Дененің ішкі ортасы туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

ДЕНЕ ТӘРБИЕС ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ

БӨЖ

Тақырыбы; Дененің ішкі ортасы туралы түсінік.

Орындаған: білімгер:Альжанов Н
Қабылдаған: Саржанова Ш

Тобы:ДӘД-311

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Аса дамыған елдердегі жылдамдатылған инновациялық дамуға таңдалған бағыт - қолдағы бар барлық ресурстарды жұмылдыруды қажет етеді. Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын ресурс - бұл өндірістік күштер, басқа сөзбен айтқанда, сол елдің халқы. Бір жағынан, еңбекке жарамды халық мемлекеттік кірістер көзі болып табылады. Басқа жағынан, елдің жұмыссыз жұрты тікелей, сондай-ақ тікелей емес шығындардың нысаны болып табылады. Осы шығындардың үлкен бөлігі еңбек қабілеттілігін жартылай немесе толық жоғалтуға әкеліп соғатын аурулардың немесе көбінесе, белсенді халықтың мерзімінен бұрын қайтыс болуы салдарынан болады. Соңғы жылдары ми қанайналымының жіті бұзылыстарының (МҚЖБ) жиілігіне байланысты тамыр ауруларының кең таралуы байқалды.
Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.
Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.
Артериялық гипертензия жүрекқантамыр ауруларымен сырқаттанушылық пен өлім-жітім құрылымын айқындайтын адамзат тарихындағы аса зор жұқпалы емес пандемия болып табылады. ДДСҰ деректері бойынша, АГ таралуы дүние жүзіндегі ересек халықтың 40% - ын құрайды, осы ретте бұл денсаулық сақтау тәжірибесінде күрделі мәселе күйінде қалып отыр. АГ қауіптілігі - жүрек-қантамыр ауруларының (ЖҚА) ағымын дамытып асқындыруында, әлемнің дамыған елдеріндегі барлық өлім жағдайларының жартысына жуығы осының салдарынан туындап отыр. Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей, АГ бастапқы даму кезеңдерінің өзінде нысаналы мүшелер - жүрек, ми, бүйрек, көздің торлы қабаты зақымданады. Артериялық гипертонияның таралуы Қазақстанда да тұрақты жоғары деңгейде сақталуда және ол 100 000 ересек адамға 1181,8 құрайды . ҚР ДСМ статистикалық деректеріне сәйкес, артериялық гипертензия ми қанайналымының жіті бұзылысына шалдыққан науқастардың 78% анықталады.
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі - ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға - гормондарға байланысты.
Организм барлық клеткалары мен тканьдеріне қоректік заттар мен оттегі үнемі еніп, олардан зат алмасуының ақырғы өнімдері шығарылып отырғанда ғана өзінің қызметін атқара алады. Бұл процестерді қан, қан сұйықтығы және лимфадан түзілетін организмнің ішкі ортасы қамтамасыз етеді. Ішкі орта организмінің барлық клеткаларының қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдайларды жасайды, бұл оның құрамының айтарлықтай тұрақтылығы мен физика - химиялық қасиеттерінің арқасында мүмкін болады.
Қанның организмдегі маңызы алуан түрлі. Қанның негізгі қызметтерінің бірі - бұл оттегін , қоректік заттар мен дене клеткалары тіршілік әрекетінің өнімдерін тасымалдау. Ол осымен қатар бір мүшелерде түзіліп, басқа мүшелердің қызметіне әсер ететін заттарды тасымалдайды. Қан оның үстіне, лейкоциттер әрекетінің арқасында, сондай-ақ ерекше қорғаныш заттарының болуы нәтижесінде қорғаныш қызметін атқарады. Организмнің жылуы терінің тамырларын аралап өтетін қан арқылы қоршаған ортаға беріледі. Температура жоғарылағанда және бұлшықет қызу жұмыс істегенде терінің тамырлары кеңейеді. Мұнда қан сыртқы ортаға жылуды көп бөліп шығарады да, организмді қызып кетуден сақтайды. Қоршаған орта температурасы төмендегенде терінің тамырлары тарылады, бұл организмнің жылу шығаруын кемітеді. Сонымен, біздің денеміз өмір бойы тұрақты температурасын сақтайды. Адам қанының мөлшері айтарлықтай тұрақты және ол дененің массасы мен жасына байланысты. Жаңа туған балаларда қан дене массасының 15-20%, емшектегі балаларда - 13% құрайды. Балаларды 7 жастан бастап, қанның мөлшері ересек адамдардағыдай 7% шамасында болады. Массасы 70 кг ересек адамда 5-6 л қан болады. Адам тыныш күйде болғанда оның қанының 40-50% ғана қан тамырларымен қозғалады. Оның қалған мөлшері қан депоралары - бауырда, көкбауырда, шелде болады. Адам қансырағанда, бұлшықет жұмысы кезінде, дене температурасы жоғарылағанда, биікке көтерілгенде деподағы қан жалпы қан арнасына өтеді. Қан деполары организмдегі қанның тұрақты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қан дәнекер тканінің тобына жатады. Бұл плазмадан және ондағы жүзгін арнаулы элементтер - қан клеткалары - эритроциттерден, лейкоциттер мен тромбоциттерден тұратын әлсіз сілтілі тұтқыр сұйықтық. Егер пробиркаға алдын-ала ұю қабілетінен айырған қан толтырсақ, тұнғанда немесе центрифугадан өткен соң ол екі: эритроциттерден тұратын төменгі қошқыл қызыл түсті тұнба қабатына және қан плазмасы болып табылатын сабан түсті сары мөлдір сұйықтық қабатына бөлінеді. Плазма мен эритроциттердің шекарасында лейкоциттерден тұратын өте жұқа қабат болады. [1,3]
Қан, лимфа және тінаралық (интерсттициялық) сұйықтық организмнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру анализаторының физиологиясы
Жануар ағзасының ерекшеліктері
Қан организімінің ішкі ортасы
Аталық және аналық жыныс жүйесі. Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Жануарлар
Эндокриндік жүйенің қызметі
Жасуша, үлпа, мүше, жүйелі мүшелер және ағза туралы
Екі дененің есебі және бөлшектердің ыдырау теориясы
Физиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Пәндер