Қазіргі кезде мектепте экономикалық білім беру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНЕ СИПАТТАМА
1. 1 Экономикалық теорияның пәні және әдістері . . . 7
1. 2 Экономиканың ғылым ретіндегі маңызы . . . 11
1. 3 Экономика пәнін оқытудың ерекшеліктері . . . 21
ІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ МЕКТЕПТЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Қазіргі экономикалық білім мен тәрбие жүйесіне сипаттама . . . 27
2. 2 Қазіргі заманғы экономикалық білім беру негіздері . . . 34
2. 3 Оқушылардың экономикалық білім деңгейін арттыру әдістері . . . 37
2. 4 Оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру арқылы салықтық сауаттылыққа үйретудің маңызы . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздегі саяси-әлеуметтік, құқықтық-экономикалық өзгерістер, ақпараттық ағымның жедел қарқынмен артуы, әлем кеңістігіндегі білім беру үдерісі дамуының тенденциялары жалпы орта білім берудегі терең өзгерістерді талап етуде. Сол өзгерістердің бірі мектеп білім алушыларының экономикалық мәдениетін, соның ішінде салық мәдениетін қалыптастыру мәселесі болып табылады.
Экономикалық мәдениеттіліктің қоғамға әсер етуімен ерекшеленетін кең функциональдық маңызы бар. Экономикалық мәдениеттіліктің маңызды функцияларының бірі - экономикалық субъектілердің ынта-ықыласы. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық кызығушылық адамдардың экономикалық белсенділігін, ынта-ықыласын арттыратын негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында (2008, 2009, 2010), Қазақстан Республика «Білім туралы» Заңында (2007), Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім мазмұнын тұлғаның өмір талабына сай құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті материалдармен толықтыра отырып, жетілдіруді жүзеге асыру жоспарланған.
Мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру қазіргі заман талабына сай құзыреттіліктерді қалыптастыруға мол мүмкіндік тудыруда. Ал, жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың салық мәдениетін қалыптастыру сол мүмкіндіктерінің біріне айналуда. Жоғары сынып білім алушыларына тән, олардың әлеуметтік қалыптасу ерекшеліктерін, мінез құлықтарындағы сандық та сапалық өзгерістерін ескере отырып, көпшілік ғалымдар осы жастағы жеткіншектердің салық мәдениетін қалыптастыру қолайлы деп есептейді.
Педагогика теориясы мен тарихында экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері көптеген зерттеулерге негіз болып келеді. Олардың шешімі П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский т. б. ғалым-педагогтардың еңбектерінен бастау алған. Бұл ғалымдар жастардың экономикалық дайындығын практикада жүзеге асыру жолдарын қарастырған. Экономикалық білім беруге қатысты зерттеулерге талдау жасай отырып, оларды бірнеше аспектіге бөліп қарастыруға болады.
Экономикалық тәрбиенің философиялық аспектілері ұлы ғұламаларымыз А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаевтардың еңбектерінде көрініс тауып, В. А. Ядов, И. Б. Иткин сияқты Ресей ғалымдардың еңбектерінде орын алған.
Ал экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздері А. Ф. Аменд, Б. П. Шемякин, А. Е. Эпштейн, А. Т. Шпак, И. А. Сасова т. б. ғалымдардың еңбектерінде атап өтіледі.
Әлеуметтік және психологиялық негіздерді Н. Д. Левитов, В. Д. Попов, К. Омаров, В. М. Соколинский т. б. еңбектерінен табуға болады.
Ғылымдар негіздерін игеру үрдісінде экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жүйесін Ю. К. Васильев, И. А. Мельничук, П. А. Хроменков т. б. ғалымдар жасады. Мәселен, еңбекке тәрбиелеу үдерісі негізінде экономикалық білім беру және тәрбиелеу мәселелері М. Л. Малышев, В. Б. Белова, К. Н. Катханов, А. Ф. Крючков т. б. еңбектерінде көтеріледі. Ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері А. С. Нисимчук, Н. М. Атоев еңбектерінде орын алған.
Экономикалық білім және тәрбие беру мәселелерімен генетикалық жағынан байланысқан экономикалық мәдениетті қалыптастыру саласында төмендегі зерттеулер орын алған: экономикалық мәдениет теориясы мен практикасын қалыптастыру әдіснамасы (Л. Н. Пономарев, В. И. Максакова), экономикалық мәдениеттің әлеуметтік тарамы (Л. П. Буева, Т. И. Заславская, М. И. Сергеев), экономикалық тәлім-тәрбиенің мәні, экономикалық ойлау мен сана ерекшеліктері (Л. И. Абалкин, В. С. Автономов, В. А. Семенов), бастауыш мектепте және қосымша білім беруде салық мәдениетін қалыптастыру (В. В. Антонов, А. П. Балакина, И. И. Бабленкова, Н. Д. Дмитракова, А. А. Мохонина және т. б. ) .
Соңғы кезде мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне арналған қазақстандық ғалым-педагогтардың да зерттеулері кең өріс алып келеді. Экономикалық тәрбие мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін С. С. Сатыбалдин, Е. М. Арын, Қ. Ж. Аганина, А. А. Саипов; ал экономикалық тәрбиенің экологиялық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық мәселелерін М. Н. Сарыбеков, К. Жарықбаев, С. Қалиев, А. К. Нургалиева, Қ. А. Сарбасова; ғылыми-әдістемелік жүйесін К. З. Хамитова, М. Анарбаев, Э. И. Қалиева, М. З. Жанбөбекова, Р. А. Садвакасова, Г. Қошанова, А. Ө. Дәулетқұлова, Ш. Сырбаева, С. Б. Нугманова т. б. ғалымдар еңбектерінде зерттеп, ғылыми түрде негіздеген. Еңбекке баулу үдерісі кезінде оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесіне Б. Абдикаримов, Г. Т. Хайруллин, Б. К. Момынбаев, М. К. Қаламқалиев, К. А. Дүйсенбаев, А. Мүсілімов, Е. Есенжолов; ал экономикалық мәдениеттілікті қалыптастыру мәселесіне Ш. М. Жарылғапов, Р. С. Амандосова, Р. С. Уталиева; мұғалімдер, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатымен экономикалық тәрбие беру мәселесіне А. К. Ахметов, А. Нақпаева, М. Ш. Қадыров, Р. О. Озгамбаева; ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері Ж. А. Жунисбекова, А. Б. Остаева сияқты ғалымдардың еңбектері арналған. Ал бұл еңбектерде салық мәдениетінің кей аспектілері ғана қарастырылып, оны қалыптастыру мәселесі назардан тыс қалған.
Экономикалық білім беруге қатысты ғылыми зерттеулерге жасалған талдаулар жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру, оны жүзеге асыру механизмін іске қосу мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп зерттелмегенін көрсетіп отыр. Қазіргі заман талабына сәйкес жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен осы мәселенің ғылыми тұрғыда негізделіп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қайшылықтар туындауда.
Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сыныптарындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - жоғары сынып білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты жоғары сынып білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастыру әдістері мен шарттарын анықтап, теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1) орта мектеп білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастырудың мәні мен мағынасын ашып, теориялық негізін айқындау;
2) жоғары сынып білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
3) орта мектептің жоғары сынып білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
4) жоғары сынып білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастырудың әдістемелік негіздерін ұсыну.
Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi: таным теориясы, іс-әрекет теориясы, құбылыстардың өзара байланысы және жеке адамның таным субъектісі ретінде дамуы туралы философиялық тұжырымдар мен теориялары, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы, экономиканың даму заңдылықтары, мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру әдіснамасы мен теориясы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНЕ СИПАТТАМА
1. 1 Экономикалық теорияның пәні және әдістері
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.
Ең алғаш рет б. д. д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.
Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVIXVII ғасырларда тауар - ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм - Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда) . Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т. Мен, А. Монкретьен, І Петр, И. И. Посошков.
Физиократизм - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф. Кенэ, А. Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм - (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин, Г. В. Плеханов) . Зерттеудің негізгі нысаны - капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К. Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К. Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм - (К. Менгер, У. Джевонс, Л. Вальрос) . Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л. Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д. Кларк, А. Маршалл, А. Пигу) . Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп - ХХ ғасыр (Дж. Кейнс) . Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм - ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т. Веблен, У. Митчел, М. Вебер, В. Зомбарт, Д. Гэлбрейт және т. б. ) . Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол - экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
Экономикалық қажеттілік - адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т. б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік - бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер - бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т. б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес, көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Экономикалық игіліктер - бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа) . Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.
1- кесте. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- Ғылыми абстракция әдісі - зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.
- Талдау - зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.
- Жинақтау - құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.
- Индукция - жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.
- Дедукция - жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.
Эксперимент, гипотеза және т. б.
Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.
Экономикалық заңдылықтар - бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:
- айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
- ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.
- жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т. б. ) .
Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:
- микроэкономика - жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т. б. категориялар талданады.
- макроэкономика - мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т. б.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
- Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
- Дүниетанымдылық көзқарас қызметі - экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
- Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
- Практикалық қызметі - нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
Методологиялық қызметі - экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
1. 2 Экономиканың ғылым ретіндегі маңызы
Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүру салымы. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономикалық теория - оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.
Байлықты алу және тұтынуды қанағаттандыру туралы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисстикаға бөлді. Экономиканың негізгі мақсаты - тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті және үй шаруашылығы, өнер, сауда арқылы баю. Алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ- байлық және ақшаны иемденуде. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен келіспейді.
«Хрематисстика» термині - сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Осыған орай экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзіндік кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленуші үй шаруашылығын басқару жөнінде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзі «Айканомия»- шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз эконамисі Антуан Маккретьен (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекіді. Сонымен XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.
А. Макретьен хандармен, жеке бейлеушілерге кеңес берді, мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы. «Саяси экономия» трактат кітабының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап әртүрлі экономика ғылымның пәні туралы әртүрлі ойлар мен анықтаулар айтыла бастады, дамыған бағыты автордың өзінің көзқарасына байланысты анықтала бастады.
Экономикалық ғылым, басқа қоғамдық ғылым сияқты әртүрлі
Және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтамасыз зерттейді. Оны негізге қарай белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршалл басты негіз түсіндіру молшылықтың материалдық жағдайын жасау және пайдалануға негізделген.
Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым маңызды әлеуметтік институт, экономикалы процестерді түсіндіру, прогноздау және айқындаған заңдар, заңдылықтар негізінде. Материалдық игілікті жасау және пайдаланудың тенденциясын анықтау.
Экономикалық ғылым- білім суммасы, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологияның негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігі ретінде кіретіндер экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде және экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғаммен индивидумның тұтынуын қанағаттандыру.
Экономикалық ғылым пәні және әдісін зерттеу бойынша, экономикалық теориямен ұқсас.
Дүниежүзілік экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен адамдардың экономикалық теория оқу пәні ретінде (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы шаруашылық және адамдар тәртібін әрекеттерді нақты тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.
Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты, заңдар мен заңдылықты ашу, даму тенденциясын проленгировалау, қоғамның мақсатына жету тәсілдерімен әдістерін прогноздайды. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық ғылым әруақытта динамикалық, экономикалық теория оқу пәні ретінде әрқашанда статистикалық әрбір дәуір уақытында.
Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндерін нақтылы анықтасақ, мынадай жағдайда анықтауға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz