Қазақстан тарихын орта мектепте оқыту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА СИПАТТАМА
1. 1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 2 ҚАЗАҚСТАНДА ОТАНДЫҚ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . . 15
1. 3 ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ . . . 18
2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
2. 1 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУ САТЫЛАРЫ . . . 31
2. 2 МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ . . . 35
2. 3 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ . . . 53
2. 4 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70
КІРІСПЕ
Отансүйгіштік - бұл Отанға, елге, өзің туып өскен жеріңе деген сүйіспеншілік. Өзіңнің еліңнің өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімі. Адамның өз ұрпағын Отанын сүюге, өз елі мен жерін құрметтеуге үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи процесс екені белгілі.
Адам баласы Қазақ сахарасында пайда болып, қазақ ұлтының кіндік қаны тамған Еуразия жүрегінде орналасқан ұлан-ғайыр жері бар Қазақ елі дүниежүзілік тарихта өзінің оң істерін қалдырып келуде. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.
Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас ұрпаққа саяси-патриоттық тәрбие берудің бай тәжрибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәміздерін қалыптастырды. Дала тұрғындарының өздерінің өмір сүрген ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбас талап-тілектерін дүниеге әкелді. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдік-психологиялық нормасы белгіленіп, дала тұрғындарыныңа биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары - атамекенді, ел намысын қорғаудағы ержүректілік, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, отаншылдық.
Қазақ халқының бұрынғы дәстүрлі қоғамынан қалған тарихи-рухани мұралардағы басты мәселе - қоғамның жағдайы адамның өзіне байланысты қарастырылған. Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуынң объективті шарттарының бірі - патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды . . . » және «біз Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елінің тарихын құрмет тұту, бостандығы мен құқығын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», - деп атап көрсеткен.
Отансүйгіштік сезім жеке адамда өмір бойы қалыптасып, саяси процестерге қатысудан, Отанды қорғаудан және қоғамда алатын өз орныңның маңыздылығын сезінуден басталады. Адамға жеке құндылықтардан басқа да жалпы адамзаттық құндылықтар қажет. Соның бірі отансүйгіштік қасиет болып табылады.
Жастар - бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.
Қазақстандық отансүйгіштік және ұлттық келісім Қазақстан республикасының азаматын тәрбиелеудегі негіз болып табылады.
Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азамат және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе.
Халқымыздың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Патриотизм - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылыған сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдереді. », - деп атап көрсеткен.
Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуда олардың алған білімдерін бағалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі тәсілдер бар. Мысалы: жауап берер алдында материалды оқулық бойынша қайталау; көрсетілген жұмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу.
Жаңа материалды оқуға өту кезеңі дидактикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Мұғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Жаңаны ауызша түсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспектілі мазмұннан бұрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мұғалім оқулықтың мазмұнына түзету жасай отырып, барынша маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнелі мәселелермен толықтырып түсіндіреді.
Көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинский: «Мұғалім өз білімін көтеріп жүргенде ғана мұғалім, оқуды ізденуді қойса, оның мұғалімдігі жойылады» деген.
Ол үздіксіз білімін шыңдап отырмаса, өмір көшіне жете алмайды, ол заман талабына сай шәкірттеріне білім, тәрбие бере алмайды. Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, каһармандыққа, ұлтжан-дылыққа барлық халықтарды құрметтеуге олармен достық қатынас орнатуға, елдің қауіпсіздігін сақтауға, еңбек сүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялык, экономикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік бар.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халық тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтырынң бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның саклтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірбиесі көрсетті. Сондықтан да біз қазір Қазақстан мектептеріндегі тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттырдан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек пен жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, апдамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық, т. б. тәрбие алады.
Зерттеп отырған мәселенің мәнін ашуда қазақ халқының XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ойының көшбасшысы Алаш қозғалысына қатысты тарихи деректер аса маңызды. Бұл деректер кеңес билігі орнағанға дейінгі қазақ елінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік идеологиялық ахуалын тарихи-білімдік тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді. Ол әлеуметтік объектінің саяси және әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын жасауда да маңызды.
Зерттеу базасы. Тақырыпқа қатысты деректердің дені ірі мұрағат қорларында сақталған. Тақырыпты ашуда Қазақстан (РК(б) П, БК(б) П, КОКП) съездерінің, пленумдарының идеологиялық мәселелер жөніндегі материалдары мен қаулы-қарарлары, кеңес, кәсіподақ және комсомол органдарының директивалық материалдары: кеңес съездерінің қаулы қарарлары (КСРО ХКК, Қаз ХКК), идеологиялық мәселелермен айналысатын бөлімдердің құжаттары, газет-журнал редакцияларының құжаттары кеңестік тоталитарлық жүйенің мерзімді басылымдарды үгіт-насихат қаруы ретінде пайдалануын анықтауда кеңінен пайдаланылды. Жұмыста ҚР Президенті мұрағатының, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының деректері пайдаланылды.
Диплом жұмысының деректік негізін толықтыруда 1990 жылдардан бастап қабылданған білім стандарттары мен тұжырымдардың, зерттеу құжаттарының, заң нормалары мен мемлекеттік бағдарламалардың, Елбасы кітаптары мен Жолдауларының рөлі жоғары. Оларда жаңа Қазақстанның тарихи білімдегі ұстаным басымдықтары, қазақ халқының ұлттық тарихи білім ерекшеліктерінің белгіленуі т. б. мәселелер көрініс тапқан.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: орта мектептегі Қазақстан тарихы пәні.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақстан тарихының тәрбиелік маңызы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан тарихын орта мектептерде оқытудың тәрбиелік маңызын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Еліміздегі тарихи білімнің қалыптасу тарихына шолу жасай;
- Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи білім беру ісіне сипаттама беру;
- Орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында берілетін тәрбие түрлерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Қазақстандағы тарихи білімнің әдіснамалық негіздері
Әдістеме дегеніміз - методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда - «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз - нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі - тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.
Осылайша әдістеме пәні - педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы - оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты - оның мазмұны - білім беру және оны игеруге басшылық жасау - оқушылардың оқу әрекеті - оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалым өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестірмей, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтар таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары
Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;
- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда баяндаоған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;
- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың түрларі, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары) ;
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;
- оқыту нәтежиелерімен айқындалады.
Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде таризты оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңдң тарих пінінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.
Кез келген дәуірдегі тарихи мәселені ғылыми тұрғыдан зерделегенде, өзінің алдындағы бір немесе бірнеше дәуірлердегі кезеңдермен байланыстыра қарастыруға тура келеді. Тарихты осылайша сабақтастықта қарай білу ғылыми зерттеу жұмысының барысында мәселеге қатысты кейбір жаңсақ пікір білдіруден сақтандырып, дұрыс тұжырымдар жасауға, ақиқат ой қорытуға жол ашады Бұл арада, ең алдымен, Қазақстанда ежелден қалыптасқан тарихи білімнің санада орнығуының ғылыми-теориялық негіздер желісін түзу керек болады.
Қазақстан тарихшыларының ішінде қазақтар арасында ежелден қалыптасқан дәстүрлі тарихи білім ұғымына ғылыми баға беру ең алғаш зерттеуші В. П. Юдинде кездеседі. Ол айтады: «Далалық ауызша тарихнаманы көрсететін шығармаларды оның қайнар көзі деуге де болады. Олар тарихи әңгіме жинақтарын - Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тарихи білімінің бөлімдерін көрсетеді. Бұл әңгіме - бастаулар арнайы «қара сөз» атауына ие болды, яғни «ескі сөз», «қара сөз» деген [7] . В. П. Юдиннің осы айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімі қазақ этносының қалыптаса бастаған Ақ Орда кезеңінен бергі уақытты қамтиды. Осы арада егер қазақтар өзінің түп негізін сақ, үйсіндерден бастаса, онда Ақ Ордаға дейінгі тарихи білім, өзінің бастауларын қалай қалыптастырған деген сұрақ туындайды. Сондықтан біз, өз зерттеуіміздің бірінші тарауында мүмкіндігінше ұлттық тарихи білімнің көзін тауып, оны В. П. Юдин айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жалғастыра келе, кеңес дәуіріне ұластыруды мақсат еттік.
Академик М. Қ. Қозыбаев « . . . біздің Ұлы Сахарада да өркениет 1500-2000 жыл бұрын пайда болды деп есептеуге дәлелдер баршылық» [8] - деп шегелеп айтса, онда қазақ халқын өркениеттілікке жеткізген білу мен біліктілікті және тәңірлік дінмен бірге келген білімді, аңыздан басталып, ауыз әдебиетіне ұласқан тарихи білімді, VIII ғасырда ислам дінімен бірге келген тарихи білімді, ойма жазудан басталып, көркем әдебиетке ұласқан дәстүрлі тарихи білімді қалайша жоққа шығарамыз. Сондықтан да бұл мәселе, бүгінгі таңдағы республикалық және халықаралық ауқымдағы конференциялардың негізгі тақырыбына айналып, күн тәртібінен түспей келеді [9] .
XVIII-XIX ғғ. Ресейдің әскери адамдары мен ғалымдары: А. И. Левшин, В. Г. Тизенгаузен, Н. А. Аристов, А. Н. Харузин, В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Г. Н. Потанин т. б. қазақтың ауызша тарихы туралы естігендерін жазып қалдырғанмен, негізгі борыштары - өз елінің мүддесіне қызмет ету болғандықтан, қазақтың дәстүрлі тарихи білімі олардың бәрін бірдей қызықтыра бермеген. Айталық, ауызша тарихтың білімдік байыбына бармаған Ресей тарихшысы А. И. Левшин қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына дейінгі зейіндік деректерден айналып өтеді [10] . Қазақтарды жойылуға тиіс нәсіл ретінде кемсіткен А. И. Левшинді барынша сынаған В. В. Радлов болса, оған қарама-қарсы пікір айта келіп, қазақтарға «отырықшы халықтардың дәуіріне қарама-қарсы тұрған мәдениет өркениетінің баспалдағы» ретінде жоғары баға берген [11] .
Біздіңше, тарихқа кез-келген зерттеу жұмысын қолға алғанда, американдық антраполг Франц Баос айтқандай, археолгияға, биологияға, лингвистикаға және этнографияға жүгіну жеткіліксіз [12] . Мәселеге олардан маңызы кем түспейтін саяси, әлеуметтік, ұлттық, діни, педагогикалық, психологиялық, әдет-ғұрыптық және көркем әдебиеттік факторлардың да әсер ететіндігі анық.
Сонымен егер ерте уақыттан бергі ауыз әдебиеті ауызша тарих айту дәстүрінің дамуына ықпал етіп, Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жеткізсе, қазақ хандығы кезіндегі жыраулар поэзиясы «Зар заман» ақындарымен жалғасын тапқан тарихи білімге ұласса, оны XIX ғ. сонындағы қазақ ағартушы-ойшылдары одан әрі дамытып, кеңес дәуіріне дейін әкелсе, ал кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті ауызша тарихты астарлы түрде дамыта білсе, онда қазақ халқының діліне тән әдебиет арқылы келген ауызша тарихи білімдегі шындықты дерек көзі ретінде қарау басымдығы туындайды. Осыған қосымша, біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсеткендей, бүгінгі ұлттық тарих ғылымы, заман ағымына орай, өзінің зерттеу ұстанымдарында тағы да мынандай жаңа 3 басымдықтарға жетуді қажетсінеді:
1. Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасуы тарихи білімдегі зерттеу ұстанымында геосаяси мүмкіндіктермен санасу әдіснамасы сияқты жаңа туындап отырған басымдықты қажетсінеді;
2. Қазақстан аумағындағы түркі мәдениетіне арап, парсы, қытай тілдік мәдениеттерінің орыс мәдениеті ықпалының әсер етуінен кем болмағандығын көрсету - тарихи шындыққа жетуге көмектеседі;
3. Екі ғасырдан астам уақыт қуғын-сүргін көргеніне қарамастан ислам діні өзінің өміршеңдігін сақтап қалды. Ендеше, бүгінгі тәлім-тәрбие ұстанымында, қазақ тарихындағы ислам дінінің басымдық рөлін жоққа шығара алмаймыз. Осы арадағы «тәлім» сөз тіркесінің кезіндегі білімнің мағынасын атқарған рөлін ескерген дұрыс.
Тарихи білім туралы алғашқы пікірталастар XVII-XVIII ғасырлардан, яғни капиталимзнің өрістеу кезеңіндегі Еуропадан бастау алады. Дәл осы кезеңдерде тарихи-білімдік ой-санада көшпелілер өркениетін мойындамайтын Еуроцентризм ұстанымдары күш ала бастады. Осыған байланысты жазу пайда болғанға дейінгі тарихи білімде өзіндік рөлі болған қазақтардың ауызша тарих айту дәстүрі кеңес дәуіріне дейін зерттелмеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz