Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы



Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда. Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады. Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы. Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б. Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көп конфессиялы елдер қатарына жатады. Тәуелсіз Қазақстанның реформаторлық практикалық дәуірінің кезеңі 90-жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік саясаттың ұлтаралық ынтымақтастық пен ішкі тұрақтылыққа қарай бағдар ұстауға көшумен сипатталады. Үкіметтің мәдени саясаты 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тиесілігін қалыптастыру концепциясын ұсынды. 1995 жылдың наурыз айында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы
Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда. Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады. Консолидация -- тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. Ассимиляция -- көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы. Интеграция -- тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б. Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті -- ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де көп этносты және көп конфессиялы елдер қатарына жатады. Тәуелсіз Қазақстанның реформаторлық практикалық дәуірінің кезеңі 90-жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік саясаттың ұлтаралық ынтымақтастық пен ішкі тұрақтылыққа қарай бағдар ұстауға көшумен сипатталады. Үкіметтің мәдени саясаты 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тиесілігін қалыптастыру концепциясын ұсынды. 1995 жылдың наурыз айында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлесімділік, миграция мәселелері мен сыртқы байланыстар, ұлттық саясат концепцияларын дайындау, сонымен қатар, ұлттық мәдени орталықтар мен кіші ассамблеялар істері мен мәселелері жөнінде комиссиялар құрылды. Елімізде біртұтас әлеуметтік мәдени кеңістік қалыптастыру азаматтық идентификация мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл мәселенің туындау буыны қатпаған жас мемлекетіміздің геосаяси және ішкі этномәдени мәселелерімен байланысты болды. Белгілі американдық ғалым С.Хантингтон болашақтағы өркениеттер қақтығысы барысында ыдырайтын мемлекеттер қатарына -- Түркия, Мексика және Ресейді жатқызады. Бұл дезинтеграцияның себебі ретінде геосаяси жағдайымен қатар ішкі мәдени өртектілігі айтылады. Бұл теорияға сүйенер болсақ американдықтың назарынан тыс қалған Қазақстан бұл қақтығыстың ең қауіпті аймағында тұр. Егер біз қазақтарды ресми түрде түрік өркениетінің құрамдас бөлігі деп қарастырар болсақ, оның территориясын оңтүстіктен ислам әлемі, оңтүстік-шығысынан конфуциандық және солтүстік-батысынан православиелік суперөркениеттер қоршап жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының I сессиясында ұлттық мәселенің шешімін халықтар арасындағы татулық пен сенімді нығайту арқылы табуға болатынын, біздің басты бағытымыз ымыраға келтіретін жолдарды іздестіру және біріктіретін бастамаларды нығайту арқылы барлық ұлттық топтарды дамыту ісіне негізделуге тиіс екенін атап көрсетті. Ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлі ұлттық топтар мүддесін ескеруге байланысты. Ең бастысы -- осы мүдделердің үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы өте күрделі. Ол өз тарапынан саяси жағдайға ықпалын тигізбей қоймайды. Республикада бүкіл қазақтың 80 пайызға жуығы тұрып жатқанымен, негізі этнос -- қазақтар ел халқының абсолютті көпшілігін құрамайды. Орыстардың, немістердің, украиндықтардың тысқа көшіп кетуімен олардың үлес салмағы азайса, оралмандардың елге оралуына байланысты қазақтардың миграциялық қалыпты сальдосының өсуі байқалады. Қазақстандағы мұңдай демографиялық ахуалдың қалыптасуы белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша солтүстік батыстан ағылған төмендегі миграциялық ағындармен байланысты болса, олардың тарихи хронологиясына жүгінейік: 1) қазақстанның солтүстік-батыс аймақтарыңда бастапқы қазақтардың қоныс тебуі 200 мың адам, яғни XVII ғ. бастап - өлкені отарлаудың басталуы; 2) қазақстан территориясыңда отарлау линиялары бойында (Горький, Ертіс, Жайық линиялары) әскери бекіністерді салу және ол жерлерге жазалаушы әскерді жанұяларымен қоса қоныстандыру (125 мың адам XVIII); 3) Ресейдің еуропалық бөлігінен Дала өлкесінің шұрайлы жерлеріне шаруалар мен переселеңдерді жаппай қоныстандыру (XX ғасырдың басына дейін, Столыпиннің жер реформасын қоса жалпы көлемі 1 млн. 150 мың адам); 4) Ресейдің ішкі бөлігінен ауған діни қуғындалушылар -староверлер, кержактар және баптястер (150 мың адам, XIX ғ. арты -- XX ғ. басы); 5) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тәркілендіру барысында кедейленген депортанттар (250 мың адам, XX ғ. 20-30-жыддары); 6) Азамат соғысы жылдарында Сібір, Орал және Волга аймағынан келген әскери жалдамалылар (100 мың адам); 7) Индустрияландыру жылдары маман жинақтауды ұйымдастыру барысында келгендер (1 млн. 250 мың адам XXI ғ. 30-жылдары); 8) Ұлы Отан соғысы қарсаңында және барысында зорлықпен жер аударылған халықтар (1 млн. 300 мың адам, 1939-1945 жыддары); 9) Соғыс жылдарында оккупацияланған аудаңдардан эвакуацияланған адамдар (350 мың адам, 1941-1945 жылдар); 10) Тың игеруге өз еркімен келген "патриоттар" (1 млн. 950 мың адам, 1954-1959 жылдар); 11) "Ұйымдаспаған" стихиялық миграциялық ағымның нәтижесінде тұрғылықты көшіп-келгендер (1 млн. адам, 70 жылдардың басына дейін); 12) Жабық әскери қалашықтардағы "стратегиялық тұрғындар" (250 мың адам, 1946 жылдан 1991 жылға дейін). 13) "Екпінді" Бүкілодақтық құрылыстарға еңбек ресурстарының ведомствалық миграциясы (200 мың адам, 1999 жылға дейін); 14) Жаңа игерілген кен орындарындағы соңғы вахтовиктер (50 мың адам, 1986-1991 жылдар, демографиялық экспансияның ақыры); 15) Закавказье мен Орта Азиядағы азамат соғыстары кезіндегі әскери және этникалық босқындар және Балтық бойы мен Молдовадан келген азаматтық мигранттар (75 мың адам, 1989-1993 жыддар). Осындай тарихи себептермен Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекетке айналуы оның лоликонфессионалдық сипатын да айқындайды. Кейінгі кеңестік мемлекеттерде діннің құңдылықтық статусының өзгеруі идеологиялық климаттың ауысуына алып келді. Діндарлық өсуіне саяси, этно-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-этикалық факторлар мен демографиялық процестер ықпалын тигізді. Қазақстан халықтарының тарихи даму ерекшеліктері оның алуан дінділік тұрпатын туғызды: қазақтар, татарлар, ұйғырлар, дүнғандар және т.б. -- ислам дінін ұстанса, православтарға -- орыстар, украиндер, белорустар, протестанттарға -- немістер мен орыстар, католиктерге -- немістер мен поляктар жатады. Қазіргі демографиялық мәлімет бойынша Қазақстан аумағынан тыс жерлерде 4,5 млн.ға жуық қазақ өмір сүреді, атажұртына түбегейлі қоныстануға ынталы жандар аз емес. Олар тек еліміз тарапынан белгіленген кедергімен шектелуде. Шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшіріп әкелудің бүгінгі қарқынын ең жоғарғы ауызша белгіленген деңгейімен және сырттағы қазақтардың сандық өсімін қоспай қазіргі мәліметтермен есептейтін болсақ, онда көші-қон үрдісі әлі де 60 жылға, ал бүгінгі қоныс аударудың санымен 4 ғасырға созылатындығын көрсетеді. Сөйте тұра мемлекеттік квотаның толығымен орындалмай отырғаны көші-қон үдерісін одан әрі күрделендіре түсетіндігін, әлі күнге дейін оны жүйелі түрде реттеудің, басқарудың, жүзеге асырудың нақты механизмдерінің жетілгендігін көрсетеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайында сөйлеген сөзінде шетелдерден 2003 ж. 5000 отбасыға, 2004 ж. 10 000 отбасыға, 2005 ж. 15 мың отбасыға көшіп келу квотасы бөлінгендігін айтады. Демек көші-қон үдерісі Қазақстан саясатындағы күн тәртібінен түспейтін, жетілуді талап етуші, ең маңызды мәселенің бірі болып қалып отырады. Республиканың этникалық көрінісі соңғы жылдарда жас мемлекеттің қалыптасуы барысында маңызды өзгерістерге ұшырауда. Ең алдымен бұл, үлкен көшу-қону легінің теріс сальдосынан туындайтын этнодемографиялық жағдайдың өзгеруі дейміз. Республикадан кететіндер саны күрт өсіп отыр. Олардың көпшілігі орыс, неміс және украин ұлттарының өкілдері. Соңғы жеті жыл ішінде қоныс аударған орыстардың орташа саны жылына 153,9 мың адамды құрады және қоныс аударудың ең жоғары қарқыны 1994 жылдың үлесіне тиді, онда қоныс аударушылардың саны 283,2 мың адамға жетті. Украиндар бойынша мәлімет мынадай көрініс алды: бір жылдың ішінде қоныс аударғандардың орташа саны -- 22,5 мың адам, ең жоғарғы көрсеткіш -- 1994 ж. (36,9 мың адам). Немістер арасыңда қоныс аударушылар саны жылына 4,9 мың адамға жетті, 1992 ж. ең көп қоныс аударды (99,6 мың адам). 1996-1997 жылдары көшу-қону мәселесі біршама тұрақтанды, тіпті қайта оралу сәттері жиі кездесетін болды. Этносаралық жағдайдың шиеленісуі, ал соған байланысты тұрғын халықтың негізінен қазақтан өзгелерінің басқа жаққа қоныс аударуы, қоғамдағы экономикалық және саяси-әлеуметтік реформалау нәтижесінде пайда болған өзгерістермен байланысты. Кеңес жүйесінің ұлттық қатынастар мәселесіндегі әрекет ету нәтижелерінің бірі -- Қазақстан қоғамының қанағаттанғысыз этноәлеуметтік құрылымы. Қазақтың көпшілігі мекендеген аймақтарға біржақты экономикалық инфрақұрылым басым және экологиялық проблемалары көп аймаққа батыс жөне оңтүстік облыстары жатады. Екі облыстан басқасында (Қызылорда және Атырау) негізгі этностың үлесі облыстар бойынша 20 пайыздан 65 пайызды құрайды. Сонымен қатар 8 облыста (солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс) және Алматыда орыстар этникалық көпшілікті құрайды. Еліміздің жұмыспен қамтылған халқы ішінде де көпшілігі орыстар -- 40 пайыз. Сонымен қатар орыстардың 51 пайызы қала тұрғындары, ауылда -- 19 пайызы тұрады, ал жұмыспен қамтылған ауыл тұрғындарының 57 пайызы қазақтар. Егемендікке ие болып және ұлттық ұқсастық айқыңдалып, экономикалық және әлеуметтік жіктелу басталысымен, ресоциализация бір-бірімен қарым-қатынаста болған этникалық топтардың әлеуметтік-статустық жағдайының күрт өзгеруіне алып келуі тиіс болатын. Енді қазақ этносының қозғалысқа келуі мен әлеуметтік талаптарының артуын күтуге болатын болды, ал бұл басқа этностардың, ең алдымен жағдайы бұрынғыдан өзгерген орыс этносының, әлеуметтік көңіл-күйіне өз ықпалын тигізуге тиіс еді. Егер орыстар бұрын кенес қоғамында басқалардан гөрі басым жағдайда тұрса, енді олар басқа этностардың ең алдымен қазақ этносы өкілдері тарапынан болатын ашық бәсекеге түсе бастады. Алайда, кейбір мамандар орыс этносы социумның барлық саласында әлі күнге дейін үстем болып отыр, ал Қазақстанда орыстардың жағдайы басқаларға қарағанда ең нашар деген шағымдары өзі мекендеген мемлекетке деген саяси адалдығының жоқтығын бүкпелеп қалуға бағытталған іс деп санайды. Қазақстан қоғамының реформалануы қалыптасқан стратификациялық жүйені өзгерте бастады, әр этнос өзінің әлеуметтік орнына ие болуда, сөйтіп, әлеуметтік тепе-тендіктің камтамасыз етілуіне жол ашылып отыр. Қазір оған Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке басы және саясаты арқылы қолдау жасалынуда. Бүгінгі танда, құзырлы мәлімдеушілер айтқаңдай, республикада этносаралық қатынастар саласыңда қақтығыссыз дамудың объективті шарттары бар деп санауға негіз бар. Осыңдай жағдайды қамтамасыз еткен басты факторлардың бірі -- республиканың егемеңдігін жарияланған сәттен бастап қалыптасқан Қазақстан мемлекеттігі болып табылады. Оның кұрамына: мемлекеттік құрылыстың нысаны және саяси режимнің тұрпаты кіреді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың эвлюциялық -- тұрақты сипатында мемлекеттік құрылыстың унитарлылығы үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Жаңа пайда болған мемлекеттің жерінің кендігі өзінен-өзі оның федеративтік негізде бөлінуін талап ететін сияқты болып көрінді. Сонымен бірге, тұрғындардың этникалық құрылымы да осыны көрсеткендей болатын (негізінен орыс халқы мекендеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Саяси дау жанжалдардың мәні мен негізгі себептері
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мәлімет
МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақ этнонимі, қазақ жүздері
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
Пәндер