Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру



Кіріспе
І Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы
1.2 Ұлттық тәрбие бастауы . халық ауыз әдебиеті үлгілері
1.3 Ұлттық ойындардың бала санасына әсері
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық салт.дәстүрлермен таныстырудың тиімді жолдары
2.2 Тәрбиелеу үдерісін ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асыруда ата.аналармен бірігіп жүргізілетін жұмыстардың әдіс.тәсілдері
2.3 Мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық тәрбиені қалыптастыру барысындағы ұйымдастырылған оқу іс.әрекеттерінің нәтижелілігі, ерекшеліктері
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай балабақшадағы тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңда балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани - адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Балабақшада берілетін ұлттық тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Осыларды жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің мойнына жүктелген міндет.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – бұл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін оятып қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Ауыл-бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» деп көрсетіп, әрқашан ауыл мектебіне ерекше көңіл аударады. [10].
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз – болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспетті. Адамды адам еткен тәрбие болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары – мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз. Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады [1;].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезі. «Егемен Қазақстан ”
2. Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2030” халыққа Жолдауы.
3. Р.Төлеубекова "Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика"А-1994ж.
4. Меңжанова А. «Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу», Алматы, Мектеп 1987ж.
5. Жұмабаев М; «Педагогика», Алматы 1994ж.
6.«Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. Алматы «Балауса» 1992 ж.
7. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
8. С.Қалиев. К.Жарықбаев "Қазақ тәлім-тәрбиесі". А-1999ж.
9. Әмірова Ә. «Дәстүрлі тәрбие» Әдістемелік құрал.-Алматы:Арда, 2006-72 бет.
10. Ауыл мектебі. 2003. №4. 4-бет.
«Бала мен балабақша» №2, 2008 жыл Республикалық педагогикалық журнал
11. «Бала мен балабақша» №6, 2010 жыл Республикалық педагогикалық журнал
12. «Бала мен балабақша» №3, 2010 жыл Республикалық педагогикалық журнал
13. Жарықбаев Қ. Халықтық психология. Қазақ тәлім- тәрбиесі - Алматы, 1995.
14. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
15. Ядошко, Сохин «Мектеп жасына дейінгі педагогика», Алматы, Мектеп 1982ж.
16. Бала мен балабақша журналы, №3,8 2010ж №1,5 2011ж.
17. Отбасы және балабақша журналы, № 9, 12 2010ж.
18. Қазақстан мектебі №12 2008ж.
19. «Қазақстан мектебі» журналы №9-10 2005ж.
20. Еңсепов Ж. «Тәрбиенің қайнар бұлағы» Зерде №5 2003ж.
21. Тәрбие құралы №3 2007ж.
22. Отбасы және балабақша №3 2011ж.
23. Ә. Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы-2001.
24. Б. Баймұратова «Отбасындағы баланы мектепке дайындау».- Алматы: Шартарап-2000ж.
25. Қалиев «Қазақтың тәлім-тәрбиесінің ғылыми педагогикалық негіздері» Алматы: Алматы кітап – 2003ж.
26. С.Қалиев «Тәрбие хрестоматиясы» Алматы: Алматы кітап - 2004ж
27. Бөлетова Л.А. Болашақ мұғалімдерді қазақ салт-дәстүрлеріне бейімдеу. – Шымкент. 2004 ж.
28. Капенова А.Ә. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі тәрбие. – Алматы. 2004 ж.
29. Қасымбеков Ж.А. Дене тәрбиесі мен спорт арқылы тәрбиелеу жүйесі. –Алматы. 2005 ж.
30. Абишев К.С. Ұлттық ат ойындары. – Шымкент 2009 ж
31. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата «Жалын» 1987 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
І Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктері
0.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы
0.2 Ұлттық тәрбие бастауы - халық ауыз әдебиеті үлгілері
2.3 Ұлттық ойындардың бала санасына әсері
ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық салт-дәстүрлермен таныстырудың тиімді жолдары
2.2 Тәрбиелеу үдерісін ұлттық құндылықтар негізінде жүзеге асыруда ата-аналармен бірігіп жүргізілетін жұмыстардың әдіс-тәсілдері
2.3 Мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық тәрбиені қалыптастыру барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігі, ерекшеліктері
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай балабақшадағы тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңда балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани - адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Балабақшада берілетін ұлттық тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан - жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Осыларды жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің мойнына жүктелген міндет.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - бұл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін оятып қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Ауыл-бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді деп көрсетіп, әрқашан ауыл мектебіне ерекше көңіл аударады. [10].
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз - болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспетті. Адамды адам еткен тәрбие болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары - мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз. Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы" - деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады [1;].
Оның басты құндылықтары - ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Президенттің Жолдауында ең мықты елдер қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл - ұлттың ортақ ұраны.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы - бұның басты шарттарының бірі. Жастардың өнегелілік қасиеттерін қалыптастырудың бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты" деген бөлімінен көруге болады. Мұнда: "Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз өнымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, өнегелі қасиеті жоғары дамыған, денсаулығы мықты, ұлттық дәстүрлерімізді ұрпақтан ұрпаққа сақтап жеткізуші өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады, олар бейбіт, абат, жылдам даму, өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады [2;].
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі ұсынған "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында" қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа еріктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу, -- деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән береді.
Өз ұлтына деген патриотттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Алаш Орда қайраткерлері М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және т.б. нақтылы іс-әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады.
Елжандылық сезімінің объектісі мен қайнар көзі -- Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы елжандылыққа тәрбиелеудің арқауы.
Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинский: "Өмірінде де, ғалымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі де әртүрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де басқа", -- деп жазғаны белгілі [3;].
Халқымыздың өзінің бүгінгі биік, озық мәдениетіне оңайлықпен жетпеген. Бұл жолда ол талай заманғы шым-шытырман оқиғалардың сәулесін бойына сіңіріп, небір асу-қия, бел-белестерді басып өткен. Ата-бабамыздың шетсіз де, шексіз далада ертелі-кеш жер кезіп, бостан-босқа жүре бермей, олар ежелгі заманнан ер жүрек, еңбексүйгіш, талапты да талантты, өзіндік мәдениеті бар еңселі ел болған.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық тәрбие беру халық ауыз әдебиетінің мол мұрасымен астасып жатыр.
Жалпы мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде балалардың ой-өрісіне, санасына, туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халық ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ол ескі замандардан бастап беріге дейін көбейіп келген мол дүние.
Зерттеудің жаңалығы: Қазақ халқының өткен ғасырлардан бергі салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары арқылы балаларды ұлттық негізде тәрбиелеу, сонымен қатар халық ауыз әдебиетінде ерлікті дәріптеген, ел қорғаған батырларды бейнелеген аулан түрлі жырлар, толғаулар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздері арқылы балаларды ерлікке және елжандылыққа тәрбиелеуде пайдаланылды. Балаларға ерлік және елжандылық тәрбиесі негіздерін қалыптастырудың педагогикалық мағынасы анықталды.
Зерттеудің ғылыми болжамы -- Егер халқымыздың ұлттық тәрбие негіздерін игерер болсақ, оның тұтас ғылыми жүйесін жасауға болады. Сол мұраларды саралап бүгінгі талап тұрғысынан пайдаланғанда ғана жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардан саналы да дүниетанымы мол ерліктің, елжандылықтың мәнін түсінетін, елжанды ұрпақ тәрбиелеудің мүмкіндігі туады.
Мақсаты: Балабақшада балаларға ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру, оның бір мысалы ретінде ауыз әдебиеті үлгілерін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін тиімді пайдалану, халықтық педагогика тағылымдарын ұштастырудың тиімді жолдарын зерделеу.
Міндеті: Халық педагогикасы арқылы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту; балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі.
Тәжірибиелік база: Арқалық қаласындағы Золотой ключик балабақшасы.
Теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақтың ұлттық ойындары кітабы авторы: Базарбек Төтенаев. Алматы Қайнар баспасы 1994 ж ,
Әмірова Ә. Дәстүрлі тәрбие Әдістемелік құрал.-Алматы:Арда, 2006. Ғаламтор материалдары алынды.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы. Балаларға ұлттық салт-дәстүрлердің құндылығын таныту, соның ішіндегі ғасырдан ғасырға алтын арқау болған тәрбиелік мәнін үлгі ете отырып, оқыту және тәрбиелеу үрдісінде негізге алу. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысында қаралған мәселелерді болашақта мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту және тәрбие шараларында насихаттауға әбден болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктері, Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің әдіс - тәсілдері атты екі тараудан және осы тарауларды ашып көрсететін бөлімдерден тұрады. Қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктері

0.3 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызы

"Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы" дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: "шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз", - дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген [8.1;].
Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайтттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелік принципіне ерекше мән берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта жатқан кезден) бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан-салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: "Ел болу үшін бесігіңді түзе" деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен. Баланың жарық дүниеге келудегі осы жайын ескере келіп, мұндағы ұлттық рәсімдер мен тәлімдік тәсілдерін рет-ретімен жүйелі қолдана білу абзал.
Бала дүниеге келгеннен кейін, оның құрметіне жасалатын кішігірім тойды шілдехана деп атайды. Мұны халқымыз кейде "шілде күзет" деп те атайды. Қазақ ұғымындағы жаңа туған нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап, күзетпесе болмайды. Шілдеханаға көбіне жастар жиналады, олар баланың алдымен анасын ардақтап, ән салып, күй тартады, сөйтіп түнді қуаныш қызықпен өткізеді. Тойға үлкендер жағы қатыспайды, жас нәрестені желеп-жебеу, жын-шайтан перілердің салқынынан қорғап, күзету жастардың міндеті. Шілдехананың көздейтіні ана мен баланы тіл көзден сақтау [8.2].
Жаңа босанған әйел әлденіп, өзіне келген кезде тағы да той жасалады. Бұған жұрт түгел шақырылады, той думан күндіз өткізіледі. Осы тойда құтты болсын айтылады, бата беріледі. Мәселен, "бөбектің бауы берік болсын, өскен сайын өрлесін, еш жамандық көрмесін, өзі жарық күн болсын, жасы ұзақ мың болсын" - дегендей игі тілектер айтылады. Соңғы кезде шілдехана тойы бала туған соң жеті күннен кейін немесе бала қырқынан шыққан соң да өткізіліп жүр. Халық салтында бұл тойда ішімдікке жол бермеу әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс. Қазақ салтында шілдеханамен қосақтаса жүретін тағы бір рәсім бар. Ол кіндік шеше болу салты. Кіндік шеше - нәрестенің кіндігін кескен әйел. Оған сол отбасының нағыз жанашырлары - тақуа, таза, мейірбанды жандар меңзеледі. Ондай кісі өмірден көрген-түйгені мол, тәжірибелі адам болуы керек. Кіндік шеше дәрет алып, жуынып шайынып, таза киініп, кіндік кесетін жабдықтарын күні бұрын даярлайды. Кіндік шеше баланы жөргекке орап алып, әке-шешесінен көрімдік сұрайды. Босанған әйел әбден әл-қуатын жинап кеткенше сол үйдің шаруасына қарап, ана мен балаға қамқоршы болады. Кейін балаға иткөйлек тігіп әкеліп, оның бесігін түзеп, киімінің таза бүтін болуына үнемі қамқорлық жасап жүреді [9;]
Бала дүниеге келгеннен бастап дене, тән тазалық (гигиеналық) тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Айталық, нәрестенің денесі шымыр өсу үшін шомылдырудың рөлі ерекше маңызды. Мәселен, баланы алдымен қалжаға сойылған қой етінін бірінші қайнатылып алынған көбікті суына қосып, ал кейіннен сабыннын көпірмесіне (оған жұқалап кескен құйрық май қосады) шомылдырады. Алғашқы күндері нәрестені түбіттен тоқыған шәліге орайды, ол бала денесіне жабысып, умаждала бастағанда қайтадан қанжылымдай тұзды суға түсіреді. Бұл іс бала қырқынан шыққанша күн ара қайталанады. Былбыраған нәрестенің еті тұзды суға әбден піссе есейгенде мығым, жарақатқа төзімді, тез жазылғыш болып бекиді. Шомылған баланы ақ бәтеске орап, денедегі су құрғасымен-ақ қалампырға қойдың майын қосып, сылайды. Бұл денеге суық тигізбеске себепші болады.
Алты аптадан кейін баланы қырқынан шығарып, бесікке салады, оны бесікке салу рәсімі деп атайды. Бесікке бөлеу онын біршама өсіп, бөбек бола бастағандығының көрінісі. Бұған ең жақын ағайындары, абысын-ажындары жиылып, баланын қарын шашын, тырнағын алады, оған іш киім кигізеді. Бесіктің құрылысы қазақ баласына таныс. Сондықтан, оны тәптіштеп айтып жатпаймыз. Ағаш бесіктің орта тұсында бала несебіне арналған ойық жасалып, оған түбек қойылады. Төсенішке жұмсақ көрпеше не жабағы төселеді. Баланың денесін бес елідей белдеушемен (аяқ бау, қол бау) екі жерден орап танады. Бел ағашына түрлі шылдырмақ, аң-құстын тырнағы, үкі қауырсыны ілінеді. Бұлар онын көңіл - күйін елтіп, көру, есту қабілеттерінің қалыптасуына қолайлы әсер етеді. Ана сәбиін бесіктен шешіп алып, күніне 4-5 рет емізеді. Осы кездері баланың аяқ-қолдарын созып, уқалап, кіші-гірім массаж жасайды, астын құрғатады, түбек пен шүмектігі нәжіс пен зәрді төгіп, жуып-шаяды. Бесіктің бір қолайлы жағы, көшіп-қонған кезде алып жүруге ынғайлы, жеңілдігі. Жаугершілік заманда бесіктегі баланы ат үстінен оп-онай іліп алып, дұшпаннан тез құтылып кететін болған. Бесік - тәрбие-танымның бастау көзі. Бесік тойда негізінен екі шара жүзеге асырылады. Біріншісі - балаға ат қою. Мұны ауылдың беделді азаматы азат шақырып, бала құлағына естіртіп үш рет қайталап атайды. Мұнда біраз ырым-ниет жасалады. Мәселен, ертеректе бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Киікбай, Жаманбай, Итбай, Сасықбай т.б. секілді есімдерді қоятын болған. Кейде белгілі адамдардың (батыр, дінбасы, қолбасшы) аттарын беретін ырым да бар. Бесікке салу рәсімі де той салтанатымен (күрес, жарыс, түрлі, ұлттық ойын т.б.) өткізіледі [8.3].
Бөбек жеті-сегіз айдан соң, алдымен еңбектеп, одан сон қаз-қаз тұрып, біртіндеп жүруге талаптанады. Осы кезде тұсау кесу рәсімі жасалынып, тұсау кесу жыры айтылады. Бөбектің алғаш басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата-анасы өзіне жақын адамдарды жинайды да, аяғы жеңіл, қадамы нық болсын деген ниетпен сыйлы адамға бөбегінін тұсауын кескізеді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың майлы ішегімен байланады. Тұсау кесушіге сый-сияпат көрсетіледі. Әке-шеше, ата-әже бұл рәсімді кіші-гірім той-томалаққа айналдырады. Тұсау кесілген сон баланы ақ жайма не кілем үстімен ақ жол тілеп, жолы жұмсақ болсын деп жүргізіп, тиісті ырым жасайды. Мұндағы айтылатын тілектің кейбірі мынадай:
Қаз-қаз балам,қаз балам,
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз, балам
Құтты болсын қадамың
Алға қарай баса бер
Асулардан аса бер
Тұсау кесу жырының енді бір түрі тәй-тәй деп аталады:
Тәй-тәй, балам, тәй балғын,
Жүре қойшы жәй балғын.
Қарсы сүйем қаз бастың
Қадамыңнан айналдым.
Тәй-тәй-тәй,
Жүре ғой жәй.
Осы рәсімге қатысушылар тәй-тәй, тұсау кесу жырын қосыла айтып, бөбектін алғаш қадам басқанына өуанады, ал бұл жайт балада адамға деген жылы бауырмалдық сезімдерді артып, ілтипат, инабат, имандылық қасиеттерін қалыптастыруға себепші болады [8.4;].

0.4 Ұлттық тәрбие бастауы - халық ауыз әдебиеті үлгілері

Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол- жұмбақ. Жұмбақ деген атына қарағанда жұмудан сияқты. Яғни қолыңды жұмып ішінде не барын айтшы дейсің ғой. Шындығында жұмбақ қолдың жұдырығында жасырынып тұратын зат емес. Ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жанды, жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейінін ұштау, ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.
Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі. А. М. Горький Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес, -дегенді. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша айтылып таралатын болғандықтан, шығармашылық өзріске ұшырап отырады [5;].
Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың өткенін білеміз сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын - бәрі де балаларды отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар өмір тәжірибиесінің қысқаша қорытындысы - мақал-мәтелдер, оған түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар - бәрі де мектепке дейінгі мекемелерде кең пайдаланылатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үндейді.
Сәбилердің ой өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибиелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың таусылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр.
Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын. Бұл туралы ойшыл Абай: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан деген екен [25;].
Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәстүрінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.
Сол себептен де, халық даналығында оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы - өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады. Халқымыздың аса көрнекті ақыны М. Жұмабаевта педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбәр ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті деген Педагогика атты еңбегінде. Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті [6;].
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы - жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар балалар бақшаларында ана тілі сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстарту, сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланылады.
Қазақ халқы бауырында өсірген балапанының бойынан мінез-құлқында, ақыл-парасатынан, жүріс-тұрысынан ең арғысы тілінен бір мүкіс болмас үшін ойын түрін ойлап тапқан - халық ондай ойынның бірін жаңылтпсш деп атайды.
Жаңылтпаш - қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады. Оның атқарар қызметі аз емес. Олар көбіне баланың ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейте түседі. Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түссе оның кекештенбей, тұтықпай еркін, жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуіне көмектеседі. Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі. Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуы тиіс, баланы сөйлете білуі үшін маңызы өте зор.
Ең бастысы жаңылтпаш бала тілін ширатудың қолайлы құралы. Баланың жас кезінде әсіресе 3 жасар кезінде р дыбысын айтуға қиналуы дәлел болады. Осы кезеңде р дыбысы орнына и дыбысын айтады.
Мысалы:
Деген де, ей Тайқарбай, ей Тайқарбай,
Қойыңды мол жусанға жай, Тайқарбай,
Тайқарбай, Марқар байлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?
немесе
Торта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым,
Жорта қойдым.
Бала жаңылтпашты жылдам айтқан кезде р-ның орнына и дыбысын айтып жіберетіндіктен тойта, ойта, Тайқарбай болып шыға келеді. Жаңылтпаштың неңізгі мақсаты баланы әр дыбысты дұрыс айтуға баулиды.
1. Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
2. Қай тай лақтай,
Қай лақ тайлақтай.
3. Тебіншек ат-шегіншек,
Шегіншек ат-тебіншек.
Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінен, өлең түрінде ұйқасымды да құрылады.
Мысалы: Ар жақтағы Құдияр құдам еді,
Ол мені қудаламады,
Мені оны қудаладым, - деп соңғы екі жолын қайталап айтады. Мұндағы мақсат сөздің мәнін, мағынасын бұзбай, әдемі көркем тілде сөйлей білуге баулу [6;].
Тілі енді шығып сөздік қоры қалана, молыға бастаған кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Мұндайда онын тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлету үшін үлкендер бала қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді жиі-жиі жанылыстырмай айтып, жаттықтырса, кейіннен ол мүдірмей сөйлейтін, өз ойын толық, дұрыс әрі нақтылап жкткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттығу арқылы бала ана тілін ардақтап өседі, онда сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамып жетіледі. Тілі жаңа шыққан бөбектер көбінесе р дыбысымен и дыбысын, ш дыбысын с дыбысымен шатастырады. Әсіресе, тілдің алдыңғы ( тіл алды) дірілмен айтылатын р дыбысын айту көптеген бөбектерге қиын соғады. Сондықтан, жаңылтпаштар көбінде сол р, и дыбыстарын қатар айтуына құрылған. Мәселен, осы айтылғанға орай:
Дегенде, әй Тайқарбай,әй Тайқарбай,,
Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай.
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр
Әй Тайқарбай дегенің, қай Тайқарбай?-
деген жолдардағы Тайқарбай сөзін жылдам, қатесіз айтқызып үйретсе, сол сөзді бұрынғысынан гөрі анық, қатесіз айтатын болады. Бұл сайып келгенде сәбидің сөздік қорын қорландыру үшін көп пайдалы.
Ш дыбысы мен с дыбысын шатастырып айтуды түзеу үшін халқымыз:
Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты
Мен шым- шытырмаштамай
Кім шым- шытырмыштайды,-
секілді жаңылтпаштарды ойлап тапқан. Сол сияқты к-к, ж-ш, т-д, ң-н т.б. дыбыстарды шатыстырмай айтуға жаттықтыратын жаңылтпаштар да толып жатыр. Мәселен:
Бөдене бедеде
Көбелек көдеде
Бедені - беде де
Көдені - көде де,-
деу арқылы әрі б, к, л дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырып, сонымен бірге бөдене, беде, көбелек, көде деген сөздердің мән мағынасын ұғындыруды мақсат тұтса:
Кеспе өссін тал
Кеспе өссін тал
Өссе өсімтал,
Өссе өссін тал ,-
деген жаңылтпашта оның табиғатты аялау сезімін оятып, әрі с, т дыбыстарын айқын айтатындай етіп, тілін тез ширатуға болады.
Үш-төрт жасар сәбидің тілін сындыру үшін айтылуы жеңіл, мазмұны қызық, шешімі ой тастайтын мына секілді жаңылтпаштарды қазір де балабақша ұжымдарына ұсынуға болады:
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді,
Суға сақалын мала сілкеді
немесе
Қурайлының жерінде қоңыр
Айғырдың үйірінде бурыл
Қулық қулыңдап жатыр,
Бурыл қулық қулыңдап жатыр.
Осындай жаңылтпаштардың ерекшелігі айтылуы қиын сөздерді тілдің ішкі үйлесіміне сай, бірыңғай не ұяң, не қатаң дыбыстармен келетін тұлғалас сөздермен тіркестіре отырып, қайта- қайта айтқызу арқылы тіл ұстартатындығы. Ал Ти десем- тимейді, тиме десем- тиеді, Жылт- жылт еткен, жылғадан өткен, Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр, Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр бес ешкі, екі қоян, үш түлкі, таба алмасаң бұл күлкі т.б. секілді әуезді жұмбақтар арқылы бала тілін ұштай түсумен қатар, сан алуан, табиғат құбылыстарының (төрт түлік мал, аспан денелері, киім- кешек, жан- жануарлар мен өсімдік дүниесі т.б.) ерекше көзге шалынар қасиет, белгілерін айрықша танып- білуге машықтанады. Сәби өміріне етене жақын ата- әжелерімен қатар жаңылтпаш үйретуге оның әке- шешесі, аға - апалары да қатысады. Олар мазмұны қызық, айтылуы жеңіл, сәбиді тапқырлыққа, өзқі ұйқастыруға шебер болуға баулитын мына сияқты әзілкеш сөйлемшелерді айтып отырса, нұр үстіне нұр. Мәселен, Маржан қоңыз секілді тақпақты жаттап алған сәби, далада ойнап жүрген балалармен қосылып, қоңызды ұстап алып, бәрі қосыла: Ел қайда көшеді!, суды қайдан ішеді!,-деп сан рет қайталап, мәре- сәре болады. Маржан қоңыз жорғалап, ұшуға қомданған кезде, олар:
-Қызым қайда барасың ?
- Ел жайлауға барамын
- Ел жайлауда нең бар?
- Ұшып кеткен құсым бар.
- Дария суды кім ішер?
- Ақсақалды шал ішер,
- Балтаңды алып жүгіріп шық-
деп, ел мына жаққа көшеді екен деген балалар, ұшқан қоңыз артынан тұра жүгіріседі. Балаға жаңылтпаш айтқызып, жаттықтырудың бірнеше әдіс- тәсілдері бар. Алдымен бала үлкендердің айтқан жаңылтпашын жаңылмай, тез - тез айтуға үйренуі керек. Екіншіден, жаңылтпашты бірнеше балаға жарыстыра айтқызуға да болады. Сондай- ақ, олардың қанша жаңылтпаш білетінін байқау үшін жаңылтпаш айту жарысын ұйымдастыру керек. Жаңылтпаштарды жаңылмай айта білуден озып шыққан баланы ынталандырып, мадақтап, сыйлық беріп, мерейін арттыру- ақыл- ой тәрбиесі үшін өте тиімді әдіс [13;].
Жаңылтпаш арқылы тіл ширатудың тәрбиеге қатысты жақтары көп. Мәселен, эстетикалық жаңылтпаштарды әнге қосып айтуға болады. Ол үшін күні бұрын арнайы жоспар жасап, тиісті жаңылтпаштарды топтай білу керек. Тілі мүкіс, логопедиялық дәріс алып жүрген баланы мұндай ойынға қатыстырып, оның сағын сындырудан сақ болған жөн. Жаңылтпаш айтудың психологиялық әсері де ерекше. Мәселен, р дыбысына тілі келіп, сөзді мүдірмей айтуға үйренген баланың қуанышы қойнына сыймай, үлкен өмір өткелінен өткендей оның жан-жүйесі рахатқа бөленгендей болады.
Жаңылтпаштарды тек бөбектердің тілін шығару үшін ғана пайдаланып қоймай, осынау әдебиет үлгісінде үлкендер де ой жарыстырады.
Баланың ақыл-ойын дамытуда жиі қолданылатын әдістің бірі - санамақ. Бұл балаға сан үйрету мақсатымен шығарылған халық тәсілі. Санамақ балаға тек сан үйретіп қоймайды, ол дүниетануға жәрдемдеседі, оның логикасы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Мысалы, атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды да танып-біледі.
Бір дегенім - білеу,
Екі дегенім - егеу,
Үш дегенім - үскі,
Төрт дегенім - төсек,
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім - оймақ,
Он бір - қара жұмбақ.
Мұнда бала бірден он бірге дейін санап үйренумен қатар: білеу, егеу, үскі, төсек, бесік, асық, желке, серке, торқа, оймақ, жұмбақ сөздерінің мән-мағынасына, сыр-сипатына қанығады. Ал мына төмендегі санамақтар арқылы бөбек үй жануарларының қасиетін, ерекшеліктерін танып біледі:
Түйе, бота маң басқан,
Екі аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Мұнда "маң басқан", "шұнақ", "қос-қос" сөздерінің мәнін білгізу көзделеді. Санамақ, сондай-ақ, айтыс кезінде ұйқас сөз табуға, баланың ақындық қабілетін аңғаруға жәрдемдеседі:
Бір - Бетің кір,
Екі - Маңдайыңнан шекі,
Үш - Мені жеңбек күш,
Төрт - Төнбесін өрт.
Бес - Белгілі жерден кес,
Алты - Ата-ананың салты.
Жеті - Жемтік қойдың еті.
Сегіз - Қойыңыз тапсын егіз,
Тоғыз - Топас хайуан доңыз,
Он - Оның кигені тон.
Үйде, отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жаттатып, олармен бірге ойнап, ойын дамыту әр ата-ананың борышы. Санамақ ұйымдастыруда баланың жас ерекшеліктерін ескермесе бомайды. Мәселен, ересектеу балаларға неғұрлым күрделі санамақтарды айтқызып, олардың шешімін мүмкіндігінше, өлең ұйқастарымен айтуды талап етуі қвжет. Санамақтарды бала бақшаға, сондай-ақ төменгі класс оқушыларымен де түрлі формаларда жүргізуге болады.
Ал 5-6 жастағыларға мынадай есептер беруге болады. Үш бала ойыннан кейін үйлеріне қайтып келе жатқанда, бойшаңдау бала серіктерінен: - Үшеумізде де он-оннан асық бар еді ғой. Енді кімде қанша асық қалды? - деп сұрайды. - Онша көп ұтқыза қойған жоқпын, - деп ең кішкенесі екі қалтасына қолын сұғады. - Оң қалтамдағы асықтың біреуін сол қалтама салсам, онда екі қалтамдағы асық теңеледі. Ал егер сол қалтамдағы асықтың біреуін оң қалтама ауыстырсам, сонда осы қалтамдағы асық сол қалтамдағы асықтан 3 есе көп болады. - Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыммен тең екен, - дейді балалардың үлкені. - Ең көп ұтылған мен болдым, менде қалған барлық асық саны сенің түгел ұтып алғаныңның жартысындай екен, - дейді сонда ортаншы бала үлкеніне. Осы мысал ойын біткен соң қай балада қанша асық қалды? - деген сұрауға түрткі болады. Мұның шешуі былай екен: Оң қалтадан бір асықты алып, сол қалтаға салғанда екі қалтадағы асық саны тең болуы, оң қалтадағы асықтар сол қалтадағыдан екеуі артық дегенді білдіреді. Соңғы шарт бойынша, оң қалтадағы сол қалтадағыдан төртеуі артық, демек, оң қалтадағы асық сол қалтадағыдан үш есе артық. Егер сол қалтағы асықты "бір есе" десек, онда оң қалтадағы асық үш есе, бұлардың айырмашылығы екі есе, яғни төрт асық болар еді. Сонда "бір есе" дегеніміз - екі есе асық. Яғни, сол қалтадан бір асықты оң қалтаға ауыстырып салағанда, сол жақ қалтада екі асық, оң қалтада төрт асық болады. Енді әр қалтадағы асықты өз орнында қалды десек, есептің жауабын табу қиын емес. Баланың кішісінің оң қалтасында ойыннан кейін бес асық, сол қалтасында үш асық болған. Үлкен балада он сегіз асық, ортаншы балада төрт асық болған.
Санамақ балаға тек жалаң сан жаттаттыру, төрт амалмен танысу қызметін ғана атқармайды. Ол сәбиге ана тілінің сөздік қорын меңгерту үшін, әр заттың түсін түстеп, атын нақтылап үйретуге де жәрдемдеседі. Мәселен, "Құрмаш" атты ойын үстінде әжесі не атасы немересін алдына алып, бес саусағын түгел атап шығады: бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақ, шынашық. Бұдан соң ұғынықты қабылдауға жеңіл болу үшін әрқайсысына ат қойып, тағы да бүккізіп, жаттатады: бас бармақ, балан үйрек, ортан түйрек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бұдан соң бүгілген саусақтарды шынашақтан бастап, "сен тұр, қойыңа бар, сен тұр түйеңе бар; сен бұр жылқыңа бар; сен тұр сиырыңа бар" деп ал соңғысын "сен әлі жас екенсің, қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр" дейді.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балаларға бидай шаш,
Әжең келсе есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас,
- деп білегін " мына жерде жылқы бар" - деп одан жоғарырақ, "мына жерде түлкі бар" - деп, қолтығына таман түртеді, "мына жерде күлкі бар" - деп қолтығынан қытықтайды, бұған сәби сықылықтап күледі. Осы тақпақты баланың өзіне айтқызып қайталатады [6.2;]
Баланың дүниетану жолындағы жан-жақты ой-өрісін, оның қиялын шарықтататын ойлы сөздің мәйегі - жұмбақ. Ол баланы зеректік пен алғырлыққа, тапқырлық пен парасаттылыққа тәрбиелеуде іздесе таптырмайтын құралы.
Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі - жұмбақ. Халық ауыз әдебиетін зерттеудің негізін салушылардың бірі- ғалым-жазушы М.Әуезов жұмбақтың өнер танытқыштық, тәлім-тәрбие берерлік маңызын көрсете келіп, былай дейді: Сырт қарағанда соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшімен қатар, жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар деген болушы еді. Анығында, бұл теріс болып шықты. Жұмбақтар қазақ халқының арасында әлі тыңнан туып, молайып, дамып келеді. Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану-ғылымдық зор міндет болады.
Жұмбақтың көлеміне кіретіндер: табиғат жайы, адам денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші еңбек процесі, еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады. Әдетте бір затқа жұмбақталған заттың мынадай белгілері, қасиеттері салыстырып, ұқсатылады: бірінші - заттың сыртқы тұлғасы мен түр-түсі; екінші - заттың тұрақты саны мен көлемі (мөлшері); үшінші - заттың көлемі мен қимылы; төртінші - заттың неден жасалатындағы, қайдан шығатындығы; бесінші - заттың дауысы, дыбысы; т.б.
Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі.
Үй-ішіндік ақыл-ой тәрбиесінде жиі қолданылатын әдістердің бірі - жұмбақтар. Бұл нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы бір нәрсенің шешімін таба білуге, оны ойландыру, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізу, белгілі тұжырым жасап, шешімге келу, тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау.
Мәселен, көшпенді халықтың қару-жарағы, найза жөнінде мынадай жұмбақ ұйымдастырылған:
Сүмбіл теректі,
Жасыл желекті
Ерден қалмайды,
Жауға керекті.
Аристотель жұмбақтарды "жан-жақты жымдасқан метафора" деген екен. Демек, жұмбақтар затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түрлеріне, аумағына, көлеміне зер салғызады, баланың әрі заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады. Жұмбақтар көп жағдайда үлесімді, ұйқасы әсем, ырғақты өлеңдерден тұрады. Жұмбақ айтыс түрінде де құрылады. Жұмбақ айтыстарында айтысушының бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі де оның шешуін өлеңмен айтады. Ел ауызында жатталып қалған жұмбақ айтыстар жиі кездеседі. Бірінші айтыскер:
Бір жәндік көрдім аласа,
Түрі басқа тамаша.
Ешбір жанға қосылмай,
Жүреді өзі оңаша...
Ұялады өзі жиырылып,
Тіктеп біреу қараса,
Инемен біздей кірер еді,
Жалымен тіктеп қадаса, - деп, оның шешімін екінші айтыскер былайша тұжырымдайды:
Бұл айтқаның кірпі ғой,
Түктері біздей түрпі ғой.
Түгінің түрі - алаша,
Инедей кірер қадаса.
Өзі ұялшақ дегенің,
Кісі көрсе жиырылып,
Домаланып иіріліп,
Жатып алып, жүрмейді.
Арыстан, аю, жолбарыс,
Алуын оның білмейді.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, айтыскер айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді. Мұнадай жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі шебер құрылуы негізгі шарттың бірі болмақ.
Жұмбақ айтушы неғұрлым көбірек, күрделірек жұмбақтар айтып, шешетін кісіні жеңуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші мүдірмей, айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса, оның өзі де жұмқ айтып ой жарысы қыза, жалғаса түсіп, айтушы мен шешуші өз білімдерін сұрыптай түсетін болады. Кім көбірек жұмбақ айтып (шешімін санап отырады), оны шешетін болса, сол кісі жеңіп шығып, өзінің ақыл-парасатын білімділігін көрсетеді. Кейбір жұмбақтардың шешуі күрделі ой жұмсап, неше түрлі әдіс-тәсілдермен пайдалана білуді қажет етеді. Мұндай жұмбақтарды кез келген кісі бірден шеше алмай қиналады. Мәселен:
Бір тауды мекен қылған екі бөрі,
Төрт бөрі екеуінің қызметкері.
Бәрінің қарап тұрған қарауылы бар,
Білгені айтып берер әңгімені.
Шешуі: Түйе, екі өркеші, төрт аяғы, көзі, мойыны, күйсегені.
Осындай жұмбақтарды шешу баладан ойлай білуді, яғни ақылдың көптеген салаларын (орамдылық пен кенділігі, ұшқырлығы мен тапқырлығы, сыншылдығы, т.б.) қажет етеді. Жұмбақ құрастыруда оны мазмұнымен қатар ұйқасына да ерекше мән беріледі. Жұмбақтардың өзі мен шешімділігіндегі әрбір сөз іріктеліп, ой елегінен өтуі шарт.
Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқылады. Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолдану тиімді.
Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы: Арбаны жұмбақтағанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды.
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының
Тимейді ұшы жерге таяғының
Қолдарын хайуанға арта тастап,
Салады әуезіне баяғының.
Киіз үйді жұмбақ қылғанда, айдаһар тәрізденіп былай сипаттайды: Дүниеде бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ өимылдауға денесінде
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
Кезінде аспанда бұлт болатынын, ол бұлттың әр түрлі болатыны: қою бұлт, ақ бұлт, сұрғылт бұлт олардың қозғалып отыратындығы мұқият бағаланады. Ақша бұлт күні жаңбыр жаумайды, бұлт қоюланғанда, арты нөсер жаңбырға айналатыны сөз болады. Мұның бәрі бөлмедегі табиғат күн тізбесінде шартты белгілермен көрсетіледі [6.3;].
Бұдан кейін бұлт туралы, жаңбыр туралы тақпақтар айтуға болады.
Енді мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер жақсылап тыңдап жауабын беріңдер:
Әдемі түнде
Мен жүрсем, бірге жүреді,
Ол не?
Қане балалар, ойланыңдар.
Балалардың көбі Жаңағы оқыған - Ай туралы,- деп жауап береді. Балаларды осылай жұмбақпен таныстыруға болады. Бұдан кейін мектепке даярлық тобы балаларының өздеріне жұмбақ кештерін ұйымдастырып тұруға болады.
Жұмбақтар: 1)табиғат көріністерін; 2)заттардың, ойыншықтардың қасиеттерін, сынын байқату; 3)сабақты ұйымдастыру кезінде айтуға болады.
Мысалы: сурет салмастан бұрын салынатын зат бақыланады.
Жұмбақ сабақ алдында балалардың көңілін сабаққа аудару мақсатымен де айтылады. Мысалы, тәрбиеші математика сабағында балаларға сағат туралы қғым беру үшін жұмбаққа қосуын болады.
Лүп-лүп соғып жүрегі,
Сол қолында жүреді.
Осылайша жұмбақтарды тізіп айтуға болады. Ең негізгісі жұмбақ баланың тану әлемін, ой-өрісін, білімін тереңдететін, әрбір заттардың неден істеліп, неден пайда болуын, дүниедегі әрбір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жанды-жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қызметін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда қазақ халқы баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.
Баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің жұмбақ түріне негізделіп жүргізілген жұмыс тәжірибе. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады [10;]
Жұмбақтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастыру
Пәндер