Канны қала-курорты


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Канн қала-курорты

Канны (француз тілінде. Cannes) - 70 мың тұрғыны бар Францияның оңтүстігіндегі курортты қала. Қала ретінде Эстерель тау массиві орналасқан Напуль шығанағының жағалауына лигурьлардың қоныстануымен белгілі болған. Көгілдір жағалаудың өте танымал курорттарының бірі болып табылады.

Курортты қаланың негізін б. з. д. 42 жылы римдіктер салған. ХІХ ғасырға дейін бірнеше жүзжылдықтар бойы Прованс құрамындағы шағын балықшылар ауылы ретінде қалған. Барлығы 1934 жылы бұрынғы ағылшын канцлері лорд Генри Питер Брум Канныда тоқтаған кезде өзгереді. Ол өзінің Италияға бара жатқан жолын холера эпидемиясына байланысты қысқартады, 465 күн бойына жолдағы Канныда тұрақтайды. Сонда Лорд Брум сол балықшылар қалашығының әсемігіне, аспанына, жұмсақ климатына тәнті болғаны соншалық, үй салдырады. Көптеген ағылшын аристократтары оның ісін қайталайды. C:\Users\ГАЗИЗА\Desktop\kanni.jpg

Көп ұзамай қалашыққа жоғары тапты орыс халқы да келе бастайды. 1879 жылы Александр ІІ жұбайы Мария Александровна Сергей және Павел ұлдарымен бірге қалаға тоқтайды. 1888 жылы Ги дп Мопассан Канны туралы «Ханзадалар, ханзадалар, барлық жерде ханзадалар» кітабын шығарады.

Канны Жерортатеңіздік климат зонасына жатады. Қала климаты төмендегідей көрсеткіштерге ие:

қаңт
ақп
нау
Сәу
мам
мау
шіл
там
қыр
қаз
қар
жел
жыл
: Орт. темп, °C
қаңт: 7, 9
ақп: 8, 6
нау: 10, 1
Сәу: 12, 5
мам: 15, 8
мау: 19, 3
шіл: 22, 1
там: 22, 1
қыр: 19, 7
қаз: 16, 1
қар: 11, 6
жел: 8, 8
жыл: 14, 6
: Жауын-шашын, мм
қаңт: 88, 7
ақп: 92, 3
нау: 74, 6
Сәу: 69, 3
мам: 50, 3
мау: 40, 2
шіл: 16, 7
там: 36, 0
қыр: 61, 8
қаз: 121, 2
қар: 117, 3
жел: 89, 4
жыл: 857, 7

Қазіргі таңда қала Бокка кварталынан Фуркад төбелеріне дейін 9 шақырымға созылған. Орталығы - Антиб көшесі, Бостандық аллеясы және Круащет жағалауы. Көне қаланың ортасында үйлері мен ғимараттары Шевалье тауымен таласатын Сюке белесі бар. Сюке мұнарасы - 22 метрлік биіктігімен ең жарық тарихи ескерткіш болып табылады. Ал Сюке қорғаны артында Үміт Құдай-анасының шіркеуі орналасқан. Жыл сайын Канн фестивалі өткізілетін кинотеатрдан жиі-жиі экскурсиялық автобус жүріп отырады. Экскурсия тексті наушниктер арқылы әр тілге аударылып отырады(орыс тіліне де) .

Ниццадан 30 шақырым қашықтықта орналасқан атақты француз курорты - сарайлар мен фестивальдердің, яхталар мен тамаша виллалардың жұлдызды қаласы. Кереметтей құмды жағажаулар, дәмді асхана, мереке-мейрамдар - барлығы элитарлы демалыс үшін жаралған.

Канны климаты құрғақ, жңбыр өте сирек жауады, бірақ жылдың кез келген уақытында күн жарқырап түсіп тұрады, түрлі-түсті пейзаж және теңіз жағалаулары әсемдігімен көз тартады. Ойын-сауық үшін барлық жағдай жасалған: казино, кинотеатр, дискотека, жағажай, спорттың су асты немесе үсті түрлері. Канны сөзі француз тілінен аударғанда «қамыс» мағынасын береді. Көптеген жылдар бұрын балықшылар бұл қамыстан көрінбецтін қаланы элитарлы курортқа айналатынын елестете де алмаған.

Курорт емделушілерінің мәдени-танымдық мақсаттағы маршруттары:

Канн Кинофестивалі. 1945 жылдың қыркүйегінде, Екіншіт Дүниежүзілік соғыст аяқталған кезде, бұл шағын қалашықта халықаралық фетиваль ұйымдастырылады. Ол 1939 жылы-ақ жоспарланған болатын, біраққ соғыс кедергі болады. Бейбітшілік орнай салысымен, француздар айтылған идеяны жүзеге асырғысы келеді. Халықаралық фестивальдар ол кездері халыққа жат болатын, әлемде ұйымдастырылған бірнеше осы типтес мерекелер жалықтырарлық, қызықсыз болып өтетін.

C:\Users\ГАЗИЗА\Desktop\2.jpg

Бірінші Канн фестивалі өте жоғары деңгейде өткізіліеді: қонақтар мен қатысушылар, жюрилер - барлығы өз міндеттерін жақсы атқарды. Фестивальдің өткізілуіне курорттың жайлы табиғаты, климаты үлкен әсерін тигізді. Біріншіден соң екіншісі, одан әрі жалғаса берді. Сөйтіп, көп өтпей-ақ шағын қалашық бүкіл дүниежүзіне танылды.

Атаулы шараның кең интерхалықаралық ауқымы белгілі болған кезде, 1948 жылы бұрынғы Palais Stephanie сарайы орнына Канн Фестивалі Сарайы ашылды. Бірақ оның өзі де қатысушылар мен қонақтар, көрермендер үшін тар болады.

1980 жылы фестиваль әлемдегі ең беделді болып аталған кезде, жаңа Фестиваль Сарайы ашылады. Қазіргі таңда онда фестивальдан бөлек Халықаралық музыкалық индустрия көрмесі, Халықаралық телевидение фестивалі, Халықаралық аудиовизуальды бағдарламалар фестивалі өткізіледі.

Фестиваль уақытысында Круазетт жағалауында Қызыл Баспалдақпен көтерілетін киножұлдыздар мен режиссерлерді көру үшін шексіз көп фанаттар жиналады. Сарайдың қасында Жұлдыздар Аллеясы бар, онда көптеген танымал кино қайраткерлері қол іздерін қалдырған.

Круазетт жағалауы. Канның ең атақты көшесі - Круазетт жағалауы. Бұрын ол тек ауылдың қарапайым көшесі болса, кейін 1860 жылдары виллалар мен қонақүйлер пайда бола бастағанда таныла бастайды. Круазетт әсем яхталары бар Канн бухтасынан атақты казинолары бар табиғаты тааша Палм Бич шыңына дейін созылады. Көше бойында Мартинез, Карлтон, Мажестик, Стефани сынды зәулім сарайлар орналасқан.

C:\Users\ГАЗИЗА\Desktop\Набережная-Круазетт.jpg

Круазетт - Канн шоп-айнасы, сауда жасауды ұнататындарға арналған таптырмас орын. Мұнда ең танымал, сапалы кутюрьелердің бутиктері орналасқан: Dior, Lacroix, Vitton, Yves-St-Loraine, Chanel, Hermes. . Канн курортында болған жұлдыздар: Чарли Чаплин, Тристан Бернар, Марлен Дитрих, Морис Шевалье, Софи Лорен, Барт Ланкястер, Катрин Денев и Принцесса Диана. Канныда Ги дэ Мопассан, Проспер Мериме, Жерар Филиптер де өз виллаларын салдырған.

Канны - сонымен қатар әсем, тартымды көне ғимараттар, шіркеулер, часовнялар, саябақтар қаласы. Балықшылар портына немесе розарийге қыдырып қайтуға болады. Беллини Часовнясы италиялық барокко стилінде салынған, Фиорентина саябағында орналасқан. Ал Александр ІІІ бульварында Архангель қасиетті Михаил орыс православ шіркеуі орналасқан. Қалада Патшалық Регаттар, Халықаралаық Ат жарыстары өткізіліп тұрады.

Сент - Маргарит аралы . Сент-Маргарит аралы 300 жылдан астам уақыт Темір Маска тұтқынынығ құпиясын сақтап келеді. Орта ғасырларда аралда Патшалық Форт салынады, кейін ол Патшалық түрмеге айналады. 1687 жылы мұнда Темір маска киген қылмыскер тұтқындалады. Ол 11 жылдан аса уақыт отырады. Темір маска өте жқсы дәрежеде күтіледі: жақсы тамақ және күтім. Соған қарап, халық оны ХІV Людовиктің егіз-сыңары немесе заңсыз ұлы, әлде өте көп құпия білетін сарай қызметкері деп болжайды. Қазір фортта теңіз музейі ашылған.

C:\Users\ГАЗИЗА\Desktop\369_3694big.jpg

Сен-Онопа монастырі. Сен-Онора аралында 5-ғасырда салынған монастырь бар. Пираттардың шабуылына қарсы монастырь өте берік қорғалады. Құрылыс біздің күнге дейін жеткен. Әлі де монахтардың бақша отырғызып жатқандарын көруге немесе жергілікті шіркеуді көруге болады. Арал жергілікті ликерімен де танымал, бірақ оның құпиясы монахтармен әді күнге дейін сақталып келе жатыр екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция туристік нарығының географиясын, курорттық ресурстарын және ерекшеліктерін зерттеу
Халықаралық туризм: анықтамасы, негізгі түсініктері және атау сөздері
Мемлекеттік туристік органдар
Карфагеннің сыртқы саясаты
Румыния елі бойынша курорт ісінің даму тәжірибесі
Армения елі жайлы жалпы сипаттама
Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Румыния мемлекеті
Франция туризмінің даму ерекшелігі
Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz