенді ешкілердің 1 л. сүтінеп адам қанының тромбларын
ыдырататын плазминогеннің 3 г. ала алды (Р. Селтзер,1992).
Болашақтағы ғылыми жобаларда қойдың, сиырдың немесе ешкі мен мегежіннің сүт бездерінен (немесе қанынан) интерферон, инсулин сияқты өте құнды дәрі-дәрмек алу жолдарын ойластыруда. Бұл мәселелер тышқандарда белгілі деңгейде шешімін табуда.
Трансгенді шошқаларды алудың өзіндік қиындығы бар, өйткені мегежін зиготаларының пронуклеустерін тіпті контрасты микроскоптың өзінен көру мүмкін болмайды. Оларды центрифугалау арқылы Г. Хаммер (1980) және Г. Брэм (1986) зертханада трансгенді шошқалар алынды. Р. Хаммер өзінің қызметкерлерімен адамның соматотропин генін (промотор бөлігі металтионеин - 1 генінен) 316 зиготаларға және 1719 қос клеткалы эмбриондарға микроинъекциялады. Оларды реципиент-мегежіндерге тасымалдап, 192 торай алды, олардың 20-сы трансгенді болып табылды. Трансгенді торайлардың 11-інде бөтен геннің қызметі байқалды, яғни олардың қанында адамның өсу гормонының көп мөлшері синтезделді. Г. Брэм зертханасында осы генді зиготалардың пронуклеустеріне инъекцияланғаннан кейін реципиенттерге 208 зигота тасымалданды. Алынған 7 торайдың біреуі трансгенді болып шықты.
Жыл сайын трансгенді малдарды алу ғылыми жұмыстары үдей түсуде. Қазіргі кезде әр түрлі ғылыми лабораторияларда трансгенді ірі қара мал (Дж. Лохс және т. б., 1980; Д. Крамер және т. б., 1980), қоян (Р. Хаммер және т. б., 1985; Л. К. Эрнест және т. б., 1989) және балықтар (Д. Пауэрс, 1986) алынды. Трансгенді ірі қара алу қиындығы биологиялық және экономикалық себептерге байланысты. Басқа малдарға қарағанда сиырлардан биологиялық жарамды зиготалардың жеткілікті мөлшерін алу проблемасы әлі толық шешілген жоқ. Екінші жағынан генетикалық бағалы донор -- сиырлардан ұрықтанған жыныс клетканы алу олардың көбею функциясының төмендеумен байланысты.
Сонымен, жоғарыда келтірілген мәліметтер трансгенді малдарды алу осы заманғы биотехнологияның келешек бағыты екендігін көрсетеді, ал оның негізгі мақсаты -- малдың генотипін жаңадан құрастырып, олардан адам үшін бағалы өнім өндіру. Мұны іске асыру үшін қажет генді идентификациялау, бөлу және клонын алу, оларды зиготаларға ендіріп, экспрессиясын қосу және бөтен геннің ұрпаққа тұқым қуалауын шешу керек. Осы мәселелерді генетикалық инженерия әдістерімен шешу жоғары тиімді биотехнологияның малдар селекциясында қолдануының жаңа мүмкіндіктерін ашады. Оның іске асуы, ең алдымен, мал генетикасының молекулалық негіздерін іргелі зерттеуіне байланысты.

1 Адамға қажетті белокты трансгенді ешкі сүтінен алу. 2 Лабораторияда алынған трансгенді тышқан
Генетикалық химерлер алу жолдары.
Эмбриондарды бір түрге жататын жануарлар аналықтарының арасында нәтижелі ауыстырып салуға болады, ал басқа малдар арасында қалай өтетіндігін зерттеуге, жұмысты қой ешкі арасында да жасаған болған бірақта ол оң нәтиже бере алмады. Эмбрион бекінгенімен, төл тууы байқалмаған. Барлық түр аралық будандасудың нәтижелі болмау себептері қағанақ қызметінің бұзылуынан болған, ал оған себеп, төлдегі тегі бөтен антигендеріне деген аналық организмнің иммундық реакциясы себепкер болуда. Бұл үйлеспеушіліктің орнын микрохирургиялық жолмен химерлі эмбриондар алу тәсілдері шешеді.
Химерлар алу - шығу тегі, түрі мен тегіндегі айырмашылықтары айқын екі ұрықтың өскіндерін біріктіріп, бойында әр түрлі генотипті жасушалары бар бір буданды химерлі жануарларды- қозы-лақтар алу.
1. Бір генетиптекті жасуша
2. Екінші генетипті жасуша
3. Екі генетиптері араласқан жасуашалар:
Химер әдістері бойынша алынған ұрпақтың белгілері негізінде қандай ұлпадан қалыптасқанын анықтауға болады, мысалға, төл жыныстығының қалыптасуы қандай жасушалар, жыныстық жасушаларма не болмаса - қосымша жасуша гонадаларымен негізделеме?
Генетикалық химера деп бірнеше алуан түрлі эмбриондарды біріктіру арқылы алынған организмнің түрі. Бірнеше малдың жасушасы бар генетикалық химерлер аллофенді деп аталады және гендік инженерия жетістігі ретінде қаралады.
Химерлі жануарлар алудың екі жолы бар, оның бірін А.Тарковский мен В.Минц 1961 жылы тышқандардың бірнеше бластоцистерін агрегациялау - біріктіру жолдарын ұсынған. Екінші тәсіл ол эмбрион бластоцитінің ішіне келесі мал эмбрионынан алынған бластомерларды егу (Р.Гарднер,1968).
Алғаш ретте химерлі үй жануарларын бір түрге жататын жануарлар арасындағы алынған эмбриондар бластомерлерінің бастарын біріктіруінің нәтижесінде алған. Осы мақсатта химерлі қойларды алу үшін күрделі химерлі эмбриондарды (2-,4-,8-жасуша эмбриондарын) бір бірімен біріктірген екен. Әрбір алынған күрделі біріккен эмбрион, 2-8 аналықтың тең санды эмбриондар бластомерлерінен құралған. Эмбриондарды одан әрі дамыту мақсатында бірден агарға, содан соң алғаш бластоциста кезеңінде қой организміне ауыстырып салған.
Ірі қара мал химерлерін 1985 жылы Г. Брем және т.б., 5-6 күндік эмбриондардың жарты бөліктерін біріктіру арқылы алған. Жеті бұзаудың ішінде бесеуінде химерлік белгілері болмағаны мен бір бұзау екі тұқымның- голштинофриз және қызыл қоңыр швиц химері деп табылған.
Қалыпты дамыған бластоцисталарды реципиент организміне көшіріп қондыру арқылы тірі қозылар алынған,олардың қаны мен сыртқы белгілерін зерттеген кезде олардың көпшілігі химерлі екендігі байқалған. Аралығына 10 жыл салып 1984 жылы С. В.Фехели және т.б., ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлар гаметогенезі
Генетика туралы
Каспий орыс бекіресінің көбею жүйесі мен бауырының гисто – функциональды жағдайы
Генетика. Генетиканың пайда болуы және негізгі даму кезеңдері
Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы
Кроссинговердің механизмдері. Мейоздық кроссинговер
Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Клетканың органикалық заттары
Генетика пәні бойынша дәріс кешені
Жыныс клеткаларының көбеюі
Пәндер