Қазақстандағы экономикалық теорияның дамуы: өткені және бүгінгісі


Жоспары
1. Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдеріне байланысты мектептердің ой пікірлерінің сабақтастығы мен қарама қайшылықтарын теориялық және тәжірибелік тұрғысы.
2. Қазақстандағы экономикалық теорияның дамуы: өткені және бүгінгісі.
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдеріне байланысты мектептердің ой пікірлерінің сабақтастығы мен қарама қайшылықтарын теориялық және тәжірибелік тұрғысы
Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж. ж. ) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж. ж. ) еңбек бөлінісі туралы, еңбекті мамандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада 16-17 ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар -ақша қатнастары 1861 жылы реформадан соң дамыды. Қазақстан капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы- меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.
Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп- физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия - еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-м аржинализм (французша marginal-шекті) теориясы.
Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX-XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін мектептің өкілдері - К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842-1924) . Оның басты еңбегі "Экономика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847-1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс қалаушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.
Қазақстандағы экономикалық теорияның дамуы: өткені және бүгінгісі.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан мәдениепен білімнен шектеліп қалды.
Қзан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, соцализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған сойиализмнің әкімшідік жүйесі кеңес халқын дүнежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауытпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдіккеңістіктен Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік бойынша сайаси тәуелсіздіктің де байанды болуы қиын. Қоғамдық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану өз экономикасының құрлымынын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатнастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынк теориясы мен тәжірбиесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Республикамызда дарынды, шет тілдерін білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англия, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Туркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі замандық риноктық инфрақұрлымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz