Нарық ұғымы, оның функциялары, даму тенденциялары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 НАРЫҚ ҰҒЫМЫ МӘНІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1. 1 Нарық жүйесінің мәні мен негізгі элементтері . . . 5
1. 2 Нарық құрылымдары мен оның түрлері . . . 13
1. 3 Нарық экономикасындағы мемлекеттің рөлі . . . 17
2 НАРЫҚ ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
2. 1Нарықтық экономикадағы қазіргі басымдылықтар мен кемшіліктер . . . 20
2. 2 Қазақстанның реттемелі нарық экономикасына өтуі және бағыттары . . .
2. 3Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму
стратегиясы . . .
Қорытынды . . . 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30
КІРІСПЕ
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтың экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан- жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.
Нарықтың экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.
Нарықтың экономикалық жалпы мақсаты- экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады. Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.
Бірінші бөлімде, жалпы Нарық жүйесінің мәні мен негізгі элементтерін, түрлерін, нарық экономикасындағы мемлекеттің рөлі туралы ашып түсінік беріп кеттім.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясын толығымен аштым. Стратегияның маңызы элементтердің бірі- Қазақстанның қайта түрлеуі мен дамуының қарқыны болып табылады.
Дүниенің бірқатар елдерінде жедел экономикалық өсу стратегиясы ойдағыдай жүзеге асырылған. Олардың қатарында: ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвано, ГОнг- конг бар.
Осы курстық жұмысты шетел және Қазақстан ғалымдарының әдебиетттерін қолдандым. Олар Осипова Б, Әубакиров Я. Ғ, Колесников В және журнал газеттер қолданып жаздым.
1 Нарық ұғым, оның мәні атқаратын қызметі, түрлері.
1. 1 Нарық жүйесінің мәні мен негізгі элементтері.
Нарық- тауарларлы сатып- алу сату формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі жақты байланыс, тауар- ақша қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің, жабдықтардың ұйымдық құқықтық нормалардың, құрылымдардың және тағы басқа сондай қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтық. Нарық- ол сатып алу- сату қатынастарының элементтері болып: тауарлардың, капиталдың, жұмысшы күшінің, құнды қағаздардың, идеялардың, ақпараттардың және тағы басқа нарықтары саналады. Нарық- нарықтық экономиканың негізі.
Нарық- ол жеке тауарлар мен қызметтерді көрсетіп, сатып алушылар (сұраным ұстаушылар) мен сатушылар (дайындап жеткізушілерді) ұштастыратын құрал немесе тетік. Кейбір нарықтар жергілікті ауқымда, ал кейбіреулері халықаралық немесе ұлттық сипатта болады. Олардың кейбіреуінде сұраным ұсынушылар мен дайындап берушілер арасында тікелей байланыс болады. Ал кейбіреулерінде сатушы мен сатып алушы өзара тікелей байланыста болмайды, олар бірін- бірі еш уақытта көрмейді және білмейді.
Нарық экономика баға мен рыноктар жүйесі арқылы жұмыс істейтін күрделі механизм секілді.
Нарық экономикада өнімдер тұтынушылар арасында рыноктік бағаға сәйкес төлей аларлықтай қабілеттері мен тілектері негізінде бөлінеді.
Нарықтың басты ерекшеліктерінің бірі- оның аяқасты немесе күтпеген жағдайда үлесін табуы болып саналады. Бұл нарықтық жүйені өзін- өзі реттейтін және тез дамитын етеді.
Нарық жүйе, негізінен, 5 қағидаға негізделеді. Аяқасты реттілік, экономикалық еркімділік, бәсеке, жеке меншік, ерікн бағаның құрылуы.
1. Аяқасты реттілікке кіретін элементтері:
а) өзін- өзі реттеу;
б) икемділік, өзгере беретін жағдайға қарай бейімділік;
в) рынок субъектілері арасындағы көптеген байланысытар.
Нарықтық жүйеде кәсіпорындар таза пайда алу және шығынды болдырмау ойларын басшылыққа ұстайды, сондықтан олар сатылулар тек қана таза пайда әкелетін шаруаларды ғана өндіріп, шығын әкелетін тауарлардан бас тартады.
Кәсіпорындар өзі өнімдерін өнімдер жөніндегі таңдауларын тұтынушылардың таңдауларымен сәйкестендіріп отырады.
Тұтынушылар өздеріне керекті, әрі өздері сатып алуға шамалары келетіндей тауарларға ақшаларын шығарады. Кәсіпорын өз тауарлары таза табыс әкеліп, тұтынушылар сұранысы тоқтамағанға дейін тауарларын шығара береді. Сонымен қатар нарықтың жүйе шығынды кәсіпорынды шектеулі ресурстардан айырады. Бұл процесс ресурстармен қамтамасыз етушілерге де қатысты. Ресурстар өнімдеріне сұраныс бар салалар мен кәсіпорындаға жеткізіледі.
2. Рыноктың тууының алғышарты жеке тәуелділік түрлерін түгелдей жою және адамдардың экономикалық бостандыққа ие болуы дейміз. Адам Смиттің айтуынша, оның «экономикалық адамы» өзінің жеке эгоистік мүддесін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Еркін кәсіпкерлік иститутты өндірушілердің творчествалық пысықтығын және тәуекел үшін толық жауаптылықтың болуын көздейді. Нарықтық жүйеде тәуекел мен табыс проблемалары- кәсіпорын қызметінің ең басты тұжырымдамаларының бірі.
Тәуекел- ол қауіп, шығын немесе зиян мүмкіндігі. «Тәуекел» деп кәсіпорындардың өз ресурстарының бір бөлігін жоғалтулары мен табысты ала алмаулары немесе белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығыстар болулары деп қабылдануда.
Қазіргі замандағы нарықтың жүйе тәуекелсіз мүмкін емес.
Тәуекелдің мынадай түрлері болады:
- Фирманың тапсырыс берушімен жасалған келісім немесе келісім- шарт жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкін екендігіне байланысты өндірістік тәуекел.
- Алған қарызын фирма қызметін қаржыландыру үшін жұмсап қою нәтижесінде инвестор алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін фирманың орындамауы мүмкін екендігіне байланысты қаржылық тәуекел.
- Өзінің құнды қағаздарынан, сондай- ақ сатып алған құнды қағаздардан тұратын инвестициялық- қаржылық портфельдің құнсыздануының мүмкін екендігіне байланысты инвестициялық тәуекел.
- Өз ұлттық ақшасының, сондай- ақ шет елдің валюта бағасының нарықтың пайыздық ставкаларының ауытқуы мүмкін екендігіне байланысты нарықтық тәуекел.
Кез- келген нарықтық өнім тұтынушылар арасында олардың өнім тұтынушылар арасында олардың тілекетеріжәне оның нарықтың бағасын төлеуге қабілеттілігі негізінде тұтынушының таңдау еркіндігі принципі бойынша бөлінеді. Өзімшілік мүдде өрімін тұрған кезде экономика қалай өмір сүреді деген сұраққа А. Смит «көрінбес қол» деген белгілі ережесін жасап, жауап береді. «Әрбір жеке адам өз капиталдарын жұмсағанда, шығаратынөнімдерінің аса құнды болуларына тырысады. Әдеттеол қоғамдық хал- ахуалға ықпал жасауға тырпайды, өз мүддесін ғана ойлайды . . . Алайда осы ойдың үстінде көптеген басқа да жағыдайлардағыдай, көрінбейтін қолымен өз ойында жоқ мақсатқа қарай жылжи береді. Өзінің жеке басының мүддесі үшін жанталасып, ондай әрекетті дұрыс деп басының мүддесі үшін жанталасып, ондай әрекетті дұрыс деп ойлайды. Өйткені оны ол қоғам мүддесіне қызмет ететін ең жақсы тәсіл деп ұғады» [21, 67 б] .
Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып, тұтынушылар ықыласындағы өзгерістерді жеткізетін тұруға қабілетті.
3. Бәсекелі нарықтық жүйе техникалық прогресс үшін де ынталылық тудырады. Өндіріс шығынын азайтатын технологияның алғашқы қолданысы пионерлік фирмалар үшін қосымша таза табыс табудың көзі болып табылады. Оның үстіне бәсекелік нарықтық жүйе жаңа технологияның тез таралуына ықпал етерліктей жағдай тудырады. Бәсекелестер ең прогрессивті фирманың үлгісіне түсулері керек, әйтпесе олар шығынға батады немесе банкротқа ұшырайды.
Нарық экономикада өндіріс пен тұтынуды қадағалайтын әкімшілік бақылау жоқ. Нарықтық жүйеде бәсекелестік тетік бақылау функциясын атқарады. Нарықтық экономика жеке және қоғамдық мүдделердің теңдігін жасайды. Бәсекелік нарықтық ортаның бас пайдасын ұлғайтуға көздеген кәсіпорындар мен ресурстарды жеткізушілер, бір мезетте, әлдебір көрінбейтін қолмен бағытталып, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге ықпал тудырады.
Бәсекелестік тауар өндіріп, қызмет көрсету кезінде фирмаларды ең тиімді технологиялық процеске өтуге итермелейді. Бәсекелестік нарықта фирманың ең тиімді технологияны пайдалану жөнінен орташа қалу оның нарықтан шығуына әкеп соғады. Яғни бәсекелестік жаңа технологияны пайдалану жөнінен кәсіпорындарды қамшылап жібереді. Мұның сыртында нарықтық жүйе шектеулі ресурстарды тиімді бөлуге көмектеседі. Бұл дегеніміз, нарықтық экономикада бәсеке тетігінің арқасында ресурстар қоғам аса мұқтаж болып отырған тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталғанда болады. Болу тиімділігін болжамдау экономистердің көпшілігін мынадай ойға жетелейді: еркін нарықтық жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуы кейбір жағдайларда ғана қажет болмаса, ұдайы араласуының керегі жоқ.
Бәсекелестік нарықтық ортаны құру ресурстарды тиімді бөлу мен еркіндікке жеткізеді.
4. Нарықтық жүйе жағдайында материалдық ресурстар үкіметтікі емес, жеке адамдар мен жеке институттардың меншігін құрайды.
Жеке меншік еркіндікпен қатар, әріптестерді заңды келісім шарт жасауға міндеттейді, жеке адамға немесе кәсіпорындарға өз қалауларынша материалдық есурстарды иемденуге, бақылауға, қолдануға және іске жаратуға мүмкіндік береді.
Жеке меншік құқығымен құдіреттенген иегерлер экономикалық ресурстарды толық пайдаланады. Өйткені- алу үшін тұтынушы қажет еткен нәрселерді өзіне лайықты бағдарымен өндіруде керек. Жеке меншіктің артықшылықтары және оның ынталандыру рөлі Адам Смиттің «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерттеу» деген классикалық еңбегінде тұңғыш рет егжей- тегжейлі сипаттылығынан болады [7, 18 б] .
Нарықтық экономиканың жүйе жеке меншікке негізделген. Алайда экономикалық теорияда «меншік құқығы» деген ұғымға сүйенген меншік құқығы деген тұжырымдама пайда болады. Соған сәйкес меншік болып ресурс емес, 11 элемент: иемдену құқығы, пайдалану, басқару, табысқа құқықтылық және тағы басқа «бір бауда құқық» меншік болып саналады.
Нарықтық жүйе үшін маңызды ұғым- ғылыми айналымға Рональд Коуз ендірген трансакциялық шығын болып табылады. Ол былай деп жазады: «Нарықтық трансакцияны жүзеге асыру үшін кімменен келісім жасауды және қандай шарттар қоюды анықтап, олардың орындалатындығына көз жеткізу үшін алдын- ала сөйлесіп, келісім- шартты дайындап, мәліметтер жиыстырып көру керек».
Трансакциялық шығынменшік құқығын біреуге беруге байланысты айырбастау сферасындағы шығынында айқындайды.
Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын бөлуге немесе пайдаланудың тиімділігін жоғары деңгейде өткеруге ықпал етеді деп санайды. Міне, сондықтан да мұндай экономиканың орнығуына үкіметтің араласуы ешқандай қажет емес. Үкіметтің рөлі жеке таңдау шешімін жүзеге асыру және жеке меншікті пайдалану үшін заңды шектеуді белгілеу кезінде керек.
Еркін бағаның құрылуы. Еркін бағаның құрылуы бәсекелестік ортада туады. Одан көптеген сатушылар мен сатып алушылар, тауарларды бөлшектемеушілік, нарық субъектілерінің толық мағұлымдарлығы болады деп күтіледі. Бағаның анықтайтындығы: біз нені қалаймыз, және нені сатып ала аламыз, оқуды жалғастырамыз ба, әлде мектептен соң бірден жұмыс істеуге кірісеміз бе, қай жерде және қашан фабрика, зауыт саламыыз, қай бизнес таза табысты болады, қайсысы зиян т. б.
Баға- заттар мен қызметтердің ақша түріндегі құны. Баға зор көлемді ақпарат әкеледі.
Бағаның құрылу жүйесі «Қалай?» деген сұраққа жауап береді. Ол- сатушының болымсыз шығын шығарып, мейлінше мол таза табыс алуы үшін тауарларды қалай өндіру керектігіне көмектеседі.
Бағаның құрылуы жүйесі «Кім?» деген сұраққа жауап береді. Жоғарғы оқу орындарын бітіргендер, әдетте, жоғары оқу орындарын бітіргендерден гөрі жалақыны көбірек алады. Рыноктік экономикалық әрекет етуі жиынтығында нарық жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.
Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңыздыэлементін өндірушілер мен тұтынушылар болады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері тауар өндіріп басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді. Бұл кезде тауар басқа өндірушілер арықарайғы өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады. Нарықтық шаруашылыққа ол тұрақтылығымен ерекшелініп, мамандандыру негізінде құралды және көтерме рыноктың мәліме нысанында көрінеді.
Нарықтық экономиканың екінші елементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару барысындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен ерекшелінетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Нарықтық экономиканың үшінші маңызды элементі баға. Ол айрықша зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде екі ескерту жасағымыз келеді. Бірінші, баға арақатынас әрекет етуші конъюктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастардың әрекеті сферасын анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен яғни айырбасымен байланысты айналым шығындарымен анықталады.
Нарықтық элементінің төртінші элементі- орталық буыны сұраныс пен ұсыныс сияқты бұрамдас болып табылады. Сұраныс нарықта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ана алады. Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы ретінде жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін нарықтық механизмнің маңызды элементтері болып табылады [16, 10 б] .
Нарықтық механизмнің бесінші элементі- бәсеке. Ло пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке нарықтық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмнің өзара өркенінің нысаны ретінде жүреді. Адам Смит бәсекені «нарықтық көрінбейтін жол» деп аталған және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады. Бәсекенің негізгі қызметі пайда процент нормасы, баға және тағы басқа экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.
Нарықтық экономика қызмет өтудің механизімі үш басты принципке негізделеді:
- маржиналистік талдау;
- балама талдау шығындары;
- экономикалық рационалдық;
Маржиналдық талдау принципі негізінде нарықтық субъектілер мінез- құлық құрылады, оған орташа емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді. Нарықтық тауарларға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде нарықтық экономиканың бір қалыптан (жағдайдан) екіншісіне өтуі бірқалыпты жүреді. Бұл жаңа, шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде нарықтық экономикаға әсер етуінен болып отыр. Жетілген рынок жағдайында үлкенжәне тұрақты ұсыныс пен шаруашылықты жүргізуші субъектілердің шексіз саны болған кезде, осыларды әрқайсы шексіз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол нарықтық кеңестіктің үздіксіз қызмет етуі қамтамасыз өткендей болып, сұраныс пен ұсынысты кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкіндігін болдырмайтын тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе- тең жағдайда ұстап отырады.
Балама талдау шығындарының принципі балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басты тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдаларды сомасы түрінде болады. Нарықтық экономиканың құруға жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен аз, бірақ кепіл табыс беретін ең нашар вариант таңдап алуына негізделді. Балама таңдау шығындары принципті өндірушілер қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланудың жол іздеуге итермелейді.
Экономикалық рационалдық принципі пайда шығындарды салыстыруға негізделеді. Рационалды талдау кепілді табысты пайданың ең төменгі бөлігі көлемін қамтамасыз ететіні шеткі болып табылатын өзгеріш вариантының бірінде іске асырылады. Рационалды критерий табысқа деген құқықпен анықталады. Капитал шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы жоғарлатуға тырысса, тұтынушылар өз игілігін барынша жақсартуға ұмтылады.
Көрсетілген принциптер негізінде нарықтық экономиканы құру бір жағынан, сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама- қарсы күштейді, екінші жағынан, нарықтықболарды пайдалану негізінен нарықтық механизм орталық проблемасы болып табылатын тепе- тең жағдай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Нарық экономика ұғымы жұмыс істейді, егер де мына жағдайлар айқын болжалып және анықталса:
1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай бөлінгін жұмсау керек.
2. Не өндіріс керек, яени қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін товарлар мен атқаратын қызметті анықтау.
3. Қоғамға қажет товарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет атқарылуы керек, яғни өндрістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технлогияны қолдануды анықтау.
4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімділік, қолдағы алым- берім мен өндіріс технологиясы жасалуы керек.
Нарықтық қатынас дегеніміз- аталған бес шарттық міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым- қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады.
Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та маманданып, өндіріс технологиясы мен оның өнім өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара алушы мен өндірушілердің өзара келісімінен нарық белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.
Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға билігі бір дәрежеде шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми- техникалық прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады.
Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттелінеді.
Тұтынушылар мүддесін қанағаттанған және өндірушілердің баға көтерушілік ниеттерін тежеу, өнімді сатуға байланысты мәселелерімен маркетинг саласы айналысады.
Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. Нәтижеде нарыққы қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ол өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.
Нарықтық қатынас сұраным мен ұсыныс негізделеді. Сұраныс тұтынушылардың қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың басты жетекшісі өнімнің бағасы өссе сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқанындай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі, нарықтың көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім асу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады [23, 28 б] .
Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған товарының санынан- ақ белгі бермек. Товар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, товар өндіру көбейтіледі түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан ұсынысқа әсер ететін басты себеп- пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылығы ықпал жасайды. Демек, өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе өндіріс шығындарын азайтады.
Тұтынушының сатып алғысы келген товарының саны өндірушінің сатамын деген товарымен санына дәл келсе, сұраным мен ұсыныстың тең келсе, сұраным мен ұсыныстың тең болғаны.
Нарықтық адамдар арасындағы сан- салалы экономикалық қарым- қатынас жүйесі болғандықтан өндіріс барысында, таратуда, айырбас пен тұтынуда мынадай қағидаларға тіреледі.
1. Жеке адамнан бастап мекеме, бірлестіктерге дейін олардың экономикалық және кәсіпкерлік іс- әрекеттегі еркінділік заңдылықты сақтаса ғана еркіне жіберілмек. Мұның өзінде еркіндіктің екі жағы бар. Біріншіден, әрбір адамға меншіктену мен кәсіпкерлік құқығы беріледі, яғни ол кәсіпке кіріседі, өз ойындағысын іске асырады. Сөйте жүріп шаруашылық іс- әрекеттерге байланысты қабылданған ережелер мен нормаларды сақтаса, экономикалық еркіндік алады. Екіншіден, мекемелер мен азаматтардың кәсіптерінің түрі, сипаты және көлеміне қатаң тежеушілік жасау жойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz