Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері


Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау. Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері.
- Ахмет Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы.
- Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі.
ІІ тарау. А. Байтұрсыновтың тәлімдік ой - пікірлерін оқу - тәрбие үрдісіне енгізу мәселелері
2. 1. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары және оның тәлімдік мүмкіндіктері
2. 2 Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық ой - пікірлерінің бастауыш сынып мұғалімінің қалыптасуына әсері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тәрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт - дәстүр, тарих, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп, жалпы білім берудің әлемдік стандартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда.
Қоғамымызда болып жатқан экономикалық, саяси - әлеуметтік жағдайлар қазақ халқының тарихи дамуына байланысты жастарымызды ұлттық озық дәстүр, өнеге тағылымы негізінде тәрбиелеуге мүмкіндік туғызып отыр.
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу», «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» атты жарлықтарында кезінде асыра сілтеу мен зұлматтың зардабына ұшыраған қазақ зиялы қауымының мұрасын қалпына келтіріп, оны бүгінгі қазақ халқының жасап жатқан тарих тағылымдарымен сабақтастыра отырып жалғастыру көзделген.
«Қазақстан Республикасындағы мәдени - этникалық білім беру» тұжырымдамасында :
«Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту, елімізде асқақ руханият пен азаматтықты өркендету үшін бүкіл Қазақстандықтардың күш - жігерін жұмылдыруға қажетті құбылыстың бірі - республикада тұратын ұлттар мен ұлыстардың мәдени - этникалық мүдделерін жүзеге асырудың ықпалды мемлекеттік саясаты болып табылады. Қай халық үшін де барынша маңызды осынау міндет - шынайы мәдени - этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық тектестікті сақтау міндеті ең алдымен мектеппен байланысты», - деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда ұлттық мұраларды, оның ішінде ХХ
ғасыр басындағы қазақ зиялылары өмірлерінің тәлімдік мүмкіндіктерін оқушы бойына қалыптастырудың мәні зор.
Елім деп еңіреп өткен ұлы перзенттерінің өмірі арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Себебі, қазақ халқының тарихи даму үрдісіне зер салатын болсақ, әр дәуірдің, әр ғасырдың қоғамдық - тарихи дамуына байланысты ірі қайраткерлердің болғанын көреміз. Мәселен, қазақ деген ат әлі белгісіз болып тұрған кезде Түркі қағанаты тұсында Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т. б. одан бері қарай әл - Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Алтын Орда тұсында Ер Едіге, Ер Қосай, ал ХІХ ғасырда Абай, Ыбырай сияқты ойшылдар жарқырады.
Біздің зерттеуімізге нысана болып отырған ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой - пікірлердің қалыптасып дамуына өзіндік үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болып отыр. Аталған кезеңде қазақ халқының өмірі көптеген тарихи оқиғаларға толы еді. Бұл біріншіден, Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатының күшейген кезі болса, екіншіден, Ресейдегі ұлт - азаттық қозғалыстар қазақ халқына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ . . .
Осындай саяси - демократиялық идеялардың ықпалынан ХХ ғасырдың басында қазақтың бір топ шоқ жұлдыздары: Ә. Бөкейханоы, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов тарих сахнасына жарқырап шықты. Бұлар ХХ ғасырдың басында ұлттық сезіммен рухтанған зиялы қауым болды. Олар ұлттық дініміз бен тіліміздің, мәдениетіміз бен өнеріміздің дамып, қалыптасуына белсене ат салысты. Сондай ғұламалардың бірі - Ахмет Байтұрсынов еді. Ғалымның мұраларын саралап санай берсек, оның ұлттық педагогикаға да қосқан іргелі үлесін көреміз.
Артында мол тәрбиелік мұра қалдырған энциклопедист - ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми - педагогикалық, әдістемелік тұрғыда А. Қыдыршаевтың «А. Байтұрсыновтың әдістемесі» атты ғылыми - зерттеу жұмысында ағартушының қазақ тілінің әдістемесіне қосқан үлестері, тіл білімін дамытудағы орны ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р. Б. Үсембаеваның« А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгаршілікке тәрбиелеу» атты ғылыми - зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасай келе, бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған.
Ал, ғалымның еңбектерінің әр салада зерттелу жайы қазіргі кезде біршама жақсы жолға қойылған. Мәселен, тарих ғылымы бойынша М. Қойгелдиев, М. Қозыбаев, Т. Омарбеков, Ә. Тәкенов, Қ. Нұрпейіс т. б. филология саласы бойынша Р. Сыздықова, Р. Нұрғали, Қ. Құсайынов, Мектепов, Ө. Айтбаев, Т. Қордабаев, Б. Қойшыбаев, К. Суханбердина, Ғ. Құрманбаева т. б, пәлсапа саласы бойынша Ж. Алтаев, А. Қасымжанов, А. Қасақбаев, О. Сегізбаев т. б., педагогика және психология саласы бойынша С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, Н. Іргебаева, т. б. еңбектерінде А. Байтұрсыновтың артына қалдырған мұрасын жан - жақты зерттей отырып, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану жолдары көрсетілген.
Біздің зерттеу нысанамызға алып отырған Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы, оның ішінде бастауыш буынға арналған білім мен тәрбие беру мәселесі ғылыми педагогикалық тұрғыда зерттелуде және Қазақстан педагогикасы тарихынан заңды орын алды. Сол себепті әдістемелік тұрғыдан зерттеу бұл көтеріліп отырған мәселенің өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу обьектісі: ХХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық ой - пікірлердің даму үрдісі.
Зерттеу пәні: Ахмет Байтұрсыновтың тәлімдік ой - пікірлерін бастауыш сыныпта оқу - тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдары.
Зерттеу мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық - ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеу, оның тәрбиелік бағыттағы еңбектерін бастауыш мектептің оқу - тәрбие үрдісіндегі құндылықтарын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- А. Байтұрсыновтың еңбектеріндегі қоғамдық - педагогикалық көзқарастарға ғылыми- теориялық тұрғыда талдау жасау;
- А. Байтұрсынов пен Ы. Алтынсариннің педагогикалық ой - пікірлерінің өзара үндестігін айқындау:
- А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасының Қазақстан педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін саралап көрсету;
- А. Байтұрсыновтың тәрбиелік бағыттағы еңбектерін бастауыш сыныпта оқу - тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемелік маңыздылығын анықтау.
Зерттеудің болжамы:
Егер Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары оқушылар қалыптасады.
Зерттеудің ғылыми - әдіснамалық негізі:
- Ахмет Байтұрсыновтың мұраларын зерттеуге байланысты философ, тарихшы, педагог, психологтардың еңбектері;
-А. Байтұрсынов еңбектеріне деген әр тарихи кезеңдердегі көзқарастар;
- ҚР Білім туралы Заңы, ҚР Тіл туралы Заңы, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар, оқу жоспарлары.
Зерттеудің көздері:
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық оқу - ағарту, білім беру салалары бойынша жарияланған педагог, психолог, тарихшы, философ, филолог ғалымдардың ғылыми еңбектері, тұжырымдары; ҚР президенті мен Үкіметінің қаулылары.
Зерттеу әдістері:
- А. Байтұрсынов туралы деректермен танысу, жинақтау, қорыту және жүйелеу, салыстырмалы талдау жасау;
- Сирек кездесетін қордағы тарихи, педагогикалық еңбектерді іріктеу, тұжырымдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- А. Байтұрсыновтың еңбектеріндегі қоғамдық педагогикалық көзқарастарға ғылыми - теориялық талдау жасалынды;
- ХІХ аяғы ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой - пікірлердің үндестігі сараланды;
- А. Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасының Қазақстандық педагогикалық ой - пікірлердің дамуына қосқан үлесі айқындалды;
- А. Байтұрсыновтың құнды педагогикалық ой - пікірлерін бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға пайдаланудың тиімді жолдары, әдістері мен тәсілдері анықталды.
І тарау. Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері.
- Ахмет Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы.
Ахмет Байтұсынов мұраларын зерттеуді қоғамның дамуына байланысты үш кезеңге бөліп жіктеуге болады.
Біріншіден, Ахмет Байтұрсыновтың көзі тірі кезінде еңбектерінің жариялануы және оған деге сол кезеңдегі көзқарастар, яғни ғалым туралы объективті бағалауға тырысқан мақалалардың, еңбектердің жарық көру кезеңі.
Екншіден, Ахмет Байтұрсыновтың репрессияға ұшыраған кезеңінен аяқталғанға дейінгі уақыттағы (кеңестік дәуірдегі) ол туралы көзқарас- пікірлер. Ол 1937-1980 жылдар аралығында уақытты қамтиды, яғни ағартушыны негізсіз қаралау, айыптау түріндегі еңбектердің жариялануы.
Үшіншіден, еліміз егемендік алғаннан кейінгі ғалым еңбектерінің жарық көруі және оның ғылыми тұрғыда зерттелуі жайы. Әсіресе, Қ. Нұрпейісов, М. Қозыбаев, Т. Омарбеков, Ә. Тәкенов сынды тарихшы ғалымдар өздерінің зерттеу еңбектерінде Ахмет Байтұрсыновтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ұлттық баспасөздің «Алаш»партиясын ықпалына ерекше тоқталып, айқындады.
Ахмет Байтұрсыновтың : « . . . газет - халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа сондай керек . . . жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», - деп газеттің қазақ халқына тигізер атап пайдасын көрсетеді . Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов негізін салған «Қазақ» газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті, өнері мен тарихын, шаруашылық кәсібін, тұрмыс - тіршілігін насихаттаумен бірге, ұлттық зиялы қауымның дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырды.
Сол кездердегі«Қазақ»газетінің беттерінде жарияланған мақалаларға талдау жасасақ, Ресей мемлекетінде болып жатқан саяси партиялар мен ағымдар. Олардың ұстанған бағыттары, қазақ зиялыларының ол мәселелерге көзқарасы айқын байқалды.
ХХ ғасырдың басы - Ресей империясының Қазақстанды өз отарына айналдыруды күшейтіп, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиленіскен шағы еді. Тура осы кезеңде отарлап отырған Ресей империясын өзінде де көптеген тартыстар, саяси қозғалыстар өрбіді, халықтың жаппай толқулары болды, оның ұшқыны қазақ еліне де әсер етпей қоймады. Осындай белең алған саяси толқуларға қазақтың зиялы қауымы белсене араласты. Мәселен, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағат деректеріне жүгінсек, 1917 жылғы 12-26 шілдеде Орынборда өткен Бүкіл - қазақтық ІІ съезде құрылған «Алаш»партиясының негізін салуға Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Бүкіл- қазақтық ІІ съезде құрылған «Алаш»партиясының бағдарламасын талқылауға Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, Х. Ғаббасов, А. Сейітов бастаған ондаған зиялы азаматтар белсене ат салысып, өзіндік үлес қосты. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов осы зиялы қауымның көшбасшы көсемдері болған.
«Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген - Ахмет Байтұрсынов», - деп Қ. Мұхаметқанов атап көрсеткендей, Ахмет Байтұрсынов Ыбырай негізін салған идеяларды жалғастырушы болды. Олардың идеяларының үндестігін шығармаларынан, әңгіме, өлең, мысалдарынан, этнографиялық еңбектерінен, ғылыми мақалаларының мазмұнын анық байқаймыз. Мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу жайы»атты мақаласында қай халықтың болмасын ілгері басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін дәлелдеді.
«Дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген ғылым. Осыларды істеп отырған жұттың бәрі де сондай болмаған. Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен» - деген пікірі де Ыбырай Алтынсариннің «Өнер -білім бар жұрттар» атты өлең жолдарындағы идеямен мазмұндас.
Ахмет Байтұрсынов осы мақаласында : «шебер маман, сайлы мектеп, сәйкес бағдарлама, оқыту жайын дұрыс үйретіп, маман даярлайтын оқу орны - педучилищелер жоқ», - деп дабыл қағады. Мектеп, орта және жоғары оқу орындарын ашу керек, оларды дамыту, қаржыландыру мәселесін «Қазақ газеті үнемі көтеріп, жұртқа жол көрсетіп отырады», - деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін де білдіреді.
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов «Бастауыш мектеп»атты мақаласын да Ресей үкіметінің орыстардың саясатының бет - пердесін аша келе, «үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі өз дінін, тілі, жазуының сақталуы. Солай ойлағанда көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау», - деп бастауыш мектептің бес жылдық болуын, қазақ халқының көшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерді келіп оқитын және жатып оқитындай етіп құруды, қыр мектептері мен қала мектептері ерекшеліктерін ескере ұйымдастыруы талап етті. Артына осындай ұмытпас мол мұра қалдырған, қазақ халқының болашағын ойлаған ағартушы, энцеклопедист-ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми - педагогикалық, әдістемелік тұрғыда А. Қыдыршаевтың «Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі»атты ғылыми - зерттеу жұмысында ағартушының қазақ тілінің әдістемесіне қосқан үлестері, тіл білімін дамытудағы орны ерекше екендігін талдаған. Сонымен қатар, Р. Б. Үсенбаеваның «Ахмет Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушылары адамгершілікке тәрбиелеу» атты ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасай келе, бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған.
Ал, ғалымның еңбектерінің әр слада зерттелуі жайы қазіргі кезде біршама жақсы жолға қойылған. Мәселен, тарих ғылымы бойынша М. Қойкелдиев, М. Қозыбаев, Т. Өмірбеков, Ә. Тәкенов, Қ. Нұрпейісов тағы басқа филология саласы бойынша Р. Сыздықова, Р. Нұрғалиев, Қ. Құсайынов, А. Мектепов, Ө. Айтбаев, Т. Қордабаев, Б. Қойшыбаев, У. Сухамбердинов т. б пәлсапа саласы бойынша Ж. Алтаев, А. Қасымжанов, А. Қасабеков, О. Сегізбаев т. б педагогика және психология саласы бойынша С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, Н. Іргебаева т. б еңбектерінде Ахмет Байтұрсыновтың жан-жақты зерттей отырып, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану жолдары көрсетілген.
Газет мақалаларымен қатар «Труды общества изучения Киргизского края»атты жинақта оның өмірі мен қызметін, тіл зерттеудегі еңбегі мен табыстарын жақсы баяндаған М. Дулатов пен Е. Омаровтың мақалалары қалың жұртшылыққа ұсынылды. Қазір де айтылып жатқан Ахмет Байұрсыновтың мәліметтері негізінен М. Дулатовтың «Ахмет Байтурсынович Байтурсынов (Биографический очерк) » деген көлемді әр көп деректері бар мақаласынан алынып отыр.
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы деректер А. Б. Луначарскийдің жауапты редакторлығымен 1929-1931 жылдары шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» І томында берілген және осы кітаптың Y томында «Казахскиий алфавит» деген кесте беріліп, онда бұл алфавитті «А. Байтурсыновский алфавит» деп көрсетеді.
Баспасөз бен жинақтарда және энциклопедияларда жарияланған бұл материалдың барлығында да Ахмет Байтұрсыновтың оқу-ағарту, ғылым, әдебиет, мәдениет майданындағы орны ерекше екендігі, көп ретте тыңнан жол салған көш бастар болғандығы және қазақ қауымына беделі күшті, абыройы биік болып келе жатқандығы айтылады.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі мен қазақ филологиясы саласындағы еңбегі репрессиялардан кейінгі кезеңдердің өзінде де кейде ашық, кейде тұспалдап жоғары бағаланып келді.
Академик-жазушы Ғабит Мүсірепов «Осы ғасырдың басында тұңғыш әліппеміз жасалды» деп /1/ жазғанда, ол айтып отырғаны Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі еді. Есімі дүние жүзіне мәлім аса беделді түрколог академик А. Н. Кононов Қазан революциясына дейінгі Отандық түркологтардың биобиблиографиялық сөздігін /көрсеткішін/ жасағанда, Ахмет Байтұрсыновты Отандық түркологтардың қатарында көрсетеді де, оны «жетілдірілген қазақ алфавитін жасаушы, қазақ тілінің фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін зерттеп, оқулықтарын түзуші, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихын зерттеуші» деп танытады. Демек, Кеңес Одағына, тіпті бүкіл дүние жүзіне тараған бұл құнды көрсеткішті пайдаланушылар Ахмет Байтұрсыновты революцияға дейінгі Ресей түркологтарының бірі деп біледі және бұл кітап шыққаннан бергі уақыттың ішінде ондағы осы мәліметпен таным бағаны ешкім жоққа шығарған жоқ.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымының отауын тігудегі еңбегі - өз алдына шертілетін байтақ әңгіме. 1974 жылы Мәскеу қаласында шығыс әдебиеті бас редакциясы «библиографический словарь отечественных тюркологов» деген кітап шығарғаны бәріміздің есімізде. Сол кітапта атақты түрколог, академик А. Н. Кононов Ахмет Байтұрсыновтың тіл ғылымы саласындағы еңбегін былай деп бағалайды: Ахмет Байтұрсынов -«арап»алфавиті негізінде жасалған қазақ әліппесінің жетілдірілген түрінің авторы. Ол қазақ тілнің фонетикасы мен грамматикасын зерттеген. Қазақ әдебиеті мен тарихын жазған.
Қазіргі қазақ тілі ғылымының жетекші білгірлері Әбдуәли Хайдаро пен Рәбиға Сыздықованың бағалауынша Ахмет Батұрсынов қазақ тіл білімінің іргетасын қалаған тұңғыш лингвист-ғалым.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ мектептеріне арналған тұңғыш оқулықтар жасаудағы еңбегі өз алдына бір төбе. Олар «Оқу құралы», «Әліп -би », «Тіл құралы», «Тіл жұмсар», т. б.
Белгілі әдебиетші ғалым Қ. Мұхамедханов Ахмет Байтұрсыновтың оқулықтарын негізінде ашқан екен. Соны есіне ала отырып, олАхмет Байтұрсынов кітабын құлшынып, құныға оқығандарын ерекше ілтипатпен жазады. Оның «Оқу құралынан» алған мына бір жерінен көз жүгіртіп көрелік:
«Кітап оқуға жеңіл, тілі ұғымды, баланы қызықтырып, ынталандырып, баурап әкетеді. Туысқан -туған қалай аталады, киім-кешек, ойын-ойыншықтар, тамақ, сусын, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал аттары, малдан басқа төрт аятылар, құстар, бақа-шаян, құрт-*құмырсқа, жер аттары, сан . . . - осының бәріне үйретеді. ».
Бұдан әріҚ. Мұхамедханов оқулықтағы әңгімелердің дидактикалық мәніне тоқталады. «Әр әңгіменің соңында деп жазады ол, -ьобықтай түйіні мақал болатын. Мысалы, «Өтірікші тышқан» әңгімесінің қорытындысы: «қол жетпеген қорлаушылық», «Ата насихаты»әңгімесі: «тірліктің күші - бірлікте»деп қорытылатын. ».
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен оның туғанына елу жыл толу меретой тұсында жарияланды. «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде» /Орынбор, 1922/ орыс тілінде екі мақала басылды. Ахмет Байтұрсыновтың мақаласындағы тарихи деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда Ахмет Байтұрсынов жазған авторларын бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан -алуан эволюциясы жан-жақты ашып берілген. Ал, екінші мақала Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында саралауға арналған.
Мәскекуде 1929 жылы «Коммунистік академия» баспасынан шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» І томында /300-306 беттер/
Ахмет Байтұрсынов «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы . . . Ол - қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматикалық және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деп бағаланып, негізгі өмірбаяны берілді, қоғамдық -әлеуметтік қызметі айтылады.
Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде, жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, қайта құру рухына орайлас пікір - тұжырымды жігіт-желең, жиырма бес- жиырма алтыдағылар балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың: «Ахмет Байтұрсынов ашқан қазақ мектебі, Ахмет түрлеген ана тілі, Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істері болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығында ешкім дауласпайды. » /2/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz