Мемлекеттік меншікті басқару


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Мемлекеттік меншіктің объектілері . . . 5

1. 2 Мемлекеттік меншіктің субъектілері . . . 10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІГІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 ҚР мемлекеттік меншігін басқару органдарының құзыреттері . . . 14
2. 2 ҚР мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру жолдары . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24

КІРІСПЕ

ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды -мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады

Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мүліктің құрамына:

1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:

республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;

2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.

Коммуналдық мүліктің құрамына:

1) жергілікті қазынаның мүлкі:

жергілікті бюджеттің қаражаты;

коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік;

2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.

Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі - әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.

Мемлекеттік мүлікті басқару:

1) заңдылық;

2) есеп берушілік және бақылауда болу;

3) жариялылық;

4) мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану; есептілік және бақылауда болу;

5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мүліктің түріне қарай мемлекеттік мүлікті басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлікті басқарады. Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асырады.

Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Мемлекеттік мүлікті басқару туралы » Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде республикалық мүлікке Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.

Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мүлікті басқаруды дамыту жалпы мемлекеттің дамуына ықпалын тигізеді. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы айтылған басты міндеттердің бірі болып жемқорлықпен қатал және аяусыз күрес саналады. Мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы уәкілетті органдардың қызметі еліміздің заңдылықтарын сақтау, есепке және бақылауға алу, жариялылық, және де оны мақсатты және тиімді пайдалану және жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмай бәсекелестікті дамыту үшін жағдайды қамтамасыз ету принциптеріне негізделген. Жемқорлықтың басты себебі - билік жасау құзыретін пайдалана отырып, экономикалық пайда алу мүмкіндігі. Осындай жағдайларды болдырмау үшін уәкілетті органдардың мемлекеттік заңды тұлғалармен оларға сеніп берілген мүлікті пайдалану және иелену саласындағы республиканың заңнамаларын сақтауын қамтамасыз ету.

Курстық жұмыстың мақсаты - елімізде мемлекеттік меншікті тиімді басқаруда корпоративтік басқару принциптерін енгізу арқылы мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру және мемлекетке тиесілі активтердің құнын ұлғайту.

Осы мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттер айқындалады:

  • мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқару принциптерін енгізу;
  • мемлекеттік меншікті оңтайландыру.

Курстық жұмысты орындау кезінде қолданылған әдістер: библиографиялық ізденістер жасау, кітаптар каталогымен танысу, бұқаралық ақпараттар құралдарын қолдану.

Мемлекеттік мүліктің объектілерін, басқару органдарын, оны жетілдіру жолдарын зерттегенде келесідей авторлардың еңбегін қолдандым: Арын Е. М., Қашықов Ш. Қ., Смағұлова А. С., Дүйсенова Г. Б.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда мемлекеттік меншік түсінігі, оның түрлері, объектілері мен субъектілері сипатталған.

Екінші тарауда мемлекеттік мүлікті басқару органдарының құзыреттері және мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру жолдары берілген.

1 МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Мемлекеттік меншіктің объектілері

Адамдардың өмірінде меншік қатынастарының мағынасын бағалау қиын. Олар қоғамда нақты билікті анықтайды : кім өндірісті басқарады және өндірілген өнім қалай реттелетінін қарастырады. Көбінде, адамдардың заттық әл-ауқаттылығы оларға тәуелді болады. Меншік - бір немесе бірнеше адамдарға тиесілі мүлікті иемдену құқығын көрсететін экономикалық категория [1. 210б. ] .

Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесутіруге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық: 1) Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды : азаматтардың өз меншігі және олармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің) . Қоғамдық меншік - а) мемлекеттік меншік; б) муниципалды меншік - қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.

Сурет 1 - Меншіктің негізгі түрлері және формалары

Қайнар көзі: Арын Е. М., Қашықов Ш. Қ. Басқару теориясы. - Павлодар, 2011ж. 150-152 бб.

Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол «менікі», «сенікі емес», «біздікі», «біздікі емес» деген ұғымды береді. Шын мәнінде мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады [2. 150-152бб. ] .

ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. [3. 6-бап] .

АК-ның 192-бабы мемлекеттiк меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар - республикалық және коммуналдық меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федерациясында муниципалдық (коммуналдық) меншiк мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кiрмейдi. Мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке деген меншiк құқығы осы мүлiк тұрған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы туралы заңнама қолданылады[4. 192-бап] .

Меншік құқығының мазмұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталады. «Меншік иелерінің өз құқықтырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді». Яғни, мемлекет, мемлекеттік меншік объектілерінің бірден - бір меншік иесі ретінде, азаматтық құқықтарды, сондай - ақ міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қорғауды заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды.

Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз - мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Дамыған елдер экономикасындағы мемлекеттік сектордың өзіндік салмағы әрқашан қомақты болған, әсіресе ол энергетика, көлік, космонавтика, әлеуметтік сала және инфрақұрылым, жазалау аппаратын ұстау және с. с. қаржыны көп керек ететін салаларда. Кез келген мемлекеттің қалыпты өмір өмір сүруі үшін қандайда бір төтенше жағдайларға (әскери әрекеттерге, табиғи апаттарға, техногендік сипаттағы апаттарға, эпидемияға, т. б. ) арналған материалдық резерв (азық - түлік, отын т. б. ) болуы керек. Сондықтан материалдық ресурстардың мемлекеттің қолына шоғырлануы және тіптен мемлекеттік кәсіпкерлік - қалыпты жағдай. Мәселе мемлекеттің өз мүліктік қызметін қалай атқаратындығында, ол қоғамның экономикалық дамуының әмбебап реттегіші болып табылатын рынокқа қатты теріс әсер етпеуі тиіс.

АК - ның 188 - бабының 2 - тармағына сәйкес өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы меншік иесіне берілген. Азаматтық айналымда мемлекет екі субъект арқылы берілген: Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс, олар мемлекеттік меншікті іске асыра отырып, өз аттарынан әрекет етеді. Сондықтан субъектік құрамның күрделілігі меншік иесінің құқық өкілеттіліктерін мемлекеттік меншіктің аталған субъектілерінің бірі болып табылатын мемлекет пен олардың мүддесін білдіруі мүмкін тұлға арасында бөлуді көздейді[4. 188-бап] .

Мемлекеттік меншікті иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мемлекет, материалданбаған ерекше субъект ретінде, барлық реттерде иемдену құқығының титулын сақтайды, өз мүлкін іс жүзінде иемденуді мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің иемдену құқығы туралы мәселе заң әдебиеттерінде дау туғызады. Мысалы, А. В. Венедиктов иемдену дегенді затқа іс жүзінде үстемдік жасау құқығы, “затты қолда ұстау” құқығы деп түсінеді. Сондықтан ол ммелекет ұшан - ғайыр өз мүлкін тікелей емес, тек өз органдары арқылы ғана иемденеді дейді.

Мемлекеттік меншікті пайдалану құқығы дегеніміз - ммелекеттік мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай - ақ одан пайда алудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өсім, жеміс, төл түрінде және өзге формаларда болуы мүмкін. Мемлекеттік мүлікті пайдалану әртүрлі формада жүзеге асырылады. Мысалы, заңмен жол берілген салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік органдарға мемлекеттің жер учаскелерін жалға және пайдалануға беруі, пайдалы қазбалар өндіруі, ғимараттар мен құрал - жабдықтарды, жиһазды пайдалануға беруі кең таралған.

Мемлекеттік меншікке билік жасау құқығы дегеніміз мүліктің заңдық тағдырын анықтаудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Айналымда жүрген мемлекеттік мүліктің деніә ақша қаражаты болғандықтан, әдетте, пайдалану және билік жасау құқық өкілеттіктері біріне бірі сәйкес келеді. Мемлекет негізінен бюджет ақшасын таратады. Бұл функцияны жүзеге асыруға өкілдік және атқарушы билік органдары тартылады. Алдымен Парламент пен мәслихаттар бюджетті бекітеді, сонан соң Қазынашылық пен Әкімшілік ақша қаражатын мемлекеттік органдар бойынша бөледі, ал олар қаржыландыру субъектісіне жеткізеді[5. 1б. ] .

Мемлекеттік меншік шектерінде мынадай схема жиі қолданылады - ммелекет мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын мемлекеттік заңды тұлғаларға береді. Бұл ретте мемлекет меншік құқығын жоғалтпайды. Ол дегеніміз - мемлекетке жоғарыда аталған үш заттық құқықтан басқа тағы да титулдық құқық бар деген сөз, ол меншік құқығын жоғалтқанда шарт бойынша тек ерікті түрде ғана иеліктен алынуы мүмкін не пайдалану - билік ету нәтижесінде объектінің жаратылып кетуі нәтижесінде тоқтайды. Бұл тезис АК - ның 188 - бабының 3 - тармағында бекімін тапқан, онда былай делінген: меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқада әдістермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Бұл ереже мемлекеттік заңды тұлғада арнаулы құқыққабілеттік бар екендігіне есептелген, ал мемлекет, өзінің абсалюттік меншік құқығын іске асыра отырып өзінің мүлкін, азаматтық айналымда көзделген мақсатта қатаң пайдаланылуы үшін, мемлекеттік заңды тұлғаларға береді. Мемлекеттік органдар мен әкімшілік - аумақтық бөліністердің өздері де мемлекеттік ақша қаражатын бекітілген бюджетке сай жұмсайды[6. 88б. ] .

Мемлекет өз меншігіне кез келген объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мүліктің құрамына:

1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:

республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;

2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.

Коммуналдық мүліктің құрамына:

1) жергілікті қазынаның мүлкі:

жергілікті бюджеттің қаражаты;

коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік;

2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді. [7. 26б. ] .

АК-ның 192-бабының 2-тармағына сәйкес қазынаға алтын-валюта қоры мен алмаз қоры кірді. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкы туралы» Заң бұл қорды «алтын-валюта активтері» деп атайды. Қазақстан Ұлттық Банкының алтын-валюта қоры Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады және пайдаланылады, ол: тазартылған алтыннан; Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі Қазақстан Ұлттық Банкы есебіндегі банкнот түріндегі шетел валюталарынан, мәнеттерден және қаражат қалдықтарынан; шет елдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздардан; өтімпаздығы және сақталуы қамтамасыз етілген, шетел валютасында ірілендірілген басқа сыртқы активтерден тұрады.

Ұлттық Банк алтын-валюта активтерінің құрылымы мен оларды орналастыру тәртібін анықтайды. Алтын-валюта активтерін Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместерінің несие (қарыз) беру және кепілдіктер беру немесе басқа міндеттемелер формасыңда пайдалануына, Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, жол берілмейді. Алтын-валюта активтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді Ұлттық Банк жүргізеді [8. 10, 15, 41, 56, 58 және 60-баптар] .

Мемлекет қатысқан мәміленің объектісі - қазына мүлкі, тек қана мемлекет меншігінде болатын объектілер және оның мүліктік құқықтармен байланысты мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңнамада көзделген арнаулы объектілер бола алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет өзі немесе құқық берілген мемлекеттік орган арқылы кәсіпорынды түгелдей, акциялардың мемлекеттік пакетін немесе таратылған кәсіпорын мүлкін сатушы болады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, ағаш отырғызу үшін берілген (берілетін) жерлер, сондай-ақ құрылыс салу үшін берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер, олардың кешендері тұрғызылып қойған жерлер, ғимараттарға (құрылыстарға) қызмет көрсету үшін қажетті жерлер болуы мүмкін.

Мынадай жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін емес (олар тек мемлекет меншігінде болады) :

1) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті; мемлекеттік шекараны күзету және қорғау үшін инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар тұрғызылған; кеден орналасқан;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) орман және су қорлары;

4) магистралдық темір жол тараптары мен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары орналасқан;

5) елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақтар [9. 26 бап] .

2012 жылғы 11 сәуірде «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 442 Қаулысы бекітілді. Қаулы Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 201-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды. Мемлекеттік мүлікті тізілімде есепке алу, тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгілеу немесе құқық куәландыру мәні жоқ. Тізілім деректері мемлекетке тиесілі. Тізілімде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша республикалық және коммуналдық мүліктің бөлек есебі, ал жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша - облыстық және аудандық коммуналдық мүліктің бөлек есебі жүзеге асырылады.

Тізілімнің есепке алу объектілері мыналар:
1) мемлекеттік заңды тұлғалар мен оларға бекітіліп берілген мүлік;
2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;

3) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;

4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;

5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері;

6) мемлекеттік материалдық резерв болып табылады.

Есепке алу объектілері мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілетін және бекітіліп берілмейтін болып бөлінеді. Бекітіліп берілмейтін есепке алу объектілеріне жер пайдаланудағы жер учаскелері, мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері және мемлекеттік материалдық резерв жатады.

Бекітіліп берілетін есепке алу объектілеріне мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік - негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты қамтитын ұзақ мерзімді активтер мен сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жатады.
Мемлекеттік мүлікті тізілімде бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Тізілім мынадай екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.
Негізгі кіші бөлім: мемлекеттік заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, сондай-ақ ұйымдарының атаулы тізбесін;

Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкіне қатысты меншік құқығы мен ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларына және/немесе қатысу үлестеріне билік ету құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган туралы мәліметтерді;
ұйымды немесе мемлекеттік заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган туралы мәліметтерді қамтиды.
Есепке алу объектісі бойынша тізілімнің қосымша кіші бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) есепке алу объектісін, оны басқа объектілерден ажыратуға мүмкіндік беретін жеке сипаттамаларын көрсете отырып, сипаттау;
2) шартқа сәйкес есепке алу объектісінің белгілі бір мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға немесе мемлекеттік емес тұлғаға тиесілі екендігі немесе бекітіліп берілгені туралы мәліметтер;
3) есепке алу объектісінің теңгерімдік құны;
4) есепке алу объектісіне үшінші тұлғалардың құқықтарымен салынған ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтер мен ауыртпалықтар түрі;
5) есепке алу объектісінің күтіп ұсталуына не сақталуына жауапты тұлғалардың деректемелері;

6) есепке алу объектісіне құқықтардың туындауына және тоқтатылуына

негіздемелер, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік мүлікке құқықтарды тіркеу міндетті болған жағдайда - есепке алу объектісінің және (немесе) оған құқықтардың мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер.

Қосымша кіші бөлімде мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қажетті әртүрлі серпінді көрсеткіштер қамтылады:
1) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік туралы мәліметтер;
2) бекітіліп берілмейтін есепке алу объектілері туралы мәліметтер;
3) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілері туралы мәліметтер [10] .

1. 2 Мемлекеттік меншіктің субъектілері

Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі - әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
Жекешелендіру
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Азаматтық құқықтағы меншік құқықтарын құқықтық реттеу жүйесі
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
«АлматықалжерҒӨО» МЕК ұйымдық құрылымы, мемлекеттік сатып алулары мен стратегиялық бағдарламалары
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
Меншіктік қатынастарының экономикалық жүйедегі орны
Активтерді пайдалануды талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz