Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

  1. Тауар шаруашылығы
  2. Натуралды шаруашылық

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды шаруашылық:

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

Тауарлы шаруашылық:

1. Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Тауар шаруашылығы

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы. Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.

Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.

Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.

Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді. Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі. Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.

Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тоқталайық. Олардың ең бастысы - қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып, молырақ табысқа ие болады. Еңбекші негізі - жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады. Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы өндіріс түріне көшеді.

Тауар айырбасы рынок арқылы болатын жеке өндірушілердің арасындағы байланысты көрсетеді. Тауарайырбасы биологиялық құбылысқа жатпайды, экономикалық процесс. Олай болса оның түпкі тамырын адам табиғатынан инстинктімен емес, олардың өмірінің экономикалық жағдайынан іздеген жөн.

Тауар өндірісі деп өнімді оқшауланған, жеке өндірушілер өндіретін, оның үстіне олардың әрқайсысы қайсібір өнімді өндіруге маманданатын, сөйтіп, қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату және сатып алу қажет болатын қоғамдық шаруашылықтың ұйымдасуын айтады.

Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар алуан түрлі. Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы жеткіліксіз. К. Маркс ертедегі Индияда қоғамдық еңбек бөлінісі жақсы дәрежеде орын алған қауымныңбір түрі. Онда еңбек бөлінісінің іріленген 9 түрі болған. Өнімдер сауда - саттықсыз қауым мүшелеріне тегін бөлініп ортақ меншікке болған. Кейініректе өндірілген өнім, құрал ө жабдықтар нақтылы біреудің жеке меншігіне айналғанда жағдай мүлдем өзгерген. Енді ешкім бір-біріне ештеңені тегін бермеген. Мүлік иелерінен тегін беруді талап ету мүмкін болмаған. Өйткені, әрнәрсе әркімнің жеке меншігіне өтті ғой. Бұлар бір-бірінің ризашылығымен өздерінің қажеттерін қанағаттандыру мақсатындатауар аиырбас қатынасына түседі. Сөйтіп, өндіріс құралдарына жеке меншік тауар өндірісін біржолата қалыптастырады және даму процесін жеңілдетеді.

Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірісінің ерекше моделі сәйкес келеді:

1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;

2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;

4. тауарлы өндірісі;

1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезенде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.

2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі (рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды. Ол жалпы ортақ сипат алады, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:

а) Адамның жұмыс күші тауарға айпалады және өндірушінің өз еңбнегінің орнына жолдамалы еңбек келеді;

б) Қоғамдық өмірдің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналады.

Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталғандықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе “еркін экономика” деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті толық араласпауы оны “таза” -Laisser faire, яғни “қалай жүрсе солай жүрсін” дегенді білдіреді.

Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық экономика деп атауға негіз болды. Рыноктық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.

Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктың экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі-“көрінбейтін қолды” жоққа шығарылмайды. Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасаты. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.

Реттелетін рыноктың тауарлы шаруашылықтың бірнеше моделдері бар:

а) Әлеуметтік рыноктық шаруашылық

б) Аралас экономика

в) Корпоративтік экономика

Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатын бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты міндет- азаматтар мүддесін қорғау. Біріншісі- көбінесе Германияға, екіншісі- АҚШ-қа, үшінші модель- Жапония мен Швецияға тән.

4. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшіл э кономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді.

Натуралды шаруашылық

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалды өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналды. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушіелердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды.

Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.

Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізді және жалпылама сипатқа ие болады. Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы-өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.

Қазіргі қоғамдық өндіріс-бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлінісі өндірістің өсуімен барынша түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процесс барлық қоғамдық өндіріс саласында, әсіресе өнеркәсіпте-өте көрнектілікпен байқалады. Мысал ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға болады. Машина жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кең ауқымды: энергетикалық машина жасау, ауыл шаруашылығына машина жасау, автомобиль жасау және т. б.

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал - жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді. Адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай алмаймыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады. Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегі жұмсалады. Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді қандай да болмасын еңбек өнімі тауар бола ала ма деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Мысалы, шаруалардың, қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы шаруашылығында өсірген жеміс - жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі тауар емес. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт.

Ақша мәні орындалатын функциялары: құн өлшемі, айналыс қаражаты, жинақтау қаражаты арқылы анықталады.

Өтімділік дегеніміз - бұл активтердің айырбас құралына айналу оңайлығы. Айналыс құралының ролін ақша атқаратындықтан, ол активтердің ең өтімді түрі болып келеді.

Ақша жүйесі - бұл әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны.

Ақша жүйесінің элементтері:

- ақша бірлігі;

- баға ауқымы;

- эмиссиялық жүйе;

- ақша түрлері;

- ақша жүйесінің институттары.

Ақша бірлігі - елдегі бірлік ретінде қабылданған ақша мөлшері.

Баға ауқымы - елде ақша бірлігі және оның құрылымдық бөлігі болып саналатын ақша металының салмақ мөлшері.

Эмиссиялық жүйе - ақша мен бағалы қағаздарды шығаратын мекеме.

Ақша түрлері - тауарлы(алтын), қағаз, несие ақша, тиын.

Ақша жүйесінің институттары - ақша айналымын реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

Ақша жиыны - ақша айналымы мен жинақ ақшаның функциясын атқаратын, қолда бар және ақшасыз нысандағы барлық ақшалай қаражаттың жиынтығы.

Нарықтық механизм -сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: не өндіру керек ?, қалай өндіру керек? және кімдерге өндіру керек ?

Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Нарық - өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы баланстылықты қамтамасыз етеді.

Рынок қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды да, оның басты тетіктері “сұраныс”, “баға” және “ұсыныс” т. б. болды, олардың бірлігі “рынок” деген ұғымды құрайды.

“Рынок экономикасы” деген ұғым “рынок” ұғымынан кең, оған екі сала, “өндіріс” және “тұтыну” жатады. “Әлеуметтік реттелетін рынок экономикасы” деген ұғым одан да кең, ол рынок экономикасына, яғни сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса тіркейді. Реттеуші механизміне мемлекет, рынок институттары, әлемдік экономика әсерлері жатады.

Рынок әлеуметтік реттеуші деп аталады. Реттелуге жататын субъект бүкіл қоғам, оның институттары, реттелетін объект - “қоғамдық экономика”, яғни рыноктык процестер, оның институттары мен факторлары (олар фирмалардың өндіріс ішіндегі қызметі емес) ; реттеудің мақсаты - қоғамдық қажеттерді қамтамасыз ету, рынок экономикасы басқа салаларының жалпы проблемаларын шешу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық өндірістің құрылымы
Қоғамдық өндірісті ұйымдастыру жолдары
Тауар және оның қасиеттері
Тауарлы шаруашылық
Қоғамдық өндіріс туралы мәлімет
Дәрістер тезисі
Өндіріс және өндірістік құрылымы
Ақша айналымын тұрақтандыру
Тауарлық өндіріс
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz