Ұрлық


Мазмұны
Кіріспе2
Тарау І. Ұрлықтың түсінігі4
1. 1 Жалпы сипаттамасы және белгілері4
1. 2 Қылмыстың объектісі және қылмыстық қолсұғушылықтың пәні9
1. 3 Ұрлықтың объективтік жағы13
1. 4 Ұрлықтың субъективтік жағы19
1. 5 Ұрлық субъектісі. 20
ІІ Тарау. Ұрлықтың квалификациялық түрлері. 22
2. 1 Адамдар тобының алдын ала сөз байласып ұрлық жасауы. 23
2. 2 Ұрлықтың бірнеше рет жасалуы. 27
КіріспеПайдаланған әдебиеттер
«Соттың шешімінсіз ешкімді де өз
мүлкінен айыруға болмайды»1
Кез келген мемлекетте меншік материалдық негіз және халықтың өзінің материалдық (мүліктік) және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың тәсілі болып табылады. Мүлік өзінің міндетін атқару үшін қылмыстық қолсұғушылықтардан жақсы қорғалынуы тиіс.
Мемлекет әрқашанда иеленуші тұлғаның мүлкіне жасалатын қолсұғушылықтармен ең шешімді күрес жүргізу керек деген ойды ұстанды. Қорғаудың барлық түрлерін күшейту, иеленуші тұлғаның мүлікті қатыгездікпен қолсұғушы тұлғаларға заңға сәйкес қатаң жаза қолдану, қылмыспен келтірілген мүліктік залалдың орнын толтыру сияқты сұрақтарды шешу міндетті алға қойып отырмыз2.
Қазақстан Республикамызда мүлік мемлекеттік және жеке болуы мүмкін. Ол материалдық (мүліктік) және интеллектуалдық (мүліктік емес) құндылықтардан құралады. Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтарға, шетел азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, ұйымдарға, т. б. иеленушілерге өздерінің мүлік құқығын жүзеге асыруға және қорғауға тең жағдайлар ұсынады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабына сәйкес “Қазақстан Республикасында мемлекеттік және меншік танылады және бірдей қорғалады.
Бұл заңды түрде бекітілген ереже қылмыстық құқықтағы меншікке қарсы қылмыстардың жүйесіндегі өзгерістерге бастау салды.
Мысалы «Меншікке қарсы қылмыстар» бұрын 22. 07. 59 ж. қабылданған ҚазССР қылмыстық кодексінде ІІ тараумен реттелінді және де қылмыстық қолсұғушылықтың объектісіне негізделді де, мүлік мемлекеттік және жеке меншік болып бөлек қарастырылды. Сонымен қатар заңда адамның жеке мүлкін ұрлауға қарағанда мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлау үшін қатаңырақ жаза қолданылды. Соның ішінде 76-5б. «Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ірі мөлшерді ұрлау» немесе 76-6б. «Мемлекеттік, қоғамдық мүлікті ұрлаудың қайталануы» сияқты баптар қарастырылды. Осыған орай ҚазССР Қылмыстық Кодексінің ІІ тарауы меншіктің басқа түрлерін , криминализациялағасын өзгеріске ұшырап және ІІ тараудан VІ тарауға көшірілді. Мүлікке қарсы қылмыстардың ішінде ұрлық - ең көп таралған түрі, жыл сайын ұрлықпен жасалған қылмыстар саны күрт өсуде. Осыған дәлел болып Қазақстан Республикасының ІІМ статистикалық мәліметтері дәлел бола алады:
Жоғарыдағы қарастырылып кеткен таблицамыздың негізінде мынадай қорытындыға келуге болады, 1997 ж. мемлекетте барлық тіркелінген қылмыстардың 54, 4% ұрлық қылмысы құрайды. Бірақ та келтірілген статистикалық мәліметтер тек қана тіркелінген қылмыстар туралы ақпаратқа негізделуінен, олардың шын мәнісінде жасалынатын қылмыстар санына сәйкес келмейтінін көреміз. Бұның себебі - жәбірленуші жеке себептермен ұрлыққа тап болғанын құқық қорғау органдарына хабарламауы. 3
Ұрлық - бүгінгі күнде сот және тергеу тәжірибесінде ең таралған қылмыс түрі. Оның пәні болып және адамның еңбегі сіңген кез-келген мүлік болуы мүмкін. Қылмыскерлер сатуға не тез пайдалануға, ыңғайлы барлық мүлікті ұрлайды. Қылмыстан кейін ұрылардан сатып алумен немесе қайта сатушы тұлғалардың сұрасын ұрлық кезінде таңдау жасағанда негізге алатыны байқалды. Тәжірибе көрсеткендей ұрлық пәні болып жиі бағалы мүлік болып келеді. Ұрлық негізінде жәбірленушіге ірі мөлшерде келтіріледі. Сол себепті, бұл қылмыс түрі терең зерттеуді, салалас қылмыстардан ерекшеліктерін зерттеуді қажет екені сөзсіз4.
Тарау І. Ұрлықтың түсінігі1. 1 Жалпы сипаттамасы және белгілері
Ұрлық қылмыс құрамы ретінде 16 июль 1997 жылы қабылданған ҚР ҚК 175 б. қарастырылған.
Ұрлық - мүлікті «хищение» болып келетіндіктен, ұрлықты «хищения» түсінігімен, ерекше сипаттаушы белгілермен қарастырғанымыз жөн.
Жалпы теориялық түсінікпен «ұрлау» пайдакүнемдік ниетпен айыптының өзімен немесе басқа адамдардың пайдасына белгілі бір тәсілдермен меншік иесінің мүлкімен қасақана, құқығына қайшы әрекет жасау. «Ұрлау» туралы істер бойынша сот қызметін жүзеге асыру кезінде ұрлаудың түсінігі қалыптасып, өзінің көрінісін ҚР Жоғарғы Сот. нормативтік қаулысында көрініс тапты. 11. 07. 03 №8 «ұрлауды» ісі бойынша сот тәжірибесі “Пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің иесіне немесе өзге де иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру таныладың. Бұл анықтамадан ұрлау келесідей негізгі белгілерін, яғни қайтарымсыздығы, пайдакүнемдік мақсат, құқыққа қайшылық, қылмыспен міндетті түрде залал келтірілуі, өзінің немесе басқа тұлғалардың пайдасын өтуі сияқты белгілерді байқаймыз. Осындай белгілер ұрлыққа да тән болып келеді.
Ұрлаудың нысандары дегеніміз: “Пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің иесіне немесе өзге де иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру негізінде қоғамға қарсы әрекеттерді жасау тәсілдері, әдістерің. ҚР ҚК қылмысқа қолсұғушылық тәсіліне байланысты ұрлаудың 6 нысанын бөліп қарастырылады.
1) ұрлық (ҚР ҚК 175 б. ) ; 2) тонау (ҚР ҚК 178 б. ) ; 3) қарашылық (ҚРҚК 179 б. ) ; 4) сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚРҚК 176 б. ) ; 6) алаяқтық (ҚРҚК 177 б. ) .
1) ұсақ ұрлау, ұрланған мүліктің құны қылмыс жасалған күнге ҚР заңнамасымен бекітілген 10 АЕК құнынан аспаса.
2) ірі мөлшерде ұрлау қылмыс жасалу сәтіне ҚР заңымен белгіленген АЕК-тен 500 есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері.
“Егер де бір созылмалы қылмыс бірнеше хищ. эпизодтарынан құрылатын болса және де олардың жасалу ниеті бір болса, ұрланған мүліктің жалпы құны 500 АЕК-тен асатын болса, оны ірі мөлшерде келтірілген ұрлық деп саралауымыз қажет. Егер де қылмыскердің ниеті ірі мөлшерде ұрлағаны бағытталса, бірақ та ұрлық одан тәуелсіз жағдайлармен жүзеге асырылмаса, жасалынған қылмысты, фактілі ұрланған мүліктің бағасына қарамай, ірі мөлшерде ұрлық деп саралауымыз қажет. Басқа біреудің мүлкін ұрлау әр түрлі ниеттегі эпизодтармен жүзеге асырылады, ұрланған мүлікті жалпы санау рұқсат етілмейді. 5 Ұрланған мүліктің құнын есептеу кезінде қылмыс жасалу сәтіне оған мемлекеттік белгілерді бағалауды ескерту қажет. Ал егер де жәбірленуші ұрланған мүлікті рыноктық бағамен немесе комиссиялық бағамен сатып алса, онда сол бағалармен. Бағасы болмағанда, ұрланған мүліктің құны эксперт мамандардың қорытындылары негізінде белгіленуі мүмкін.
Қылмыстың пәнінің құндылығына байланысты келесі топты бөледі:
- Ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚР ҚК 180 б. )
Жасырындылығы және күш қолданылмауы
Ұрлық - иеленуші мүлкін хищ. нысаны. Бұл екі көп таралған пайдакүнемдік ниеттегі мүліктік қылмыс. Заң ұрлықты бөтен біреудің мүлікті жасырын алу деп белгіленді. Бұндай қылмыс әрекет үшін ҚР ҚК 175б. қылмыстық жауаптылық көзделінген. Жасырындылық туралы сұрақты шешкенде, сот айыптының жағдайды сезілуін ескеруі қажет. Егер де айыпты өзінің әрекетін басқалар үшін көрінбейтіндей жасадым деп сезінсе не ойласа, ал егер де тіпті де мүлік иесі немесе басқа тұлға оның әрекетін бақыласа, бұл әрекет ұрлық деп саралануы тиіс. Егер де жоғарыда айтылған тұлғалар мүлікті алу әрекетін көріп, бірақ оны қылмыс сипатын түсінбесе де, әрекет ұрлық деп саралануы қажет. Егер де қылмыс айыпты тұлға туыстық қатынастағы, достық қатынастағы немесе жеке сипаттағы басқа қатынастағы адамдар қатысуымен жасалынса және де соның негізінде айыпты оның әрекетіне кедергі келмейтініне және құқық қорғау органдардың болмауына сенімі болса да, бұл әрекет ұрлық ретінде саралануы қажет.
Қылмысты саралау кезінде ұрлықтың күш қолданусыз жасалатын қылмыскерлер қатарына жататындығын ескергеніміз жөн. ҚР ҚК «Ұрлық туралы» нормаларға жүйелі түсініктемесінен көреміз. Егер де қылмыс күш қолданумен немесе күш қолдану жасырын алудың алдында жасалса, әрекет ұрлық ретінде саралай алмаймыз.
Қылмыс кезінде қылмыскерден ұрлық әрекеттерін бақылауға мүмкінсіз болатындай мүлікті иеленуші тұлғаға күш қолдану әдістерін жасау (басқа жерге апарып тастау, бір жерде қамау, санадан тыс жағдайға келтіру, т. б. ) да ұрлық ретінде сараланбайды.
Ұрлықтың субъективтік, объективтік мазмұны болып, яғни айыпты (ұрлық жасаушы) ұрлық объектісі болып тұрған мүлік иесімен немесе күзетшісімен, әрекеттерін көріп қалып, оған кедергі келтіруі мүмкін, қарсы әрекет жасауы мүмкін басқа да адамдармен кездеспеуге тырысады.
Ұрлаудың барлық нысандары арасында ең қауіпті емес деп танылуы мүмкін, себебі:
1. Қарақшылық пен тонауға тән физикалық немесе психикалық күш қолданумен ұштаспайды;
2. Айыпты ұрлық жасағанда мүлікке деген құқығын немесе қызметтік жағдайын қолданбайды.
- Мүлікті ұрлау үшін алдау әдісін қолданбайды.
Құқыққа қайшылық
Ұрлық - әрқашан да айыптының құқыққа қарсы әрекеті. Біріншіден, ұрлық жасаушы ұрланатын мүлікке құқығы жоқ және де өзінің әрекеттерінің заңға қайшы екенін ұғынады. Екіншіден, ұрлық мүлік иесі немесе күзетшісі көрмейтіндей, білмейтіндей жүзеге асырылады.
Тәжірибеде мүлік күзетшісі білетіндей және келісімімен де ұрлықтар жасалады. Мұндай «келісім» бірлесіп ұрлық жасауға сөзбайласу болып танылады.
Алып қою
Ұрлық - мүлікті иеленуші тұлғаның шаруашылық билік ету аясынан қылмыс объектісін алып қоюдан тұрады. Заңды иесінен мүлікті айыру, соның арқасында иеленуші тұлға мүлікке билік ету мүмкіндігінен айырылады. Алып қою - иеленуші тұлғаның билігінен мүлікті айыптының пайдасына көшіру. Алып қойылған құндылықтар ұрының немесе үшінші тұлғалардың заңсыз билік етуіне айналдырылады. Ұрлық арқылы айыпты алып қойған құндылықтарды өзінің билігіне айналдыруға және өзімен заңды мүліктің заңды иесінің орнын басуға ұмтылады. Бірақ та онымен жасалған құқыққа қайшы әрекеттері ұрыда мүлікке меншік құқығының пайда болу негізін туындатпайды алып қойылған мүлікке оның билігі заңмен қорғалынбайды, ал мүлігі ұрланған иеленуші тұлға заңмен мүлікке деген өзінің меншік құқығын сақтайды. Бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына айналдыру - құқыққа қайшы билігіндегі мүлікті алу немесе оны ысырап ету. Заңдағы “алып қоюң және айналдыру ұғымдар бір-бірінен ерекшеленеді, әрқайсысының мазмұны бар, тығыз байланыста болып келеді және бірін-бірі толықтырады.
Осы екі сөз мынаны көрсетеді, кінәлі адам бөтен адамның мүлік аясынан мүліктік құндылықтарды алып қояды, осы әрекетімен ол меншік қатынас сияқты әлеуметтік қатынасты бұзады, бөтен біреудің мүлкіне өзінің билігін орнатады, сырттай өзінің әрекеттеріне заңды нысан келтіре отырып. Сондықтан жоғарыда айтылған ұғымдар ұрлаудың ұрлық нысанының объективтік жағын сипаттауға ең жарамды болып келеді6.
Қайтарымсыздығы
Бөтен біреудің мүлкін қайтарымсыз алып қою мынадай жағдайларда саналады, егер де кінәлі тұлға мүлікке ақысыз түрде билік орнатады, тиісті орнын толтырусыз немесе адекватты түрде орнын толтырусыз. Бөтен біреудің мүлігін қайтарымсыз алып қою меншік иесіне немесе басқа иесіне мүліктік залал ретінде қоғамдық қауіпті салдарды тудырады. Қылмыстық құқық ғылымында залалдың толығымен ақшалай немесе басқа нысанда өндірмеуінсіз бөтеннің мүлігін алып қою сияқты ұрлаудың түсінігі қалыптасқан. Бірақ қайтарымсыздың жалпыны қамтитын түсінік емес, тәжірибеде меншік иесіне оның мүлкін алу кезінде оған еріксіз түрде ақшалай эквиваленті төлеу жағдайларын қамтымайды. Егер де заңға қайшы әдіспен, мүлікке алуға құқығы болмай алып қойғанда және меншік иесінің мүлігін алып қою әрекеттеріне қандай да бір нысанда бағыттарын білдірмесе, еркіне қарсы жүргізілсе, бұл әрекет ұрлаудың немесе ұрлықтың ісін мән жайына байланысты басқа нысандары ретінде саралау қажет7.
Ұрлық пайдақорлық мақсатпен жүзеге асырылатын қылмыс. Пайдақорлық дегеніміз - тұлға басқа бір тұлғаның өзінің мүлігін билік ету және пайдалану мүмкіншілігін бұза отырып, заңсыз түрде мүлігін алып қою. Қылмыскер қылмыс жасай отырып өзінің мүліктік қажеттіліктерін қанағаттандырады. Құқықтық әдебиетінде С. В. Скляровпен хищенияның міндетті белгісі ретінде пайдақорлық мақсатты алып тастау сияқты ұсыныс жасалынды. Соның арқасында жауапкершілік мәселесі шешілгенде айыптының кейін мүлікке билік етті ме, етпеді ме оны ескермей, тек қана мүлікті заңсыз алып қою фактісін анықтау жеткілікті деген ұсыныс жасайды.
Пайдақорлық - көп аспектлі әлеуметтік құбылыс болып келеді және соның құрамына тұлғаның көптеген ұмтылыстары кәреді және сол үшін айыпты тұлға мүлік иесіне немесе басқа иесіне залал келтіреді. Дисеертант осы жоғарыда ұсынылғанға қарсы шығып және де өзінің білдірген ойының ұрлықтың құрамының шегін белгілемеуге және де ұрлықты басқа қылмыстардан ерекшелеуге мүмкіндік болмайтынындай екенін дәлелдейді. Полимотивизация жүргізілсе пайдақорлық ниеттің болуы қылмысты ұрлық негізінде санауға бірден бір негіз.
Қылмыс арқылы меншік иесіне зиян келтіру. Алып қою арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіріледі. Залал ұсақ мөлшерді, не ірі мөлшерде келтірілуі мүмкін. Залалдың мөлшерін анықтау қылмыстық құрамдағы ұрлықты әкімшілік құрамдағы ұсақ-түйек ұрлаудан айыруға мүмкіншілік береді. Ұрлықтың залалы ұрланған заттардың құнымен есептелінеді. Мүліктің құнын анықтаған кезде меншік иесінің мүлігін бөлшектеп, рыноктық әлде коммиссиондық бағалармен сатып алғаны туралы сұрақ шешу керек. Мүлік иесінде сөздерін растайтын құжаттар болу керек. Бағасы белгісіз болған жағдайда, ұрланған заттың мөлшері туралы дау туған жағдайда «Залалға» комплексті семантикалық және құқықтық анализ жүргізсек, ұрлау әрқашанда объективті түрде жәбірленушінің еркі мен есінен тыс оған залал, зиян келтіріледі. Меншік иесі мүлікке баға беруі субъективті түрде жүргізіледі.
Егер де мүлігін алып қоюға меншік иесінің келісімі ұрлық жасалғанға дейін жүргізілсе, онда әрекет қылмыс ретінде сараланбайды. Сондықтан ҚР ҚК 175 б. ұрлау анықтамасынан мына көрсетілгенді алып тастауға болады. Мүліктің меншік иесінің немесе басқа б да иесіне залал келтіру:
Кейде мүлік иесі белгілі бір мүлікке құқықтардан айыруды белгілейді, бірақ жүзеге асыруға үлгірмейді және де сол мүлік ұрлық объектісіне айналған жағдайлар тәжірибеде кездеседі. Соларға теоретикалық пайымдау жасалып, құқықтық баға берілуі тиіс. Басты қатысушысы өзі көңіл бөлмейтін қоғамдық қатынасты қылмыстық заң қорғайды. Мұндай әрекеттерді декриминализациялау басқа меншік нысандарының қорғалу деңгейінің төмендетілуіне әкелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер тиісті емес объектігі қол сұғу деп бағаланады, қылмысқа оқталу деп сарануы қылмыс жасалғаннан кейінгі ауырлыққа теңістірілуі мүмкін8
Ұрлық дегеніміз - пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіріп отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына қасақана, заңсыз, қайтарымсыз, жасырып және күш қолданусыз алып қою және айналдыру танылды.
Бұл анықтамадай келесідей белгілерді анықтауға болады:
1) бөтеннің мүлкін бөтеннің иелігінен заңсыз алып қою және билік ету;
2) жәбірленушіден ұрыға мүліктің өтудің жасырын және күш қолданусыз әдісі;
3) әрекеттердің пайдақорлық ниеті және арнайы пайдақорлық ниет - иелену. 9
1. 2 Қылмыстың объектісі және қылмыстық қолсұғушылықтың пәні
Ұрлықтың объектісі болып қлмыстық заңмен қорғалатын меншіктің қоғамдық қатынастары.
Типтік объектісі - қатынастарының кең ұғымы, яғни мүліктік құндылықтарды алмастыру және өндіру қоғамдық қатынастар және де олар ұжымдық және жеке тұтынылуға бағытталады; объективті құқық нормалар жүйесімен бекітілген және реттелінетін қатынастар.
Непосредственный объектісі - нақты меншік нысандағы қоғамдық қатынастар, меншік иесінің мүліктік интересы. Объектіде құқықпен бекітілетін және қорғалатын қоғамдық қатынастардың заңи табиғаты көрінісін табуы тиіс. Қылмыстың пәні - қылмыстың объектісін, элементі, оған әсер ете отырып айыпты адам қоғамдық қатынастарға залал келтіреді және де оның абстрактілік сипаты жоқ. Қорытындылай келе меншік қатынастар объект ретінде, ал мүлік ұрлық пәні болып еспетелінеді.
Қылмыстың қолсұғушылықтың объектісін анықтау әдетте қиындыққа соқпайды:
ұрланған мүліктің қай субъектісі тиесілі екені анықталады (мемлекеттік кәсіпорын, жеке фирма, мүлік меншік құқығына тиесілі болған жеке тұлға) және де қылмыс жасалу сәтіне оның фондарында болғаны анықтлынады10.
Меншік иесінің мүлігін ұрлау кезінде айыпталушы қоғамдық қатынасқа емес, оның элеметіне қол сұғады, ол меншік құқығы болып табылады, ол бойынша билік ету, пайдалану және иелену жүргізіледі11.
Қылмыс пәні
Меншік иесінің ұрланған мүлігіне анализ жасалғанда тек қана объектілерді ажырата білу ғана емес, сонымен қатар қылмыс пәнін, яғни ұрланатын мүлікті ажырата білу керек.
Мүлікті құқықтық қолсұғушылықтың пәні ретінде қарастырғанда, оны қылмыстың объектісінен тыс зерттеуге болмайды. Пән және объект өте тығыз байланыста болып келетін ұғымдар. Заттар мүліктік қатынастардың алғы шарты болып келеді, қолсұғушылықтың пәні қылмыстың объектісінің элементімен, құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс, себебі меншік қатынастары мүлікпен қатынассыз мүмкін емес. Мүлікке әсер ету нәтижесінде меншік қатынастарына зиян келтіріледі. Заттарға қатысты мүлік бөлшегі ретінде болып табылған меншік қатынастары бұзылады12. Бөтен сөзбен айтқанда, иеленуші белгілі бір зат билік ету, иелік ету, пайдалану құқығынан айырылады.
Осындай көзқарасқа қарсы М. П. Михайлов қарсы шықты. Оның айтуы бойынша, ұрлықтың объектісі мен пәнін бөлу қателік деп санайды, оның схоластикалық сипаты бар деп санайды. Оның айтуы бойынша, ұрлықтың объектісі болып материалды өмірдің аттарының жиынтығы болып табылады13 және де ол құқық бұзушылықпен меншік құқығына ешқандай залал келтірілмейді дейді14.
Басқа аторлардың айтуы бойынша, ұрлық кезінде залал меншік қатынастарына қылмыс объектісіне әсер ету жолымен тигізіледі. Меншік қатынасы ұрлануы, жойылуы мүмкін емес, меншік қатынастары бұзылуы ғана мүмкін15
Ұрлық кезінде залал мүмкін емес, меншік қатынасына келтіріледі. Қылмыс субъектісі (ұры) меншік құқықтың қатынастарға қол сұғылады, яғни меншік құқығына, сыртқы өмірдің материалдық заттарға емес. Сөзсіз Б. С. Никифоров мүлік жайлы “сыртқы өмірдің материалды заттардың ждиынтығың деп пайымдауы дұрыс.
Өзінің физикалық белгілері бойынша мүлік материалды, заттай денелерде, объективті өмірдің әртүрлі заттарында болуымен сипатталады, олар әртүрлі физикалық жағдайларда болуы мүмкін, тірі және тірі емес болуы мүмкін, жеке бір мазмұны болуы мүмкін немесе басқа заттың рөлін орындалуы мүмкін, бастапқы заттың рөлін орындау мүмкін, т. б. Ұрлықтың мақсаты болып, бөтен біреудің еңбегінің материалды жемістеріне заңсыз иелік ету болғандықтан, ұрлықтың пәні болып рухани құндылықтар бола алмайды: ой, гипотеза, воплощениясын кітапта, симфонияда, картинада таппаса16.
Материалдық заттың қозғалатындығы
Ұрлық кезіндегі қолсұғушылықтың пәні ретінде болып табылатын зат қозғалатын заттардың қатарына жатады және де олар кеңістікте өздерінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпай қозғалады.
Ұрлықтың пәнінің адам еңбегімен жасалынуы. Мемлекетке немесе басқа субъектіге тән меншік құқығындағы кез-келген зат ҚР қылмыстық кодексі бойынша ұрлықтың пәні бола алмайды. Ұрлықтың пәні мүмкін мүлікке жасалуына, кестеленуіне, табуына немесе өндірілуіне адамның еңбегі сіңген ғана заттардың жиынтығы жатады. Ұрлықтың пәні болуы үшін заттың тек қана тұтынылу қасиеттеріне қоса азаматтыққа айтысқа түсуге, тауар-ақша айналысына түсуге бағасы болуы керек.
Орман, жабайы жануарлар мен құстар, судағы балық, өндірілуден тыс табиғи қазбалар мемлекеттің меншігін құрайды. Бірақ оларды ұрлануға мүмкін мүлікке жатқыза алмаймыз, себебі оларға адам еңбегі сіңбеді17.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz