Махамбет поэзиясы



1. Кіріспе. А) Жауға батыр, сөзге шешен Махамбет.
Ә) Махамбет.халық қамқоршысы.
2. Негізгі бөлім: А) Ерлік пен елдіктің өшпес рухы.
Ә) «Исатай деген ағам бар»
Б) «Махамбет атты батырмын»
3. Қорытынды. Махамбет өлеңдері . өшпес мұра.
Ісімен де сөзімен де барлық ұрпақты таң қалдырған жарқын талант иесі - Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Нарын құмында дүниеге келген. Атасы Құлмәлі де, әкесі Өтеміс те айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де шешендер де шыққан. Жәңгір ханның сарайында өскен Махамбеттің де шешендік қасиеті байқалған. Ол кішкентайынан орысша да арабша да хат білген. Махамбет ел ісіне тез араласып, жалынды ақындығымен, таза талантымен ел арасында таныла бастайды. Хан көзге түскен бала Махамбетті өз жанына тарттырып, өз сөзін сөйлеп, сойылын соғатын, атақ-даңқын көтеретін ақын етемін деп ойлаған. Бірақ Махамбет айналасындағы әділетсіздікті көріп, ханға қызмет етпей, елмен бірге болады. Ол өз басын қатерге тігіп, хан ордасынан кетіп:
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің ылаңсың,
Қара шұбар жылансың,
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың! -
деп, онымен ашық күреске шығады. Қай халықтың болса да ұадір тұтары – өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Махамбет осындай жан бола білген.
Қазақ әдебиеті 9, 10-сынып
Қазақ әдебиеті хрестоматиясы 10-сынып

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет поэзиясы
Жоспар:
1. Кіріспе. А) Жауға батыр, сөзге шешен Махамбет.
Ә) Махамбет-халық қамқоршысы.
2. Негізгі бөлім: А) Ерлік пен елдіктің өшпес рухы.
Ә) Исатай деген ағам бар
Б) Махамбет атты батырмын
3. Қорытынды. Махамбет өлеңдері - өшпес мұра.
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?
Ф.Оңғарсынова
Ісімен де сөзімен де барлық ұрпақты таң қалдырған жарқын талант иесі - Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Нарын құмында дүниеге келген. Атасы Құлмәлі де, әкесі Өтеміс те айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де шешендер де шыққан. Жәңгір ханның сарайында өскен Махамбеттің де шешендік қасиеті байқалған. Ол кішкентайынан орысша да арабша да хат білген. Махамбет ел ісіне тез араласып, жалынды ақындығымен, таза талантымен ел арасында таныла бастайды. Хан көзге түскен бала Махамбетті өз жанына тарттырып, өз сөзін сөйлеп, сойылын соғатын, атақ-даңқын көтеретін ақын етемін деп ойлаған. Бірақ Махамбет айналасындағы әділетсіздікті көріп, ханға қызмет етпей, елмен бірге болады. Ол өз басын қатерге тігіп, хан ордасынан кетіп:
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің ылаңсың,
Қара шұбар жылансың,
Хан емессің аянсың,
Айыр құйрық шаянсың! -
деп, онымен ашық күреске шығады. Қай халықтың болса да ұадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Махамбет осындай жан бола білген.
Осы оқиғаның ізі суымай-ақ Махамбет ханға наразылар тобына қосылып, алғашқы көтерілушілерінің басшы адамдарының бірі саналады. Түрме есігін бірінші рет ашқанда Махамбет 25-ақ жаста болды.Жәңгірдің генерал-губернаторға жазған хаттарыннан Махамбеттің алғашқы шаруалар ереуіліне де қатысқаны байқалады. Сол жылдардан бастап Махамбет хан, сұлтандарға қарсы қарулы күреске әзірленуші Истатай Тайманов тобына қосылып, қолбасыларының бірі есебінде жұмыс атқарады. Хан, сұлтандар және олардың сойылын соғушылардан жәбір-жапа көрушілер де біртіндеп Исатай батырдың маңына жиылып, аз жылдың ішінде-ақ ауыр қолға айналды. Бұл - ең елеулі 1836-1838 жылдардағы көтерілістің бастауы еді. Махамбет пен Исатай бұқара халықтың қиын-қыстау күнінде жанынан табылып, халық қамын ойлады. Жәңгірдің жасаған езгілеріне қарсы шықты. Бұл күш жандана бастағанда хан елші жіберіп, он күннің ішінде барлық қалауын орындайтынын жеткізген. Бұл жалған уәдеге Исатай басшы сеніп, қолды таратып жібереді. Осы сәтті пайдаланып Жәңгір де Махамбеттің соңына шам алып түсіп, оның асқақ үнін тұншықтыру жоспарын жасайды. Аңдыған жау 1841 жылы наурызда Махамбетті тағы да ұстап алып, Орынборға айдатады. Алайда әскери сот әр түрлі себептермен оны босатып жібереді.Сонда Махамбет:
Менің атым- Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса-дерт,-
деп, өзінің неліктен қиналып, көтеріліс шебіне шыққанын айтып кетеді.
Махамбет поэзиясы- ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан жырлары-жырауларр поэзиясының үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын айту, жауынгерлік, рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінеді. Махамбет - көтеріліс ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жыршысы. Ақын толғауларының барлығы - дерлік көтеріліс рухы. Махамбет халықтың басын қосып, бір ту астына жинай білген. Жалынды сөзімен де, батыл ісімен де халықтың азаттығы үшін жан аямай күреске щыққан. Оның өлеңдерінде шаруалар көтерілісінің алғашқы өрлеу кезеңдері де, күрес жолдарындағы халық батырларының ерлік қимылдары да, көтерілістің апатқа ұшырағаны да, күресушілерге жауларының қолданған қатал шаралары да, жеңіліс тапқаннан кейінгі ауыр хал, қиын жағдайлардың бәрі де сол қалпында суреттелінеді.Өз өлеңдерімен халыққа кұш-қуат, асқақ рух бере білген. Махамбет - өз халқын, өз отанын сүйген патриот ақын. Ол әр көтерілісшінің жүрегіне патриоттық сезім ұялата білген. Әр сөзі қанаушы хан, сұлтан, би-феодалдарға қарсы айтылып, өмір шындығының бір бөлшегі тәрізді көрінеді. Халықтың ауыр тұрмысын жеңілдету үшін ақын өзінің Ереуіл атқа ер салмай деп аталатын өлеңінен бастап, қарулы күреске шақырады.
Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Қоңыр салқын төске алмай
Ерлердің ісі бітер ме?-
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Жыраулар тарихы
Жыраулық поэзияның қалыптасу тарихы
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Махамбет Өтемісұлы поэзиясындағы көркем шындық
Пәндер