Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділігі



Жоспар
1. Тәрбие . педагогикалық құбылыс.
2. Баланың бас ұстазы . ата . анасы.
3. Балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым.қатыныс жасау.
4. Ата . аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда ескеретін жағдайлар.
5. Ата.аналарға арналған этикалық кодекс .
6. Қорытынды.
Тәрбие – педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырамыз. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1.Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономнкалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.
Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек жеткіншектер тек айналадағы дуниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты, іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері
т.б. жатады.
Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып,
ой-өрісін дамытады.
Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі-идеология, қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық бағыты.
Қарым-қатынас - таным процессі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Бала барлық үлгі өнегені алдымен өзі шыққан отбасы мен ата - анасынан алады. Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі
Әдебиеттер:
1. Қазақ отбасы. Х.Арғынбаев.«Қайнар»баспасы1996ж.
2. Педагогика. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова.
«Дарын» әлеуметтік –гуманитарлық университет 2004ж.
3. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс
«Парасат әлемі» баспасы 2005ж.
4. Баймұқанов М.Т. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс. Астана – 2005ж.
5. Сынып жетекші. Әдістемелік құрал. 2007.
6. Неке және отбасы туралы. ҚР Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2006.
7. Білім туралы ҚР Заңы. – 2007ж.шілденің 27-сі.
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: 2008.
9. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – Алматы, РБК, 1993.
10. Мұқанова Б.Ж. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педколледждің оқу-тәрбие процесінде пайдалану, 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, пед. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім
берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орнына дейінгі барлық
ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана
тұтастығын сақтап қалады.

Н.Ә.Назарбаев.

Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділігі

Жоспар
1. Тәрбие – педагогикалық құбылыс.
2. Баланың бас ұстазы - ата - анасы.
3. Балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатыныс жасау.
4. Ата - аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда ескеретін
жағдайлар.
5. Ата-аналарға арналған этикалық кодекс .
6. Қорытынды.

Тәрбие – педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық
құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырамыз. Бұл
жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
1.Тәрбие  қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым
қоғамның әлеуметтік экономнкалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес
дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне,  адамгершілік қасиеттерінің
дамып қалыптасуына игі әсер етеді.
2.Тәрбие  мен  өзін-өзі   тәрбиелеу дің  бірлігі. Оқушы тұлғасының
дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында
белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға  болады. Олар: қарым-қатынас
белсенділігі, таным белсенділігі және  өзін-өзі   тәрбиелеу  белсенд ілігі.
Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір
адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос
табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның бойында
мінез-құлық қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық,
жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.
Тұлғаның даму процесінде  өзін-өзі   тәрбиелеу  б елсенділігі сапа
жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен
толтырылған сауыт емес, ол шырақ, оны  өзін-өзі   тәрбиелеудің аса
мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек жеткіншектер тек
айналадағы дуниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі
дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір
жағынан тәрбие  объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі  болады.
3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие,
оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты, іс-әрекетінің бірнеше
түрлері бар. Оларға ойын, оқу еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-
әрекеттері
т.б. жатады.
Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-
қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық
құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік
өмір құбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде
сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім,
әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып,
ой-өрісін дамытады.
Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ,
оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол
нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі-идеология, қоғамның
әлеуметтік-саяси және экономикалық бағыты.
Қарым-қатынас - таным процессі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты,
мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.
Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Бала барлық үлгі өнегені
алдымен өзі шыққан отбасы мен ата - анасынан алады. Ата-ананың ең
ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес,
сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым-қатынасын
үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің
болашағымыз, өміріміздің жалғасы, сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан
жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек, халқына адал,
бақытты болып, өмірде өз орнын табуын естен шығармай, үнемі көңіл бөліп
отыруы қажет-ақ.
Жанұя – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұяда
тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан ұрпаққа
беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық
педагогикасының маңызы зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана-сезім, қадір-
қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік,
парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі
мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батырлық пен
батылдыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге
тәрбиелеудің орны ерекше.
Отбасы - бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік,
Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызыдеп отбасының
міндеті анық көрсетілген. Қазақстан - 2030 бағдарламасында балаларымызды
алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы айтылған. Сонымен
бірге Отбасы туралы Заң, Жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір
отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп,
отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі
бекемделе түсті.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында
өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі
туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым - қатынас
орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп өзінің кім және қандай екенін
практикада сынап байқап көреді. Отабасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше
ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез - құлқын реттеудің өлшемдерін
меңгереді. Ата - ананың үгіт - насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі -
өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың
әдеті, мінез - құлқы, жақсы - жаманды бағалау критерийлері қалыптасуымен
қатар қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен
адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам - оның ата -
анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. Сондықтан да жас
баланың дамуына ата - ананың орны ерекше.
Отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік,
моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше
шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады,
қоғам келбеті отбасыдан көрінеді. Отбасының аса маңызды әлеуметтік
қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерген
кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана
білетін қоғам мүшесін жетілдіру.
Жанұяда, әсіресе ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері,
қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірде өзгерістер
жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген
бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бергенімен, ойын арасында
естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды.
Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін.
Халық жанұядағы тәрбиеге ерекшк көңіл бөлген. Оны Таяқтау оңай, тәрбиелеу
қиын, Баланы өсіру – балапан ұшыру емес деген мақал-мәтелдерден көруге
болады. Ал Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер, Ұлың өссе--- ұлы
жақсымен ауылдас бол, қызың өссе -- қызы жақсымен ауылдас бол, Әке көрген
оқ жонар, шеше көрген тон пішер - мақалдары халықтың бала тәрбиесіне,
оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни
бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі-өнегесіне қарап
тәлім алады.
Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты,
баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері
осыларда. Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында
ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілділік қасиеттер қалыптасса, әке
арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге
ие болады. Сондықтан да ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін, жай-
күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың
сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моралдік
нормаларды игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып
өсуінің негізі.
Мынау жарық дүниеге шыр етіп келген нәрестенің жөргегінен
басталатын күтімі мен тәрбиесі оның тәуелсіз еліміздің айтулы азаматы болып
өскенше жалғасатынын ескерсек, ең үлкен жауапкершілік алдымен өмірге ұрпақ
әкелген ата-анаға жүктеледі. Аяғын тапыл-тапыл басып, тілі жаңа шығып, енді
ғана сөйлей бастаған сәбиге деген мейірімі мен әке қамқорлығы өз алдына.
Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу ортасы. Сол себепті де
әрбір отбасында балаларды еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу – бұл
қазақтың салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Отбасыда ана өзінің баласын
шебер, ақылды, озат етіп тәрбиелеуге арман етті.
Кең байтақ қазақ даласында өмір сүретін балалардың тәрбиесі
олардың ата-аналарының күнделікті іс-әрекеттері мен көшпелі тұрмыс салтына
байланысты болған. Балаларды жастайынан тіл алғыштыққа, тәртіптілікке,
жалпы адами қасиеттерге, үлкенді сыйлап, өз дініне, ұлтына сыйластықпен
қарауды үйреткен.
Үйелменде тәрбие беретін келесі тұлғалар – ата мен әжелер.Ұлы
орыс педагогы К.Д.Ушинский: Аталар мен әжелер – табиғи педагогтар! - деп
санады. Ал Ш. Айтматов болса, өзінің әжесін үлкен тәрбиешім деп
есептейді. Әжем қонаққа, тойға, өлікті шығаруға және жерлеуге барғанда
мені ертіп жүретін. Аңыз-жыр айтушылар және ақындармен кездескендерін
айтып, менің балалық шағымды халық ертегілерімен, өлеңдермен, мақал-
мәтелдермен байытты деп өзінің әжесінің өнегелі қасиеттерін
қалыптастырудағы тамаша іс-әрекеттерін еске түсіреді.
Қазақ халқы: Отан отбасыдан басталады дейді, олай болса,
отбасы - тәрбиенің негізгі көзі, түп қазығы. Қанша заман өтсе де,
бабалардың мол тәжірибесіне, тағылымы мен дәстүрлеріне және отбасы
тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтары
шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған. Ғасырлар бойы қазақ отбасылары
хастарды тәрбиелеуде көптеген әдістерді қорлданып келген. Олар: түсіндіру,
үйрету, насихат, жазалау т.б. болып табылады.
Біздің елімізде ертеңгі болашағымыз – бүгінгі жас ұрпақ
тәрбиесіне мемлекет тарапынан ерекше мән беріліп отырғаны белгілі.
Тәлім-тәрбие берудің ұлттық үлгісінің негізгі өзегі оның
құрылымдық бөлімдерінің сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.
Өмір көрсеткендей балаларды отбасында тәрбиелеу және оқыту
барысында жіберілген қателіктер немесе олқылықтар келешекте ел үшін,
әсіресе оның экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік қатынастарында қымбатқа
түседі.
Балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатыныс, тікелей
байланыс жасау басты міндет және олардың өз балаларын тәрбиелеудегі
жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының нәтижесіне байланысты, оқу-тәрбие
процессінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен
мектептің ынтымақтасып жұмыс атқарулары қажет.
Осы тұрғыда кішкене ғана ой жүгіртіп көрелік:
Біріншіден,бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі
немесе шешесі).
Екіншіден, баласының бойында ерекше қасиеттері бар ма, жоқ па?
Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасайды? (Биге бейім, ән айтқанды
ұнатады т.б.)
Үшіншіден,осындай бір жағдаяттарды талдап көрелік.
1.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының
қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу,
малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары
тапсырылады. Бала тапсырылған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына
дайындалмады. Не дер едік?
2.Тағы бір жағдай: Баланың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде
ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды анасы ескертті . Бала сабақтан қалғысы
келмейді. Оған ата-анасы былай деді: "Сен мектепке барғанмен не бітірем
дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді".
Ата-анасы ашумен айтып қалды. Не дер едік?
3.Бала сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып алды. Не істер
едік? Баланың арасына түсеміз бе?
Күнделікті өмірде осындай және де осыған ұқсас талай жағдаяттар
туындап жатады. Әрине "Біздің өмірімізде бала қандай орынға ие?" Сіздер
барлықтарыңыздың балалрыңыз бар, кішкене сауалнамаға жауап беріп көрелік.
Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді
сұраймыз.
Жауаптар:
А) қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.
Ә)қолымнан келеді,алайда әр кезде солай істей алмаймын.
Б)қолымнан келмейді.
Сұрақтар:
1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу
қолыңыздан келе ме?
2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе
ме?
5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан
келе ме?
6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете
алу қолыңыздан келе ме?
8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан
келе ме?
9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе
ме?
12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе
күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз
осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?
Кілт: А-3ұпай,Ә-2ұпай, Б-1ұпай.
16 ұпайға дейін------- Баланы  тәрбиелеуде  сізде үлкен мәселелер бар. Сіз
не білімділікке,не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз.
Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет.Ұстаздар мен психолог
мамандарға баруды ұсынамыз.
16-30 ұпайға дейін----Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға
деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар,бірақ іс жүзінде Сіз оны
әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда - тым
жұмсақсыз. Баланы  тәрбиелеуде  мән берген өте қажет деп ойлайсыз.
30-39 ұпайға дейін----Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық,сіз баланы
түсінуге және білуге тырысасыз.Балаға сыйластықпен қарап,Тәрбиелеудегі ең
тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда,Сіздің іс-әрекетіңіз
түзу және ісіңіздің жемісті  болуына  үміттенеміз.
 В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің
мазмұнына ерекше назар аударып: Тек ата – аналармен бірге жалпы күш
жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты
беруі мүмкін, - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік
ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда
педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне
қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай
көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай
мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы
сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін
оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті
басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық
әрекеттегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Отбасы тәрбиесінің негіздері.
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Тәрбие процесінің сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарының тәрбиелік мәні. Оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбиенің дамуы
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері
Пәндер