ҚР Банк жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық банктер қызметтерінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .28

КІРІСПЕ
Нарықтық экономикада банк жүйесінің атқаратын қызметі өте зор. Біріншіден, дамыған банк жүйесі төлем жүйесін басқарады. Нарықтық қатынастар жағдайында коммерциялық мәмілелердің көбісі электрондық төлемдер немесе чектермен төлеу жолымен қаражаттарды бөлу арқылы жүргізіледі. Екіншіден, өзге қаржы делдалдарымен бірге, банктер халық жинақтарын әр түрлі жобаларға бағыттайды, несие саясатын жүзеге асырады. Қаражаттарды инвестициялау процесінің қарқындылығы белгілі бір дәрежеде банк жүйесінің ақша қорларын оларды оптималды пайдалана алатын заем алушыларға бағыттай алу қабілетіне байланысты болады. Үшіншіден, коммерциялық банктер орталық банктердің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет етеді, айналыстағы ақша көлемін реттеу процестеріне қатысады.
Осы орайда тұрақты, бәсекеге қабілетті, сапалы өнімдер мен қызметтерді ұсына алатын және бүкіл қоғамның қажеттіліктерін қаржы ресурстарымен қанағаттандыра алатын банк жүйесін дамыту қажеттілігі туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің жалпы банк секторының қазіргі жағдайын сипаттау, зерттеу, ондағы кездесетін проблемаларды айқындау және оны шешу жолдарын көрсету. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсету жағдайын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі банк жүйесінің даму тарихын, оның негізгі мәселелерін, банк жүйесін дамыту, жетілдіру жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы, Алматы.1995ж.
2. « Банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР заңы Алматы.1995ж.
3. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа жолдауы. //Егемен Қазақстан.- 2006.- 2 наурыз.- 3 б.
4. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.- 360-380 бб.
5. Аралбаева А.А. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдардың дамуының кейбір мәселелері. //Банки Казахстана.- 2005.- №11.- 37-38 бб.
6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.-128-192 бб.
7. Святов С.А. Национальные банковские системы постсоветских государств: этапы становления, особенности формирования и перспективы развития. //ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2006.- №2.- 131-138 бб.
8. Шаяхметова К.О. Теоретические и практические аспекты развития банковской системы РК. //ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2003.- №5.- 99-105 бб.
9. Калдияров Д.А. Роль центрального банка в регулировании экономики
10. Курманов О. Экономика и банковский сектор Казахстана: состояние и перспективы роста. //Финансы и кредиты.- 2005.- №10.- 16-22 бб.
11. Лаврушин О.И. Банковское дело– М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.
12. ҚР Ұлттық банкінің www.National bank.kz ресми сайтының мәліметтері.
13. О состоянии финансового рынка и финансовых организаций. //Банки Казахстана.- 2006.- №12.- 55-58 бб.
13. Бакиров А.М. Роль и место БВУ в кредитовании реального сектора экономики. //Банки Казахстана.- 2006.- №3.- 11-14 бб.
14. Демидова Н. Влияние деятельности БВУ на развитие экономики РК.- //Банки Казахстана.- 2006.- №4.- 11-14 бб.
15. Исаев І. Қазақстандағы коммерциялық банктер бүкіл әлемдік нарықта басқа банктермен бәсекеге түсе ала ма? //Айқын.- 2006.- 26 қыркүйек.- 6-7 бб.
16. Сауытбекова Ә. Банк жүйесінің өзекті мәселелері. //Дала мен қала.- 20 сәуір.- 5 б.
17. Мұхамеджанова А. Банк секторындағы жағдай бір қалыпты ма? //Айқын апта.- 2006.- 15 маусым.- 4 б.
18. Мырзабаева Ж. VI Конгресс финансистов Казахстана. //Республика. -2006.- 17 қараша.- 13-14 бб.
19. Жамишев Б. Состояние и перспективы банковской системы Казахстана. //Мир финансов.- 2005.- №9.- 2-5 бб.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық банктер
қызметтерінің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Банк жүйесінің негізгі проблемалары мен оны шешу жолдары
... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикада банк жүйесінің атқаратын қызметі өте зор.
Біріншіден, дамыған банк жүйесі төлем жүйесін басқарады. Нарықтық
қатынастар жағдайында коммерциялық мәмілелердің көбісі электрондық төлемдер
немесе чектермен төлеу жолымен қаражаттарды бөлу арқылы жүргізіледі.
Екіншіден, өзге қаржы делдалдарымен бірге, банктер халық жинақтарын әр
түрлі жобаларға бағыттайды, несие саясатын жүзеге асырады. Қаражаттарды
инвестициялау процесінің қарқындылығы белгілі бір дәрежеде банк жүйесінің
ақша қорларын оларды оптималды пайдалана алатын заем алушыларға бағыттай
алу қабілетіне байланысты болады. Үшіншіден, коммерциялық банктер орталық
банктердің ақша-несие саясатына сәйкес әрекет етеді, айналыстағы ақша
көлемін реттеу процестеріне қатысады.
Осы орайда тұрақты, бәсекеге қабілетті, сапалы өнімдер мен қызметтерді
ұсына алатын және бүкіл қоғамның қажеттіліктерін қаржы ресурстарымен
қанағаттандыра алатын банк жүйесін дамыту қажеттілігі туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің жалпы банк секторының қазіргі
жағдайын сипаттау, зерттеу, ондағы кездесетін проблемаларды айқындау және
оны шешу жолдарын көрсету. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейлі
банктердің қызмет көрсету жағдайын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі банк жүйесінің даму тарихын,
оның негізгі мәселелерін, банк жүйесін дамыту, жетілдіру жолдарын ашып
көрсету.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Банк жүйесінің мәні, белгілері мен элементтері
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып
көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп
жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан
да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Банктің мәнін терең зерделеген И.О. Лаврушин банк мәнін зерделеудің
мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
-банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
-оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі
ретінде қарастыру;
-банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
-банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді .
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай
болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де,
эмиссиялық банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады.
Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-
бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның мәні өзгеріссіз қалады және
олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің
әр түрлілігін көрсетеді.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма–қол ақшаны шығару – бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына
жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-
қол ақша формасындағы және қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын
реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде
анықтауға болады.
Банктің біріншісі қызметі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын
қызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі
банк операцияларының бірі болып табылады. Алайда уақытша бос ақшаны
шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:
-шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне
емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
-шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі -
бастапқы несие беруші (банк клиенті);
-қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицензия) жүзеге
асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызметі - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен
қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал
болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп
айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырылады.
Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты несиелеу, төлем
құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды
қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет,
әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл қағидалардың де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі және т.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие, олар:
1. банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін
Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі.
2. банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекетімен
анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі
белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән
тетік жұмыс істейді.
3. банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге
болады.
4. банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс
үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы
мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың
тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі,
нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады. Алайда, оны толық
мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа
жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын
экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады,
экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. банк жүйесі – басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға
бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Казақстанның банк жүйесіне тән. ҚР
Банктер мен банк қызметі туралы заңында (3-бап) былайша жазылған:
1. Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне ие;
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі
банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді;
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі
(статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа
банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді;
4. Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлі банк,
меншігінде және (немесе) басқаруында акцияның үштен бір
бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері; ә) заңды тұлғалар – ҚР
резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және (немесе)
басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (оқушылардың салым
ақшасы); ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді
тұлғалардың) қаражатында.
5. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісімшарттың негізінде
құрылған әрі әрекет ететін банк .
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк
инфрақұрылымын қалыптастыратын әрі несие институттарының өмірлік әрекетін
қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
Осысаланытереңзерттеген И.О.Лаврушин банк жүйесінің жеті белгісін
былайша бөліп көрсетеді:
-бірыңғай мақсатқа жауап беретін нақтыға бағынышты элементтерді
қамтиды;
-өзіндік ерекшелігі бар;
-элементтерді өзара алмастыруға қабілетті;
-динамикалық жүйе болып табылады;
-жабық тұрпат жүйесі ретінде алға шығады;
-өзін-өзі реттейтін жүйе сипатына ие;
-басқарылатын жүйе болып табылады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты болған:
-банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;
-нарықтық банк жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынғы КСРО-да және социалистік
жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір
деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір
эмиссиялық және несие институты болды. Онда барлық несие ресурстары
орталықтандырылып, бөлінеді.
Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі банктерге мемлекеттік
монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық шаруашылықта
орталықсыздандырылған басқару жүйесімен көптеген банк түрлері жұмыс
істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметерді өзара бөлісіп алған.
Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол
сияқты мемлекет коммерциялық банктердің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік
мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның осы заманғы банк жүйелерін
жатқызуға болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады, алайда, ол
алдындағы банк жүйесінің меңдік дағынан әлі арылып біткен жоқ, әлі де
өтпелі кезең, даму жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған
тұрақты жүйедегі өнеркәсібі өркенделген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға
болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық базасы
әрдайым өзгеріп тұрады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы ұдайы
өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15
жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар мен
өзгерістер енгізілді.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық
қатынастың және т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада
реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп көрсетіледі:
-мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер
операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар
мен шектеулер енгізеді;
-барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк .
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдері
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені
республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары
мен бөлімшелері жұмыс істеді. КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде,
Қазақстанда 70-жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты
үстемдік етті, несие-банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ
реттемелеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де осындай жағымсыз
жағдайлар басым болды.
Ақша-несие қатынасының қалыптасқан іс-тәжірибесі нарық қатынасы
тудырған шарттармен сәйкес келмейді.
Социалистік жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының
институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрі идеологиялық
тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банкі түрінде орасан үлкен дара
банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық несие жүйесін өз уысынан
шығармады, шынайы бәсекелестікті, тәуекелділіктің бүкіл элементтерін жойды.
Кеңес Одағы ыдыраған соң, 90-жылдардың басында бұрынғы кеңес
республикаларында ұлттық экономикаларды нарықтық қатынастарға көшіру
бойынша жаңа міндеттерді шешу үшін қаржы - несиелік жүйелерді реформалау
қажеттілігі туындады. Сондықтан жаңа банктік жүйені құрудың ұзаққа созылған
әрі күрделі процесі басталды. ТМД елдерінің көбісі бұл бағытта 90-жылдардың
басындағы деңгеймен салыстырғанда үлкен прогреске қол жеткізілді. Бұрынғы
кеңестік елдерде бірдей дерлік бастапқы жағдайлар болғанына қарамастан,
жүргізілген банктік реформалардың қарқындары мен тереңдігі әртүрлі болды.
Қайта құрулардың жылдамдығы мен сапасындағы айырмашылықтар
макроэкономикалық жағдайдың ерекшелігіне, елдердің әртүрлі экономикалық
потенциалына, сондай-ақ әр мемлекеттің жағымды құқықтық ортаны қаржы
нарығы қатысушылары үшін тұрақты ойын ережелерін қалыптастыруға бағытталған
саясат айырмашылықтарына байланысты болды.
Қазақстанда банк секторының қалыптасу процесін негізгі 4 кезеңге
бөлуге болады.
Алғашқы кезең - дайындық кезеңі (1990-1991жж.). Бұл кезеңнің негізгі
міндеті заңнамалық базаны дайындау, банк секторын нарықтық қатынастарға
көшіру үшін нарықтық инфрақұрылымды және қажетті қаржы институттарын құру
болды.
1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан егемендікке қол жеткізгеннен
кейін нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің
банк жүйесін құруға кірісті.
Бұған дейін бұрынғы кеңес елдерінің банк секторы бір деңгейлі еді және
толығымен КСРО Мемлекетік банк аумақтық бөлімшелерімен бақыланды. Сол
сияқты Қазақстанның да бір деңгейлі банк жүйесі Қазақ ССР-інің
Мемлекеттік банкінен және 5 маманданған салалық коммерциялық банктерден
құралған еді. Осыған орай, дайындық кезеңінің негізгі міндеті екі деңгейлі
банк жүйесін құру үшін заңнамалық базаны құру болды .
1991 жылдың қаңтар айында Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі
туралы заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының
бастамасы болды. Осы заң алғашқы рет коммерциялық банктің анықтамасын
беріп, банк жүзеге асыра алатын банктік операциялар тізімін анықтады,
банктер қызметін Мемлекеттік банк тарапынан реттеу нысандары мен әдістерін,
банктерді ашу және жою нысандарын тұжырымдады. Заң коммерциялық банктермен
қатар басқа да несиелік мекемелердің (несиелік кооперативтер, ломбардтар)
ашылуына рұқсат берді. Заң, сонымен қатар, құрылтайшылары мен акционерлері
шетелдің жеке және заңды тұлғалары бола алатын жеке банктерді құруға рұқсат
берді. Қазақ ССР-інің Мемлекеттік банкінің негізгі міндеттері мен
функциялары, соның ішінде ақша-несиелік реттеу саласындағы міндеттері,
оның жүзеге асыратын операциялар тізімі бекітілді.
Жаңа банктік заңнама республикада дамыған елдердің үлгісіндегі, екі
деңгейлі банк жүйесін құруға мүмкіндік берді. Сөйтіп, мемлекеттік салалық
банктердің қайта құрылуы және 1991 жылы алғашқы коммерциялық банктердің
құрылуы нәтижесінде республикада екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты.
Жаңа банк жүйесінің бірінші деңгейін ҚР Ұлттық банкі және оның облыс
орталықтарындағы филиалдары құрайды (Республикалық Мемлекеттік банк ҚР
Ұлттық банкісі боп қайта құрылды). Екінші деңгей бұрынғы мемлекеттік
маманданған банктер негізіндегі, немесе жаңадан ашылған коммерциялық
банктерден тұрды .
Екінші кезең – бейімделу кезеңі (1991-1993 жж). Бұл жаңа құқықтық
және ұйымдастырушылық жағдайларда қызмет ету, жаңадан ашылған қаржы
институттарының нарықтық ортаға бейімделу кезеңі. Сол уақыттағы жеткілікті
дәрежедегі ырықтандырылған заңнама базасы, бастапқы кезде құрылтайшылар
мен акционерлерге қойылатын қомақты шектеулердің жоқтығы, банктердің
күнделікті қызметінің әлсіз бақылануы 90-жылдардың басында коммерциялық
банктердің қаулап өсуіне әкелді. 1991-1993 жылдар аралығында Қазақстанда,
ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты, банктік серпіліс байқалды. Бұрынғы
салалық маманданған негізінде жаңа банктер пайда болды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын
Тұран – банкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі - акционерлік-коммерциялық банк
болып табылатын ҚР Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі –
акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Әлем банкке, Республика
Жинақ банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын ҚР Жинақ
банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта
құрылды, ал Жинақ банкісі ҚР Халық банкісі атауына ие болды. Бұлардан
басқа, жаңа коммерциялық банктер де әрекет ете бастады, олардың
құрылтайшылары заңды және жеке тұлғалар болды.
1993 жылы республикадағы коммерциялық банктер саны банк жүйесінің
тарихындағы ең үлкен шамаға - 204-ке жетті .
1993 жылдың өзінде ғана 63 банк тіркелді. Олардың көбісі қаржылық
тұрақсыз болып табылды .
Кестеде республикадағы екінші деңгейлі банктердің жалпы санының
қысқару динамикасы көрінеді. 1993 жылы банктердің саны 204 бірлікті құраса,
2006 жылы олардың саны 33 бірлікке дейін азайды.
Құрылған банктердің негізгі актив капиталы мөлшері шамалы болды,
квалификациялы мамандар жоқ болды, қажетті материалдық-техникалық база
болмады, пассивтер негізінен мемлекеттік кәсіпорындар мен компаниялар
есебінен қалыптасты, актив операциялары негізінен акционерлердің
мүдделеріне қызмет көрсетуге және шетел валютасы нарығында спекулятивті
операцияларға бағытталды.
Екінші деңгейлі банктер саны азайған жағдайда банктік операциялардың
жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар саны, керісінше, көбейе бастады.
1993 жылы олардың жалпы саны небәрі 5 тең болса, 2002 жылы -117 бірлікке
дейін өсті.
Үшінші кезең (1993-1995жж.) – саяси және экономикалық егемендік
жағдайындағы жаңа банк жүйесінің құрылу, ұлттық валютаның қызмет ету,
әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялану процестерінің бастапқы
кезеңі.
1993 жыл елдің өзіндік ұлттық банк жүйесін құрудағы бетбұрысты кезең
болды. КСРО-ның ыдырауынан кейін кеңес валютасы – рубль барлық
посткеңестік елдерде қолданыста қалған болатын. Қолма-қол рубльдердің
жалғыз элементі Ресей болып қала берді, бұл басқа елдердің ұлттық
банктердің тәуелділігіне және өз бетінше ақша–несиелік саясатты жүргізе
алмауына әкелді. Бұл мәселелер өз шешімін 1992-1994 жылдар бойына барлық
елдердің өз жеке ұлттық валюталарын енгізулерінен тапты.
1993 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы заңы қабылданды, ол Ұлттық банктің міндеттерін, қызмет қағидаларын,
құқықтық мәртебесін және өкілеттерін, оның банк жүйесіндегі рөлі мен
орнын, ҚР мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтап
берді.
Ұлттық валютаның енгізілуі және ҚР Ұлттық банкі туралы заңының
қабылдануы өз бетінше ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Осы
кезден бастап екінші деңгейлі банктерге қойылатын талаптар қайта айтыла
бастады, әртүрлі бұзушылықтар үшін экономикалық санкциялар енгізілді,
сондай-ақ қаржылық институттардың минималды жарғылық капиталына, активтер
мен пассивтерді басқару сапасына қойылатын талаптар жоғарылатылды. Орталық
банктердің басты міндеттерінің бірі ұлттық банк жүйелерін халықаралық
талаптарға сәйкестендіру болды. Жүргізілген шаралар инвесторлар
қаржысының сақтаулығын, ішкі және сыртқы есеп айырысулардың сенімділігін
және қауіпсіздігін қамтамасыз етулері тиіс еді.
Қазақстанда 1993 жылы банктердің жалпы көлемінің тек 10%
пруденциялық нормативтерді орындады. 1993 жылдың өзінде ҚР Ұлттық банкі
пруденциялық нормативтердің жүйелі түрде орындалмағаны үшін банктік
қызметті жүргізуге берілген 15 лицензияны кері қайтаруға мәжбүр болды .
1995 жылдың 15 ақпанында банк жүйесін реформалаудың алғашқы
бағдарламасы бекітілді, ол тұрақты банк жүйесін құруын қамтамасыз етуге
бағытталған болатын. Бадарламаның басты міндеті – ақша ресурстарының
орталықтандырылған бөлінуін барынша қысқарту және ҚР Ұлттық банк
функцияларын орталық банктердің классикалық функцияларына жақындату еді .
Банк жүйесін одан әрі нығайтуға 1996 жылғы желтоқсанда қабылданған
екінші деңгейлі банктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына
өту Бағдарламасы бағытталды.
Осы Бағдарламаға сәйкес, Қазақстанның барлық әрекет етуші банктері 2000
жылдың соңына дейін капитал жеткіліктілігі, өтімділігі, активтер сапасы,
менеджмент деңгейі, бухгалтерлік есеп, ақпаратты енгізу және беруге, т.б.
қатысты халықаралық стандарттарға көшуі тиіс болды .
Қазіргі кезде қаржы жүйесіндегі негізгі реформалар жүргізіліп үлгерді:
заңдылық-нормативтік база негізінен құрылып бітті, реформалау процесінің
басында қойылған міндеттер орындалды.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасы банк жүйесін дамытудағы коммерциялық банктер
қызметтерінің қазіргі жағдайы
Соңғы жылдары Қазақстанның банк жүйесі – ТМД елдерінің ішінде ең озық
дамып келе жатқан жүйелердің бірі. Оның жетекші халықаралық эксперттер де
қолдайды. Standard & Poor 's рейтингтік агенттігі өзінің 2004 жылғы ҚР
банк секторының тәуекелдерінің талдауы есебінде көрсеткендей, еліміздің
банк жүйесі Ресей, т.б. ТМД мүше-елдерінің банк жүйесінен бірнеше қадамға
алда келеді.
2007 жылғы 1 ақпан мәліметтері бойынша елімізде 33 екінші деңгейлі банк
қызмет етеді, оның ішінде 14 банк шетел қатысуымен (9 еншілес ҚР
бейрезидент-банктерді қосқанда).
25 банктің филиалдық желісі бар. Филиалдардың ең көп саны Қазақстан
Халық Банкінде – 147, Каспий Банкінде – 40, Казкоммерцбанкте – 23.
Банктердің есеп айырысу-жинақ кассаларының жалпы саны 1300 астам.
12 бейрезидент-банктердің 32 өкілдігі бар, оның ішінде 27 – ҚР
шекарасынан тыс жерлерінде. Сонымен қатар Республикада шетел банктерінің 18
өкілдігі жұмыс істеуде, ал еліміздің 6 банкі Қазақстаннан тыс жерде
орналасқан қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталының қатысушылары болып
табылады .
Соңғы жылдардағы Қазақстан банк секторы дамуының негізгі
көрсеткіштерінің талдауы келесіні көрсетеді.
Төмендегі 1-суретте келтірілген мәліметтер банк секторының жиынтық
активтері өткен жылы 96,6%-ға өсіп, 2007 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz