Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы



Жоспары
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы
2. Қазақстан экономикасының тарихы
3. Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір – біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйе экономиканың өзара біріккен, белгілі бір үлгіде реттелген элементтердің жиынтығы болып табылады. Осының барлығы бірігіп, қоғамның экономикалық құрылмын құрады. Экономиканың жүйелік қасиетінсіз экономикалық институттар мен қатынастар жаңғыртылмайтын, ал экономикалық заңдылықтар, экономикалық құбылстар мен процесстердің теориялық түсініктемесі, мағынасы немесе арнайы бағытталған, әрі тиімді экономикалық жүйе болмайтын еді.
Экономикалық жүйенің жұмыс атқаруының дұрыс, әрі ғылыми дәлелденген заңдылықтарды анықтау әрқашан да өте маңызды рөлге ие болды. Шын мәнінде өз қызметін атқаратын экономикалық жүйелер тек ғылыми экономикалық жүйелерде ғана кедеседі. Кеңестің экономикалық әдебиеттерінде экономикалық жүйені зерттеушілердің арасында аса танымал К. Маркс, Герасимов Н.В., Черняк В.К., Я. Корнаи болған.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998.
2. Экономическая теория. Учебник для вузов. Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. СПб, 1997.
3. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж.
4. Интернет желісі: http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/243-ekonomika/2891-ekonomikali-zhyen-tipter-men-modulder.html, Экономикалық жүйе.
5. http://pvl10.ucoz.kz/publ/ehkonomika/ehkonomikaly_teorija_keze_deri/6-1-0-220, Қазақстан экономикасы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы
2. Қазақстан экономикасының тарихы
3. Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар
әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық
жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық
экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің
негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың
әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз
қызметтерін атқарады.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір – біріне тәуелді әр
түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани
игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы
байланыстың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйе экономиканың өзара
біріккен, белгілі бір үлгіде реттелген элементтердің жиынтығы болып
табылады. Осының барлығы бірігіп, қоғамның экономикалық құрылмын құрады.
Экономиканың жүйелік қасиетінсіз экономикалық институттар мен қатынастар
жаңғыртылмайтын, ал экономикалық заңдылықтар, экономикалық құбылстар мен
процесстердің теориялық түсініктемесі, мағынасы немесе арнайы бағытталған,
әрі тиімді экономикалық жүйе болмайтын еді.
Экономикалық жүйенің жұмыс атқаруының дұрыс, әрі ғылыми дәлелденген
заңдылықтарды анықтау әрқашан да өте маңызды рөлге ие болды. Шын мәнінде өз
қызметін атқаратын экономикалық жүйелер тек ғылыми экономикалық жүйелерде
ғана кедеседі. Кеңестің экономикалық әдебиеттерінде экономикалық жүйені
зерттеушілердің арасында аса танымал К. Маркс, Герасимов Н.В., Черняк В.К.,
Я. Корнаи болған.
Экономика ғылымының дамуының қазіргі кезеңінде экономика туралы
жүйелік түрде түсінік беруге аса үлкен назар аударылып отыр. Батыс
әдебиеттерінде жүйені анализдеуді Постиндустриялды қоғамның келу атты
еңбегінде Белл, Жаңа индустриялды қоғам және Экономикалық теория және
қоғамдық мақсаттар атты еңбектеріңде Гэлбрейт, сонымен қатар Арон, Дракер,
Ростоу, Тофлер жүргізген. Олар экономикалық жүйені экономикалық
зерттеулердің аса маңызды обьектісі ретінде қарастырды.

Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы

Еліміз әкімшіл-әміршіл жүйеден жаңа нарықтық экономикаға ауысуына
байланысты өтпелі экономиканың мәселелерін шешуде көптеген зерттеулер
қажет. Мемлекетіміздің өзіндік экономикалық ерекшеліктеріне сай нарықтық
экономиканы бейімдеу қажет.
Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты
аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол
бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра - өзара іс -
әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметік
өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.
Қандай да бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы
қандай боолу керек? ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына дейін өмір сүрген
еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі
жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара
еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші
жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі
қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі
кәдімгідей өсе бастады.
Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу
дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30 –
35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын
және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды.
Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму
ерекшелігімен анықталады. Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының
стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып
табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра -
өзара іс - әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және
әлеуметік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады. Экономикалық
жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік
қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы
ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде
жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне
экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта
қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт
бойынша қатынастар қалыптасады.
2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық
ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып,
мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы
экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде
артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа
елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық
экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде
мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы
мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан
жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры.
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының
болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында
шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге
қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және
сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп
отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір
әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді
таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану
дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық
механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық
бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі
сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және
ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық
шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі
сақталуда.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты
міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке
қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы
және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы
монополиясыздандыру.
5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы
бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз
ету.

Қазақстан экономикасының тарихы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi
кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Тек 19-20 ғасырларда ғана
тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың
шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-
саттықтың дамуына жол ашты. Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ
ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген
адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың
басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы
байқалды. Қазақстанда қолөнерi кәсiбi ғасырлар бойы көшпелi ш-пен
байланысты дамыды. Өздерi тұтынатын қажеттi өнiмнiң көбiсiн әр отбасы өзi
немесе ағайын-туыс, көршi-қолаң көмегiмен өндiрдi. 19 ғ-дың 2-жартысында
қолөнердi (киiз үй, ер-тұрман, зергерлiк бұйымдар, т.б. жасау) негiзгi
кәсiбi еткен шеберлер мен iсмерлер пайда бола бастады. Олар ауыл-ауылды
аралап жүрiп жұмыс iстедi. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында өндiрушiлер
тауарды тұтынушылардың тапсырысы бойынша ғана емес, базарға сату үшiн де
өндiретiн майдагерлiк дами бастады. Қазақ елiне орыс капиталының енуi
өлкеде өнеркәсiптiң дамуына түрткi болды. Қарағанды көмiр кенiшi, Успен мыс
өндiрiсi, Спасск мыс қорыту з-ты, Қалба алтын кен орындары, т.б. iрге
көтердi. Кәсiпкерлер өлкенiң аса бай табиғи қорларын рәсуа етiп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған елдердегі менеджменттің негізгі концепциялары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Қазақстанның қаржы жүйесі
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Аймақтық саясат құрылымы
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Пәндер