Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Математикалық оқытудың ерекшеліктері . . . 7
1. 2 Математикалық білім беру сапасы мәселесі және оны шешу жолдары . . . 17
1. 3 Математикалық есептердің оқушылардың қабілетін дамытудағы маңызы. . 20
1. 4 Мектеп математика курсындағы пәнаралық есептер және оларға қойылатын талаптар . . . 31
ІІ. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Этнопедагогикалық оқытудың ерекшелігі . . . 34
2. 2 Математика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдану . . . 35
2. 3 Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шығару . . . 39
2. 4 Математика сабағында ертегі есептерді шығару жолдары . . . 47
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі - қоғамның жастар біліміне деген әлеуметтік тапсырысы арқылы жалпы білім беру жүйесінің деңгейін анықтау екендігі белгілі. ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес білім берудің ізгілікті сипатын, тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, жалпы білім беретін мектептің негізгі міндеттерінің бірі - өзгермелі өмірдің жағдайларына тез бейімделуге қажетті белгілі бір білімдер жүйесі мен тұлғалық қасиеттерді оқушылар бойында қалыптастыру болып табылады. Кейінгі жылдары біздің елімізде ортақ стандарттармен бірге аймақтық ерекшеліктерді ескеру ерекше маңызға ие болуда. Аймақтық білім беру ұлттық мәдениет байлықтарын жергілікті салт-дәстүрлерді қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарды қамти отырып, білім берудегі адам факторының ролін күшейте түседі, оқушылардың рухани мәдениетінің дамуы мен олардың шығармашылық белсенділігін, дербестігін, зиялылығын өзектендіреді.
Тақырыптың өзектілігі. Мектептегі пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістемесі баланың жеке тұлғасының толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны көбіне жергілікті жердің мәдениетін, тұрмыс-тұрпатын, ұлттық қабылдауларды ескермей, дерексіз сипатта болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Математикалық білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер соңғы жылдары педагогикалық білім алатын болашақ мамандарға, олардың кәсіби дайындықтарына елеулі талаптар қоюда. Әсіресе, бастауыш сыныптарда математикалық білім алуға қойылатын талаптар күрделі де сан-салалы болып отыр. Себебі бастауыш сынып мұғалімі - жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарын дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға.
Соңғы жылдары ұлттық ерекшеліктерге зор қызығушылықтуындаған. Сондықтан оқыту процессінде этнопедагогика элементтерін қолдану мәселесі қазіргі білім беру саласында өзектілердің бірі болып табылады
Математика пәнін оқыту әдістемесінде этнопедагогика элементтерін қолдану және ұлттық ерекшеліктерді есепке алу маңызды проблемаларлдың бірі болып саналады.
Математиканы оқытуда есеп шығарудың үлкен маңызы бар. Оқушылардың математиканы оқып-білудегі жетістігі олардың есепті шығаруға қаншалықты төселгендігіне қарай бағаланады. Есеп шығару кезінде математикалық ұғымдардың көбінің мағынасы оның ашылып, нақтыланады. Мысалы бастауыш кластарда жай тексті есептер, арифметикалық амалдар мәнін ашу үшін пайдаланады. Өйткені бұл кластарда ол амалдардың анықтамасы берілмейді. Амалдар мәні оқушыларға әртүрлі заттар жиыны мен практикалық операциялар негізінде түсіндіріледі. Оқушылар жай сюжетті есептер шығарғанда бұл операцияларды ақыл-ойдың іс-әрекеттеріне аударады. Есеп шығарудың практикалық мәні зор оқушыларды тұрмыста жиі кездесетін есеп- қисаптарды жасай алуға керекті біліммен қорландырып, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сондықтан оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім қабылдауға еңбек өнімділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді іздеп табуға баулиды.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Жаңа талаптарға сай көптеген этнопедагогикалық элементтерін қолданып оқыту технологиялары бар. Солардың бірі -профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар -дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі -бүгінгі күн талабы.
Бұл талапқа жету жолы-білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай тиімді жолдардың бірі - этнопедагогикалық элементтерін қолданып математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдесін ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Осы бағыттарда қандай ұлттық элементтерді қолдануға болатынын шешу қазіргі заман талабы.
Дипломдық жұмыстың пәні: математиканы оқыту әдістемесі.
Зерттеу нысаны: математикадағы ұлттық мазмұндағы есептер.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: математика сабағында ұлттық мазмұндаы есептерді шығару жолдарын зерттеу.
Зерттеу барысында келесі міндеттер қойылады:
- Математиканы оқытудың теориялық негіздерін зерттеу;
- Математикалық оқытудың ерекшеліктерін анықтау;
- Математикалық білім беру сапасы мәселесі және оны шешу жолдарын іздестіру;
- Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шығару жолдарын көрсету;
- Этнопедагогикалық оқытудың ерекшелігіне талдау жасау;
- Математика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдану;
- Тәжірибелік бөлімде нақты мысалдар көрсету.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Математикалық оқытудың ерекшеліктері
Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр. Олардың бірі - математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады.
Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады: ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.
Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Балалардың қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Мектептегі математикалық білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен септігін тигізді, мұнда б. э. д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия оқытылды.
Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.
Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.
Математиканың оқу курсы үнемі математика - дамушы ғылым мен математика - оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. Ғылымның дамуы математикалық білім берудің мазмұнының үздіксіз жаңаруын, оқу пәнінің ғылыммен ұштастырылуын, мазмұнының қоғамдағы әлеуметтік қажеттіліктерге сай болуын талап етеді. Математиканы оқытудың әдістемесі - бұл математиканы оқытудағы тапсырмалар, мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым. Ол пәннің нәтижелігі мен құндылығын арттыру мақсақсатында математикалық білім беру процесін оқытады және зерттейді. Математиканы оқытудың әдістемесі математиканы қалай беру керек жайлы сұрақты қарастырады.
Математитканы оқыту әдістемесінің мақсаты мектептегі математиканы оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты зерттеу болып табылады. Мұның негізгі компоненттері деп математиканы оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын түсіну керек.
Математитканы оқыту әдістемесінің пәні өзінің қиындығымен ерекшеленеді. Математитканы оқыту әдістемесінің пәніматематикалық білім беру болып табылады. Ол математиканы игерудегі мақсаттар мен мазмұннан, әдістерден, құралдардан және формалардан тұрады.
Математиканы оқыту әдістемесі қазіргі кезде үлкен қиыншылықтарды бастан өткізуде. Бұл ең алдымен мектеп қабырғасындағы математика мен математикалық ғылымды бір-бірімен біріктіру қиынға түскендіктен, сонымен қатар ол философия, математика, логика, психология, биология, кибернетика және өнермен байланыста болатын педогогиканың шекарасы болғандықтан.
Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері:
Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;
Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және оқушылардың танымдық қабілеттеріне сәйкес келуін қадағалау;
Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі жаңа ұтымды әдістер мен ұйымдастырушылық формаларды құру;
Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.
Математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап алуға болады: Математиканы не үшін оқу керек? Нені оқу керек? Математиканы қалай оқыту керек?
Бағдарламада қарастырылған мектептегі математиканың мазмұны ондағы болып жатқан өзгерістерге қарамастан ұзақ уақыт бойы өзінің негізгі мағынасын жоғалтқан жоқ. Бағдарламаның негізгі мазмұнының мұндай тұрақтылығы мынамен түсіндіріледі: математика өзінің дамуында көптеген жаңалықтарды аша отырып, оның алдында жиналған білімдерді де ескірген және керексіз деп тастамай, сақтап отырады. Бұл бөлімдерге кіргендердің әрбіреуінде орта мектепте оқытылатын пән ретінде өздерінің даму тарихы бар. Оларды оқыту жайлы сұрақтар арнайы математикадан сабақ беру әдістемесінде көрсетілген.
Оқыту әдісі - дидактикалық құралдар мен тәсілдердің кешені, олардың көмегімен оқыту мен тәрбие берудің мақсаттары жүзеге асады. Оқыту әдісі - бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған әрекеттерінің байланысқан түрі. Оқыту әдісі деп мұғалім мен оқушылардың белгілі бір дидактикалық мақсатты жүзеге асыруға арналған кезектесіп отыратын әрекет ету тәсілдерін айтады.
Сабақ беру әдісі - оқушылардың танымдық қабілеттерін басқаруға және бақылауға арналған құралдар мен тәсілдер, ақпарат алмасу жолдары.
Оқу әдісі - оқу материалын қабылдаудың жолдары, құралдары мен тәсілдер, оқу мен өзін-өзі бақылаудың репродуктивті және продуктивті әдістері.
Математикалық зерттеудің басты әдістеріне жатады: бақылау және тәжірибе, анализ және синтез, салыстыру, жалпылау және специализация, абстрактілеу және конкретизация.
Математиканы оқытуда қолданылатын қазіргі замандағы әдістер: проблемалы (перспективті) әдіс; зертханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық модельдерді құру әдісі; аксиоматикалық әдіс және т. б.
Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:
Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған кинофильмдер мен видеофильмдерді демонстрациялау және т. б. ) ;
білімді өз бетінше табу (оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, берілгендердің ақпараттық базасымен жұмыс - ақпараттық технологияларды қолдану) .
Проблемалық-іздеуші әдістерге мыналар жатады: Оқу материалын проблемалы талқылау (эвристикалық әңгімелесу), оқу дискуссиясы, зертханалық іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау қабілеттерін (ҰОҚ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс, ұйымдастырушылық-әрекет етуші ойын.
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, мысал бойынша жаттығуларды орындау, инструкция бойынша зертханалық жұмыс.
Мәдени-репродуктивті әдістер: шығарма, вариациялық жаттығулар, өндірістік жағдайларды анализдеу, әртүрлі ойындарды ұйымдастыру және мамандандырылған әрекеттерді имитациялаудың басқа түрлері.
Мұғалім мен оқушылардың әрекеттерінің тәсілдері оқыту әдістерінің құраушы бөлігі болып табылады (М. И. Махмутов) . Тәсілдер - белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған әрекеттер, қызмет ету түрлері. Оқу жұмысының тәсілдері ойлау әрекетінің тәсілдеріне тәуелді (анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, абстрактілеу, конкретизация, қорытынды шығару, көз алдына елестету және еске сақтау тәсілдері) .
Оқытудың арнайы әдістері - математиканың өзінде қолданылатын оқуға адаптацияланған танымның негізгі әдістері, нақтыны оқуда математикаға тән әдістер (математикалық модельдерді құру, осындай модельдерді құруда қолданылатын абстрагтілеу тәсілдері, аксиоматикалық әдіс) .
Мұның нәтижесінде математика курсына бірнеше әдістемелік көрсеткіштерді ұсынуға болады:
Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында стандартты емес есептерді пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн.
Сабақта үнемі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына көмектесетін тапсырмаларды пайдалану керек.
Арнайы таңдап алынған жаттығулардың көмегімен оқушыларды берілген тапсырмаларды орындауға үйрету, оларды бақылауға үйрету, аналогияны, индукцияны, салыстыруды қолдану және қорытынды шығару.
Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық ребустарды, софизмдерді, күлкілі есептерді пайдаланған дұрыс.
Оқушылардың индивидуалді қасиеттерін есте ұстау, әртүрлі типті тапсырмаларды қолданып олардың әрбіреуіндегі танымдық әрекеттерді дифференциялау.
Оқыту процесі кезінде мұғалімнің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қоздыруы, жақсартуы және дамытуы оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең, қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі, шығармашылық, продуктивті етіп жасай білуінде.
Мемлекеттік білім стандартында математика мұғалімдеріне кәсіби жан-жақты теориялық және практикалық білім мен дағдыларды, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер негіздері өнерпаздық қабілеттерді, оқыту мен ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын, іскерлік машықтарын жан-жақты меңгерту көзделген.
Осы тұрғыда математика берілетін математикалық білім мазмұны мен оқушылардың дайындықтарының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар басты назарға алынады. Мектепте берілетін математикалық білім мазмұны қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, сандар нумерациясы, алгебра элементтері, геометрия элементтері, шамалар және оның өлшем бірліктері деп аталатын бөлімдерден тұрады.
Әрбір мұғалім математика пәнінде оқушыларды терең ойлай білуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету мақсатын қояды. Бұл мақсатты орындау, яғни оқушылардың білім, білік, дағдысын, өзіндік танымын қалыптастыру - нақты ұйымдастырылған кезеңдер арқылы жүзеге асырылатын күрделі үрдіс. Жалпыға міндетті орта білім стандарттарында (жалпы бастауыш білім) білім объектісі ретінде - білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірибесінде білім объектісі ретінде - оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың инновациялық әдістерін өндіру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Білім сапасы оның төрт сипатын (білім - құндылық, білім - жүйе, білім - процесс, білім - нәтиже) біртұтас қарастыра отырып, олардың ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланысты.
«Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнының жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғарғы сипаттағы біліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнелеген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып анықталады. Мұнда басты есте болатын нәрсе - оқушылардың математикалық мәдениетін көтеру, математиканы оқып- үйренуге ынталандыру, нақты дағдыларды бекіту.
Мектептегі математика пәнінің білім мазмұнын қысқаша кесте түрінде көрсетейік
Кесте 1 - Мектептегі математика пәнінің білім мазмұны
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы қарастырылған мәселелер реті болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың математикалық білімін тереңдете және кеңейте түсуімен байланысты шығармашылық ізденісін қамтамасыз етеді. Оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
«Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді» - деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым Маркушевич А. И.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту», - делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева) .
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру - маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д. И. Сондықтан, матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz