Қоршаған ортаны қорғау



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Қоршаған ортаны қорғау функциялары
1.1 Табиғат қорғау барысындағы мемлекет саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011.2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. Қоршаған ортамыздың қазіргі жағдайы және бюджеттен қаражат бөлінуі
2.1 Динамикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
3. Алдағы шығындар мен болжау және оның алдын алу
3.1 Алдағы шығындар мен залалдарға болжам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Қортынды
Кіріспе
Адамзат баласы қоршаған ортамен тығыз байланысты. Қуанышымызға орай Қазақстан Республикасының табиғаты бай. Біз - дамушы елміз. Біз өзіміздегі бар пайдалы қазбаларды өндіруді ғана, экономикамыздын алға басуын ғана ойламай, сондай-ақ бар табиғи ортамызды да ескеруміз керек. Қайта кеткенді, қайта толтыру қиынға соғады. Сондықтан біз қоршаған ортамыздың қазіргі таңдағы жағдайын ескеріп, алдағы уақытта опық жемейтіндей болу үшін белгілі бір шаралар қолдануымыз керек.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарынан:
Миссия. Қоршаған ортаны сақтау, қалыпына келтіру және жақсарту Қазақстан Республикасының қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі жағдайларды жасау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;
2. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;
3. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономика;
4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономика;
5. Мырзалиев Б.С, Сәтмырзаев А.А, Әбдішүкіров Р.С «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжіриебесі» Алматы 2008 жыл;
6. Толпаков «Бухгалтерский учет»

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Қоршаған ортаны қорғау функциялары
1.1 Табиғат қорғау барысындағы мемлекет
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015
жылдарға арналған стратегиялық
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі жөніндегі
тұжырымдама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .11

2. Қоршаған ортамыздың қазіргі жағдайы және бюджеттен қаражат бөлінуі
2.1 Динамикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

3. Алдағы шығындар мен болжау және оның алдын алу
3.1 Алдағы шығындар мен залалдарға
болжам ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..15

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адамзат баласы қоршаған ортамен тығыз байланысты. Қуанышымызға орай
Қазақстан Республикасының табиғаты бай. Біз - дамушы елміз. Біз өзіміздегі
бар пайдалы қазбаларды өндіруді ғана, экономикамыздын алға басуын ғана
ойламай, сондай-ақ бар табиғи ортамызды да ескеруміз керек. Қайта кеткенді,
қайта толтыру қиынға соғады. Сондықтан біз қоршаған ортамыздың қазіргі
таңдағы жағдайын ескеріп, алдағы уақытта опық жемейтіндей болу үшін белгілі
бір шаралар қолдануымыз керек.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015
жылдарға арналған стратегиялық жоспарынан:
Миссия. Қоршаған ортаны сақтау, қалыпына келтіру және жақсарту
Қазақстан Республикасының қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін
қамтамасыз етуге арналған тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі
жағдайларды жасау.

