Мектепке дейінгі кезеңдегі эстетикалық тәрбие



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Мектеп жасына дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...
II ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан . дүниесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИЕТТЕРІ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жұмыстың өзектілігі:
Адамның өнердегі, өмірдегі әсемдікпен сұлулықты танып, ұғынып және оны ажыратып рухани әспеттеп қабылдай білуі эстетикалық тәрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден–ақ қастерлеп сұлулыққа сұқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпаған. Олай болса, бүгінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру болып шығады. Баланың өнердегі, адамдардың іс-әрекетіндегі қарым – қатынасындағы әсемдікті түйсініп, әсерленуі тұлғаның эстетикалық сезіміне тәуелді. Өмір шындығының образға айналған бейнесі тұлғаны әсерлендіріп, кейде күлкілі қуанышқа батырып, немесе мұңайтып, ренжітіп әр түрлі ойға жетелейді, қиялына қанат бітіреді. Көркем өнердегі құндылықтарды танып, одан ләззат алып рахатттану тұлғаның эстетикалық түйсінуі мен біліміне қатысты болғандықтан оның әсері мен ықпалы адамның арман мұратына қозғау салып, түрлі әрекеттерге баруына ұйытқы болады. Сондай – ақ табиғаттағы, қоғам өміріндегі, адамдар болмысындағы, өнердегі әсемдік пен сұлулықты, көркемдікті танып түсіну тұлғаның әлеуметтік, психологиялық қарым – қатынасына ықпалды әсер туғызады. Әсердің барысында ұғым, түсініктерін бойына дарытуға ұмтылады. Ықпалды әсер баланы еш уақытта бейжай қалдырмайды, әрекеттендіреді, бұл белгілі деңгейдегі қозғаушы күшке айналады. Әсерленген сезімдік тағылымын өзіне үйлестіруге, қолдана білуге, теріс әрекеттер болса одан сақтануға ынталандырады. Сонымен эстетикалық әсер баланың бойын балқытып, көңіліне түрлі ой салып іздендіреді. Бала іздену барысында өнердегі, өмірдегі құбылыстар мен болмыстағы әрекеттерді саралап, болжап өзінің эстетикалық білім дәрежесіне қарай баға береді, арман мүддесіне үйлесімді сараптама жасайды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
2. Қалықбаева З.Табиғат – тал бесігің. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6.
3. www. Google. kz
4. Қонақбаева Р. Д.Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
5. Қамақов Ә.Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.
Ыдырысова Ж.Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
6. Құдашева Д. Т. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.
7. Жұмабекова Ф. И. Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.
8. Қоқанбаева Р. И.Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
9. Манкеш А. Е.Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту. \\ Білім беру және менеджмент. – 2007. № 2. 117 – 119б.
10. Хамитқызы Ғ. Балабақшадағы экокологиялық тәрбие жұмысы.\\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б.
11. Ерженбайқызы А. Балабақшадағы экологиялық тәрбие арналары. \\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 11 – 12. 52 – 57б.
12. Шалғынбаева Қ.Экологиялық тәрбие. \\ Отбасы және балабақша. – 2001. № 12.
13. Құлшанова С. Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6.
14. Көбеева Н.Бала және табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І.ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері ... ... ... ... ... ... . ...

1.2. Мектеп жасына дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .

II ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан - дүниесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ӘДЕБИЕТТЕРІ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі:
Адамның өнердегі, өмірдегі әсемдікпен сұлулықты танып, ұғынып және оны ажыратып рухани әспеттеп қабылдай білуі эстетикалық тәрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден - ақ қастерлеп сұлулыққа сұқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпаған. Олай болса, бүгінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің мақсаты тұлғаның әсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру болып шығады. Баланың өнердегі, адамдардың іс-әрекетіндегі қарым - қатынасындағы әсемдікті түйсініп, әсерленуі тұлғаның эстетикалық сезіміне тәуелді. Өмір шындығының образға айналған бейнесі тұлғаны әсерлендіріп, кейде күлкілі қуанышқа батырып, немесе мұңайтып, ренжітіп әр түрлі ойға жетелейді, қиялына қанат бітіреді. Көркем өнердегі құндылықтарды танып, одан ләззат алып рахатттану тұлғаның эстетикалық түйсінуі мен біліміне қатысты болғандықтан оның әсері мен ықпалы адамның арман мұратына қозғау салып, түрлі әрекеттерге баруына ұйытқы болады. Сондай - ақ табиғаттағы, қоғам өміріндегі, адамдар болмысындағы, өнердегі әсемдік пен сұлулықты, көркемдікті танып түсіну тұлғаның әлеуметтік, психологиялық қарым - қатынасына ықпалды әсер туғызады. Әсердің барысында ұғым, түсініктерін бойына дарытуға ұмтылады. Ықпалды әсер баланы еш уақытта бейжай қалдырмайды, әрекеттендіреді, бұл белгілі деңгейдегі қозғаушы күшке айналады. Әсерленген сезімдік тағылымын өзіне үйлестіруге, қолдана білуге, теріс әрекеттер болса одан сақтануға ынталандырады. Сонымен эстетикалық әсер баланың бойын балқытып, көңіліне түрлі ой салып іздендіреді. Бала іздену барысында өнердегі, өмірдегі құбылыстар мен болмыстағы әрекеттерді саралап, болжап өзінің эстетикалық білім дәрежесіне қарай баға береді, арман мүддесіне үйлесімді сараптама жасайды.
Эстетиалық тәрбие беруде мұғалім бала бойындағы көркем өнерге деген ынта ықыласын қолдай отырып, табиғи болмысындағы өмірге үйлесімді сыр - сипатын аша түсуге зейін аударуы керек. Айталық, тұлғаның дыбысты, үнді, әуенді, ырғақты дәл аңғара алуы, немесе түр, түс, бәден, реңді байқай білу ерекшеліктерін ажырату қабілетіне мән беріп, үйлесімділікті ескерсе оның нәтижесі де тұлғаның санасын, танымын қалыптастыруға тиімді ықпал жасайды. Әрбір баланың эстетикалық таным ерекшеліктерінде байқалған бейімділік көріністеріне назар аударып оған бағдар берумен қатар, сл салаға байланысты нақты тапсырмалар орындаттырып, олардың өздігінен ізденуіне жол нұсқау тұлғаның бойында әлі көрінбей жатқан мүмкіндіктерін ашуға жәрдем ететіндігін есте сақтау керек. Мұның өзі баланың эстетикалық мұрат мақсатының жетілуіне қозғау салып, оның өркен жайып, өріс алуына жол ашатындықтан ұйымдастыру жұмыстарының тиімді әдістерін таба білу де шарт.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың міндеті:
Мектеп жасына дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктерін ашып көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан-дүниесін дамыту және экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдарына тоқталу.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І.ТАРАУ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері

Балалардың әсерлі эстетикалық ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылар мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бірақ та бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.
Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, қазіргі кезде жас-жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін сұлулық заңдылығына сәйкес игертуге бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сияқты жетекші іс-әрекеттерінің аясында көмекші рөл атқара ма? -- деген сұрақтарға жауап іздеу, нақты тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.[1]
Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді:
1.Көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін саралауды;
2.Мектепке дейінгі жастағы көркемдік іс-әрекеттер барысында игеруге тиісті білім мен дағдылар көлемін белгілеуді;
3.Көркемдік іс-әрекеттер арқылы балалардың шығармашылық ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындап алуды талап етеді.
Көркем өнер -- көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары -- бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т.б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туған ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.
Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.[2]
Балабақша балаларын ұлттық сәндік өнерге тән - кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүндерді пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты іс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу, көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы.
Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.
Эстетикалық тәрбие - күрделі процесс. Сондықтан біз кейде балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету, рахаттана білу, сүю және ұмтылу, қабілеттілік көрсету деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз керек.
Баланың сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім, жан, ой - бәрі сұлу болу керек.
Сонымен баланың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудің басты сүйеніші тәрбиеші мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің жеке жақтары арасындағы байланыстар зерттелінді және теориялық негізде негізделеді. Өнер және өмірдегі әсемділікті түсінуді үйрену үшін қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өту қажет. Эмоциялық және танымдық процестердің белгілі бір шамада даму қажет.
Ұсынылып отырған осы процестің өзіндік ерекшелігін - эстетикалық тәрбиенің тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз бірлікте екендігін, баланың жеке адам ретіндегі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының динамикасын ашып көрсетеді.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынады.
Эмоция, қиял сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүние өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Орыс педагогтары өз жұмысында академик И.П.Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.
Дүниежүзілік педагогикада осы проблема жөнінде пікір таластары жүріп жатыр. Көптеген шетел психологтары мен педагогтары мақсатты бағытталған жетекшілік стандарттық дамуға қайшы келеді деп есептеді.
Баланың жеке тәжірибесі өз заңы бойынша мұғалімнің ықпалына тәуелді емес бағытта қалыптасатын сияқты. Әрине тікелей әсер ету барлық балаларды біркелкі дамытады деп ойлау аңғалдық болар еді.
Адамның жеке басының даралығы әр балаға өз қабілеттелегін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көркем творчествода көрінеді. Алайда егер барлық балалар үшін жақсы жағдай жасаса онда, олардың әрқайсысы әлі келерлік эстетикалық іс-әрекет тәжірибесін ойдағыдай өзгертеді. Сондақ-ақ жалпы педагогика, технология, физиология қайраткерлері де С.Шацкий, П.Блонский, Е.Аркин, К.Корнилов, В.Гориневский өздерінің сөйлеген сөздерінде жаңа жүйенің бағалы тәжірибесін және творчестволық ізденулерунің бетін ашты.
Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түйсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдің заңы бойынша қоршаған дүниені жасандыруға өзі қатысуға ұмтылуын тәрбиелеу іс-әрекетке араласу және творчестволық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.
Баланы қарым-қатынастағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз - оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.
Психологтар мен педагогикалық бірлесіп атқаратын зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарыланғанын көрсетті. Бұл сәби кезден - ақ байқала бастайды.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі баяндамалардың қызметі жалпы методикалық ізденістермен шектелмеген, мамандар жасады. Көбісі өнер табиғатынтамаша білетін және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар адамдар еді: Г.Гошаль, В.Шацкая, М.Гумер, Н.Преображенский, Н.Даламонова және басқалар.
Бала бармақтайынан-ақ айналадғы әсемдікке әсерлене қызығады. Талғау мен таңдауына дұрыс бағыт-бағдар бере алсақ онда оның талғамы да жоғары болып қалыптасады. Сезіну, түйсіну, қабылдау, дағдылану сияқты психологиялық процестер арқылы оның дарыны дамып жетіледі.
Әсіресе, баланың табиғатқа қызыға құштарлануын қуаттап, эстетикалық бағдар бере білсек бала игілікті еңбек арқылы қалаған мақсатына жете алады.
Өнерді түсінбейтін инженер-жаман инженер, қиялдауды білмейтін конструктор, конструктор емес, музыканы сезбейтін және поэзияның көркемдігін түсінбейтін ғалым дүниеден бос қалған адам. Сен кім болсаң да сенің өмірің рухани бай болуға тиіс, сен тамашаны көруге және оған сүйсіне білуге тиіссің.
Әдемілікті сезіне жасай білуге - адам өмірін маңызды, бай және жарқын етеді. Жақсы кітаптарды, музыканы, сурет, көркемөнер, шығармаларын оқып шығуға, естуге, көруге қол жетті, апталар, айлар, жылдар бойы қуаныштарына бөлейді.

1.2. Мектеп жасына дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктсрі

Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды көркемдік тәрбиелеу деген ұғыммен пара - пар алып жүрміз. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады. Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев Педагогика атты еңбегінде: Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады, - деп, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.[3]
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обыективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке де үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты.
Балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. Эстетикалық төрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты.
Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын күрделі міндетті, ол - балалардың көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуына да жол ашу.
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко : ... балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз, - деген. Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымның қызметі болып саналады. Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек.
Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты.
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі -сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау - қоғамға пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез - құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі. М.Горький: эстетика - бұл болашақтың этикасы - деп бекер айтпаған. [4]
Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан лаззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру -эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім.
Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғару талап қою. Мысалы, мұзда коныкимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға - мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының эстетикалық танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады.Тәлімгердің балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары Біздің кітап (1 -- 11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. Біздің кітапқа енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.

II ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан - дүниесін дамыту

Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй , - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Ал, В.А.Сухомлинскийдің: Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу - деп тегін айтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал-мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде біздің заманымызға дейін жеткен халық шығармалары күні бүгін де сазды- эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы болып саналады.
Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл-ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Балабақшалардағы саз жетекшілері, сазды- эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі мемлекеттік стандартқа сай, Балбөбек бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңілді етіп өткізуге тырысады.[5]
Баланың музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, әннің сөзін анық, дұрыс айту, әні мен сөзі арасындағы бірлестігін, ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу, әнге деген сүйіспеншілігін, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.
Саздық қозғалыс сабағында білімді, тәжірибелі педагог, балаларды еркін қозғалысқа, биге үйретеді. Сол арқылы балалардың шығармашылық көріністерін қалыптастырады.
Саздық тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттерін баланың жас ерекшелігін, шама-шарқын ескеріп, жеңіл саздық репертуарлардан бастап, біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асырылады.
Ән айта білу - бұл үлкен мәдениет. Ән-күй сабақтарында, саз жетекшілер түрлі сазгерлердің өмірімен және шығармаларымен үнемі таныстырып отырады. Белгілі адамдарға арналған әдеби- музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгіліктер, түрлі ойын-сауықтар, өткізіледі. Мысалы: Абай мен Пушкин, Күй сүйемін!, Әнші балапан, Айтыс, Қыз маржаны, жігіт сұлтаны т.б. Саз сабақтарында өткізілетін барлық іс-әрекеттердің нәтижесі - мерекелік ертеңгіліктерден көрініс алады.
Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естеліктер қалдыратыны мәлім. Барлық балалар бұл мерекелік шараларға белсене қатысып, мейірімділікке, кейіпкерлердің әрекетін дербес бағалау шеберлігіне үйренеді. Сондықтан мерекелік шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор.[6]
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаға сай еңбектенуде, қазақтың халық өнерін және жаңа заман бағытындағы өнер негіздерін ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.
Кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу-тәрбие жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастағаны жөн. Өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзіңнің ұстаз екенін ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Ғұлама Әл-Фараби Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту,ең қиыны өзіңді өзің түсіну десе,К.Маркс Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі деп ескертеді. Ең бастысы,баланың жан азығына зәру екеніні еш уақытта ұмытуға болмайды.Абай атамыздың жетінші қара сөзінде Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біріншісі - ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады.Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды,hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып,одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, ол немене ? бұл немене? деп, ол неге үйтеді? бұл неге бүйтеді ? деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі педагогика ғылымы. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Пәндер