Негізгі қорлар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

1. 1 Кәсіпорын экономикасында негізгі қорлардың алатын орны

1. 2 Негізгі қорлардың құрамы және құрылымы

1. 3 Амортизацияның экономикалық негізі мен теориялық мәні

2 НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІ МЕН ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

2. 1 Негізгі қорларды қайта бағалау және түгендеу

2. 2 Амортизация - негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің көзі

2. 3 Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді талдау

3 НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің стратегиялары

3. 2 Негізгі қорларды жетілдіруде инвестицияның және инновацияның әлеуетін өсіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Мемлекетіміздің экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор. Сондықтан бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше не өндіретіндігін өзі шешеді және өз қарамағындағы ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын

іздестіреді. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты- әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Негізгі өндіріс еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Ал оның негізін қалайтын кәсіпорынның өндірістік негізгі қорлары. Ал негізгі қорлардың кейбір түрлері еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық бағытын дамытуына көмектеседі. Ал өндіріске тікелей қатысатын негізгі қорлар өнім өндіруде шешуші роль атқарады. Сондықтан, олардың кәсіпорында бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудың мәселесі туындайды. Қазіргі уақытта елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен өндіріс кұрылымының технологиялық деңгейі, мемлекеттік институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.

Ғылым мен технология да елдің экономикалық өсуіне әсер ететін маңызды факторларының бірі болып келеді. Оны колданыста жүрген ресурстарымыздың басым бағыттарының өзгеруінен, яғни шикізаттық бағытта ғана жүруден бас тартып, интеллектуалдықка немесе білімге қарай ауысқанымыздан көруге болады. .

Қазақстан дамуының стратегиялық мақсаты - ғылым мен технологияны дамыту, яғни олардың нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы мен коммерциялық пайда әкелуі арқылы және де экономикалық өсуді қолдайтын қолайлы инновациялық ортаны құру болып табылады. Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және экономиканың барлық секторының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы да осы аталған мақсатқа жетуге жағдай туғызады.

Өз алдында стратегия үзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін басымды әрекеттің қабылданған бағыттары мен ресурстарын орналастыруды болжайды. ¥зақ мерзімді мақсатты анықтау - ол стратегиялық мақсаттың логикалық тұрғыда қол жетерліктей бір жүйеге келуін білдіреді. Әрекеттің қабылданған бағыттары - бұл алға қойылған мақсаттың басты бағытын және жүзеге асыру әдістерін таңдау. Ресурстарды тиімді орналастыру стратегияның жүзеге асыру үрдісін қолдаудың басты тетігі болып келеді.

Әлемдік тәжірибеге сай, ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық өсу қарқынына әлемдік және отандық технологиялық жетістіктерге сәйкес келетін индустриалды-инновациялық даму стратегиясын таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен бірге дамыған елдерде ЖІӨ-нің көп бөлігі қызмет көрсету, жоғары технологиялар, білім, байланыс және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласынан құралған.

Менің жазып отырған курстық жұмысымның тақырыбы «Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру жолдары». Курстық жұмыс жалпы алғанда үлкен үш бөлімді қамтиды. Бірінші бөлімінде негізгі қорлардың кәсіпорын экономикасындағы алатын орны мен құрамын және жіктелуін қарастырдым. Екінші бөлімінде, негізгі құралдардың есебі баяндалған. Нақтырақ айтатын болсам негізгі қорлардың кәсіпорынға келіп түсуінің есебі, бухгалтерлік есебі, есептен шығуы, амортизациялық есебі, қайта бағалау және түгендеу, жалға алынған негізгі құралдардың есебі ашылып баяндалды. Үшінші бөлімінде кәсіпорындардың негізгі құралдарының жетілдіру жолдары, негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің стратегиялары мен инвестициялық және инновациялық әлеуетін өсіру қарастырылған.

Ғылыми зерттеуді орындау барысында Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы, Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары, халықаралық қаржылық есеп стандарттары, әр түрлі экономикалық әдебиеттер және өзге де құқықтық- нормативтік актілер қолдандым.

1 НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

1. 1 Кәсіпорын экономикасында негізгі қорлардың алатын орны

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ыкпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық туғызады.

Негізгі қор деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Негізгі қорларға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, кұрылымдар, көпжылдық екпе ағаштары және басқа да жермен тығыз байланысты және оларды оның міндетіне залал келтірмей жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық кұралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, аулау құралы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі қор.

Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі капиталдың құрамына кәсіпорынның коймаларындағы дайын өнімдер (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамындағы кұрастыруды қажет ететін жабдықтар да жатпайды.

Кәсіпорында негізгі капиталдың есебі №6 БЕС-ке сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі капиталдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оралымдық баскару жүйесін анықтайды.

Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі қор, тауарлық-материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.

Жердің табиғи байлығының, пайдалы қазбалардың және т. с. с. басқа да кұндылықтардың экономикалық табиғаты ерекше қызығушылық тудыруда. Өз бетінше табиғи байлықтардың құны жоқ, демек ол өндірістік қорға кірмейді. Бірақ оларға жұмсалған шығын оның құнын құрайды да, осылай оны өндірістік қорларға жатқызады. Мысалы, жер, жеке алғанда, өндірістік қорға жатпайды. Бірақ оған салынған қаржы, каналдар, суарушы құрылымдар тұрғызу, қойнау бетін тегістеу, шаруашылық құрылыстар салу және т. б. өндірістік негізгі қорларды кұрайды.

Жердің экономикалық болмысын және құнын бағалауды анықтау, оқшауланған телімдерді кәсіпорын теңдестігінде көрсетуге мүмкіндік береді, ал бұл жағдай жерді ұқыпты пайдалануға әкеледі. Жоғарыда айтылғандар басқа да табиғи ресурс түрлеріне, соның ішінде пайдалы қазба кендеріне де қатысты.

Негізгі өндірістік қорлар қоғамның материалдық-техникалық негізінің едәуір маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдаланылуына, қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі байланысты болады.

Халық шаруашылығын үнемі дамыту және жетілдіру жағдайында негізгі қорлар құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары пайда болуда. Оның барлығы негізгі қорларды дұрыс саралауды қажет етеді. Мұндай саралау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін, өндірісті есепке алу, негізгі қордың ұдайы өндірісін пайдалану мен жоспарлауды, амортизация аударымдарының мөлшерін санағанда керек болады.

Барлық негізгі қорлар экономикалык белгілеріне қарай саралануы мүмкін. Олардың ішіндегі маңыздылары - қызметтік міндеті, тозу қарқыны және қызмет ету мерзімі, пайдалану дәрежесі, кәсіпорын жұмысына ықпал ету дәрежесі, техникалық жаңалығы, жұмылдырылған дәрежесі (қозғалатын және қозғалмайтын), халық шаруашылығы саласы, меншік иелігі. Негізгі капитал жеке капиталдардың жиынтығы ретінде қаралады.

Кәсіпкерліктің басты мақсаты - пайда табудың қажетті шартын жүзеге асыру, яғни инвестиция, өндіру, сату және тұтынудың барлық сатыларын қамтитын капиталды қайта жаңғыртуды жоспарлау болып табылады.

Нақты айналым кезеңіне сәйкес әр түрлі кейіпке еніп отырған капитал үздіксіз қозғалыс үдерісі үстінде болады. Капитал айналымы капиталдың шеңберлік айналымымен сәйкес келмейді. Әрбір айналымның нәтижесінде кәсіпкерге алдын ала төленген капиталдың тек бір бөлігі ғана акшалай түрде қайтады; ал жалпы күрделі құн иесіне өзінің бастапкы қалпында, яғни ақшалай түрде қайтып келеді. Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей болып жүрмейді. Капитал құнының айналымдағы әр түрлі қызметіне қарай капитал негізгі және айналмалы болып екіге бөлінеді. Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны, айналмалы капиталға еңбек заты мен жұмыс күшінің құны кіреді.

Батыстық әр түрлі экономикалық оқу құралдары авторларының негізгі және айналым қорларына қатысты ортақ пікірі жоқ, оның себебі әр елде қолданылатын бухгалтерлік есеп пен есеп беру ерекшеліктеріне байланысты. Отандық теория мен тәжірибеде негізгі құралдар және айналмалы қаражаттар деген терминдер жиі кездеседі. Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіріп, оны жалпыға ортақ әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге байланысты отандық терминология да байып келеді. Осылайша, «Негізгі капитал» терминімен қатар «айналымнан тыс активтер» ұғымы да жиі қолданылып жүр. Бірқатар авторлардың [67] «айналымнан тыс активтер» және «негізгі қор» ұғымдарын барабар деп санауы орынды. Негізгі қорға негізгі қор, сондай-ақ жұмсалып бітпеген ұзақ мерзімді инвестициялар, материалдық емес активтер және жаңа ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары (салымдар) кіреді.

Өзінің қазіргі сатысында техникалық серпілістегі еңбек қоғамдық бөлісуді дамытуда сапалы өзгерістерге негіз болады. Негізгі корлардың белсенді бөлігінің өсуі еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін көтерудің басты резерві болып табылады. Соңғы жылдары байқалып отырған негізгі қорлардың белсенді бөлігінің төмендеуі ғимараттар мен құрылымдар құнының өсуі есебінен, яғни өндірістің капитал сыйымдылығының жоғарылауынан орын алып отыр. Негізгі қор кұрылымының озық өзгерістерінің экономикалық мәні, демек, оның өзгерістерін басқарудың мақсатқа сәйкестілігі мен қажеттілігі негізгі қорлардың тиімділігін арттыру міндетімен байланысты.

Негізгі қорлар құрылымы кәсіпорынның географиялық орналасуына да байланысты. Ауа райы суық болған жағдайда ғимарат құрылысына капитал салымы көбірек қажет етіледі. Кәсіпорын шаруашылық жағынан әлі игерілмеген аймақта орналасса, инфрақұрылым тұрғызу шығындары арта түседі. Елдің оңтүстік жэне солтүстік негізгі қорлар кұрылымы арасындағы айырмашылық осы жағдайлармен түсіндіріледі.

Кәсіпорынның көлемі негізгі қорлар құрылымына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, ірі кәсіпорындарда машиналар мен құрал-жабдықтардың үлес салмағы жоғары, ал ғимараттар мен кұрал-жабдық үлесі - төменірек болып келеді. Өндіріс алаңы ұтымды пайдаланылатындықтан, онда құрал-жабдықтар саны көбірек орналасады, бұл жағдай ғимараттарға (өндіріс алаңдары), кұрылымдар мен құрал-жабдықтарға кететін күрделі салымды үнемдеуге мүмкіндік береді.

1. 2 Негізгі қорлардың құрамы және құрылымы

Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі де әсер етеді. Мысалы үшін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының арақатынасы өндірістің мамандануы мен ұжымдану деңгейіне байланысты. Өндірісті күрделендіру қойма орындарының қажеттілігін біраз қысқартады.

Негізгі қорлар еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикатгар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы процесімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Шикізат, заводта дайындалған сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы казанды келешекте қайта

алса, онда ол тауар болып табылады. негізгі құралдар материаддық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді. Негізгі кұралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; (машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялык жабдықтар; есептеу техникасы; басқа-мишиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жатады. Кәсіпорыңда негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей катысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймаңдар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін кажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құраддардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалык көрсеткіш - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдыктар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне карай негізгі корлар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі қорлар, жалға алынған қорлар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотыңда есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші "Жер", 122-ші "Үйлер мен ғимараттар", 123 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар", 124-ші "Көлік құралдары", 125-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі қорлар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады: Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі қүралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алкабы, су ресурстары (ғимараттардан баска күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметгеріне қарай мынаңдай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шықкан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Қелтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер: жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;

үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдык құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондыргылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қоңдырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фуңдаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:

- күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) .

- жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;

- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар

- өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қоңдырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;

есептеу техиикасы - процестерді жылдамдату және автоматгаңдыруға -арналған
машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа
есептеу машиналары) ;
көлік қүралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы кұрамы, жегін
көлігі) .

қүрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңіддету үшін қызмет ететін ендірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы жөне басқа материалдарды сактауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошкалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошкарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалғаң қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қоры
Материалдық қорлар
Қорлар есебінің талдауы
Негізгі қорлар және оларды пайдалану
Логистикадағы қорлар
Қорлар есебінің жүйелері
Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Қорлар есебі
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz