Еңбек және еңбек ақы төлемдерін ұйымдастыру жолдарын жетілдіру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ...4
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы ... ... 4
Еңбек ақы төлемінің нысандары мен жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... 9
Негізгі еңбек ақы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қосымша еңбек ақы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Еңбек ақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі ... ... ... ..10
Еңбек ақыны төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Еңбек ақының аналитикалық және синтетикалық есебі ... ... ... ... ... ..12

3. ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы наурыздағы Жолдауында еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен 30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар санаты, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Курстық жұмысымның тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, себебі бухгалтерлік есептің халықаралық қаржылық есеп стандартына өтуіне байланысты көптеген проблемалармен есептегі ерекшелігі орын алуда, қаржылық есептемелердің жаңа стандартқа ауысуы және еңбекақыны есептеу тәртібі жатады.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты – еңбекақыны есептеу тәсілі мен принциптерін, әдістерін және талдануын түпкілікті зерделеу, сонымен қатар жұмыс уақытын тиімді пайдалануын анықтау және кәсіпорынның еңбекақы есебін жетілдіру.
Курстық жұмыста еңбектің және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:
- еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- аналитикалық құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
- шаруашылық жүргізуші субъектінің, кәсіпорынның әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;
- белгіленген мерзімдерге еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу.
Нарықтың ең бір жетілмеген түріне еңбек нарығы жатады, өйткені мұнда бәсекенің әр қилы тежеушілері әрекет етеді. Бұған мынадай факторлар, бос жұмыс орнының болмауы, жұмыс күшін жалдау мәселелері туралы заң актілерінің шектеулілігі, жалақы саласындағы фирма саясаты жатады. Жалақының дәрежесі мен динамикасына жұмысшы қозғалысы, ұйымдасқан кәсіподақтар қатты ықпал етеді. Кәсіпорын жұмыс күші нарығын реттеудің субъектісі. Еңбекшілердің экономикалық мүддесін қорғаумен байланысты кәсіпорынның алдындағы маңызды міндеттердің бірі жұмыс күшін сатушы жұмысшылардың арасындағы бәсеке күресін жою немесе шектеу болып табылады. Кәсіпорынның қызметі жалақы ставкасын көтеру, жұмыс күшінің ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайын жақсарту, зейнетақымен қамтамасыз ету, басқа да толып жатқан әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 28.03.2007 жылғы
2. Стандарт бухгалтерского учета ЗО «Представление финансовой отчетности» (Приказ министра финансов РК 17 января 2003 г. №14)
3. Қ.К.Кеулімжаев., З.Н. Әжібаева., Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы, Экономикс, 2003 жыл.
4. В.А. Назарова. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция. Алматы: Экономика, 2002 жыл.
5. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы: Экономика, 2005 жыл.
6. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. Алматы, 2003 год.
7. С.Б.Баймұханова. Бухгалтерлік есеп. ИздатМаркет, Алматы, 2005 жыл.
8. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт). Алматы, 2006 жыл
9. ҚР-ның Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995ж. 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар Жарлығы (2002ж. 24 мамырдағы өзгертулер және толықтырулармен).
10. М.М. Куртер. Теория бухгалтерского учета: Учеб. Пособие. – Москва, экономикс 2003 г.
11. В.К. Радостовец., Т. Ғ. Ғабдуллин., В.В. Родаставец., О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003 жыл.
12. Э.С. Хендриксен., М.Ф. Ван Бреда, Теория бухгалтерского учета: пер.с англ., Москва, финансы и статистика 1997 г.
13. А.М. Андросов, Е.В. Викулова, Основы бухгалтерского учета, Москва, 2004 г.
14. Ф.С. Сейдахметова, Современный бухгалтерский учет, Алматы экономика, 2000 г

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ...4
Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы ... ... 4
Еңбек ақы төлемінің нысандары мен
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... 9
Негізгі еңбек ақы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...9
Қосымша еңбек ақы
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..9
Еңбек ақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі ... ... ... ..10
Еңбек ақыны төлеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.11
Еңбек ақының аналитикалық және синтетикалық есебі ... ... ... ... ... ..12

3. ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...22

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы наурыздағы Жолдауында
еңбекақыны 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне орта есеппен
30 % -ға көбейтуді және 2006 жылдың 1-ші шілдесінен арнайы жәрдемақы
мөлшерін көбейтуді тапсырды.
2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға,
Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіл әлемдік сауда ұйымының талаптарына сай
келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет екендігін білдіреді.
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының
шығындары, жұмысшылар санаты, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел
қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да
күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Курстық жұмысымның тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, себебі бухгалтерлік
есептің халықаралық қаржылық есеп стандартына өтуіне байланысты көптеген
проблемалармен есептегі ерекшелігі орын алуда, қаржылық есептемелердің жаңа
стандартқа ауысуы және еңбекақыны есептеу тәртібі жатады.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты – еңбекақыны есептеу тәсілі мен
принциптерін, әдістерін және талдануын түпкілікті зерделеу, сонымен қатар
жұмыс уақытын тиімді пайдалануын анықтау және кәсіпорынның еңбекақы есебін
жетілдіру.
Курстық жұмыста еңбектің және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне
жататындар:
- еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің
орындалуын еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- аналитикалық құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан
жалақыны ұстап қалу;
- шаруашылық жүргізуші субъектінің, кәсіпорынның әрбір жұмысшысына
жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;
- белгіленген мерзімдерге еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу.
Нарықтың ең бір жетілмеген түріне еңбек нарығы жатады, өйткені мұнда
бәсекенің әр қилы тежеушілері әрекет етеді. Бұған мынадай факторлар, бос
жұмыс орнының болмауы, жұмыс күшін жалдау мәселелері туралы заң актілерінің
шектеулілігі, жалақы саласындағы фирма саясаты жатады. Жалақының дәрежесі
мен динамикасына жұмысшы қозғалысы, ұйымдасқан кәсіподақтар қатты ықпал
етеді. Кәсіпорын жұмыс күші нарығын реттеудің субъектісі. Еңбекшілердің
экономикалық мүддесін қорғаумен байланысты кәсіпорынның алдындағы маңызды
міндеттердің бірі жұмыс күшін сатушы жұмысшылардың арасындағы бәсеке
күресін жою немесе шектеу болып табылады. Кәсіпорынның қызметі жалақы
ставкасын көтеру, жұмыс күшінің ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайын
жақсарту, зейнетақымен қамтамасыз ету, басқа да толып жатқан әлеуметтік
маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу.
Жалақы өндіріс шығындарының бір бөлігі, сондықтан ақшалай жалақының
ставкасының өзгеруі кәсіпорынның өндіріс шығындары мен пайдасының мөлшеріне
ықпал етеді. Міне осыдан келіп, жалақы ставкасындағы номиналды жалақының
өсуі бағаның инфляциялық өсуіне және нақты жалақының төмендеуіне әкеліп
соғады. Жалақыны өсірудің материалдық негізі өндірісті дамыту, еңбек
өнімділігі мен ұлттық табысты арттыру болып табылады.
Жыл сайын мемлекеттік экономика секторында еңбекақы деңгейінің
жоғарылауы байқалады, ал бұл өз кезегінде жұмыс жасаудың уәждемесі болып
табылады.
Бұл жұмыстың теориялық негізін отандық ғалымдардың еңбектерінен
және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен халықаралық қаржылық
есеп стандарттарына көшуге байланысты бухгалтер бюллетендері-нің
нұсқауларын, сонымен қатар баспасөз басылымдарынан алдым. Онда Қазақстан
Республикасындағы еңбек төлемінің түрлерін, мақсаттары мен жүйелерін,
сонымен қатар олардың аналитикалық және синтетикалық есебін қарастырдым.
Ал негізгі бөлімінде қызметкерлермен еңбекақысы бойынша есеп айырысу
есебін, орташа жалақының есептелу тәртібіне және жалақыдан ұсталатын
ұсталымдарға мысалдар келтіріп, толық қарастырдым.

1. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.1. Еңбекақы құрамының есебі және оның мақсаттары мен маңызы
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі (кадрлар
жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір
адам) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық
бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін,
жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын,
мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін
есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей
жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды. Жеке еңбек келісімшарты — жұмыс
беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс
орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы,
жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар
қарастырылады. Әдетте, жалақысының, деңгейін жұмыс беруші белгілейді және
ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті,
құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласының
ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір
сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім-
шартқа "Қазақстан Республикасының еңбек туралы" заңының 7,8 және 9 баптары
енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек
шартын жасауға құқылы, ал егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан
және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Заңда келісім-шарттың максимальды және минимальды мерзімі белгіленбеуі
мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол
белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты екі
данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта қол қояды. Оның бір
данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім-
шартта керсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан
күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек
кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім-
шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісім-шарты
не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды "Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен"
құжаттайды; кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты
адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасы қажетті жағдайларда келіссөз
жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық
бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше
бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық
жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны
көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Қызметкердің
жұмыс жағдайларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс
нәтижелері,техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларының минимумы
бойынша нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер
үлгінің сырт жағына соғылады. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында
қызметкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат
кестесі бойынша белгіленген айлық ақысы керсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол
қойған бұйрық қызметкерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточкасын толтырады,
жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия
дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды. Барлық категориядағы
қызметкерлерге, оның ішінде жоғары және арнаулы орта білімі бар мамандарға
және училищелерді, кәсіптік-техникалық білім беретін мектептерді т.б.
бітірген жас жұмысшыларға да "Жеке карточка" толтырылады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан
босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін әрбір
жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті
жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.
Еңбек кітапшасы не жұмыс берушіде, не қызметкерлердің өзінде сақталуы
мүмкін. Жеке еңбек келісім-шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес
қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды
құжаттау үшін "Демалыс беру туралы бұйрық" қолданылады. Екі дана етіп
толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға
беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы мен кәсіпорын басшысы қол
қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі
қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс
үшін тиесілі жалақысын есептейді. Жеке еңбек келісім-шартынан басқа жұмыс
беруші қызметкерлермен азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасауына болады.
Олар жеке бір нақты тапсырманы орындау үшін жасалады. Азаматтық-кұқықтық
қатынаста қызметкер белгілі бір тапсырманы орындаған кезде сол ұйымның ішкі
еңбек тәртібіне бағынбайды. Сонымен қоса, жұмыс берушімен еңбеккерлердің
арасындағы қатынастар ұжымдық келісім-шартпен реттелуі мүмкін. Одан басқа,
ұжымдық келісім-шарт біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда,
өндіріс тапсырмаларын, еңбекақы төлеу жағдайын, үй-тұрмыстық және басқа да.
Олардың қатарына:
- тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
- еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және компенсация құқын беретін
жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
- жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізетін өндірістер, цехтар,
учаскелердің тізімі.
Қызметкерді бір цехтан екіншісіне ауыстырғанда "Басқа жұмысқа ауыстыру
туралы бұйрығы" жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп
толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс кәсіпорын басшысы қол қояды.
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке
карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілерін соғады.
Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орны бойынша
жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүліктік-материалдық және басқадай
бағалы заттар туралы белгілер қойылады.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда "Еңбек шартының тоқтатылуы туралы
бұйрық" қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерге
екі дана етіп толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі
бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе кәсіпорын
басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы
қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда, қызметкер
үлгінің бет жағына арыз жазады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін
сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек
төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп
беру үшін "Жұмыс уақыты есебінің табелінде" жұмыс істеп жүргендердің барлық
категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді
өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң
бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс
күнінің толық істелемегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы
және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс
толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады. Жұмыс уақытын
пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген-келмегендерін
жаппай тіркеу әдісімен, немесе тек ауытқуларын тіркеу әдісімен жүзеге
асырылады.
Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу
жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель
бланкілері компьютерлік техника құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін.
Мұндай реквизиттерге жататындар: кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері, цех,
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, кәсібі, табельдік нөмірі т.б.
Мұндайда табель үлгісі деректерді өндеудің қабылданған технологиясына
сәйкес өзгереді. Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс
табатындай етіп жүргізілуі керек. Жұмыс істеген немесе жұмыс істемеген
уақытын белгілеу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады.

1.2 Еңбек ақы төлемінің нысандары мен жүйелері

Жалақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет
нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін
алады.

Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны
пайдаланылады- кесімді және мерзімді.
Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының
мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін
жалақының нысанын атайды. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай-мерзімділік
және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді. Жай мерзімділік жүйесінің кезінде
өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша
еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық
көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып
табылады.
Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет
иесінің айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай
тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы (БЕС) 21 разрядының
негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті
белгіленеді.

Кесте 1. Бірыңғай тарифтік сетка.
Тариф Тарифтік Тариф сеткасының Тарифтік
сеткасының коэффициент (1 бірыңғай разряды коэффициент (1
бірыңғай разряды разрядқа разрядқа
қатынасы) қатынасы)
1 1,0 12 2,20
2 1,07 13 2,37
3 1,15 14 2,55
4 1,24 15 2,74
5 1,33 16 2,95
6 1,43 17 3,17
7 1,54 18 3,41
8 1,66 19 3,67
9 1,78 20 3,94
10 1,91 21 4,24
11 2,05

[Қайнар көзі: В.К. Радостовец, Т.Ғ. Габдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт,
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы, 2003 ж, 354 б]
Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін
жіктеледі, ал қызметкелердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай
тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік-
мамандандырылған анықтама және мамандандырылған анықтама бойынша
еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.
Мерзімді еңбек ақыны есептеу үшін әр түрлі разрядтар бойынша мына
формуланы пайдаланады:
Айлық жалақы=йымның 1- разряд-
тағы
Ал мамандандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының
күрделілігін, мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл
анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты
өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі
мүмкін. Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын-ала белгіленіп қойған
деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне
есептейді. Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:
- Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі - әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын
қою арқылы белгіленеді.
- Кесімді-сыйақлық – бұл қосымша марапаттау төлемін
қарастырады,белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана
пайдаланылады.
Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде,
ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызметақы негізінде жүргізіледі. Кесімді
бағалаулар қолданыстағы уақыт нормалары мен шығарылым нормаларына
негізделеді. Уақыт нормасы-бұл адам сағат, адам күн көрсеткіштерімен
көрсетілген, жұмыс бірлігін орындауға қажетті уақыт. Шығарылым нормасы
қызметкер уақыт бірлігінде жасауға тиіс жұмыс санымен анықталады.

2. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ

2.1. Негізгі еңбек ақы есебі

Негізгі еңбек ақы – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты
үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін
белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі
жалақының құрамына кіретіндер:

- Мерзімді еңбек ақы;
- Кесімді еңбек ақы;
- Тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақы;
- Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбек ақы;
- Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбек ақы;
- Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін жасалатын
төлемдер.
Түндегі жұмыс үшін еңбек ақы. Түндегі уақыт кешкі 22 сағаттан
бастап, таңғы 6-ға дейін созылады.Бүкіл жұмысының 50% түнгі ауысымға
келсе,онда ол түнгі уақытта жұмыс істеген болып саналады.Ондай
еңбеккерлерге жарты тармфтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша еңбек
төлемі жасалады.
Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбек ақы. Нормадан артық жұмыс
істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша төлем
жасалады.Кез келген жұмыс беруші аптасына 40 сағат жұмыс уақыты етіп
белгілейді.Ал жеке және ұжымды келісім-шартта бұл оданда төмен болып
белгіленуі мүмкін.Егерде кәсіпорын бір аптаның алты күнін 7 сағаттан
жұмыс істейтін күні етіп бекітсе,онда оның жұмыс уақытының ұзақтығы – 40
сағатқа тең болады,ал егер де күндігі 6 сағаттан есептелінсе,онда ол 36
сағатқа тең болады,ал егер де күндігі 5 сағатқа тең болса,онда ол 30
сағатты құрайды.Енді осы көрсетілген сағаттардан артық істегені ,нормадан
артық істегені болып саналады.
Демалыс және мереке күнердегі жұмыс істегені үшін жасалатын
төлемі.Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса
, онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс .Егер
кәсіпорын әкімшілігінің оған қосымша демалыс беруге мүмкіндігі
болмаса,ерекшелік жағдай ретінде бұл күн үшін айлық ақысының екі есе
мөлшерінде төлем ақы төленеді.
Мереке күнердегі жұмыс істегені үшін қызметкерлерге ,жұмысшыларға
сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбек ақы
төленеді.

2.2. ҚОСЫМША ЕҢБЕК АҚЫ ЕСЕБІ.
Қосымша еңбек ақы – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған
уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына
кіретіндер:

- Жыл сайынғы еңбеккерлерге берілетін демалыс ақы;
- Пайдалнбаған демалыс үшін компенсациялық төлем;
- Қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем;
- Басқа да әлеуметтік төлемдер;
- Жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін жасалатын төлем.
Орташа жалақыны есептеу тәртібі. Орташа жалақы – бұл белгілі бір уақыт
кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі.Оны
есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиісті сомалар
алынады.Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп атайды.

Барлық жағдайда орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезеңнен
Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндері есепке
алынбайды.

Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне еңбеккерлердің сырқатымен және
басқа да жағдайлармен байланысты жәрдем ақы тағайындалып, содан соң
төленеді.Еңбекке уақытша жарамсыз парағы белгіленген тәртіпте беріледі, ал
ол әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеудің негізі болып
табылады,ал егер де парақты жоғалтып алса, онда оның көшірмесі
беріледі.Еңбекке уақытша жарамсыз мерзімі бойынша берілетін жәрдем ақыны
есептеу орташа айлық жалақыдан алынады,бірақ орташа айлық жалақы он есе
еселенген АЕК – тің деңгейінен аспауы керек.

Демалысқа шыққанда төленетін төлем.Белгіленген тәртіп бойынша ,жыл
сайын жұмыс орнын сақтай отырып және еңбек шарты бойынша әрбір жұмыс
істеуші төленетін демалысқа шығуға құқылы.Еңбек демалысына шығуға барлық
қызметкерлердің құқы бар , олардың арасына жеке келісім – шарт жасалса да,
жасалмаса да .Мұндай заң құқығы Еңбек туралы заңның 126 бап, 5 тармақта
қарастырылған.

Еңбек демалысының ұзақтығы Еңбек туралы заңның 101 бабында 24
календарлық күнге тең болуы тиіс.Ұжымдық , жеке келісім – шарттарында
еңбек демалысының ұзақтығы бұдан да ұзақ болуы мүмкін.Демалысқа шығатын
күніне мереке күндері қосылмайды, яғни еңбеккерлердің демалыс күні 24
календарлық күнге тең болса, бірақ ол арада 1 мейрам күні болса, онда
қызметкер 25 күн демала алады.

2.3 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар және шегерілетін сомалар
есебі.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыс беруші еңбеккерлердің
жалақысынан әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын
жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай-ақ
еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса
олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей
кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.
Жеке табыс салығын ұстау (3120 шот). Салықтар- ұлттық табыстың бір
бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы
мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Осы табыс салығын төлеуші болып салық
жылы ішінде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Табыс
салығы есептелген және ең аз мөлшердегі еңбекақы көлемінің арақатынасына
байланысты мөлшерлеме бойынша еңбекақының салық салынатын минимумынан
асатын сомадан ұсталады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы наурыз айындағы Қазақстан
халқына жолдауында 2007 жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс
салығының 10 % белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін делінген.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар(3390 шот). Сот шешімдері,
нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп
алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін
атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ
тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан,
зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін
жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге
тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі
жүргізіледі.

Алименттер есепті айдағы негізгі және қосышадан табыс салығы
ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады. Кәмелетке толмаған балаларды
күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі бала
үшін – жалақының 33% - і, үш және одан көп балалар үшін 50% - ін құрайды.
Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған алименттердің
сомасы алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылу керек.
Борышкер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы
атқарушы қағазға барлық ұсталған алименттер туралы белгі қойып, оны мөрмен
растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін
көрсетеді.
Міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақтаушы зейнетақы қорларға (3220
шот) жарнасы еңбеккерлердің жалақысынан , сыйлығынан, қосымша төлемдерінен
, үстемесінен және басқа да табысынн 10% мөлшерінде ұсталынатын және оны
жұмыс беруші аталған қорға аударады.

2.4.Еңбек ақыны төлеу тәртібі.

Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу әр түрлі кәсіпорындарда келесі
құжаттарда жүргізіледі:

- есеп айырысу - төлем тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы беру
үшін де пайдаланады;

- есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлем
тізімдемесінде;

- әрбір жұмысшыға жасалған кңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларында;

- жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысуы тізімдемесінде.

Есеп айырысу - төлем тізімдемесі – жиынтық құжат, онда есептелген
еңбек төлемінің барлық түрі, заңдарға сәйкес жасалған ұстылымдар мен
шегерімдер жинақталған.Оны еңбек тізімі жөніндегі есеп айырысу деректері
негізінде жасайды.Тізімдемеде қызметкерлердің аты жөнін, олардың табельдік
нөмірлері мен қызмет орындарын , разрядтарын немесе айлық ақыларын
көрсетеді.Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қолдарын қояды.
Тізімдеменің Есептелді деген бөліміне құжаттар мен негізделген
кесімді,мерзімнен тыс т.б. төлемдердіңесептелген сомалары енгізіледі.
Ұсталынды және есепке алынды деген бөлімінде табыс салығының сомасы,
сондай–ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге
сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыруға құқықғын қорғау
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Салық салу обектісінде пайызбен бекітілген салық мөлшері
Еңбек жалақысын ұйымдастыру
Өзінің жинақтаушы зейнетақы қорларын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аударуға құқылы
Экономикалық әл-ауқатты сипаттайтын көрсеткiшi
Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру мәселелері
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Әлеуметтік қорғау жүйесі
Ағымдағы міндеттемелер аудиті
Пәндер