ҚР жекешелендіру, меншік объектілерін заңдастырудың әлеуметтік және экономикалық мәні, маңызы, нәтижелері



Жоспары
Кіріспе

1. Экономикалық және әлеуметтік мәні, маңызы

2. Қазақстандағы жекешелендіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров, Экономикалық теория. — Астана, 2002.
2. Е.Б.Жатқанбаев жетекшілігімен, Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы, - Алматы, 2006 .
3. А. С. Сейдахметов, Кәсіпкерлік, - Алматы, 2011.
4. Елшібаев, Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, - Алматы, 2009.
5. Интернет желісі:
6. http://www.finpol.kz/kaz/protivo/formyzas/, Қазақстандағы кәсіпкерлік, М.Н.Батыров.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

1. Экономикалық және әлеуметтік мәні, маңызы

2. Қазақстандағы жекешелендіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.

Экономикалық және әлеуметтік мәні, маңызы

Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.
Жекешелендірудің мақсаты :
1. Кәсіпкерлікті дамыту.
2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.
3. Еркін баға орнату.
4. Жеке меншік секторлар құру.
5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы заң қабылданды.
Мақсаты:
- Нарықты басқару механизмін еңгізу.
- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.
- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген.
Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету қысқартылды. Нарықтық экономикаға көшу мен меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілер (иелері) нарықта өз жұмыстарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс нәтижесіне толығымен иелік ететіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен көріну үшін нарықта меншік иелері бәсеке жағдайында әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйым дастыруы шарт. Дәлірек айтқанда, қазіргі нарық көп меншіктілік жағдайда ғана өз қызметін ойдағыдай атқара алады. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі де қиын жағдайда қалыпты әлеуметтік ахуалды жасауға еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекеттің күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне, осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана білетіндерге беру тиімді болары даусыз. Екіншіден, өндірісті дамыту, бағаның өсуін тоқтатып, өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін болады. Бәсеке - рыноктың қозғаушы күші ретінде әрекет ете бастағанға дейін, халық шаруашылығын тұрақтандырып, инфляция құбылысын реттеу үшін, қаржы-несие қатынастарын берік қолда ұстау қажет. Сондықтан, жоғары салық ставкасы мен банк процентін енгізу керек болды. Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайды, оның халыққа ауыртпалық келтіретіні де белгілі. Ал нарықтың қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық үстемдігі жою және жекешелендіру өте қажет.
Мемлекет иелігінен алудың мәні мынада. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы көп түрлі аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, көп меншікті басқару формасына өтуді қарастырады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Олай дейтініміз біріншіден, мемлекет иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай-ақ, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен өзгерту жолымен жүргізуге де болады. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі өзгермейд, алайда оның өніміне, айналым қорларына арендатор иелік етеді, соған байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдырғанда бүкіл акциялар мемлекет пен акционерлер арасында бөлінеді. Осы екі жағдайдың екеуінде де мемлекеттік органдар тікелей әкімшілік басқару қызметінен айырылады.
Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды (өндірістік кешен ретінде) сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Тағы бір қарапайым формасы кәсіпорын мүліктерін түгелімен бөліп беру. Бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға (серіктестікке) айналдыру.
Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада - жеке азаматтарды, заңдық мағынада - кәсіпорындар мен ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет меншігі жеке меншікке ауысады. Дамыған елдерде жеке меншік негізгі өндірістік қорлардың 5 - 13 пайызына иелік етеді. Ал акционерлік қоғамдар меншіктің басым бөлігіне ие болып отыр. Жекешелендіру субъектісі еңбекшілер ұжымы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ұжымдық (халықтық) кәсіпорын идеясы орын алады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектісі мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы активтері, тұрғын үй қоры, т.б. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік меншіктің басым көпшілігі жаңа субъектілерге көшуі тиіс. Сонда ғана қорларды сапалы пайдалану арқасында ұдайы өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік әділеттілік ұштасатын болады. Мемлекеттік меншікті үлестіре салу оңай мәселе емес, ол үлкен талдауды қажет етеді. Бұл арада қиындықтар да, жоғалтулар да орын алуы әбден мүмкін. Нарыққа көшу іскерлікті де, тәуекелділікті де қажет етеді. Дамыған демократиялық қоғамдардың әлеуметтік базасы орта тап өкілдері. Міне, осылардың қатары неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның саяси-әлеуметтік тұрақтылығы да баянды болып нығаяды. Мемлекет меншігіне орта таптың иелік етуі дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай экономикалық жағынан тиімді болады. Міне, сондықтан да тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігін баянды етудің, күш-қуатын арттырудың маңызды факторлары жүріп жатқан экономикалық реформаларды тереңдету болып отыр. Бүгінгі күннің өзекті проблемасы Қазақстанның нақты экономикалық және ғылыми-техникалық тәуелсіздігіне жету. Егемендікті экономикалық мағынада жүзеге асыру ең алдымен ұлттық нарықты құрумен тікелей байланысты. Міне, сондықтан да біздің қоғамымыздың даму қажеттілігі тұрғысынан экономикалық реформаның өзекті мәселесі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру болып отыр. Бізде ғасырға жуық уақыт меншікке деген көзқарас басқаша болып келді. Диалектикалық қозғалыс талаптары мәңгілік қатып-семіп қалған меншік түрі болмайтындығын меңзейді. Демек, мемлекеттік меншіктің де мазмұнын өзгертетін уақыт туды. Бұрынғы кеңес елінде бәрі мемлекеттік болды.

Қазақстандағы жекешелендіру

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде - 186,4 есіге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.
Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:
1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.
2. Жекешелендіру.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Монополияны жою.
5. Бағаны босату.
6. Қатал ақша - несие және қаржы саясатын жүзге шыру.
1991жылы жекешелендіру процессі басталды.
Жекешелендіру процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші кезең 199-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті:
1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгелеу.
2. Меншіктік құқық беруді дайындау.
3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.
Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
Меншіктің экономикалық түрлері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселелері
Мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің түсінігі
Пәндер