Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы



Жоспар:

Кіріспе
1.Басқару ісінің мәні мен құрылымы
2.Басқарудың негізгі функциялары
3.Басқару жүйесінің жалпы теориясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқару мақсаттары мен функцияларын кәсіби даярлықты және қажетті амалдарды , тәсілдерді, нысандарды, әдістерді қолдануды талап ететін адамдар еңбегінің ерекше түрі- басқару ісі арқылы жүзеге асырады. Басқару ісі- қолданбалы сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен функцияларын жүзеге асыруға, басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануға бағытталған.
Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперацияны талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар.
Басқару аппаратының құрылымы келесілерді есепке ала қалыптастыра ды:
- басқарудың мақсатына құрылымның сәйкестігін басқарудың функциясы мен құрылымының бірегейін;
- басқарудың құрылымында басқару функцияларын орталықтандыру және орталықсыздандыру, мамандандыру және интеграциялау — рационалды үйлестіруін;
- басқарудың құрылымын басқару объектісінің өндірістік және ұйымдық құрылымымен өзара салыстырмалылығын;
- басқарудың құрамында барлық іс-қызмет түрлерінің кешенді байланысын.
Реферат үш тақырыпты қамтыған: Басқару ісінің мәні мен құрылымы;
Басқарудың негізгі функциялары; Басқару жүйесінің жалпы теориясы.
«Басқару ісінің мәні мен құрылымы» тақырыбында басқару ісі туралы жалпы түсінік және оның құрылымы, басқару шешімдері, соның ішіндегі ең маңыздысы- мемлекеттік шешім және мемлекеттік шешімнің белгілері бойынша топтастырылуы туралы жазылған.
Екінші, яғни «Басқарудың негізгі функциялары» тақырыбында қамтылғандар: басқарудың функцияларының жіктелуі және басқарудың негізгі функциялары.
«Басқару жүйесінің жалпы теориясы» тақырыбында жүйенің жалпы теориясының мазмұны, жүйенің ерекшеліктері, түрлері қарастырылған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Т.И.Есполов, Ж.Ж. Сүлейменов. Менеджмент, - Алматы. 2003ж., «Агроуниверситет».
2. Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н., Есенжігітова Р.Ғ..Мемлекеттік басқару теориясы, - Алматы. 2007ж., «Экономика».
3. К.Бердалиев. Менеджмент, - Алматы .2005ж. «Экономика».

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті
Қаржы-экономика факультеті

Реферат
Тақырыбы: Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы

Тексерген : Қыдырбаева Э.О.
Дайындағандар: МжЖБ-312
Бершинбекова М.С.,Кобдиков Т.С.

Талдықорған қаласы
2011 жыл
Жоспар:

Кіріспе
1.Басқару ісінің мәні мен құрылымы
2.Басқарудың негізгі функциялары
3.Басқару жүйесінің жалпы теориясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқару мақсаттары мен функцияларын кәсіби даярлықты және қажетті амалдарды , тәсілдерді, нысандарды, әдістерді қолдануды талап ететін адамдар еңбегінің ерекше түрі- басқару ісі арқылы жүзеге асырады. Басқару ісі- қолданбалы сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен функцияларын жүзеге асыруға, басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануға бағытталған.
Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперацияны талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар.
Басқару аппаратының құрылымы келесілерді есепке ала қалыптастыра ды:
- басқарудың мақсатына құрылымның сәйкестігін басқарудың функциясы мен құрылымының бірегейін;
- басқарудың құрылымында басқару функцияларын орталықтандыру және орталықсыздандыру, мамандандыру және интеграциялау -- рационалды үйлестіруін;
- басқарудың құрылымын басқару объектісінің өндірістік және ұйымдық құрылымымен өзара салыстырмалылығын;
- басқарудың құрамында барлық іс-қызмет түрлерінің кешенді байланысын.
Реферат үш тақырыпты қамтыған: Басқару ісінің мәні мен құрылымы;
Басқарудың негізгі функциялары; Басқару жүйесінің жалпы теориясы.
Басқару ісінің мәні мен құрылымы тақырыбында басқару ісі туралы жалпы түсінік және оның құрылымы, басқару шешімдері, соның ішіндегі ең маңыздысы- мемлекеттік шешім және мемлекеттік шешімнің белгілері бойынша топтастырылуы туралы жазылған.
Екінші, яғни Басқарудың негізгі функциялары тақырыбында қамтылғандар: басқарудың функцияларының жіктелуі және басқарудың негізгі функциялары.
Басқару жүйесінің жалпы теориясы тақырыбында жүйенің жалпы теориясының мазмұны, жүйенің ерекшеліктері, түрлері қарастырылған.



Басқару ісінің мәні мен құрылымы

Саяси институттар мен әкімшілік басқару органдарының қызметі тиісті мемлекеттік саяси және әкімшілік шешімдерді қабылдау мен іске асыруда көрініс табады. Шешімдерді талдау- мемлекеттік басқару теориясының ажырамас аспектісі болып табылады. Шешімдердің тұрпаты оларды әзірлеу тәсілдері бойынша әр түрлі субъектілердің қатысу деңгейлеріне қарай қоғамдық-саяси жүйенің нақты сипаттары туралы айтуға болады. Басқарушылық шешімдер барлық деңгейлерде - ұлттық, аймақтық, муниципалдық деңгейлерде қабылданады. Сәйкесінше, тиісті мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шешім қабылдау субъектілері болып табылады. Шешімдерде қарастырылатын мәселелер басқарылатын объектілердің қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес анықталады. Осы шешімдердің тұрпаты мен деңгейлеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қабылдау және іске асыру процестерін сипаттайтын оларға кейбір ортақ белгілер тән. Сондықтан теориялық талдау басқару субъектілерінің қызмет ету жағдайларының жалпы белгілерімен қатар ерекшеліктерін де қарастырады.
Сонымен мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқару мақсаттары мен функцияларын кәсіби даярлықты және қажетті амалдарды , тәсілдерді, нысандарды, әдістерді қолдануды талап ететін адамдар еңбегінің ерекше түрі- басқару ісі арқылы жүзеге асырады.
Басқару ісі- қолданбалы сипаттағы құбылыс, себебі ол басқару мақсаты мен функцияларын жүзеге асыруға, басқарушылық шешімдер мен әрекеттерді әзірлеп, нақты өмірде қолдануға бағытталған.
Басқару ісі басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруға бағытталған интеллектуалдық мазмұнымен ерекшеленеді, өйткені ол қоғамдық процестердің ағымын және жағдайын, адамдардың сана-сезімін, тәртібін, қызметін өзгертетін басқарушылық шешімдерді дайындауға, қабылдауға және іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол әлеуметтік нақтылықты, ондағы қорларды, құралдарды, резервтерді анықтайды, оны жетілдіру мен жаңа деңгейге көшірудің оңтайлы әдістерін табады. Оның басты мән-мағынасы басқарылатын процестің жаңа сапасын ашу, ал бұл шығармашылық күш-қуатты қажет етеді.
Басқару ісі ақпараттық мәнге ие, яғни ең алдымен басқару ақпараттарын қалыптастыру, ой елегінен өткізу, мәселені талдау, бір жүйеге келтіру процестері орындалады. Мемлекеттік басқаруда тек қандай да бір жалпы қоғамдық процесті сипаттайтын, оның жағдайы мен динамикасын, қозғаушы күштерін айқындайтын ақпараттар ғана жарамды болып табылады.
Басқару ісі сондай-ақ субъектінің ерік-қалауын білдіретін күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады. Онымен айналысатын әрбір адам талдау, бағалау, таңдау, шешім қабылдау, бағыну және орындау, бұйрық беру мен бақылау амалдарын ойлау қабілеті. Ерік қалауы арқылы атқарады. Бұл мемлекеттік билік органдарының ұжымдарында ерекше әлеуметтік-психологиялық жағдайды, мінез-құлық пен қызметтің белгілі бір түрін қалыптастырады. Ерікті үнемі шыңдау, жауапкершілік жүгі, тәртіптілік, мемлекеттік қызметті атқаруға бағыныштылық- мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметпен айналысатын адамдарға тән қасиеттер. Егер бұл қасиеттер болмаса, онда мұндай орган жүзеге асыратын басқарушылық ықпалдар адамдар арасында беделге ие болмайды.
Басқару ісі әрқашанда ұжымдық түрде көрініс табады, себебі ол қандай да бір мемлекеттік орган ұжымында жүзеге асырылады және бір мезгілде басқа мемлекеттік органдардағы адамдар ұжымымен тігінен де, көлденеңінен де өзара әрекеттесуді көздейді. Онда мемлекеттік орган құзіретін және жалпы мемлекеттік басқару функцияларын кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында кооперацияны талап ететін, белгілі бір жұмыстың мазмұны мен түрлері бойынша мамандандыру бар. Алайда кейде ұжымдық сипат басқарушылармен дұрыс бағаланбайды, мұндай жағдайда басқарушылық қызмет өзінің әлеуетін жоғалтады, басқару тиімділігі төмендейді.
Өзінің көрінуі жағынан басқару ісі- сан қырлы құбылыс. Оған адамдар да, білім де, ақпарат та, техникалық құралдар да жатады, олар барлығы бірге келе күрделі кешенді құбылысты құрайды. Көп ақпараттар бола тұрса да, ол білімнің немесе техникалық құралдардың жоқтығынан өңделмеуі мүмкін. Сол сияқты едәуір басқарушылық ұжым бола тұра, өзінің кәсіби деңгейінің төмендігі салдарынан мемлекеттік орган өкілеттігін жүзеге асыруда қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан басқару ісінің барлық элементтерін жан-жақты ойластырып, тепе-тең түрде әрекетке келтіру ғана оған тиімділік пен ұтымдылық бере алады. Сол себепті кешенділік басқару ісінің маңызды, жалпы белгілеріне жатады.
Сонымен қатар басқару ісі белгілері мен уәждеріне адамдардың кәсіби даярлығы мен белсенділігіне қарамастан, ол мемлекеттік басқаруда заңдық сипатқа, көрініске ие болады. Оны тиісті мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалар әрбір нақты мемлекеттік орган құзіретіне сәйкес, ондағы әрбір мемлекеттік лауазымның қызмет түріне сәйкес атқаруға тиіс. Сондықтан да басқару ісінің көптеген элементтері заңды түрде мемлекеттік органдарда тіркеліп, олардың құқықтық мәртебесінде процессуалдық нормалар түрінде бекітіледі. Бұдан басқару ісінің басқару процессінің элементтерімен ұқсастығы туындайды.
Барлық басқару деңгейлеріндегі басқарушылық шешімдердің ішінде біз мемлекеттік шешімдерді қарастырамыз. Мемлекеттік шешім- бұл қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік органдар әрекетінің нақты жобаларын таңдау мен негіздеу.
Саяси және әкімшілік шешімдерді бірінен- бірін ажырата білген жөн. Саяси шешімдер саяси басшылықтың шоғырландырылған көрінісін білдіреді. Олар әлеуметтік топтардың немесе нақты қоғамдастықтың ортақ мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Саяси шешімдер аймақтық деңгейде немесе белгілі бір жергілікті қоғамдастықтың шнңберінде қабылдансасол мемлекетте тұратын адамдардың мүдделеріне, мемлекеттік биліктің қызметіне қатысты болады.
Әкімшілік шешімдер адамдардың өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және мәдени өмірін, жеке ұйымдардың ағымдағы қызметінреттейтін басқарушылық әрекеттер актілері. Әкімшілік шешімдерді шығару атқарушы билік пен басқару органдарының функциясына жатады.
Саяси шешімдер әкімшілік шешімдерге қарағанда нақты қоғамдық топтарға тікелей немесе жанама түрде бағытталады, олардың арасындағы қатынастарды реттеу құралы, әлуметтік топтардың мүдделері мен мақсаттарын білдіру, жүзеге асыру тәсілі болып табылады. Олар саяси билік пен саяси басұару судьектілерінің қызметінің нәтижесінде туындайды . мемлекеттік басқарудағы саясаттың басымдылық қағидасына сәйкес саяси шешімдер әкімшілік - басқарушылық шешімдерге қарағанда артықшылық сипатқа ие.
Мемлекеттік шешім, ең алдымен шешім қабылдайтын субьект- мемлекеттік биліктің басқарушы органы мен алқалы немесе жеке лидермен ; шешімді атқарушы субьект- мемлекеттік қызмет аппаратымен ; шешім бағытталған обьектімен (төмен деңгейдегі басқару органдары, қоғамның әр түрлі сфераларында жұмыспен қамтылған әлеуметтік топтар, саяси және қоғамдық бірлестіктер) сипатталады.
Мемлекеттік шешімдердің басқа да сипаттамалары бар:
- шешім беделі, яғни шешім қабылдаушы мемлекеттік билік субьектісінің деңгейін, оның заңға сәйкестілігі мен негізділігін білдіреді;
шешім диапазоны, өзі әрекет ететін саяси кеңістікті және аталған шешім қамтитын міндеттер көлемін сипаттайды; әдетте саяси шешімдер көп мақсатты болып келеді;
шешімдерді ақпаратпен қамтамасыз етілуі, яғни оны қабылдаудың ғылыми және ақпараттық негізі- шешім қабылдаудың технологиясы мен стилі- шешімді әзірлеу мен қабылдау әдіс - тәсілдерінің шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтау мен қабылдау әдістерінің жиынтығы; жобалардың баламалы нұсқаларын талдау тәртібі мен сипаты, олардың ішіндегі басым бағыттарын айқындау және оларды іске асыру үшін қажетті құралдарды таңдау амалдары, тәсілдері;
шешім қабылдау түрлері- демократиялық немесе авторитарлық;
шешімдердің тәжірбиелік маңыздылығы.
Мемлекеттік шешімдер көптеген белгілер бойынша топтастырылады. Соның ішінде мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субьектілер деңгейіне қарай: жалпы ұлттық, аймақтық және жергілікті органдардың шешімдері; мақсаттар мен міндеттер сипатына қарай - саяси және әкімшілік шешімдер, басқаратын және атқарушы, стратегиялық немесе оперативті- тактикалық жалпы мемлекеттік немесе мемлекеттік өмірдің жекелеген облыстарына қатысты шешімдер; қоғамның өмір сфералары бойынша- шаруашылық- экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік құрылыс және басқару мәселелері бойынша, мәдени құрылыс және т.б. бойынша шешімдер; басқару обьектісін маштабына қарай- жалпы жүйелік, жалпы саяси, макроэкономикалық, микроэкономикалық, басқару функциялары бойынша - жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және тағы басқа мәселелер бойынша шешімдер.
Саяси шешімдердің мысалы ретінде мемлекеттік бағарламаларды, әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік- саяси және әскери- стратегиялық тұжырымдамаларды, елдің Парламентімен қабылданған конституциялық сипаттағы заңнамалық актілерді, мемлекет қызметіне қатысты жалпы мәселелер бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын айтуға болады. Әкімшілік- басқарушылық шешімдер қатарына Үкіметтің қаулыларын , министірліктер мен ведомстволардың үкімдері жатады.

Басқарудың негізгі функциялары

Басқарудың функциялары - бұл іс-қызметтің түрлері, олардың көмегімен басқарушы жүйелі іс басқарудың объектісіне ықпалын тигізеді. Басқару функциялары жалпы және жеке (айрықша) болып екіге бөлінеді.
Жалпы функциялар -- барлық әлеуметтік жүйесіне тән функциялар.
Жеке функциялардың белгілі бір айрықшылығы бар. Менеджментке орайлас жалпы функциялардың келесі түрлері болады: стратегиялық жоспарлау, ұйымдастыру, сылтаурату, бақылау.
Стратегиялық жоспарлаудың кәсіпорындармен өздерінің мақсаттарына оңтайлы жету үшін бастайтын іс-әрекеттің жиынын көрсетеді. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру кәсіпорынның тактикасы мен саясатын камтиды. Стратегиялық жоспарлаудың мәні кәсіпорынның мақсатына жетуге бағытталған арнайы стратегияны жасаудан тұрады. Менеджментке орайлас стратегия бұл -кәсіпорынның мақсатына дұрыс жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты кешенді жоспар.
Стратегиялық жоспарлау басқару іс-қызметтің негізгі төрт түрін үйғарады: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделуі; ішкі үйлестік, ұйымдық стратегиялық алдын-ала көру.
Кәсіпорындардың ресурстарын бөлу жерді, машина мен жабдықтауды, eгic алқабын көбірек рационалды пайдалануды, ресурстармен оңтайлы маневр жасауды, айналым каржысының айналысын тездету, шығынды азайтуды, кадрларды оңтайлы орналастыруды және т.б. көздейді.Сыртқы ортаға бейімделуді ұйымның өзін қоршағандармен қатынасып жақсартудағы іс-әрекеттің стратегиялық сипаты деп түсіну керек. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін бұл оның өнімді жеткізушілермен және сатып алушылармен қатынасы, оның сұранысқа, ғылыми-техникалық және мәдениеттегі өзгерістерге реакциясы.
Ішкі үйлестік ішкі шаруашылық жоспарлауды айқын коюды, кәсіпорын бөлімшелерінің жұмысын оңтайлауды, олардың әлсіз жақтарын ашып көрсетуді және жоюды үйғарады.
Ұйымдық стратегиялық алдын ала көру кәсіпорынның стратегиялық жоспарын болашақты есепке ала отырып әзірлегенді көрсетеді. Ауыл шаруашылығы ұйымдарына орайлас бұл ең алдымен аграрлық өнімдерге деген сұраныс пен ұсынысты. Халықты канағаттандыруға қажетті оның қорын алдын ала көруді көрсетуі. Бірақ алдын-ала көру -- бұл менеджердің жалғыз интуициясы ғана емес, сонымен қатар ақиқат материалды зерттеудің және талдаудың негізінде жасалған ғылыми болжам. Стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның міндетті ісін және мақсатын анықтауды ұйғарады.Кәсіпорынның міндетті ісі - бұл оның өмір сүруінің айқын көрсетілген себебі.
Міндетті істі дәлдеп көрсету келесіге негізделеді:
1. Кәсіпорынның іс-қызметінің затын, яғни өнімді
(қызметті) өндіруді, оны өткізудің негізгі нарығын және
технологиясын анықтау.
2. Кәсіпорын мен қоршаған ортаның арасындағы қатынасты білу.
3. Өндіріс мәдениетін сақтау, яғни кәсіпорындардың
кадрлармен бекітілген ішкі тәртіпті мүлтіксіз орындау.
Кәсіпорынның міндетті ісін анықтай отырып, келесіге бөлген жөн: пайданы алу - бұл оның ішкі проблемасы, ал міндетті іс кәсіпорыннан тыс қалыптасатын тұтынуды қанағаттандырумен байланысты.
Генри Фард деген менеджер, пайданың маңызын жақсы білетін, өзінің фирмасының міндетті ісін адамдарға арзан көлікті беру деп анықтады, ал пайда істі жақсы ұйымдастырғанда ғана тиеді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары осыған қарай өздерінің міндетті ісін аграрлық өнімді өндіруден және халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуден көруі керек, ал пайда болса, оны кәсіпорын өзінің жұмысын айқын ұйымдастырғанда және өзінің міндетті ісін орындағанда алып отырады.Кәсіпорынның жалпы міндетті ісінің негізінде оның мақсаты анықталады. Бұл орайда мақсат айқын түрде және өлшенетіндей болуы керек. Оның жүзеге асатын уақытының анықталғаны және қол жететіндей болғаны жөн. Мақсатты анықтағанда қоршаған ортаға баға беру және талдау жүргізу қажет және кәсіпорынның потенциалын таңдап алған мақсатпен байланысы болу керек.
Стратегияны жүзеге асыру -- басқарудың функциясы негізінде болатын жоспарлаудың маңызды жасаушысы. Ең алдымен стратегияны жүзеге асыруда тактиканың болуы қажет. Кәсіпорынның ұзақ мерзімдік мақсаты оның стратегиясында көрсетіліп, кезеңдерге және қысқа мерзімдік мақсаттарға бөлінеді, ал бұл мақсаттарға жету түгел тексерілген, әзірленген жоспарға өзінше тактика деп аталатын қысқа мерзімдік стратегияға негізделуі керек. Тактика стратегиямен салыстырғанда қысқа мерзімге жасалады. Стратегияның нәтижесі әдетінше бірнеше жылдардан кейін күмәнсіз байқалады, ал тактиканың нәтижесі қойылған нақты мақсатпен тез және жеңіл салыстырыла отырып, өзін көрсетеді.
Ұзақ мерзімдік (стратегиялық) және тактикалық жоспарларды байланыстыру үшін кәсіпорынның саясатын құру қажетті, ол іс-әрекетке және мақсатқа жетуді жеңілдетіп, шешімді қабылдау жұмысына жасалатын жалпы басшылықты көрсетеді.Саясат ережені әзірлеуді және қолдануды ұйғарады. Ереже айқын ахуалда іс-әрекеттің тәртібін дәл анықтайды. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру тактиканы, саясатты және ережені әзірлеумен бірге алға қойылған міндетті орындау үшін бақылау жүргізуді ұйғарады. Бұл орайда бақылау тапсырманы көлемі мен уақытына белгіленген көрсеткіштердің жалпы кешені бойынша орындағанды ұйғарады. Оның үстіне бақылау әрекеттілікті болуы керек, яғни ашылған кемшіліктерді жою керек.
Ұйымдастыру -- кәсіпорынның мақсатына жету үшін адамдардың бірігіп істейтін тиімді жұмысына қолайлы жағдайды жасауды ұйғаратын басқарудың функциясы.
Өкілеттілік -- менеджердің құқығы, кәсіпорынның белгілі ресурстарын пайдалануда және оның жеке қызметкерлерінің күшін алда тұрған міндеттерді орындауға бағыттағанда керек болады.
Жауапкершілік - қойылған мақсатты орындаудың міндеттемесі және шешімді орындамағаны үшін алатын жаза.Өкілеттілікті басқаға беру оны алған тұлғаның белгілі бір міндетті орындау үшін өз мойнына жауапкершіліктің алғаны болып табылады. Өкілеттілік нақты бір адамға емес, лауазымды қызметтегі адамға беріледі. Бірақ іс жүзінде кейбір басшылар өзінің өкілеттігін басқа біреуге көңілсіз береді, олар жұмысты жақсы істеп жібереме деп немесе қол астындағы адамға сенімсіз карағандықтан ба, әлде қауіп-қатерден қорқады.
Кәсіпорыңдардың салынуы -- басқару функциясы болып табылатын ұйымдастырудың маңызды аспектісі, ол басқарудың аппаратын құрғанда, оның кәсіпорынның стратегиялық жоспарына ең көп дәрежеде сәйкес болуын және қоршаған ортамен тиімді өзара әрекетін қамтамасыз етуін, сонымен бірге қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіншілік беруін ұйғарады. Кәсіпорынның салынуы басқаруда еңбектің жалпы, жеке және жекелеген түрлеріне бөлінуді күні бұрын ескереді.
Басқаратын еңбектің жалпы бөлінісі оның: сфералардың, қоғамдық өндірістің, ірі салаларының және бөлімшелерінің арасында бөлінуін ұйғарады.
Еңбектің жеке бөлінісі -- бұл оның халық шаруашылығы салаларының ішіндегі кәсіпорындардың және салашықтардың арасында бөлінуі (мысалы, АӨК салаларын және кәсіпорындарын басқару).
Еңбектің жекелеген бөлінісі -- бұл оның кәсіпорынның ұйымның, мекемелердің ішінде басқару қызметкерлердің арасында бөлінуі. (Мысалы: агроконсорциумның ішінде бөлімшелерді құру: бухгалтерияны, коммерциялық бөлімді және басқа бөлімшелерді).
Басқару аппаратының құрылымы келесілерді есепке ала қалыптастыра ды:
- басқарудың мақсатына құрылымның сәйкестігін басқарудың функциясы мен құрылымының бірегейін;
- басқарудың құрылымында басқару функцияларын орталықтандыру және орталықсыздандыру, мамандандыру және интеграциялау -- рационалды үйлестіруін;
- басқарудың құрылымын басқару объектісінің өндірістік және ұйымдық құрылымымен өзара салыстырмалылығын;
- басқарудың құрамында барлық іс-қызмет түрлерінің кешенді байланысын.


Басқарудың маңызды функциясының бірі сылтаурату болып табылады.
Сылтаурату -- бұл үрдіс, адамды өзінің жеке мақсатына немесе кәсіпорынның мақсаттарына жетуге еліктіретін іс-қызмет. Сылтауратуды іс-жүзінде пайдалану қажеттілік және төлеу бойынша айқын түсініктің болғанын талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидалары
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы Конституцияның рөлі
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Басқару ғылымыныц мазмұны мен әдісі
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІ ЖАҢАША БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГΟГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік басқарудың функциялары мен қағидалары
Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері
Пәндер