1.1 Қоршаған орта және мемлекеттік саясат
Табиғатты қорғау заңдарын жүзеге асыруды басқарушы, қадағалаушы
органдар маңызды рөл атқарады. Табиғатты қорғауды басқарушы құрылымдарды
екі қатарға бөлуге болады: арнайы және жалпы міндетті.
Жалпы міндетті мемлекеттік органдарға: Президент, Парламент,
Министрлер кабинеті, облыстың өкілетті және атқарушы органдары және
жергілікті органдар жатады. Табиғатты қорғау олардың арнайы міндеті емес.
Олар табиғатты қорғау мәселелерімен қатар өздерінің арнайы міндеттерін де
атқарады.
Арнайы міндетті мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау міндеті
арнайы жүктелген орган жатады. Тәуелсіздік алғаннан бері басқару
органдарының құрылымын жетілдіру мақсатында табиғат қорғауды басқарушы
арнайы органдар көптеген құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бірде табиғат
қорғау және пайдалану органдары біріктірілсе, кейде бөлектендірілді және
т.с.с.
ҚР табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі экологиялық саясаты БҰҰ
1992 Рио-де-Жанейро Конференциясында қабылданған құжаттарға, Қазақстан-
2030 Бағдарламасына сәйкес дамиды және оның негізгі бағыттары:
- Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты
территориялардың экологиялық табиғи-географиялық жағдайы мен үйлесімділігін
қамтамасыз ету;
- нақты территорияларда санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өмір
сүруге қолайлы жағдаймен қатар халықтың ұрпағының денсаулығын жақсартуға
жету;
- биосфералық тепе-теңдікті, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық тұтым
қорларын сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану.
Аталғандарды жүзеге асыру үшін экология және табиғатты пайдалану
саласында тиімді мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру қажет. Олар
біртұтас қарастырылып, бір басқару жүйесіне біріктірілуі керек. Бәлкім,
табиғатты қорғау заңдарымен қатар, табиғатты қорғаудың құқықтық экологиялық
нормаларын рухани құндылыққа айналдыратын және өнегелік, тәрбиелік мәні бар
экологиялық Кодекс қабылдау керек болар.
ҚР жоғарғы өкіметі - Парламент халықтың атынан табиғат байлықтарына
иелік етеді, еліміздің экологиялық саясатын анықтайды, табиғатты және оны
құраушы бөліктерін қорғау туралы заңдар қабылдайды, мемлекеттік экологиялық
бағдарламаны бекітеді, қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық реттеу
негіздерін белгілейді, төтенше экологиялық жағдайда, экологиялық апатты
аймақтардағы құқықтық тәртіптерді, экологиялық қауіпсіздік, экологиялық
зардап шеккен азаматтардың құқықтарын анықтайды, табиғатты қорғау
мәселелері бойынша халықаралық қарым-қатынас жасайды, табиғатты қорғау
заңдарының орындалуын бақылайды.
Үкіметке экологиялық саясатты жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау,
табиғат қорғауды басқарушы барлық органдардың жұмыстарын үйлестіру,
бюджеттен тыс экологиялық қорларды құру, жұмсау табиғатты пайдалану
төлемдерінің тәртібін белгілеу, халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз
ету және т.с.с. міндеттер жүктелген.
ҚР үкіметі атқарушы орган ретінде табиғатты қорғау саласында :
• мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі
стратегилық және техникалық шараларды әзірлейді;
• мемлекттік экологиялық бағдарламалар әзірлейді және оларды бекітуге
ұсынады;
• министрліктердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы
органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына басшылық
етеді;
• мемлеттік меншікті басқарады, оны пайдалану жөнінде үкіметке жүктелген
шараларды жүзеге асырады;
• қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге
қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту
тәртібін белгілейді;
• табиғи ресурстарды пайдалануға береді, табиғат пайдалану шарттарын,
лимиттер мен квоталар белгілейді;
• қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
• табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен кадастрларын және
мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді;
• ерекше қорғалатын обьектілердің тізбесін бекітеді, мемлекеттік
қорықтар, ұлттық, табиғи парктер ұйымдастырады;
• қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттік
статистиканы жүргізу тәртібін белгілейді.
• Табиғатты пайдалануды басқару және бақылау органдарын белгілейді,
олардың қызметін айқындайды, экологиялық аудиторлық қызметке лицензия
беру мен жүргізу тәртібін белгілейді;
• төтенше экологиялық жағдайлар хабарлау ережесін бекітеді;
• халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Үстідегі аталған міндеттерді жеті топқа бөлуге болады: Экологиялық
саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық бағдарламаларды бекіту,
табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және экономикалық негіздерін белгілеу
және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және материалдық-
техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әректтерін үйлестіру.
Табиғат ресурстарын есептеу және бағалау, табиғи ортаның жағдайын болжау,
табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның сапасын
бақылау.
Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің, зиянды
заттарды шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін өлшемдердің
нормативтерін бекіту.
Мемлекеттік экологиялық бақылау, мемлекеттік экологиялық сараптама,
экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату, шектеу шешім
қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану.
Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен сотта, арбитраждық сотта іс қозғау.
Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл
кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру. Халықаралық бірлестік
қарым - қатынас. Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы
құрылымдар орындайды. Олардың әрекеттері бөлектеу: кеңістік және ресурстық
болып бағытта жүреді. Мәселен, республикалық басқару органдары өздерінің
құзыретін бүкіл республика территориясында жүргізеді. Ал облыстық,
жергілікті органдар- өздерінің құзыреті жүретін территорияда. Мысалы,
экологиялық саясат пен экологилық бағдарламалардың негізгі бағыттарын
белгілеу, бағалау, мониторинг, бақылау, қорғалатын, нысандар, эко тәрбие
мен білім беру әр деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндеттері. Бірақ,
әрбір территорияда маңыздылығы әр түрлі: республикалық,облыстық, жергілікті
ресурстар болуы мүмкін.Бұл олардың құзіретін білдіреді.Мысалы, табиғатты
пайдалануға рұқсат беру барлық деңгейдегі басқару органдарының құзыретіне
жатады. Бірақ, олардың құзыреті тек өз билігіндегі ресурстарға ғана
жүреді.Осы тәртіпке сәйкес республикалық маңызы бар ресурстарды пайдалануға
рұқсатты республикалық органдар береді. Мұндай құқық жергілікті ресурстар
бойынша жергілікті органдарға, облыстық органдарға - өздерінің
құзыретіндегі ресурстар бойынша беріледі.
Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар
арасында да бөлінеді. Ол конституциялық әкімшілік бөлініске байланысты.
Өкілетті органдар шешім қабылдауды қажет етпейтін мәселелермен
айналысады. Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның
құзыретіне, негізінен бес мәселе жатады:
• экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;
• мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;
• табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;
• табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осы саладағы басқару
органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртібін анықтау;
• экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы
тәртіпті белгілеу;
Сондай-ақ, облыстық өкілетті органдардың құзыреті анықталады. Олардың
қарауына мыналар жатады:
• табиғатты қорғау және тиімді пайдалану бағдарламаларын бекіту;
• экологиялық қорлар құру және жер бөлімшелерін беру тәртібін анықтау;
• өз территорияларында қорғалатын табиғат нысандарын жариялау;
табиғатты қорғау инспекцияларын құру және олардың әрекеті бойынша шешім
қабылдау.
Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес қалалық, аудандық өкілетті
органдар органдардың құзыретіне мыналар жатады:
• табиғатты қорғау және пайдалану тәртіптерін белгілеу өздерінің
территорияларында қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға
тыйым салу;
• өздерінің қарауындағы территорияларда экологиялық, санитарлық не
құрылыс нормалары бұзылғанда ондай нысандарды салуды, пайдалануды
тоқтату туралы шешім қабылдау;
• экологиялық, тарихи, ғылыми маңызы бар жергілікті маңыздағы нысандарды
табиғат ескерткіші деп жариялау және оларды қорғау тәртібін анықтау.
Табиғатты қорғау жөнінде кейбір құзыреттер ауылдық өкілетті органдарға да
беріледі:
• өз территорияларында муниципалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды
орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;
• экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда
құрылысты не нысандарды пайдалануды тоқтату;
• өз қарауындағы территорияларда қолайсыз экологиялық салдарға
соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидемистанцияның не табиғат
қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады .
Халықтың, қоғамдық ұйымдардың, халық қалаулыларының талаптарына сәйкес
барлық деңгейдегі өкілетті органдар атқарушы органдардың құзыретіндегі
басқа мәселелерді де қарастыра алады. Сонымен қатар, олар өздерінің
құзыретін табиғат қорғау жөнінде нақты шешімдер қабылдау үшін атқарушы
органдарға бере алады.
Егер атқарушы органдардың шешімдері табиғатты қорғаудың экологиялық
талаптарына қарсы келетін болса, өкілетті органдар оларды тоқтата алады.
Сонымен қатар атқарушы органдар өкілетті органдардың шешімдерімен
келіспесе, сотқа шағына алады.
Табиғатты қорғау жөніндегі арнайы мемлекеттік органдар құзыретінің
көлемі мен сипаты бойынша төрт түрге бөлінеді:
кешенді, салалық, қызметтік және территориялық.
Кешенді органдар барлық міндеттерді не табиғат қорғау міндеттерінің
бір тобын атқарады.
Салалық-жеке табиғат нысандарын қорғауға және пайдалануға назар
аударады.
Қызметтік – барлық табиғат нысандарына қатысты бір не бірнеше қызмет
атқарады.
Территориялық- өз территориясында басқару міндетін орындайды.
Кешенді басқару органдарына жататындар:
1. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
2. Санитарлық- экологиялық бақылау;
3. Төтенше оқиғалар жөніндегі агенттік;
4. Гидрометеорология және мониторинг қызметтері.
Салалық арнайы басқару органдарына:
1. Жер ресурстары және жерге орналастыру комитеті,
2. Орман шаруашылық,
3. Су және балық шаруашылық комитеті,
4. Ауыл шаруашылық министрлігі.
Қызметтік және территориялық арнайы басқару органдары:
1. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бақылау,
2. Тау-кен қауіпсіздігін бақылау,
3. Кеден комитеті,
4. Ішкі істер министрлігі.

Табиғатты қорғауды арнайы басқару органдарының қызметтері
төмендегідей: қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғат қорғау жөнінде
басты арнайы өкілетті орган болып табылады. Оған табиғатты қорғау жөнінде
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
және биологиялық түрлерді сақтау, салааралық үйлестірүшілік, осы салада
қызметтерді реттеу, сондай-ақ, мемлекеттік экологиялық бақылау, мемлекеттік
экологиялық сараптама, мемлекеттік табиғат қорықтарын және басқа қорғалатын
территорияларды басқару міндеттері жүктелген.

1.2 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015
жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Атмосфера ауасының ластануы қоршаған ортаға әсер ететін, халықтың
денсаулығына теріс ықпал жасайтын жетекші алғы шарттардың бірі болып қалып
отыр. Атмосфера ауасына жылу энергиясы және мұнай-газ секторы, тау-кен
өндіру және тау-кен өңдеу салалары, қара және түсті металлургия
кәсіпорындары барыша теріс ықпал етуде.
Автомобиль көлігінің ауаны ластауы көлемі соғырлым қауіпті бола
түсуде, бұл республика аумағында автокөлік құралдары санының мейлінше
өсуіне негіздеуде. Осы проблема жалпы қалалық барлық шығарындыға қарағанда
ауа бассейінінің ластануына автокөлік үлесі 60% және одан артыққа жететін
ірі қалалар үшін аса өзекті.
Негізгі себебі тазартылмаған айдындарға немесе жеткіліксіз тазартылған
ағын суды жіберу болып табылатын жер үсті суларының ластануы, қоқыстану
және сарқылу процесі жалғасуда. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу
проблемасы бұрынғысынша өзекті болуда.
Экологиялық басым бағыттардың бірі өндіріс пен тұтыну қалдықтарын
өңдеу болып қалып отыр. Елде 100 млн.тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар
(бұдан әрі –ҚТҚ), 22,3 млрд. тоннадан аса өндірістік қалдықтар жиналған,
оның 12 млрд. астамы техногендік минералдық түзілімдер.
Экологиялық тепе-теңдікті тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қызметтің негізгі векторы мемлекеттік экологиялық
сараптама рәсімін орындау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау,
қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру арқылы экологиялық реттеу болып
табылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғауды
бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi 160-I Заңы
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Қоршаған ортаны қорғау туралы
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
«Табиғатты пайдалану құқығы»
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
Азаматтар мен қоғамдык бірлестіктердің коршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың кағидалары
Пәндер