Стандарттау және маркетингтік зерттеулер



Стандарттау - нақты қойылып отырған жəне ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мəрте жəне ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке жəне процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары болып табылады:
- өнімге, процеске, қызметке арналған нормалар, ережелер мен талаптарды бекіту;
- адамдардың өмірін, денсаулығың, мүлігің және қоршаған ортаны қорғау үшін өнімнің, процестің, қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- саудада техникалық кедергілерді жою, ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- техникалық және ақпараттық сәйкестігін, сонымен қатар өнімнің өзара байланысын қамтамасыз ету;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету;
- ресурстың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
- елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
- табиғи және техногендік апаттар мен төтенше жағдайларды болдырмау есебінен шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өнімнің, процестің(жұмыс), қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы туралы мәселелерде тұтынушының мүддесін қорғау.
Стандарттаудың негізгі принциптері:
- келісушілік;
- ашықтық;
- еркінділік;
- стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер үшін тең талаптар;
- экономикалық мақсатқа сәйкестілік.
Стандарттау объектілірі: көп қайтара шығарылатын және(немесе) қолданылатын өнімдер, процесстер ,қызметтер.
1. Аскарова "Стандарттау және метрология" 2008ж

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Стандарттау және маркетингтік зерттеулер.
Стандарттау - нақты қойылып отырған жəне ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мəрте жəне ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке жəне процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары болып табылады:
oo өнімге, процеске, қызметке арналған нормалар, ережелер мен талаптарды бекіту;
oo адамдардың өмірін, денсаулығың, мүлігің және қоршаған ортаны қорғау үшін өнімнің, процестің, қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
oo саудада техникалық кедергілерді жою, ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету;
oo техникалық және ақпараттық сәйкестігін, сонымен қатар өнімнің өзара байланысын қамтамасыз ету;
oo өлшем бірлігін қамтамасыз ету;
oo ресурстың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
oo елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;
oo табиғи және техногендік апаттар мен төтенше жағдайларды болдырмау есебінен шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
oo өнімнің, процестің(жұмыс), қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы туралы мәселелерде тұтынушының мүддесін қорғау.
Стандарттаудың негізгі принциптері:
oo келісушілік;
oo ашықтық;
oo еркінділік;
oo стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер үшін тең талаптар;
oo экономикалық мақсатқа сәйкестілік.
Стандарттау объектілірі: көп қайтара шығарылатын және(немесе) қолданылатын өнімдер, процесстер ,қызметтер.
Стандарттау әдістері. Стандарттау қызмет түрі ретінде қайталанатын мәселелердің ең ұтымды шешімі үшін қажет жалпы ғылыми және арнайы әдістер жиынтығына негізделеді.
Стандарттауда жиі қолданатын әдістер:
1) стандарттау объектісін реттеу;
2) параметрлік стандарттау;
3) бірыңғайлау;
4) агрегаттау;
5) кешенді стандарттау;
6) алдын - ала стандарттау.
Стандарттау объектілерін тәріптеу стандарттаудың көп түрлі объектілерді басқарумен тұжырымдалады.
Реттеу жұмысының нәтижесі, мысалы, сыныптаулар, типтік құрылым, жабдықтау бұйымдары, процесстер, ережелер, құжаттардың пішіндері болып табылады.
Реттеу әдісі жүйелеу, типтеу, селекция, симплификация және стандарттау объектілерін оңтайлау жолдарымен жүзеге асырылады.
Параметрлік стандарттау-орынды атаутізімі мен параметрдің сандық мәнін таңдау және негіздеуге арналған стандарттау әдісі.
Өнімнің ең маңызды параметрлері болып, оның тағайындалуы мен пайдалану қызметін анықтау сипаттамалары:
oo өлшем параметрлері ( киім және аяқ киім өлшемі,ыдыстың сиымдылығы);
oo салмақтық параметрлері (әртүрлі спорттық бұйымның массасы);
oo машина мен аспаптардың өнімділігін сипаттайтын параметрлері (желдеткіштің өнімділігін, транспорттық жүйенің жылдамдық қозғалысы);
oo энергиялық параметрлері( двигательдің қуаттылығы) және т.б.
Мемлекеттік стандарттау жұмысы жоспарланады. Стандарттау бойынша жоспарлау жұмысы ҚР салалық экономикасына бағытталған жұмыстармен жүзеге асырылады.
Жоспарлау кезінде салалық ғылыми-техникалық және күнделікті, ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар, ҚР әлеуметтік және экономикалық жоспарлары, ҚР өкіметімен қабылданған заңды және өзге нормативті құқылы актілері, ТМД елінің және Қазақстанның міндетті сертификаттауға жататын өнімнің тізімі, мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстың бағдарламалары, ғылыми зерттелетін жұмыстың жоспарлары және т.б. есепке алынады.
Стандарттау бойынша жоспарлау жұмыстың ұйымдастыру-әдістемелік басқармасын Республикада стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті жүзеге асырады.
Мемлекеттік стандарттаудың бағдарламасын және жоспарын құрастыру стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетінің ескеруімен жүреді. Мемлекеттік стандарттау жоспары бір жылда немесе болашақтағы үш жылдан бес жылға дейін әзірленеді және стандарттау бойынша техникалық комитетінің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарымен қалыптастырылады.
Мемлекеттік стандарттау жоспарына ұсыныстар жоспарлау кезінде стандарттау, метрология және сертификаттау органы бойынша өкілетті Комитетінің мүдделі жеке және заңды тұлғалармен беріледі. Түскен ұсыныстарды талданады, жоспардың жобасын жасап және мүдделі ұйымдарға пікірге жіберіледі. Пікірді алғаннан кейін мемлекеттік стандарттау жоспарының жобасының соңғы редакциясы қалыптастырылады және жылдың 1 желтоқсанына дейін стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетіне қабылдауға жіберіледі.
Мемлекеттік жоспарлардың орындалуын стандарттау, метрология және сертификаттау Комитеті бақылайды.
Жоспарлар стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және қолданыстағы стандарттарға өзгерістер енгізу бөлігінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және түзету мақсатымен әзірленеді.
Стандарттау жұмыстарының жоспары екі бөліктен тұрады:
oo мемлекеттік стандарттау;
oo мемлекетаралық стандарттау.
Жоспарға:
oo стандарттау, метрология және сертификаттау саласында негізге алынатын нормалар мен талаптарына арналған мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды, жалпы техникалық нормалар мен халықтың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне өнімнің, процестердің (жұмыстардың) және қызмет көрсетулердің және қоршаған ортаға қауіпсіздік нормаларын әзірлеуді, өнімді өндіріске жеткізуді, терминологияны, сыныптауды, қабылдау ережелерін, сынамаларды сұрыптауды және өнім сапасын бақылау әдістерін, өнімді орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелерін;
oo мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіруді қосады.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары ретінде мүдделі мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік немесе қоғамдық бірлестіктер, заңды және жеке тұлғалар бола алады.
Жоспар бір жылға әзірленеді және мемлекеттік немесе мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға белгіленген тізбесімен, осы кезеңде үнемі қолданыстағы құжат болып табылады.
Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту тәртібі
Жоспар жоспарланған кезеңге арналған стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі басым бағыттардан шығып, мүдделі мемлекеттік басқару органдары, ТК МТК, мемлекеттік басқару органдары, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық бірлестіктер және басқа да жеке, заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен қалыптастырады.
Жоспарланған кезеңге ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін ұсынылады.
Уәкілетті орган түскен ұсыныстарды талдайды, жоспарланған жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жоспарды қалыптастырады және жоспар жобасын мүдделі мемлекеттік басқару органдарына және басқа да жеке, заңды тұлғаларға бағыттайды.
Сын-пікірлерді алғаннан кейін уәкілетті орган оны қабылдау немесе жоспарланған жылдың алдыңғы жылының 1 қазанынан кешіктірмей өңдеуге қайтару туралы шешім қабылдау үшін жоспар жобасының соңғы редакциясын қалыптастырады.
Соңғы редакциясымен түскен өтінімдер мен түсіндірме хаттар тақырыптар саны жағынан аналитикалық түрде жоспарланған жұмыстар, белгіленген басымдықтар, нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлері, жұмыс түрлері, әзірлеушінің жұмыс орындау мерзімі, қаржыландыру көздері қоса жіберіледі.
Түсіндірме жазбасында әзірлеуге түскен өтінімдердің жалпы саны, себептері көрсетіліп қабылданбаған өтінімдердің саны, әзірлеудің ауыспалы тақырыбы көрсетіледі.
Жоспар жобасы уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңес (ҒТҚ) отырысында қарастырылады. Жоспар жобасын қарағаннан кейін, уәкілетті орган, қажет болса, мүдделі мемлекеттік органмен және басқа да заңды немесе жеке тұлғалармен (егер олар жоспар жобасына ұсыныстарды ұсынса) жоспар жобасының соңғы редакциясын қосымша келісу туралы шешім қабылдайды.
Мүдделі жақтардың ұсыныстарын ескеріп, уәкілетті органмен өңделген жоспар қарауға және бекітуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады.
Жоспар жобасы туралы ақпарат уәкілетті органның веб сайтында орналастырылады.
Уәкілетті орган бекіткеннен кейін айлық мерзімде мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарлары толық көлемде кезекті Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының ай сайынғы ақпараттық көрсеткішінде (ҚР МС АҚ) жарияланады.
Мемлекеттік стандарттар жоспарын орындауды бақылау және өзгерістерді енгізу тәртібі. Жоспарлардың орындалуын бақылау жұмысы уәкілетті органға жүктеледі.
Стандарттарды әзірлеуші ұйымдар олардың ұсыныстары бойынша жоспарға енгізілген жұмыстарды орындауға жауапты.
Мемлекеттік стандартты өңдеушілер мен мемлекетаралық стандарттар арасындағы келіспеушіліктерді шешу уәкілетті органның ұсынысы бойынша енгізілген жұмыстарды, жоспарланған жұмыстар және бекітілген жоспарлардың орындау кезеңіндегі тапсыру-қабылдау жұмыстары келісу жиналыстарында іске асырылуы керек.
Стандарттау объектісінің ерекшелігі мен қойылатын талаптарға байланысты келесідей стандарттар түрлері бар:
1. негізге алушы стандарттар;
2. өнім мен қызмет стандарттары;
3. бақылау әдістерінің стандарттары;
4. процестер(жұмыстар) стандарттары.
Негізге алушы стандарттар белгілі бір салаға қатысты жалпы ұйымдастыру - әдістемелік ережелерін, өнім өндіру және пайдалану үрдісіндегі ғылымның, техниканың және өндірістің әр саласын өзара байланыстыру және техникалық бірлікті қамтамасыз ететін жалпытехникалық талаптар, нормалар мен ережелерді бекітеді.
Негізге алушы стандарттар мыналарға бөлінеді:
a) ұйымдастыру-әдістемелік белгілі нақтылы саладағы жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастыру - техникалық ережелерін бекітеді.
b) жалпытехникалық мыналарды бекітеді:
* көпқайтара қолданылатын ғылыми - техникалық терминдер;
* әртүрлі стандарттау объектілерінің шартты белгілері-кодтар, таңбалар, символдар;
* әртүрлі құжаттардың құрылуына,баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар;
* сапа көрсеткішінің номенклатурасы;
* жалпытехникалық өлшемдер, талаптар мен нормалар;
* техникалық эстетика мен эргономика талаптары;
* қауіпсіздік талаптары.
Өнім мен қызмет стандарттары біртекті өнім (қызмет) топтарының немесе нақтылы өнім(қызмет) талаптарын қарастырады.
Өнім(қызмет) стандарттары келесі түрлерге бөлінеді:
a) жалпы техникалық шарттар стандарттары; б) техникалық шарттар стандарттары;
b) жалпы техникалық талаптар стандарттары;г) техникалық талаптар стандарттары.
Бақылау әдістері стандарттары өнімді дайындау, сертификаттау,пайдалану кезеңдерінде оны сынау, өлшеу, зерттеу әдістерін(таңдау, қабылдау, әдістеме) бекітеді.
Процесстер(жұмыстар) стандарттары өнімнің тіршілік циклындағы жеке кезеңдеріндегі әр түрлі жұмыстарды орындау әдістерін(тәлілін, жолын, режимін, нормасын) бекітеді.
Маркетингтік зерттеулердің әдістері.
Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сандық әдістер деп - жабық типті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық маркетингтің анықтамасы
Халықаралық сапа
Экологиялық менеджмент жүйесі
«Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
«Алатау» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігіне баға беру
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі
Халықаралық маркетинг ортасы
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік тауарлардың сапасын басқару
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Нарықты сегменттеу жайлы
Пәндер