Липидтер. Простагландиндер-липидтердің маңызды өкілі


Жоспар
Кіріспе
Простагландиндер-липидтердің маңызды өкілі
Негізгі бөлім
а) Простагландиндер мен тромбоксандар. Лейкотриндер
б) Химиялық табиғаты
с) Линетол. Г дәрумені
д) Әсер ету механизмі.
Қорытынды
Биологиялық маңызы, қызметі.
Пайдаланған әдебиеттер.
Липидтер деп жануарлар және өсімдіктер ұлпаларынан поляр емес еріткіштермен (эфир, хлорофром, бензол, алкандар) экцтракциялап алынатын органикалық заттар қоспасының құрамдас бөліктерін айтады.
Тірі ағзаларда липидтер клетка мембранасының құрылымдық бөліктері болып саналады.
Липидтерге құрылыстары мүлдем әртүрлі заттар жатады:
1. Карбон қышқылдары
2. Үшглицеридтер және глиеолипидтер
3. Фосфолипидтер және гликолипидтер
4. Балауыздар
5. Терпендер
6. Каротиноидтар
7. Стероидтар
8. Простогландиндер
Липидтік қоспа қосылыстарының кейбіреуі сілтінің сулы ертіндісінде гидролизденеді. Бұл процесс сабындану деп аталады. Мұндай липидтер сабындалатын деп аталады. Олар:
1. Карбон қышқылдары
2 . Фосфолипидтер және гликолипидтер
3. Үшглицеридтер және глиеолипидтер
4. Балауыздар
5. Майлар
Сабындалмайтын липидтер -гидролизденбейді.
Олар:
1. Изопреноидтар:
а) терпендер
б) каротиноидтар
в) стероидтар
2. Простогландиндер
Майлар -глицериннің және жоғарғы майлы қышқыладарының күрделі эфирлері, жалпы өрнегі R-C-қаныққан емес қаныққан қышқылдың қалдығы. Ацил табиғатына байланысты қатты майлар (май құрамында қаныққан ацил бар) және сұйық, ие өсімдік майлары (құрамында негізінде қанықпаған ацил бар) болып бөлінеді. Мысалы:сиыр, қой және шошға майлары (күнбағыс, мақта т. б) сұйық майлар.
Майларды гидрлеу процесі-сутектің қанықпаған қышқылдар қалдықтарына қосылуы (қос байланыс бойынша), нәтижеде олар қаныққан қышқылдар қалдықтарына айналады да сұйық майлар қатты майларға ауысады. Катализатор ретінде ұсақ майдаланылған никель қатысады. Майлар құрамдарына кіретін қанықпаған карбон қышқылдары қос байланыс бойынша тотығады. Бұл кезде аса тотығу өнімдері түзіледі. Соңғы кезде құрамында қанықпаған қышқылдары бар майлардың липидтер мен ақсылдар алмасуына гипертония мен атеросклероздың өтуіне тиімді әсері анықталды. Аталған аурулардың алдын алу және емдеу үшін өсімдік майларын және олеин, линол және линолен қышқылдарының этил эфирлерінің қоспасы түріндегі деп аталатын синтетикалық затты қолдану қажет.
Простагландиндер
Простагландиндер өте аз мөлшерде адам және жануарлар ағзаларының барлық жасушаларында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта болады. Простагландиндерді зерттеу 1933ж. бұлшық етті ынталандыру және қан қысымын төмендететін биогенді тұзды физиологиялық белсенді зат анықталған соң кеңнен өріс тапты.
Кейіннен ол простогландин (ПГ) деп аталды, себебі ол қуық түбі безінде түзіледі деп болжамданды (glandula prostata ) . Бұл простогландиннің құрылысы 1962 ж анықталды, ал 1968 ж оны алғаш рет алу мүмкіндігі туды. Қазіргі кезде бірнеше ондаған простогландиндер белгілі. Олардың бірнеше карбоксил тобы бар және молекуласы 20 көміртек атомдарынан тұрады, яғни бұл заттарды эйкозан қышқылының туындылары ретінде қарауға болады.
9 7 5 3 COOH
8 6 4 2
12 14 16 18 C
11 13 15 17
Эйкозан қышқылы
Бірақ, соңғысына қарағанда, простогландиндер өз құрамында циклопентан сақинасына ие, ал сондықтан оларды құрамында бірден үшке дейін көміртек көміртек қос байланыстары, бір не екі гидроксил тобы, ал кейде карбонил тобы бар простан қышқылының туындылары деп те қарастыруға болады.
Бесмүшелі сақинада және бүйір тізбектердегі қос байланыстардың және орынбасарлардың болуына байланысты простагландиндерді А, В, С, Д, Е және Ғ деген әріптермен белгілейді.
Бүйір тізбектегі қос байланыстың санына қарай көрсетілген топтардың әрқайсысы индекстермен белгіленеді серияларға бөлінеді.
Ағзадағы простагландиндердің биосинтезі, ең алдымен архидон қышқылы және т. б. Полиқанықпаған майлы қышқылдардың көмегімен іске асады.
Өте аз мөлшерде простогландиндер адам және жануарлар ағзаларының барлық дерлік жасушаларында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта (0. 3г/г ) болады.
Линетол. Г дәрумені
Қазіргі уақытта құрамында қанықпаған қышқылы болатын майлардың липижтер мен ақуыздар алмасуына, гипертония мен атересклероздың жүруіне оң әсер ететіні анықталды. Сондықтан да мұндай ауруларды емдеу және алдын алу шараларын жүргізу үшін өсімдік майлары мен линетолды пайдалануға кеңес береді. Соңғы зат синтетикалық препарат, ол олеин, линол, әсіресе үстем мөлшердегі линолен қышқылдарының этил эфирлерінің қоспасы болып табылады.
C - (C - CH C - (C - CH = CH - C - CH
O O
C - (C - CH C - (C - CH
-O - O
Олеин қышқылының Линол қышқылының
этил эфирі этил эфирі
Полиқанықпаған майлы қышқылдарды шартты түрде «Г дәрумені» тобына біріктіреді. Өсімдік майында кездесетін көміртек атомы 18 және 20 болатын қанықпаған майлы қышқылдары липидтердің (атап айтқанда, холестериннің ) алмасу процесіне өте қажет.
Г дәруменінің химиялық құрамы.
Г дәруменінің құрамына линол ( ), линолен ( ) және арахидон қышқылдары ( ) енеді.
Г дәруменінің биологиялық маңызы.
Г дәрумені суда еритін дәрумендердің әсерін арттырады. Ұлпаларда Г дәруменінен простогландиндер түзіледі.
Простогландиндер ( гормондар тобы ) бұлшық етке, жүрек тамырларына әсер етеді, жүкті әйелдерге тез әрі жеңіл босануына әсер ететін гормон.
Простагландиндер мен тромбоксандар.
Простагландиндер -жоғары активті органикалық заттар, олар бір жерде әсер ететін гормондар. Бұл гормондарды
30жылдары ең алғаш швед ғалымы У. Эйлер тапты.
Ол адам спермасында, бұлшық еттің жиырылуында
жағдай жасай алатын және қан қысымын төмендететін
зат бар екен айтады. Оның простагландин деп
аталу себебі ол ең алғаш қуық түбі безінің ұрықтық сұйық
затынан бөліп алынды.
Лейкотриндер дегеніміз-бір қатар физиологиялық процестер үшін қуатты биореттеуші, асқазан ішек жолындағы біртегіс бұлшық еттерді активті жиырылтады, журекке әсер етеді, жүрек тамырларын қатты жиырылтады. Простагландиндер, тромбоксандар, прстациклиндер және лейкотриендердің биохимиялық процестердің осы бір қуатты реттеушілердің атқаратын қызметіне жасалған қысқаша шолудан полиқанықпаған май қышқылдарының, ең алдымен арахидон қышқылының қаншалықты маңызды екені байқалды.
Химиялық табиғаты
Қазіргі кезде 20шамасындай простагландиндер белгілі. Олардың бәрі полианқанықпаған арахидон қышқылының туындысы молекуласында 20көміртегі атомдары және төрт қос байланысы бар. ПГ клетка мембранасыданда алты заттан түзіледі, ол зат фосфолипаза көмегімен фосфолипидтерден бөлініп шығады. ПГ дегеніміз-полиқанықпаған гидроксимай қышқылы.
Әсер ету механизмі
ПГ өзінің рецепторларымен клетка мембранасында байланысады және циклдық АМФ пен ГМФ синтезін реттеу арқылы әр түрлі биохимиялық әсер береді. Мұндай әсер өз кезінде белок құрамының құрылуына жағдай жасайды. ПГ клетка мембраналарындағы кальций иондарының тасмалына әсер етеді.
... жалғасыБиологиялық маңызы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz