Қазақ кеңес балалар әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 7
1. 1 Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихына қысқаша шолу . . . 7
1. 2 Қазақ балалар әдебиеті тұлғаның рухани дамуының құралы ретінде . . . 16
1. 3 Қазақ балалары және көркем әдебиет . . . 22
ІІ. ҚАЗАҚ КЕҢЕС БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ . . . 31
2. 1 Балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің бала дүниетанымына әсері . . . 31
2. 2 Қазақ кеңес балалар әдебиетінің концептуалдық құрылымы . . . 35
2. 3 Қазақ кеңес балалар әдебиетінің эстетикалық тәрбие берудегі ролі . . . 40
2. 4 Қазақ кеңес балалар әдебиеті және балалар драматургиясы . . . 45
1-сабақ . . . 55
2-сабақ . . . 56
3-сабақ . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Балалар әдебиеті әдебиеттің өз алдына жеке дара саласы болғандықтан, бұл саланың өзіне тән ерекшелігі, тілі мен өзіндік бағыт-бағдары бар. Яғни, балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің бір арнасы. Оның да өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі - тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ол үшін көркем шығарма шынайы, табиғи сурттелуі керек. Онсыз баланы алдау мүмкін емес. Бірақ ол шындық қоғам дамуына сай өзгеріп, уақыт талабына шығып отырса нұр үстіне нұр.
Елдік пен еркіндікті аңсаған қазақ елі бүгнде іргесін бекемдеп, саяси-экономикаық, әлеуметтік жағынан өркениетті елдер қатарынан орын алуда. Өтпелі кезең өзгерістеріне орай халыққа білім беру жүйесі де, реформалануда. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көздеген ең басты мәелелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндеттер мемлекеттік құжаттарда, Қазақсатн Республикасының Конституциясында, «Тіл туралы» Заңдарында т. б. атап көретілген. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы жаңа ұрпақты өз ана тілінде оқытуға, білім беруге, әдеби, мәдени мұраларымзды танып-білуге мол мүмкіндік туғызды. Ата-бабадан бүгінгі күнге жеткен тарихи мұраларды таныту халық қазынасы ауыз әдебиеті, балаларға арналған көркем әдеби шығармалардлы кеңінен пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Бұл жөнінде ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде: « . . . біз тарихи мүмкіндіктерді, әдеби-мәдени мұраларды таныта тәриелеуді мектепке дейінгі кезеңнен бастап, үзіліссіз жүзеге асыруға тиіспіз. Осы арқылы жастарды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеуге тиіспіз», - дей келе, «бәріміз де бала кезімізде халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз бай мұрасымен сусындап өттік. Қазақ ертегілерін, батырлар жырларын оқымаған қазақ баласы жоқ шығар деп есептеймін», - деен болатын. Табиғат пен өмір әлемін поэзиялық өрмекпен біртұтас бейнеде суреттеп көрсететін, балалардың ойын орнықтырып, игілігіне айналдыруда, олардың сөз мәнісін түсінуге баулуда, тілін дамытуда балалар әдебиетінің тәлім-тәрбиелік мәні ерекше.
Тәрбие - тарихи үрдіс, оған адамзат қоғамында талай ғасырды бастан өткізіп, қасиетті мұраларға айналып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткеніне, Отанымызға оралған Күлтегін жазба ескерткіші әл Фарабидің философиялық, педагогикалық, дидактикалық ой-пікірлері дәлел. Осы мақсатта қазақ халқының ғұлама ғалымдары, ойшыл ағартушылары асыл мұралар қалдырған. Орта ғасыр ойшылдары: «Қорқыт ата кітабы», ұлы бабамыз Ж. Баласағұнидың «Құтты білік», М. Қащқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» шежіресі, А. Жүйнекидің «Ақиқат сыйы» ғылыми-философиялық, әдеби тарихи еңбектерінің келер ұрпақты туған тілге, әдеби-мәдени мұраларды танып-білуге қызығушылыққа, туған жерге, Отанға сүйіпеншілікке тәрбиелеуде басты құрал екені сөзсіз. Біз зерттеу барысында қазақ философтары Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов, А. Қасабек, Қ. Мұханбетәли, Ж. Алтай т. б. еңбектерін негізге алдық. Қазақстанда психология ғылымының негізін қалаушы ғалым Ж. Аймауытов пен психлогтар: Т. Тәжібеков, М. Мұқанов, Е. Суфиев, С. Балаубаев, А. Темірбеков, Қ. Жарықбаев, Х. Т. Шерьязданова т. б. зерттеулерінде оқушылардың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің алатын орны туралы ой толғады.
Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің құдіретті күші туралы ой түйіндеген Ресей психологтары В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. С. Выготский, А. В. Запарожец, А. Леонтьев т. б. еңбектері зерттеуімізге өзек болды. Қазақстан Ркспубликасы көлемінде балалар әдебиетінің дамуы туралы Ш. Ахметов, С. Қалиев, Ә. Табылдиев, . Нұғыбаева, Б. Ыбырайымов, С. Ахметова, К. Сейембаев, Н. Албытова т. б. зерттеулерінде балалар әдебиетінің бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі тәлімдік және білімдік мәні, әдеби шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәсілдері жөнінде келелі ой қозғағанына көз жеткіздік.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына тәрбие мен білім беруді дамыту жөнінде С. Рахметованың «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту», Т. Әбдікәрімованың «Мәтін арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту» атты монографиялық еңбектері жарияланып, оларды көркем әдебиет арқылы оқушылардың тілін дамытудың маңыздылығын байқадық.
Десек те, балалар әдебиетінің баланың дамуындағы құдіретті күші туралы зерттеу еңбектері болғанымен, оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудағы әдістемесі жайында арнайы нысана болған емес. Осының нәтижесінде оқушылардың тілін дамытуда балалар әдебиетінің педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды пайдаланудың қазіргі жағдайының арасында қарама-қайшылықтар туындап отыр. Аталған қайшылықтарды шешу мақсатыда жұмысымыздың тақырыбын «Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту» деп алуымызға тура келді.
Зерттеудің мақсаты: қазақ кеңестік балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларына тәрбие мен білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылар тілін дамытуда балалар әдебиетін пайдаланудың тиімділігі артады, егерде оқу-тәрбие үрдісінде балалар әдебиетінің ілімдік және тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделсе, оны іс-тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда балалар әдебиетін пайдаланудың мүмкіндігі жоғары деңгейде болады.
Зерттеу міндеттері:
- қазақ кеңес балалар әдебиеті арқылы бастауыш оқушыларына тәрбие мен білім беруді дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
- оқушыларға тәрбие беруде балалар әдебиетін пайдаланудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- балалар әдебиеті арқылы оқушыларды дамытудың моделін құру өлшемдері мен деңгейлерін және тиімді педагогикалық әдістерін айқындау.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық және әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, мектептегі озық тәжірибелерді жинақтау, оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану, жүргізілге іс-тәжірибені сараптау, эксперимент нәтижесін қорытындылау, оларды математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныпта тәрбие беру барысындағы қазақ кеңестік балалар әдебиеті.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Қазақ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихына қысқаша шолу
Балалар әдебиеті - балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы - балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.
Балалар әдебиеті - бүгінігі ұлттық әдебиетімізде көркемдік-шығамашылық және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады. Олардың психологиялық өсу процестері ескеріледі.
Қазақ балалар әдебиеті жылдан жылға сан жағынан да, идеялық сапасы жағынан да өсіп келеді. Мұның қоғамдық ірі мәні бар. Өйткені балалар әдебиеті - жас ұрпақтарға ұлттық тәрбие берудің қуатты құралы. Ол жастарды ұлттық патриоттық рухта тәрбиелейді, озық ойларымен қаруландырады. Қандай қиыншылықтарды болса да оларды жеңуге ұмтылдырып, жігер - қайратын арттырады.
Балалар әдебиетінің қалыптасуына, дами беруіне, оның жетіле түсуіне көрнекті қайраткерлер жанашырлықпен тікелей ат салысып келеді. Көп жанрлы қазақ балалар әдебиетінің тақырыптық молдығы мен жан-жақтылығы, идеялық мазмұнының байлығы және балалар әдебиетінің нақтылы мәселесін ашу ісі жайында нұсқаулар беріп отырды. Мектептің өмірмен байланысын күшейтуде балалар әдебиетінің тәрбиелік рөлі күшейіп зор міндеттер атқарды. Сонымен қазақ балалар әдебиеті де басқа ұлттық әдебиеттер сияқты үнемі, үздіксіз даму, өсу жолында болды.
Адамзат баласының дамуы ерте кезден бастау алатыны белгілі. Ежелгі халықтардан бізге жеткені - аңыздар мен әпсаналар, түрлі мифтік әңгімелер, т. т. Бұл жәдігерлер қазіргі әдебиеттің дамуына игі әсерін тигізді.
«Балалар әдебиеті қоғамда балалар субмәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін социомәдени құбылыстардың бірі» болғандықтан да, балалар әдебиетінің жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда балаға өткен дәуірдегі әдебиет үлгілерімен таныстыру үшін оларға ұғынықты тілмен жеткізе білуіміз шарт. Өйткені әр бала өзінің төл тарихы мен мәдениетін танып өсуі қажет. Сондықтан баланы ерте жастан қоршаған ортаны танып білумен қатар ежелгі тарихи жыр-дастандарды жаттап өсуіне ықпал етуіміз керек. Ол үшін әрине, ұлттық руханиятымыздағы ежелгі түркі дүниесіне ортақ қисса-дастандар мен аңыз-әңгімелерді бала санасына лайықты етіп, жас ерекшелігіне сай оқып үйрету қажет.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ ғалымдары, атап айтсақ, Ш. Ахметов, С. Қирабаев сынды айтуы бойынша, фольклор - балалар әдебиетінің бастауы деп атай келіп, ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан басталады делініп жүр. Сонда балалар әдебиеті ХІХ ғасырдың орта шенінен аяқ асты пайда бола салған жоқ. Балалар әдебиетінің бастауы фольклордан басталып, көне дәуірлердегі түркі халықтарына ортақ төл мұраларымызбен жалғасады. Бала тәрбиесі, ұрпақ мәселесі қай кезеңде болсын қоғамнан тыс қалған емес. Мәселен, Еуропа өз балалар әдебиетін ежелгі Грекия мен Рим салған іргетастан таратып, яғни, құдайлар мен мифтік қаһармандар бейнесі туралы аңыздардан таратады. Сондай-ақ, балаларына библия әңгімелерін тұңғыш балаларға арнап ықшамдаған поляк ғалымы З. Косидовскийдің әңгімелерін оқытады.
Сол сияқты біз де түркі халықтарының балалар әдебиетін ХІХ ғасырдан ғана бастап шектемей, әріден яғни ежелгі түркі халықтарына ортақ мұралардан бастауымыз керек. Айталық, шартты түрде, қазақ әдебиеті кезеңдерін жүйелеген ғалым Б. Кенжебаевтың құрылымдық кезеңдерін басшылыққа ала отырып, балалар әдебиетін былайша жүйеледік:
1. Қазақ балалар фольклоры
2. Ежелгі түркі халықтарына ортақ жәдігерлердегі ұрпақ мәселесі
3. ХҮ-ХІХ ғ. ғ. І жартысындағы ақын-жыраулар поэзиясындағы бала тәрбиесі
4. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушы-демократтар кезеңіндегі балалар әдебиеті
5. ХХ ғ. басындағы алаш әдебиеті кезеңіндегі балалар әдебиеті
6. Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті
7. Қазіргі балалар әдебиеті
Балалар әдебиетін зерттеудегі ең қажетті де басты міндет мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш, орталау, орта мектеп оқушыларына лайықталған әдебиеттердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету болғандықтан, оны әрбір тарихи дәуір, әдеби кезеңдерге байланыстыра талдауды мақсат етеді. Ол үшін, ең алдымен, балалардың жас ерекшелігін, білім көлемін, қабілетін, ойын, психологиясын мұқият еске алып отырады. Ал, балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы болғандықтан, оны дәуірге, әдеби кезеңдерге бөлу кезеңдерін басшылыққа алады.
Фольклор сөз жоқ, балалар әдебиетінің бастауы, қайнар көзі. Балалар әдебиеті халық ауыз әдебиеті үлгілерін негізге ала отырып, бүгінгі күнге дейін дербес ғылым болып отыр. Осы аталмыш ғылымның жай-күйі қазіргі ақпараттанған ХХІ ғасырдың сұранысы мен талабына жауап бере ала ма? Бұл ойлануды қажет ететін және бір ауыз сөзбен жауап бере салатын сұрақ емес. Салмағы да, жауабы да ауыр сұрақ. Сонымен, қазіргі таңда қандай балалар әдебиеті қажет? Бір ғана мысал келтірейін: балалар фольклорында «Төрт түлік туралы» жырлар бар. Осыны балаларға қалай оқытып жүрмыз? Балдырған төрт түлік туралы өлең-жырларды жаттауын жаттар, бірақ өңі түгіл түсінде көрмесе оларды, қалай ұғындырамыз? Балаға нанымды болу үшін көзбен көру, яғни қоршаған ортада сезінуі тиіс.
Қазақ балалар әдебиетінің негізгі түп қазығының келесі арнасы - ежелгі түркі әдебиеті мұралары. Көне дәуірі кезеңіндегі мәдени мұраларымыз отандық, шетелдік ғалымдарымыздың назарын аударып отыр. Ү-ҮІІІ ғ. ғ. тасқа қашалып мәңгілік ескерткішке айналған Орхон-Енисей жазбалары, «Оғызнаме», «Китаби дәдәд Қорқыт» («Қорқыт ата кітабы»), «Диуани лұғат-ит түрк» ( «Түркі тілінің сөздігі»), «Құтадғу біліг» («Құтты білік»), «Диунаи хикмет» («Даналық кітабы»), «Хибатул хакайык» («Ақиқат сыйы»), «Бақырғани кітабы», «Кодекс куманикус» («Қыпшақтар кітабы»), «Қисса-cул-әнбия», «Хұсырау-Шырын», «Мухаббат-наме», «Жәдігернама», «Гүлстан бит-түрки» («Түркі тіліндег Гүлстан»), т. б.
Ертедегі Грекия құдайлары мен қаҺармандарын дәріптегенше, сол түркі халықтарына ортақ мәдени мүраларымызды, яғни Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Тұмар патша, Алып ер Тұңға, т. б. ерліктерін үлгі тұтсақ, яғни оларды жас буынның қазіргі кейіпкерлері «терминатор», «шрэк», «человек паук», т. б. сияқты құбыжықтардан гөрі басты қаһарман дәрежесіне көтерсек дұрыс болар еді. Бұл ойлануды қажет етпейтін, кезектен тыс қолға алуға тиіс бірден бір мәселе.
Орхон ескерткіштеріндегі жырлардың басты тақырыбы - ел тәуелсіздігін аңсау, ел қорғаны болған батырларының ерлігін дәріптеу. Айталық, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандарды түркі халықтарының қаһарманы етіп, жырдағы айтқандай:
Тәңір текті, Тәңірден жаралған,
Түрк Білге қаған.
Бұл шақта отырдым,
Сөзімді түгел есітіңдер:
Бүкіл жеткіншегім, ұланым,
Біріккен әулетім, халқым . . .
деген ұрпаққа айтар ұлағатты сөздерден басталып, олардың батырлық, ерлік істері жырланады. Ерлікті жырлайтын грек мифтерінен кем емес ежелгі жырлардың бірі - ХІІІ ғ. Хатқа түскен «Оғызнаме» («Оғыз қаған жыры») . Оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін көк Бөріден таратып, жарықты Көкжал бастып отырады. Оғыз өзі көк өңді, әйелінің де көзі көк, тіпті шашы да теңіз толқынындай көгілдір деп суреттеледі. Яғни, көне түркілерде көк түс қасиетті деп саналған. Жырдан үзінді кетірейік: «Күндерде бір күн Айқағанның көзі жарыды, босанды. Еркек бала туды. Осы баланың өңі, шырайы көк еді . . . »
Осы ұл анасының омырауынан бір-ақ рет сүт еміп, бұдан артық ембеді. Шикі ет, тамақ тіледі. Тілі шыға бастады. Қырық күннен соң үлкен болды, жүрді, ойнады . . . Оғыз қаған күндерден соң, түндерден соң жігіт болды. Бұдан әрі Оғыз қағанның өсуі халқының қиялы мен ғажайып, ойлау шеберлігі арқылы өрбиді.
Сондай-ақ, ежелгі түркі халықтары табиғатты бағалай білген. Жырда Оғыздың балалары - Күн, Ай, Жұлдыз, екінші әйелінен - Көк, Тау, Теңіз деп атауы да тегін емес. Әр баласының атын табиғат құбылыстарының атауын беріп, сөйлете білген. Грек жырларында олар құдайлар деп берілсе, ежелгі түркі жырларда адам есімдері түрінде сипат алған. Әрине, табиғатты адамнан, адамды табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Табиғатты жырлау, бейнелеу - бүгінгі балаларды оны сүюге тәрбиелеудің негізгі қазығы. Оның арғы арнасы көне түркі дәуірлеріне жетелейді.
Ахмет Иассауи Исламның түркі халықтарының дүниетанымына сәйкес сопылық ой-пікірлер жүйесі, яғни адамның ішкі рухани тазалығы және ғибадатын насихаттайды. Ислам діні жасөспірімдерге тигізетін әсері мол. Баланы тәрбиелеудегі негізгі мақсат - ислам дініндегі имандылық, адамдық қасиет, ақыл-парасатты бала бойына сіңіру. Сондай-ақ, ислам дініндегі кейбір қағидалар мен тыйым салуларына қарамастан мешіттен әйел адамдардың орын алып, діни жиындарға ер адамдармен бірге әйел адамдардың да қатысуы, өлеңдердің аспаптармен сүйемелдене айтылуы, әуен-сазға елтіп адамдардың бір-бірімен қол ұстасып билеуі, құрбандық қанының және сүйектерінің топыраққа көмілуі сияқты сенім-нанымдары ретінде қоса жүрген.
Даналық кітабында ислам дінінің ең басты қағидаларын, ереже-шарттарын жан-жақты баяндайды. Имандылықты насихаттайды. Адамгершілікті жырлайды. Ол өзінің тамаша ойларын, пікірлерін, тұжырымдарын төрт мәселеге негіздей отырып өрбітеді.
Бала тәрбиесі аса қиын да жауапты іс екендігі тәжірибеде дәлелденіп келеді. Ақыл-парасатқа бой ұсынып, игі мақсаттарға жетелеу үшін балаларға исламтану негіздерін үйреткеніміз орынды. Иассауи танымы бойынша, балаға алдымен, Аллаһқа деген махаббат керек, діннің негізі махаббатқа құрылуы керек. Махаббат - Аллаһты жан-тәнімен сүю деген сөз және дін жолында жасалған әрбір істің Аллаға деген осы сүйіспеншіліктің әсерімен жасалуы деген сөз. Дін жолында жасалған істердің негізінде осы сүйіспеншілік болмаса, басқанының түк те құны жоқ.
Иассауи дүниетанымының екінші негізі - баланың адамға деген сүйіспеншілігі. Адам - ең жоғары жаратылыс. Баланың психологиялық даму процесіне зер сала отырып, оның талабы, ынта-жігерін ислам дінінің негізгі қағидаларын білуге бағыттауымыз шарт. Бұл ретте, Қожа Ахмет Иассауидің хикметтерін оқытқанымыз жөн. Иассауидің айтуы бойынша, дін жолында жоғарылаудың, Алланың мейіріне бөленудің жолы - мұқтаждарға, жолда қалғандарға, жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге деген мейірімділік, сүйіспеншілік. Періштелердің ең ұлысы, тіпті Жәбірейіл жете алмаған жақындық арқылы Аллаға жеткен адамдардың ең ұлысы Әзіреті Мұхаммед бір ұлылыққа яғни миграджға (Әзіреті Мұхамедтің Аллаһқа көтерілуі) қалай қол жеткізген.
Сопылық діни-философиялық дүниетаным. Ислам әлемінде ҮІІ-ҮІІІ ғасырда пайда болған. Сопы - адамды рухани жетілдіру, Алланы тану, Алла мен адамды іштей таныстыру. Бұл саф таза деген ұғымды береді. Тәні де, жаны да таза адамға лайық атау. Сопылық ілімде ұстаз бен шәкірт қатынасы, рухани кемелдену жолында ұстазға, пірге тұтастай сену, Тәңірге қосылу - бақытқа жету жолы, сопылық махаббат пәлсапасы «Тазарған жанмен иеңді танисың». Сопылық - рух, ізгілік, даналық, ержүректілік, әділеттілік, саналылық, жан тазалығы, дінге, дүниеге, қоғамға ар биігінен қарау.
«Диуани Хикметтің» көркемдік ерекшеліктері Иассауидің осынау даңқты шығармасының сегіз ғасыр бойы мұсылман дүниесінің рухани қажеттілігіне жарап келе жатқаны оның көркемдік бітімінде, келісті тілінде, образдылығында. Сөз қолдану шеберлігінде. Дүние тану тереңдігінде. Сопылық - халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе . . . Араб-парсы философиясындағы өте жиі қолданылатын негізгі ұғымдарды атап өтейік: ақыл, ахуал, ақиқат, адам, әлем, ғылым, білім, есім, заман, зат т. б. Бұлар қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен енген сөздер деп айту жеткіліксіз. Себебі, бұл сөздер, біріншіден, қазақ тіліне емес, түркі тілінен қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген, екіншіден, жоғарыда айтылған сөздер түркі тіліне лингвистикалық мәнде емес, философиялық терминдер дәрежесінде таралған. «Диуани Хикмет» сопылық түркі әдебиетінің ең ескі және ең маңызды жәдігері. Ақындық мәдениеті жоғары ұлы ақын ұлттық өлең құрылымы араб өлеңінің өміршең жаңалықтарымен түрлендіруге ұмтылған.
«Ақиқат сыйы» кітабының алғашқы тарауларында Ахмет Жүйнеки жаратушы бір Алланы, Мұхаммед пайғамбарды, оның төрт сахабасын мадақтайды. Ислам дәуіріндегі әдеби дәстүр бойынша қалыптасқан жүйе бұл. Одан кейінгі тарауларындағы тақырыптарды былай бөлуге болады:
1) Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы
2) Тілді тыйып ұстау - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты.
3) Жомарттық пен сараңдық
4) Кішіпейілділік абыройды асырады, тәкаппардың құты қашады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz