Шекаралас аймақтар


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Кірісіпе

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Сыртқы істер министрлігіне, басқа да мүдделі министрліктер мен ведомстволарға елдің бірлігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін шекаралас мемлекеттермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу үдерісін бастауды тапсырды. Өйткені, шекара мәселесін түпкілікті шешкенге дейін кез келген шекаралас мемлекеттің біздің елімізге аумақтық талап қою мүмкіндігі сақталатын еді.

Қазақстан өзімен шектесетін барлық мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын халықаралық шарттар негізінде делимитациялау үдерісін ойдағыдай жүзеге асырды, шекарасын шегендеп алды. Бұл - айтуға ғана жеңіл. [1]

Қазақстан Республикасы шекаралас мемлекеттер - Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен арадағы мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерістерін аяқтаға­нына сегіз жылға жуықтады. Еліміз үшін шекараны халықаралық құқықтық негізде белгілеу жеңіл болмады. Қазақстан тарапы аса өзекті әрі өткір бұл мәселелерге байланысты көрші елдердің әрбі­рімен қиындыққа толы көптеген екіжақты келіссөздер жүргізіп, ел мүддесін қорғады. Нәтижесінде, еліміздің шекарасы межеленіп, шекаралас мемлекеттердің әрқайсысымен жеке-жеке мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойды.

Шекара маңы аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының дамыған мемлекеттердің үлгісіндей өркендеуіне жол ашу болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету мемлекеттік және шекара маңы аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді. Қазіргі кезеңде негізгі сауда қызметтің шекара маңы аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады.

Сондықтан, зерттеу тақырыбының өзектілігі аймақтардың қазіргі кезеңдегі шекара маңы экономикасының даму ерекшеліктеріне, үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асу барысына, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру бағыттары мәселелеріне байланысты анықталған.

Қарастырып отырған мәселеміз, мемлекетіміздің үшінші мыңжылдықта ел ішінде татулықты, тұрақтылықты сақтай отырып, көрші және шет мемлекеттермен кез келген бағытта байланыс жасауына арқау болатыны сөзсіз. Сондықтан, зерттеліп отырған мәселе Тәуелсіз Қазақстан үшін елдігін, мемлекеттігін, аумақтық тұтастығын сақтай отырып, басқа мемлекеттермен терезесі тең деңгейде байланыстар жасауда аса маңызды болып табылады. [2]

Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы өзгеріссіз достық пен сындарлы сипатта өрбіп келе жатқандығын баса айтқан жөн. Оларды барлық деңгейдегі екіжақты диалогтың жоғары қарқындылығы, сауда-экономикалық, ғылыми техникалық және басқа да салалардағы тығыз өзара тиімді ынтымақтастық, халықаралық істердегі өзара тиімді әріптестік ерекшелендіріп тұрады.

Екі ел арасында түйіні тарқатылмаған түйіткіл жоқ, қайта ынтымақтастықтың көкжиегі жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Әсіресе, мұнайгаз ресурстарын тасымалдау мен Каспий қайранын иегерудегі қарым-қатынас қарқын алып, атом, электрэнергетика сияқты салаларда соңғы жылдары айтарлықтай көп жұмыс атқарылды.

География пәніне деген қызығушылық ерте басталса, онда оқушыларды берілген ғылыммен таныстыру көп қиындық туғызбайды.
ҒТР заманында ең бірінші проблемалық мәселелердің бірі - қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасы болып табылады. Соның ішінде, география - барлық сұрақтарға жауап беретін ғылым болып табылады. Ол қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасқа түсуін, табиғатты тиімді пайдалануда және оны қорғау мәселесінде басты қызмет атқарады.

Қазіргі таңда географияны оқытуда сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері де қарастырылып жүр. Осыған байланысты көптеген ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көруде. Дегенмен де географияны оқытуда сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда «Қазақстан Республикасының Шекаралас аймақтары» тақырыбына байланысты мәселелер аз қарастырылған. Оны біздің жүргізген зерттеу жұмыстарымыз көрсетті. Сол себептен, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын « Қазақстан Республикасының Шекаралас аймақтары » - деп таңдауымызға негіз болды.

Диплом жұмысының мақсаты: Диплом жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарының экономикалық әлеуетін айқындау.

Диплом жұмысының міндеті: Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- Тәуелсіз Қазақстанның көрші елдермен мемлекеттік шекарасының анықталу барысы мен нәтижесі кеңінен қарастырылып, шекаралас аймақтарының экономикалық географиялық орнына талдау жасау;

- Еліміздің шекаралас аймақтарының табиғат ресурстары мен ресурстары қорғалатын аумақтарына талдау жасау;

- Ресейлік аймақтар мен Қазақстанның шекаралас облыстарының қазіргі кездегі экономикалық байланысын, экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануын ашып көрсету;

- Мектеп географиясында шекаралас мемлекеттердің тәуелсіз мемлекетімізбен қазіргі өзекті мәселелерін, экономикалық әлеуетін оқыту мүмкіндіктерін қарастыру;

- Оқушылардың білімдерін кеңейту мақсатында «Шекаралас мемлекеттер» тақырыбында сыныатан тыс жұмыстарға көңіл бөлу керек екенін айқындау.

Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтары.

Зерттеу пәні: Географияны оқыту әдістемесі.

Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысында негізгі деректер мерзімді баспасөз мәліметтерінен, жарияланған материалдар жинақтарынан, ғылыми зерттеулерде берілген ақпараттардан алынды.

Тақырыпты зерттеу барысында қолданылған негізгі әдебиеттер қатарында Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», отандық авторлар Әубәкіров Л., Есимова Ә., Қарғабаева С. еңбектерін, Тілеубай, Кәкен А., Ермаков В. А. мақалаларын және Қазақстан, ТМД және дүниежүзі елдерінің экономикасы мәселелермен айналысатын Ахметов Е. А п. ғ. к., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан географиясы және географияны оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, Қазақстанның трансшекаралық мәселелерімен айналысатын Бердіғұлова Г. Е., г. ғ. к., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Елтану кафедрасының доценті еңбектерін атап өтуге болады.

Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулықта шекаралық аймақтарға байланысты ақпараттар алынды.

Диплом жұмысынаң басым бөлігі Қазақстанның Солтүстік шекарасына арналған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

География пәнінің сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен ұйымдастыру формалары анықталды;

География пәндерін оқыту үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарды «Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтары» тақырыбымен байланыстыра ұйымдастырудың тиімділігі сараланды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен құралған.

1 Тарау Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарына экономикалық географиялық сипаттама

1. 1 Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарының қалыптасу тарихы

Мемлекеттік шекара - мемлекеттік территорияны белгілейтін шектер. Мемлекеттік шекара - белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже. Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.

  • Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.
  • Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т. б. ) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.
  • Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.
  • Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т. б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.

Ең алдымен, делимитация, яғни белгілі бір аумақтың құқықтық иелігін анықтайды. Делимитациялық келісімде мемлекеттік шекараның картада көрсетілуі туралы айтылады. Аумақтың иелігі анықталып, оның шекарасы картада көрсетілгеннен кейін, демаркация жүргізіледі. Демаркация - шекара сызығы нақты орында жүргізіліп, шекара белгілері белгіленеді.

Шекара судағы, құрлықтағы, әуедегі болып бөлінеді. Әуедегі шекараның жоғары шегі халықаралық құқықта белгіленбеген, бірақ географиялық тұрғыдан әуе кеңістігінің жоғары шегі теңіз деңгейінен 100-110 шақырым. Ал жер қойнауының төменгі шегі де әр мемлекеттің өзінің экономикалық, ғылыми мүмкіндіктеріне байланысты.

Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қарауылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы) .

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер - Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды. ҚР Мемлекттік шекарасы ҚР Мемлекттік шекарасы - Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетін жазықтық. ҚР Мемлекттік шекарасын белгілеу ҚР-ң мемлекттік шекарасы жергілікті аймақтарда нақты көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді. [3]

Қазақстан Орталық Азияда, Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан.

Елдің аумағы 2724, 9 мың шаршы километр болады, ол батысында Волга өзенінің төменгі сағасынан бастап - шығысында Алтай тауларына дейін және оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шанның тауы Іле Алатауынан бастап - солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатына дейін созылып жатыр.

Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Индия және Австралиядан кейін тоғызыншы орында тұр.

Картинка 5 из 4242

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді. [4]

Қазақстан Республикасының 14 облысының 12-сі шекаралас болып табылады. Қазақстан Республикасының құрғақ жердегі мемлекеттік шекарасының ұзындығы 11591 км құрайды, оның ішінде Ресеймен шекаралас

6023 км (51, 96%), Өзбекстанмен - 2440 км (21, 05%), Қытаймен - 1730 км (14, 93%), Қырғызстанмен - 1053 км (9, 08%) және Туркменстанмен - 345 км (2, 98%) . Бұның сыртында Ресей, Әзербайжан және Иранмен теңіз шекарасын 1730 км құрайды. [5]

Мемлекеттік шекараны дели­мита­циялау үдерісі ой­­д­а­ғыдай жүзеге асырылға­ны­мен, шека­ра­ның өту сызығын белгілеу бары­сында ерекше назар аударуды, барынша талдап-таразылауды қа­жет ететін «дау­лы» учаскелер де кездесті. Деректерге қараған­да, сол кездері осындай «даулы» учаскелерге Қа­зақстан - Қытай шекарасын­дағы Сарышілде өзені ауданын­дағы учаске, Шағаноба және Баймырза асулары ауданындағы учаске, сондай-ақ Қазақстан - Өзбекстан шекарасындағы Арнасай бөгеті, Бағыс кенті мен Түркістан кенті жатқызылған.

Елдердің мемлекеттік шека­ра­ларының сызығы өтуге тиіс екі аралықтағы аталған жер учас­келері қалай бөлінді? Ал­дымен Қазақстан - Қытай ше­карасындағы «даулы» деп та­нылған учаскелердің бөлінісіне тоқталайық. Ол үшін 1998 жыл­дың 4 шілдесінде Алматыда қол қойылған Қазақстан Респуб­ли­касы мен Қытай Халық Респуб­ликасы арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасы туралы қосымша келісімді негізге алғанымыз жөн. Өйткені, ерек­ше маңызды бұл құжат Қа­зақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау (Қазақстан, Қытай және Қырғыз республикалары арасын­дағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүк­тесін қоспағанда) үдерісінің толық аяқталғанын паш етеді. [26]

Картинка 9 из 4903 Шекараны делимитациялау ке­­зіндегі екіжақты келіссөздерде пікірталасқа өзек болған жерлердің бірі - Сарышілде өзені ауданындағы жалпы алаңы 315 шаршы шақырымға жуықтайтын учаске болды. Оның оңтүстік-шығыс жартысында шабындық пен жекелеген орман алқаптары орналасқан. Жол жүйесі нашар дамыған, тұрақты тұрғындары жоқ. Шолақ асуынан бастап Сарышілде өзеніне дейін учаскенің бір бөлігін қазақстандық тарап шөп дайындау үшін және малдың маусымдық жайылымы ретінде пайдаланып келген. Қол қойыл­ған келісім бойынша осы учас­кенің Қазақстан аумағына Сары­шілденің шығыс бастауынан Черемховая өзенімен қосылатын жерге дейін өзеннің сол жаға­лауындағы аймақ, сондай-ақ Черемховая өзенінің бүкіл арнасын және Шолақ (Содабань) асуының ауданын қамтитын жерлер бекітілген. Бұл жерлердің жалпы көлемі 95 шаршы шақырымды құ­райды. Осыған байланысты Қазақстан шегінде шаруашылық жүргізудің дәстүрлі аймақтары, мал жайылымы, шабындықтар мен орман алқаптарының бір бөлігі сақталғанын атап өтуіміз керек. Ал Қытай жағына Сары­шілде өзенінің оң жағалауын және Құлағансай жылғасының сол жақ саласындағы ауданды қам­титын аумақ тиесілі деп шешілді.

Осы Сарышілде учаскесіне қатысты кезінде Қазақстан тара­пына арагідік сын пікірлер де айтылған болатын. Кейін белгілі болғанындай, ол пікірлер дәлел­сіз болып шықты. Себебі, шека­раны делимитациялау мәселеле­ріне байланысты келіссөздерде қытайлықтар өткен ғасырдағы шарттық құжаттарды негіз етіп алған. Мысалы, осы учаскедегі шекара 1864 жылғы Чугучак хат­тамасының 3-бабында «Алтан - Тэбши» тауының шығыс жағын­дағы шекара аяғынан батысқа қарай ортақ атпен Алатау деп аталатын таудың үлкен жотасы бойынша, атап айтқанда, Алтан - Тэбши, Содабань және басқа да тау шыңдары бойынша жүреді. Осы кеңістіктегі оңтүстікке қарай ағатын өзендер, жерлер Қытайға бөлінсін» деп көрсетіліпті.

Ал тағы бір «даулы» учаске деп танылған Шағаноба және Баймырза асуларындағы жерлерге келсек, оның жалпы аумағы 629 шаршы шақырымға жуық. Бұл жерлердің басым көпшілігі, яғни 442 шаршы шақырымы Қазақстан жағына бекітілді. Олар батыстан Шағаноба асуына дейін Сауыр жотасының оңтүстік бау­райын, Жүректау алқабын және салаларымен қоса Шағаноба мен Керегетас өзендерінің аңғарла­рын алып жатқан аймақтар. Бұл мәселелерде қазақстандық тарап­тың анағұрлым жеткілікті де бұлтартпайтын дәлелдемелері ескерілгенін баса айтпақпыз. Соны­мен қатар, еліміздің шегінде екі шекаралық застава мен орман шаруашылығы, бүкіл орман ал­қабы және мал шаруашылығы аудандарының көпшілігі сақта­лып отыр. Қытай жағына Адыр­бай мен Талдыайрық өзендерінің жоғарғы ағыстарының аңғар­лары, Баймырза асуы ауданын­дағы Тарбағатай жотасының оң­түстік баурайын қамтитын аумақ өтті. Бұлардың жалпы алаңы 187 шаршы шақырымды құрайды.

Осылайша біздің еліміз көрші Қытай елімен екіжақты тиімді келіссөздер жүргізу арқылы келісілмеген екі учаскені құқықтық тұрғыда реттеп және белгілеп алған еді. Бұл «даулы» учаске­лердің жалпы аумағы шамамен 944 шаршы шақырымдай екен. Оның 537 шаршы шақырымы, яғни 56, 9 пайызы Қазақстанға, 407 шаршы шақырымы, яғни 43, 1 пайызы Қытайға тиесілі деп табылды.

Ал Қазақстан мен Өзбекстан шекараларындағы «даулы» учаскелерге келсек, оның бірі - Арнасай бөгетіне байланысты туын­дады. Өйткені, карталарды зерттеу, салыстыру кезінде Арнасай бөгетінің су бассейні біздің еліміздің аумағында, ал гидрожүйелер Өзбекстан аумағында қа­латындай етіп бөлінетінін көрсетті. Шы­нын­да да бір су қоймасын екіге бөліп, ара­лығынан шекара сызығын жүргізу екі жаққа да тиімсіз еді. Қазақстан тарапы бө­гетті толығымен Қазақстан шегінде қалдыруды ұсын­ды, бұған өзбекстандықтар кө­п­ке дейін келіспеді. Ақы­­ры бұл проблемаға Елба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаев араласып, бү­кіл Арнасай бөгеті бір гид­ротехникалық торап ретінде Қазақстан аума­ғын­да қалатындай етіп, шека­раның жаңа сызығын жүр­гізу қажеттілігіне Өз­бекстан басшысының кө­зін жеткізген-ді. Бүгін­де Арнасай су қоймасы Оң­түстік Қазақстан облы­сындағы стратегиялық ма­ңызы бар нысанның біріне айналғандығын қа­зақ­стан­дықтар жақсы біледі.

Сол жылдары тағы бір «даулы» учаскелер - ше­караға жапсарлас орна­лас­қан Бағыс пен Түркіс­тан кенттері төңірегінде өршіген еді. Себебі, алғашында Бағыс кентінің өзін Қазақстан мен Өз­бекстан арасындағы әкім­шілік-аумақтық шекара екі­ге бөліп тастады. Ал бір-бірінен бес-алты шақырымдай қашықтықта орналасқан Бағыс пен Түркістан (бұл елді мекен Өзбекстан шегінде жа­тыр) кенттерінің тұрғын­дары Қазақстан Үкіметі­нен шекараны делимитациялау кезінде екі кентті де Қазақстан аумағында қалдыруды талап етумен болғандары есімізде. Қа­зақ­стандық делегация екіге бөлініп кетуі ықтимал бүкіл Бағыс кентін және оған жапсарлас жатқан жерлер Қазақстан аума­ғында қа­луы үшін шекара сызығының өтуін нақтылауды ұсынды. Өз­бекстандықтар болса, өздерінің Бағыс туралы ешқандай да талабы жоқ екенін ашық білдіре келіп, Түркістан кенті Өзбекстан аумағында қа­луы тиіс деген ұстаным­дарынан ауытқымады. Сөйтіп, келіссөздер нәтижесінде Бағыс туралы мәселе оң шешілді - Бағыс кенті жапсарлас жатқан жерлерімен Қазақстан жағында қалды.

Осы «даулы» учаскелерге қа­тысты мәселелерді шешудің жол­дары қарастырылып жатқан кезде қазақстандықтарды қайран қал­дырған келеңсіз жағдайлар да болды. Мысалы, жер бөлінісіне байланысты дау-дамай белең алып тұрған шақта Бағыс елді мекенінің тұрғындары өз алдына «Бағыс республикасын» жариялап, тіпті оның «президентін» сайлап та жіберген еді.

Мемлекттік шекараға байла­нысты мәселелер еліміздің ішкі және сыртқы саясатында айрық­ша орын алады. Мемлекет бас­шы­сының тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарында-ақ шектес мемлекеттермен арадағы шекараны делимитациялауға ерекше назар аударып, оны ұлттық қауіпсіздігіміздің негізгі басымдықта­рының бірі ретінде белгілеп бергені сондықтан. Ал кезінде шекарада «даулы» деп танылған учаскелер екі тараптың жүргізген келіссөздері бойынша ойдағыдай шешімін тапты. Дәлірек айт­қанда, есеміз кетпеді, еңсеміз түспеді.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет бо­лып құрылғаннан бастап ха­лық­ара­лық құқық нормасы мен қағида­ларын берік ұстанатынын мәлімдеді. Президент Н. Назарбаев сыртқы саяси бағыттың мына­дай бағдарларын белгіледі: « Ең алдымен, біз өз сая­сатымыздың бейбітшілік сүйгіш­тік бағытын қолдаймыз және біз әлем­дегі бірде-бір мемлекеттің аума­ғына дәмеленбейміз деп мәлімдейміз. Өз жауапкершілігімізді ұғына отырып, әр әскери қақтығыстың соңы апатты салдарға әкеліп соға­тынын түсінеміз:

  • Қазақстанның мемлекеттік сая­са­тының басты мақсаты ретінде бейбітшілікті сақтауды мойын­­даймыз;
  • саяси, экономикалық және бас­қа мақсаттарға қол жеткізу құ­ралы ретінде соғыс немесе әске­ри күшпен қауіп төндіруден бас тартамыз;
  • құрылған шекаралардың беріктігі, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидала­рын ұстанамыз».

Біздің мемлекетіміздің шека­ра­лық саясаты халықаралық құ­қық, ұлт­­тық заңнама және әлем­дік тә­жі­рибе қағидалары мен нормаларына негізделген. Мемлекеттік шекара заң­­ды бекітілген аумағының шегін ай­қындайтын сызық ретінде қарала­ды. Консти­туцияға сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағы қазіргі шека­расында біртұтас, қол сұғыл­майды және бөлінбейді. Қазақ­станның мемлекеттік шекарасын белгілеген және өзгерткен кезде жеке меншік пен ұжымдық қауіп­сіздікті, шекаралас мемлекеттермен өзара тиімді және жан-жақты ынтымақтастық мүдделе­рін, шекара дауларын бейбіт шешу қағи­даттарын басшылыққа алады. [24]

Мемлекетаралық шекараны белгілеу екі кезеңнен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Батыс Еуропаның мәдени – тарихи аймақтары
Әлемдік мәдениет пен өркениет
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері
Литосфера — жер қабығы туралы ақпарат
Adobe Photoshop программасы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстанның қазіргі армиясы туралы
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz