Кәсіпорын шығындары мен пайданы арттыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Кәсіпорынның есеп саясатының пайда мөлшеріне әсернің теориялық мазмұныНарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорының есеп саясатының қызметі туралы түсінікПайда ұғымы, түрлері мен экономикалық мазмұныКәсіпорынның есеп саясатының пайда мөлшері мен табысты ұлғайтудағы маңызы

2 Кәсіпорындағы есеп саясатын басқару тиімділігі мен максималды пайда табу қызметін жетілдіру бағыттары

2. 1 Кәсіпорындағы есеп саясатын басқару әдістерін жетілдіру мен табыстылықты арттыру жолдары

2. 2 Шығындарды төмендету арқылы максималды пайда табу саясаты

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысы жұмыс істеу үшін осы заманға ғылыми теориямен практиканың әдіс амалдарын қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика ішінде ұйымдастыру процесі елеулі орын алады.

Нарық жағдайында қызмет атқаратын мұнай саласындағы кәсіпорындардың іс-әрекетінің экономикалық және ұйымдастырушылық тиімділігін анықтау кәсіпорынның басты проблемелаларының бірі болып саналады.

Кәсіпорындардың қызметін - қысқаша тұжырымдап айтсақ, нарықтық қатынас жағдайында шарушылық өндірісті басқарудың жүйесі мен ұйымдастыру процестерінің маңызды салаларының бірі болып саналады. Өндірістік жүйелердің экономикалық факторлары бүгінгі таңда түбегейлі өзгеруде, ал бұл ұйымдастыру және басқару тұрғысынан сәйкес өзгерістерді талап етеді. Айтылған өзгерістер өндірістік жүйелердің шаруашылық дербестік алуында, мұнсыз принципті түрде нарыққа көшу мүмкінде емес.

Нарық жағдайында қызмет атқаратын мұнай саласындағы кәсіпорындардың фирмалық қызметінің жүйелі ұйымдастырымдылығы оның қалыптасқан потенциалы арқасындағы белгілі уақыт мерзіміндегі даму барысында тікелей тіршілік параметрлерімен және потенциалдың ең жоғарғы тиімділік көрсеткіштерімен анықталады. Әрине, мұндай ең маңызды параметр деп тыныс-тіршіліктің нәтижесін білу қажет, ал нәтиже ретінде, бір жағынан, кәсіпорын шығарған тұтыну құнын, екінші жағынан, өнімді өткізуден түскен кірісті немесе пайданы түсінген жөн.

Экономиканы дамытудың алғы шартты бұл - әрбір ұтымда экономикалық көрсеткіштерді қолдау және дамыту, экономикалық көрсеткіштердің дамуына жағдай жасау болып табылады.

Қазақстан бойынша өндірісті жетілдіру, өнеркәсіп пен машина жасау салаларын өркендету, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемін өсіру, халық тұтынатын тауарларды өңдеуге бағытталған индустриалдық-инновациялық стратегиялар жасау арқылы ел экономикасына жаңа бағыттар ашылуда.

Өндірістік кәсіпорынның табысты болуы үшін және бәсеке қабілетті өнім алу үшін, бірінші кезекте жаңа алынатын өнім көпшығынды процесс болғандықтан, оны қажетті түрде қаржыландыру қажет.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметінің белсенділігі - кейбір деңгейде ретке келтірілмеген шаруашылық субъектілердің қаржылық міндеттемелерге де байланысты келеді. Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметінің белсенділігі қаржылық талаптардың өндірістегі орындалуы, төлем қабілетсізділігімен орындалмайды [1] .

Қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудағы ең бастысы болып, шығындарды үнемдеп, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады. Себебі: әрбір мекеменің негізгі мақсаты-өндірісті ұйымдастырып одан өнім алу және алынған өнімді сату арқылы табыс табу болып есептеледі. Осы өндіріс және сату процесінде өнімнің өзіндік құны анықталады.

Өзіндік құн бұл - жұмсалған шығынгдардың орнын толтыру және соның есебінен барлық элементтердегі жұмыс күштерін қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтемпаздылығымен сипатталады.

Шығындарды басқаруда мекемеде мекеме қызметкерлерінің бірі тұрақты жұмыс жасау нәтижесінде қаржы үнемделеді. Мекеменің жоғарғы қаржылық нәтижесі - шығындарды басқарумен тығыз байланысты. Шығындарды басқару дегеніміз - шығындарды бақылау мен үнемді қамтамасыз етуге бағытталған басқару қызметі.

Пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды [2] .

Өнімнің өзіндік құнын арзандату - еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі, кеміп, жанды еңбек үнем өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

1 Кәсіпорынның есеп саясатының пайда мөлшеріне әсернің теориялық мазмұны

  1. Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорының есеп саясатының қызметі туралы түсінік

Нарықтық қарым - қатынастар жағдайында экономикалық қызметтің орталығы болып экономиканың басты негізгі звеносы - мекеме болып табылады.

Өндірістік кәсіпорын - тұтынушыларға қажет өнімді дайындауға қабілетті профессионалды ұйымдастырылған еңбек коллективі бар мамандандырылған ұйым. Кәсіпорынның ішкі ортасына адамдар, өндіріс құралдары, ақпар және қаржылай құралдар жатады. Кәсіпорынның ішкі ортасының қарым - қатынасының нәтижесі дайын өнім (қызмет) болып табылады.

Кәсіпорынның негізін профессионалдық құрамы, квалификациясы, пікірлерімен ерекшеленетін адамдар құрайды. Еңбек коллективінің күштері мен қабілетіне сай мекеме жұмысының нәтижелері көрініс табады. Еңбек ресурстарына өндіріс құралдары, яғни негізгі және айналым құралдары қажет.

Өндіріске қажет материалдар, құралдар, энергиялық ресурстармен жабдықтауға, жұмысшыларға жалақы төлеуге қаржылай құралдар қажет. Кәсіпорынның сыртқы ортасы өнімді тұтынушылардан, өндірістік компоненттерді жеткізушілерден, мемлекеттік органдардан және халықтан құрылады [3] .

Кәсіпорынның есеп саясаты сол көсіпорында қолда-нылатын бухгалтерлік есеп жүйссінің тұтастығын және оны құраушы өдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының өдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу өдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды түлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспекгілерін айқындауы қажет.

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу өдістері.
  • Материалдық емсс активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары.
  • Шығындарды топтау мен ендіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату одісі.
  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
  • Аяқталмаған еңцірісті анықтау және бағалау жолдары.
  • Материалдық қорларды бағалау өдістері.
  • Негізгі қүралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
  • Курстық айырманы есептеу.
  • Тағы да басқалар.

Сурет 1. Қаржылық басқарушылықтың негізгі басқарушылық

комплексі

Барлық деңгейде басқаруды жетілдіру өндіріс салаларында шаруашылық қызметінің тиімділігін арттырудың зор және ол әлі аз талап етіліп отырылған резервы болып табылады, ал басқару сапасы болса, қабылданатын жоспарымен, үйымдастырушылығымен және жедел шешімдермен анықталады.

Сайып келгенде, бір жағынан, басқарушы есеп - бұл шаруашылық субъектінің акпараттык жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан қызметтерді (жұмыстарды) жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет акпараттармен қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс әрекет.

Осыдан келіп, өндірістік есептің мақсаты болып, өткен құбылыстарды талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан өндірістік есепті кейде болашаққа талдау жасау деп те атайды. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін басшылар басқарушы есеп бойынша оларға мамаңдар дайындап берген қажетті ақпарат-тармен істес болуы кажет. Есептің бұл түрі салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды, ол шаруашылык, субъектінің акпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан, дәстүрлі қаржы есебінің жалпы ерекшеліктеріне ие, бірақта оның одан айырмашылығы болуы да міндетті емес. Басқарушы есеп үшін жалпы қабылданған есептік қағидалар маңызды емес, сондықтан аталған есеп барынша ішкі пайдаланушылар үшін арналған, сыртқы емес.

Нарықтық экономика жағдайында, яғни қатал бәсекелестік күресте, табыс табу мен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ал ол үшін өндіріс шығындары мен өнім бірлігінің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Ал бұл өндірістік шығындар өнімнің сапасы мен өндірістің тиімділігін, сондай-ақ одан әрі жетілдіру жолдарын іздестіру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, яғыни есептеудің жаңа нысандары мен әдістерін жасау үйлесімділіктеріне сәйкес келетін жаңаша көзқарастарды қалыптастыру болып табылады.

Кесте 1.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары

Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары:
Еңбек өнімділігін жоғарлату
Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары:
Материалдық шығындарды үнемдеу
Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары:
Еңбекті автоматтандыру
Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары:
Өнімді өткізу шығынын төмендету
Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары:
Басқарушылық шығындарды төмендету
Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары:
Өндірістегі жоспарлардың уақтылы орындалуын қадағалау

Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.

Басқарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (бас-қарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, оны шоғырландырудьң өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан қаржылык есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуі, яғни жаңа экономикалық жағдайлар, міндетті түрде бухгалтерияның атқаратын қызметтері мен өкілеттіліктерін ұлғайтты. Бухгалтерлік кәсіп сапалы деңгейге дейін шықса, ал бухгалтер-талдаушы өз қызметінде шаруашылық фактілерді есептік тіркеуден өндірісті басқаруға өтсе, онда есептің жаңа сатыға көтерілгені.

Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есептің бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандарттарына сәйкес ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады. Бұл мақсатқа - кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар жүйесін қалыптастыра алса ғана жетеді

Басқарушы есеп бұл- шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бакылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы, осының негізінде ұзақ және кысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау.

Өндірістік есеп жүйесі басқару мақсаттарына бағынады. Басқару мақсаты шаруашылық субъектінің болашақтағы дамуы мен қызметінің нақты нәтижелерін талдау; түпкі мақсатқа қол жеткізудегі және шаруашылық субъектінің ішкі бөлімшелерінің қызметтерінің нәтижесін бағалау және бақылау; ішкі есеп беру арқылы басқару деңгейі мен бір деңгейдегі әр түрлі өндірістік бөлімшелер арасында ішкі коммуникацияны ұйымдастыру; жедел басқару шешімдерін қабылдау және бақылау, ағымдағы жоспарлау үшін басқарудың барлық деңгейлерін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету сияқты кызметтердің орындалуы басқарушы есептің қатысуымен шешіледі.

Өндірістік есеп іс жүзінде баскару процесін есеп процесімен бай-ланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:

  • субъектінің шаруашылық қызметің процесінде адамдардың мақсатқа сәйкес еңбегін қамтамасыз ететін өндірістік ресурстар;
  • шаруашылық субъектілердің өндірістік қызметінің жиынтығынқұрайтын, шаруашылық процестері және олардың нәтижелері;
  • Ал өндірістік есептің объектілерінің екінші тобына келесі қызметтердің түрлері жатады:
  • жабдықтау-дайындау-өндірісті шикізат ресурстарымен жабдықтау және сақтау; косалқы материалдармен, өндірістік құрал-жабдықтармен және оны ұстау мен жөндеу үшін арналған косымшабөлшектерімен, сондай-ақ жабдықтаушылық процестермен байланыс-ты маркетингтік қызметімен камтамасыз ету;
  • өндіру-өнімді өндіру технологиясына негізделген негізгі және қосымша шаруашылық субъектісінің жүйесінен функционалдық бөлімдерді, службаларды, цехтарды, бөлімшелерді ажыратып көрсету;

Өндірістік есептің мәні оның экономикалық табиғатын ашатын және басқару процесінде категориялардың ролдерін көрсететін, олардың атқаратын қызметтерінен көрінеді. Басқарушы есептің маңызды қызметі болып калькуляциялау болып табылады.

Бұл атқарылатын қызметтің материалдық көрінісі болып, кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінің бір бөлігі болатын: жоспарлау, бакылау, ынталандыру сияқты экономикалық есеп айырысулар жүйесі жатады. Негізінен бұл қызметтерді бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) орындайды.

Жоспарлау сатысында бухгалтер-талдаушы басшының бекітуіне ұсынылатын, жалпы (бас) бюджетке көшірілетін, шаруашылык субъектілердің жеке бюджеттерін дайындауға қатысады. Өндірістік бюджетті (шаруашылык субъектінің өндірістік бағдарламасы) дайындау кезінде бухгалтер-талдаушының кызметінің арқасында жекелеген цехтар, бөлімшелер және бригадалар жұмыстарын - іске асырылуын қамтиды, өндірістік процесте олқы жерлері деп аталатын кұбылысты болдырмайды.

Бухгалтер-талдаушы есепті кезең аяқталғаннан кейін, ол әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша бюджеттерінің (жоспардың) орындалуы туралы есепті жасайды, осы есепте жоспарланған және қол жеткізген нәтижелердің салыстырмалы талдауын келтіреді. Сөйтіп нақты және жоспарлы көрсеткіштер арасындағы орынсыз алшақтықтар анықталады, одан кейінгі жұмыс барысыныда олардың әсерін болдырмау мақсатында себептері анықталады.

Бухгалтер-талдаушы дайындаған корытынды есеп берулер (отчеттар), бір жағынан, жауапкершілік орталықтары бойынша басшыларының қызметтерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді, ал басқа жағынан - менеджерлер мен басшыларға қандай бөлімшелерде жоспарлы көрсеткіштерге кол жеткізілгені жөнінде ақпарат береді [4]

Осыдан өндірістік есептің негізгі мақсатын құруға болады:

  • басқарушыға жедел басқарушылық шешімді қабылдауда акпарат-тық көмек көрсету;
  • шаруашылық субъектінің экономикалық тиімділігін бақылау, жоспарлау және болжау;
  • баға белгілеу үшін базалық негізін жасау;
  • кәсіпорынның дамуының ең тиімді жолдарын тандау;

Сөйтіп, бухгалтер-талдаушы біріншіден, бөлімшеннің бухгалтерлік

есеп беруінің нақтылығына басшы алдында жауапкершілікте болады, екіншіден, жауапкершілік орталыктарындағы басқарушыларға жұмыстарын жоспарлау мен қорытындылар шығаруда көмек көрсетеді. Сондықтан ол шаруашылық субъектісін баскаруда менеджерге көмек беруде өзінің объективтігін және тәуелсіздігін байланыстыруы кажет [5] .

Нарық жағдайында кәсіпорынның шаруашылық механизмін талдау өңдірістің экономикалык тиімділігіне, оның зиянсыздығына, табыстылығына, яғыни оған: баға мен сұраныс; өндіру көлемі мен өнімді өткізу; кәсіпорынның тұрақты шығындары; өнім бірлігіне есептелген айнымалы шығындардың үлесі шешуші әсер ететінін көрсетеді.

Өндірістік есеп қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес - бұл сапалы жаңа құбылыс, ол бухгалтерлік есептің бір бөлігі ретінде (бірақ бұл арада қаржы есебінің жетекші ролі сақталады), жедел-техникалық, статистикалық есеп, жоспарлау, бақылау мен экономикалык талдау элементтерін, сондай-ақ болашақ оқиғаларды болжау сияқты ресурстарды бақылаудың синтездік нәтижесін қамтиды.

Нарықтық қатынастардың құрылымында, сондай-ақ оларды реттеу механизмінде өндірістік есеп маңызды роль атқарады. Ол - нарықтық қатынастардың ажырамас бөлігі және де бір мезгілде экономикалық саясатты жүзеге асырудың маңызды құралы. Міне, сондықтан, бүгінгі таңда өндірістік есептің табиғатын, тереңірек олардың фунциональдық ерекшеліктерін жете түсінуді, олардың ішінен кәсіпорынды тиімді басқару мүддесіне толық сай келетін әдістерін көре білу қажет.

Менеджерлер әр заматта ақпараттарға зәру болады, егер олар бухгалтер-талдаушылар дайындаған ақпараттар бойынша шешім қабылдайтын болса, онда оның түпкі әсері де қарастырылуы керек. Өндірістік есепті дұрыс ұғынудың қажетті жағдайы, шешім қабылдау процесін жете түсіну болып табылады.

Бастапқы бас кезеңі шешімді қабылдау мен жоспарлаудың процесін көрсетеді. Енді басқарушы есептің шаруашылық етуші субъектісінің шеңберінде атқаратын ролін сызбада қарастырайық [6] .

Демек, өндірістік есептің ролі - бұл екі бапты үйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру.

Шешімді қабылдау процесінің бірінші кезеңі - мақсаттарды анықтау және мәселелерді ұйымдастырудан тұрады

Басқарушы қызмет көрсетуде өзінің мәселелерін шешу үшін мынадай шығындарды қысқарту баламаларын анықтайды:

  • запастар, материалдар мен кұрал-жабдықтарды сатып алуды жақ-сарту;
  • нысандарды және басқа да баспа материалдарын стандарттау;
  • қызметкерлердің еңбегін тиімді пайдалану;
  • контор (кеңсе) жұмыстарын автоматтандыруды дамыту;
  • материалдарды ысырап қылу мен ұрлықты болдырмау үшін ба-кылауды жақсарту.

Сурет 3. Басқарушы есептің элементтері

Бухгалтер-талдаушы белгілі бір өндірістің нәтижелерінің жоспарлы көрсеткіштерінен ауытқу жағдайлары туралы менеджерге берілген ақпараттар, бақылау мен реттеу процесінде маңызды роль атқарады. Осыларды қарастыра келе бухгалтер-талдаушының сметаны дайындауында жүйеліліктің құрылымдық сызбасын келтірейік. Бухгалтер-талдаушы өндірістің осал жерлерін анықтауда және өндірістің нәтижелеріне жедел талдау жүргізе отырып, бақылау және реттеу процесін жүзеге асыруға көмектеседі.

Стандартты емес жағдайларды шешу негізінен бухгалтер-талдаушыға жүктелген. Ол -жетекші тұлға, өзінің функционалдық (қызметінің) аясында басқарушы есепті іс жүзіне асырушы және бағыттаушы болуға тиісті. Бұл тұрғыдан мазмұнды сметалық басқару, іске асатын сметаны жетекшілік етудің басталуына әкелетін, барлық алдын ала жүмыстарды бухгалтер-талдаушы орындағанда ғана мүмкін болады. Мәліметтерді өндеу бойынша жүйесінің басқарушысы, жалпы алғанда, жалпы мәселелердің ішінен тек мәліметтерді өңдеу бөлімшесінен өткен бөлігіне ғана жүзеге асыруға жауап береді.

Әдетте, ұйымдастыру-әдістемелік процесінің барысында басқарушы есеп жүйесін құрудың алғы шарттары жасалады, яғни басқарушы есеп үшін өзіне тән ерекше ақпараттардың конструкциясы қалыптасады.

Аталған конструкцияның құрамына басқарушы есепке тән барлық элементтері кіреді: жоспарлау; шығындарды жіктеу; бақылау; талдау т. б. Осылардан сарапталып басқарушы есептің ақпаратттық ағыны қалыптасады. Бұл ақпараттық ағын қабалданатын шешімнің талабына сай болуы керек. Егер олар қойылған талапқа қайшы келетін болса, онда басшы бұндай экономикалық есептеу жүйесінің қайта жасалуын немесе оның одан әрі жетілдіруін талап етеді.

Ақпараттар негізінен есептік және есептік емес болып бөлінеді. Есептік мәліметтерге мыналар жатады:

  • бухгалтерлік есеп және есеп беру;
  • статистикалық есеп және есеп беру;
  • жедел есеп және есеп беру;
  • ішінара (іріктеп алынатын) есептік мәліметтер.

Ақпаратпен қамту жүйесін дайындаудың екі бағыты (бабы) бар:
Бірінші бабы міндетті атқару (функционалдық) деп аталады. Осы бапқа сай, кез келген бөлімшелер өздігінше барлық операция бойынша ақпараттарды өндеу, жинау барысында, архивке, байланыс каналына, мәліметтерді қалыптастыру тәсіліне, бастапқы есеп құжаттарына негізделген тұрғысынан ұйымдастырылады. Екінші бабы жүйелі бап деп аталады. Бұл жағдайда ақпаратпен қамту жүйесі әр қайсы атқаратын қызметке қарап емес, біртұтас мәліметтер негізінде, жүйелі де, параллельді өзара байланысын сақтай отырып, басқарудың атқаратын кешенді кызметі жобаланады.

Ақпараттармен қамту жүйесі, негізінен жүйелік тәсілі бойынша құрылады және оны интегралданған есебі деп атайды. Жүйелік тәсіл пайдаланушыға ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру жұмыстарын орталықтандыруға және де оны бірнеше дүркін пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.

Кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Фирма экономикасының теориялары
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
ӨНДІРІС НӘТИЖЕСІН БӨЛУ ЖАЛАҚЫ
Кәсіпорының табысың ұтымды пайдалану шараларын дайындау
Кәсіпорын жұмысының нәтижесін жоспарлау, бағалау
Өндіріс шығындары және фирма табысы
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz