Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының гигиеналық қасиеттерін негіздеу



Жоспар


Кіріспе
1 Жобаланатын үлгіні таңдау және негіздеу
1.1 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының сыртқы түріне сипаттама
1.2 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының қасиеттерін таңдау және негіздеу
2 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының негізгі атқаратын қызметтері және оларға қойылатын жалпы талаптар
2.1 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонына қойылатын негізгі талаптар
2.2 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының физика.механикалық қасиеттеріне сипаттама
3 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонына жылулық есептеулері
4 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе


Киім және аяқ киім тері жамылғысын кірлеуден және механикалық зақымданудан қорғау қажеттілігінде, өндірістік .................................................................................................................ағзаның өндірістік орталарда әсер ететін зиянды факторлардан қорғанысын арттырады және сол арқылы кәсіби аурулар мен жарақаттардың пайда болуына кедергі жасайды.
Адам денсаулығы мен оның жоғары жұмыс істеу қабілеттілігін сақтай отырып өзін-өзі жақсы сезінуінің біреуі – организмнің температуралық гемеостазын (яғни барлық уақытта жылу болу жағдайы) қамтамасыз ету. Осыған байланысты қоршаған ортаға жылу беруді реттеуге бағытталған «тәрбиелі» жылуреттегіш үлкен роль ойнайды.
Адамның өндірістік жұмыс істеу қабілеттілігі мен өмір сүру мүмкіндігін кеңейткен қатал климатты аудандарда өмір сүруге болатын түрі бұл – киім жылуреттегіш. Бірақ киімнің қорғағыш функциялары көпқырлы өндірістік жұмыс процесінде киімнің қолданылуы адамдарға қоршаған ортаның метеорологиялық және басқа факторларынан басқа (химиялық, биологиялық, шаңдық және т.б.) жағымсыз әрекеттерді хабарлау болып табылады.
Киімде қорғаныштық қасиет ..............................................................................................................., гигиеналық талаптарды қамтамасыз ететін киімді жасау – күрделі мәселе. Әсіресе қыздыратын ортаға қатысты, онда организм термиялық ауырлықты азайтудың жалғыз мүмкіндігі – тердің булануы, ал сыртқы ортаның ластануы осы процеске төтеп беретін конструкция мен материалдарды қолдану болып табылады.
Қоршаған ортамен адамның ылғалалмасуын төмендететін материалдардың қасиеттерінің жағымсыз әсерін болдырмау мақсатында мысалы киімнің тиімді конструкциясымен киімасты кеңістігін желдетуге мүмкіндік беретін конструкцияның жетіспеушілігін организмнің температуралық гомеостазын сүйемелдеу позициясынан арнайы жүйелерді қолдану арқасында (суыту немесе қыздыру) өтелуі мүмкін.
Осыған сүйеніп гигиеналық талаптарға жауап беретін киімді жасау тек ғылым мен өндірістің әр түрлі бөліктеріндегі жетістіктерін қолдану нәтижесінде (медицина, химия, жылуфизикасы, материалтану, тігін бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы тігін өндірісінің механизациясы және автоматизациясы) ғана жүзеге асады.
Қазіргі заманда киімді зерттеу бағыттарының бірі – адамды сыртқы ортаның реттеуге келмейтін жағымсыз ..................................................................физиологиялық-гигиеналық талаптарды жасау және негіздеу, осылардың негізінде тиімді киімнің математикалық модельдерін жо................................................ын білу.
Тігін бұйымдарының өндірісінің техникасы мен технологиясының дамуының заманауи деңгейі қоршаған .........................................................................ылуды арнайы салқындатқыш немесе жылытатын құрылғыларды пайдаланып беру немесе алып тастау жолдарымен реттейтін киімді жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде киімді гигиеналық бағалау бойынша үлкен материалдар жиналған:
-киімді ф....................йбір техникалық параметрлері мен жалпы киімнің арасындағы байланыс бекітілген;
-адам организміне материалдары мен конструкциялары жағынан әр түрлі киімдердің әсерлері зерттелген;
-адам жылуалмасу мен жылуреттегіштерінің математикалық модельдері жасалған. Осы мәліметтер әр түрлі қолданыстағы киімді жобалау үшін негіз бола алады.
Курстық жұмыстың .........................................................үйеніп қатал метеорологиялық жағдайлардағы жұмыс үшін әйел курткасының гигиеналық талаптарға сәйкестігін анықтайтын физ................................сеткіштерге қарап және әр түрлі қолданыстағы киімді жобалаудың негізгі гигиеналық принциптеріне және де киімді физиология-гигиеналық бағалаудың заманауи әдістеріне сүйеніп қатал метеорологиялық жағдайлардағы жұмыс үшін әй.................................ын негізгі гигиеналық талаптарды таңдау және негіздеу.
1 Делль Р.А., Афанасьева Р.Ф., Чубарова З.С. Гигиена одежды: Учебное пособие. М.; Легкая индустрия, 1979.135с.
2 Афанасьева Р.Ф. Гигиенические основы проектирования одежды для защиты от холода. М.; Легкая индустрия, 1977 г.
3 Романов В.Е. Системный подход к проектированию специальной одежды. М.; Легкая и пищевая промышленность, 1981 г.
4 Кедров Л.В. Теплозащитные свойства обуви. М.; 1979 г.
5 Зыбин Ю.П. Конструирование изделий из кожи. М.; 1979 г.
6 Жихарев А.П. и др. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности, М.; 2004 г.
7 Колесников П.А. Основы проектирования теплозащитной одежды. – М.; «Легкая индустрия», 1971 г.
8 Кокеткин П.П., Чубарова З.С., Афанасьева Р.Ф. Промышленное проектирование специальной одежды. М.; Легкая и пищевая промышленность, 1988 г.
9 Кобляков Е.Б. и др. Основы конструирования одежды. М.: Легкая индустрия, 1980 г.
10 Ключникова В.М. Практикум по конструированию изделий из кожи. М.; 1985 г.
11 Жихарев А.П., Краснов Б.И., Петропавловский Д.Г. Практикум по материаловедению в производстве изделий легковой промышленности. М., 2004 г.
12 Склянников В.П., Афанасьева Р.Ф., Машкова Е.Н. Гигиеническая оценка материалов для одежды – М.; Легпромбытиздат, 1985. 144с.
13 Русинова А.М. Производственная одежда. М.; Легкая индустрия, 1974, 160 с.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыс Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының
гигиеналық қасиеттерін негіздеу тақырыбында жазылған. Қатал
метеорологиялық жағдайлардағы жұмыс үшін әйел курткасының сыртқы түрінің
суреттемесі баяндалған.
Негізгі бөлімде қатал метеорологиялық жағдайлардағы жұмыс үшін әйел
курткасына материалдар мен фурнитураларды таңдау және негіздеу, әйел
курткасының негізгі атқаратын қызметтері және оларға қойылатын жалпы
талаптар туралы мағлұматтар келтірілген.
Жұмыстың жылулық есептеулері бөлімінде технологиялық есептеулер,есептеу
бірізділігі, материалдық баланс жұмыстары жасалған.
Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде дайындау,пішу,тігін цехтарының
жұмысшыларының еңбегін қорғау, жұмыс орнында жұмыс істеуге тиімді жағдай
жасау қарастырылған. Өндіріс орнында апатты оқиға болған жағдайда
азаматтық қорғаныс шараларын жүргізу келтірілген.
Курстық жұмыс түсіндірме жазбадан тұрады. Түсіндірме жазба беттен,
кестеден, суреттен, қосымша мәліметтерден құралған.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Жобаланатын үлгіні таңдау және
негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының сыртқы түріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының қасиеттерін таңдау
және
негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
2 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының негізгі атқаратын
қызметтері және оларға қойылатын жалпы
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонына қойылатын негізгі
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының физика-механикалық
қасиеттеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
3 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонына жылулық
есептеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Еңбекті қорғау және тіршілік
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Нормативті сілтемелер

ГОСТ 10581-68 - Тігін бұйымдары. Маркалау, буып-түю.
ГОСТ 10581-82 – Трикотаж және тігін бұйымдарын маркалау, буып-түю және
сақтау.
ГОСТ 11209-72 -Мақта – маталары және аралас маталар
ГОСТ 12.1.005-76- Өндіріс цехындағы ауаның температурасы
ГОСТ 12566-81 – Сұрыптылығын анықтау.
ГОСТ 12807-79 – Қол және машина тігіс түрлері.
ГОСТ 16958-71 - Тоқыма бұйымдары. Күтім символдары.
ГОСТ 17369-78 – Классификация.
ГОСТ 20521-75 – Тігін өнеркәсібінің технологиясы. Ақауларды анықтау және
терминдер
ГОСТ 22977-78 - Тігін бұйымдары, бөлшектері.Анықтама мен терминдер.
ГОСТ 24103-80* - Тігін бұйымдары. Ақауларды анықтау және терминдер.
ГОСТ 25294-82 – Балалардың жеңіл киімдері. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 4103-82 – Тігін бұйымдары. Сапаны бақылау әдістері.
ГОСТ 7322-55 – Тігін машиналарының инелері
ГОСТ 8710-58 -Тоқыма маталар. Жуудан кейінгі отыруды анықтау әдістері
ИСО 14001 ҚР стандарты --жоспарлау, енгізу, бақылау және талдау
СНиГТ 111-4-80 Құрылыста техника қауіпсіздігі
СНиП 2. 04. 05. – 86- Өндірістік бөлмелердің ауа алмасуы
СНиП 22.12.-77 және ГОСТ 12.1.003-83 -Шу
СНиП 245-71- Өндіріс цехында жұмыс істеу нормасы
СНиП-81-80- Құрылыс алаңдарын электр жарығымен қамтамасыз ету
ТУ УССР 17-874-72 текстильдік түймелік

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесі терминдер мен оларға сәйкес анықтамалар
қолданылады.
Буөткізгіштік – шектелген материал кеңістігінде тоқыма материалдарының
ылғалды бу түрінде өткізу қабілеттілігі.
Гигроскопиялық – киімнің ішкі қабаты ретінде қолданылатын материалдардың
ең жақсы қасиеті.
Гигроскопиялылығы – қоршаған ауадан материалдардың ылғал сіңіру
қабілеті.
Капиллярлық – тоқыма материалдарының капилляр күші көмегімен сұйықтықты
көшіру және сіңіру қабілеті.
Киім – бұл мал тектес, өсімдік тектес, және жасанды материалдардан,
сонымен қатар синтез жолымен алынған материалдардан дайындалған бұйым.
Киімнің негізгі қызметі – адам денесі айналасында жасанды оңтайлы
микроклимат құру.
Көп мәрте қайталанатын механикалық әсерге беріктікті матаның
төзімділігі дейді.
Матаның тартқандағы мықтылығы дегеніміз оның өзіне түскен күшке
қарсы тұру қабілеті.
Матаның тозуға төзімділігі деп оның көптеген тоздыратын
факторларға шыдамдылық қасиетін айтады.
Материалдардың ауа өткізгіштігі – материалдың екі жағындағы белгілі
қысыммен белгіленген уақытта материал жазықтығынан өткен ауа шамасын
көрсететін коэффициент.
Отыру- бұл ылғал-жылы өңдеуде, жуғанда, сулауда мата өлшемінің
қысқаруы.
Ылғал өткізгіштік – киім материалдары арқылы ылғал буының өтуі –
материалдардың ауа өтетін каналдары арқылы сулы будың диффузия жолымен және
талшық арқылы сорбция-десорбция жолымен болатын күрделі процесс
Ылғалберу- тоқыма материалдарының қоршаған ортаға ылғал беру қабілеті.
Ылғалсіңірушілік – тоқыма материалдарының суды қабылдау және физикалық
жолмен суды берілген температура мен уақытта судың ішінде байлау
қабілеттілігі.

Белгілер мен қысқартулар

%--пайыз
0оС -градус
1В – вольт,қуат бірлігі
F – үлгі ауданы; м2 ;
T, сағ -берілген жағдайда адамның болу уақыты
V – ауа мөлшері, м3;
Вт- жылулық энергия
г-грамм
Д, кДж-организмдегі жылу дефициті
ж.-жыл
ҚР- Қазақстан Республикасы
м2· 0С Вm –жылулық кедергі
м2-метр ауданы
мин – минут
млн-миллион
млрд. -миллиард
мм – миллиметр
МПа – мегапаскаль, қысым бірлігі
нм2 -матаның қысымының бірлігі
Н-ньютон, үзілу салмағының бірлігі
сек – секунд
см – сантиметр
сНтекс-үзу салмағы
т.б. –тағы басқалар
текс-сызықтық тығыздық көрсеткіші

Кіріспе

Киім және аяқ киім тері жамылғысын кірлеуден және механикалық
зақымданудан қорғау қажеттілігінде, өндірістік киім және аяқ киім
жұмысшылардың денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады, ағзаның өндірістік
орталарда әсер ететін зиянды факторлардан қорғанысын арттырады және сол
арқылы кәсіби аурулар мен жарақаттардың пайда болуына кедергі жасайды.
Адам денсаулығы мен оның жоғары жұмыс істеу қабілеттілігін сақтай отырып
өзін-өзі жақсы сезінуінің біреуі – организмнің температуралық гемеостазын
(яғни барлық уақытта жылу болу жағдайы) қамтамасыз ету. Осыған байланысты
қоршаған ортаға жылу беруді реттеуге бағытталған тәрбиелі жылуреттегіш
үлкен роль ойнайды.
Адамның өндірістік жұмыс істеу қабілеттілігі мен өмір сүру мүмкіндігін
кеңейткен қатал климатты аудандарда өмір сүруге болатын түрі бұл – киім
жылуреттегіш. Бірақ киімнің қорғағыш функциялары көпқырлы өндірістік жұмыс
процесінде киімнің қолданылуы адамдарға қоршаған ортаның метеорологиялық
және басқа факторларынан басқа (химиялық, биологиялық, шаңдық және т.б.)
жағымсыз әрекеттерді хабарлау болып табылады.
Киімде қорғаныштық қасиет болу үшін ол гигиеналық талаптардың жинағын,
яғни, адамның денсаулығы мен оның жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау үшін
қажетті материалдарға және конструкцияға талаптарды адамның жылулық
балансын және оны зиянды өндірістік факторлардан қорғайтын, гигиеналық
талаптарды қамтамасыз ететін киімді жасау – күрделі мәселе. Әсіресе
қыздыратын ортаға қатысты, онда организм термиялық ауырлықты азайтудың
жалғыз мүмкіндігі – тердің булануы, ал сыртқы ортаның ластануы осы процеске
төтеп беретін конструкция мен материалдарды қолдану болып табылады.
Қоршаған ортамен адамның ылғалалмасуын төмендететін материалдардың
қасиеттерінің жағымсыз әсерін болдырмау мақсатында мысалы киімнің тиімді
конструкциясымен киімасты кеңістігін желдетуге мүмкіндік беретін
конструкцияның жетіспеушілігін организмнің температуралық гомеостазын
сүйемелдеу позициясынан арнайы жүйелерді қолдану арқасында (суыту немесе
қыздыру) өтелуі мүмкін.
Осыған сүйеніп гигиеналық талаптарға жауап беретін киімді жасау тек
ғылым мен өндірістің әр түрлі бөліктеріндегі жетістіктерін қолдану
нәтижесінде (медицина, химия, жылуфизикасы, материалтану, тігін
бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы тігін өндірісінің
механизациясы және автоматизациясы) ғана жүзеге асады.
Қазіргі заманда киімді зерттеу бағыттарының бірі – адамды сыртқы ортаның
реттеуге келмейтін жағымсыз факторларынан қорғайтын арнайы киімнің
физиологиялық-гигиеналық талаптарды жасау және негіздеу, осылардың
негізінде тиімді киімнің математикалық модельдерін жобалау және адамның
жылулық жағдайын білу.
Тігін бұйымдарының өндірісінің техникасы мен технологиясының дамуының
заманауи деңгейі қоршаған орта мен адам арасындағы жылуалмасуды жылуды
арнайы салқындатқыш немесе жылытатын құрылғыларды пайдаланып беру немесе
алып тастау жолдарымен реттейтін киімді жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде киімді гигиеналық бағалау бойынша үлкен материалдар
жиналған:
-киімді физиология-гигиеналық бағалаудың әдістері мен критерийлері
жасалған;
-киімнің материалдарының кейбір техникалық параметрлері мен жалпы
киімнің арасындағы байланыс бекітілген;
-адам организміне материалдары мен конструкциялары жағынан әр түрлі
киімдердің әсерлері зерттелген;
-адам жылуалмасу мен жылуреттегіштерінің математикалық модельдері
жасалған. Осы мәліметтер әр түрлі қолданыстағы киімді жобалау үшін негіз
бола алады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қоршаған орта мен адамның арасындағы
жылуалмасу физиологиясы туралы білімге сүйеніп қатал метеорологиялық
жағдайлардағы жұмыс үшін әйел курткасының гигиеналық талаптарға сәйкестігін
анықтайтын физиологиялық көрсеткіштерге қарап және әр түрлі қолданыстағы
киімді жобалаудың негізгі гигиеналық принциптеріне және де киімді
физиология-гигиеналық бағалаудың заманауи әдістеріне сүйеніп қатал
метеорологиялық жағдайлардағы жұмыс үшін әйел курткасына қойылатын негізгі
гигиеналық талаптарды таңдау және негіздеу.

1. Жобаланатын үлгіні таңдау және негіздеу

1.1 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының сыртқы түріне
сипаттама

Сурет 1. Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының сыртқы түрі

1.2 Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының қасиеттерін
таңдау және негіздеу

Төмен температуралық жағдайда жұмыс істеуге арналған киімнің жылулық
қарсылығын есептеуде берілген жерлерде үздіксіз табылу уақыты әдетте төрт
сағаттан аспауы қажет. Ерекше төмен температураларда (30`C) бұл уақыт екі
сағатқа дейін қысқартылуы қажет. Уақытты бұлай қысқарту практикалық түрде
материалдардан киімді дайындауға мүмкіндік бермейді, жылулық сыйымдылығы
1.1 ккал (м²*сағ*°С) жоғарыламауы керек.Бұл төменгі температураларда
адамды ұзақ уақытта салқындаудан сақтайтын киімді жасауға болмайтындығын
білдіреді. Киімнің жылулық сыйымдылығы негізінде қалыңдығымен кей-кездері
салмақ көлеміне және жылу бөлетін материалдың талшықтық түрімен анықталады.
Яғни, үлкен жылулық сыйымдылығы бар киім үлкен қалыңдыққа ие болуы керек..
Мұндай киім жұмыс істеу кезінде ыңғайсыз, ол ауыр және адамның қимылын
қиындатады. Жылуқорғағыш киімді жобалау кезінде (төмен температурада жұмыс
істеуге арналған) оны эксплуатациялаудан адам біршама салқындайды.
Салқындаудың осындай ырғағын жіберуге болады. Терморегуляциялық
механизмдердің жақсы белсенділігін қамтамасыз ететін организмді қорғауға
бағытталатын, яғни адамда жылулық сезімінің пайда болуының берілген
уақытының өтуіне алып келеді.
Ағзаны кейбір салқындатуға алып келетін киім адамға қоршаған
ортаның анағұрлым жоғарғы температурасында жұмыс істеуге мүмкіндік береді,
сонымен қатар денені қыздырмай-ақ физикалық жұмысты орындауға мүмкіндік
береді.
Материалдарды таңдаған кезде жылытылған киім әртүрлі құрылымды
материалдардың қабатынын, қасиетінен және белгіленуден тұратынын ескеру
керек.Қысқы киімнің пекеті әдетте астар мен астар аралық жылытатын сырт
киімнен тұрады.
Сыртқы киімді эксплуатациялау кезінде механикалық әсерді қабылдайды.
Олар климаттық әсерлерге шыдамды, гигиеналық болуы керек.
Желден қорғайтын астар аралықтар шамамен 7-40 дм3 (м2 *c) ауа
өткізгіш болуы керек.
Жылытатын астар аралық негізгі талаптар аз ғана орташа тығыздығы (50-
70 гсм3),ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік.
Астар аралық жеңіл болуы керек. Материал пакетінің ауа
өткізгіштігі толығымен метрологиялық шарттарға сәйкес болуы керек, ал бу
өткізгіштігі 25 г(м2 * сағ) кем болмауы қажет.
Жылуқорғағыш киімдер бұйымның 2-ші тобының негізгі базалық
конструкциясының үшінші топшасы негізінде жасалынады. Әйелдер және ерлер
қыстық киімі Лес комплекті ОСТ 1755-72 және 1757-72 бойынша, ал Тайга
костюмін ОСТ 17536-70, 17535-70 бойынша дайындайды.
Өнеркәсіпте ерекше метерологиялық шарттармен жұмыс істейтін ГОСТ 9719-70
бойынша дайындалған ерлердің қыстық костюмі кең қолданысқа ие
Ерлер және әйелдер күртешесін ГОСТ бойынша дайындайды.
Қыстық киімнің бүйір және иық қиықтарын біріктіру жапсырып, қосып
тігілген тігістермен немесе жабық қиықты қаптамамен шығарылады.
Өңірдің,жағаның (түксіз) жең етегінде және күртешенің,қақпақшаның,
қалтаның шеті бойынша тігімді астарлайды.
Қыстық киімде мақта көлемі оның өлшемі мен бойына байланысты, сонымен
қатар белгіленген климаттық зонаға да байланысты.
Қыстық киімде қолданылатын фурнитураны келесі түрлерге бөлуге болады:
сырмақ, түймелер, бекіткіштер, сыдырма, кнопкалар, люверстер, блочкалар
және т.б.
Қыстық киімнің фурнитураларына ерекше талаптар ұсынылады.Ол жоғарғы
температураға , тот басуына , химиялық заттар әрекеттеріне тұрақты болуы
керек.
Қыстық киім үшін қолданылатын түймелер галалитадан жасалады және оның
әртүрлі фасондары мен түрлері шығарылады.
Түйменің үсті жылтыр жұмсақ болуы керек,онда жырық және дақ , т.б .
болмауы қажет. Түймені тігу үшін тесіктері цилиндр пішіндес , ал шеті таза
жылтыр болуы қажет, шеті өткір , қабыршақ болмауы қажет. Түйме шеңбері
түйменің барлық аймағындағы биіктігі, ұзындығы бірдей болуы керек.
Қалыңдығы және диаметрі бойынша жіберілген ауытқуы ± 0,5мм.
Көп қолданылатын сыдырма түймеліктер . Түймеліктер жабық жағдайда еніне
байланысты классификацияланады.Түймеліктер бөлшектерінің шеттері өткір
тырнайтын болмауы қажет.
Қазіргі уақытта түймеліктердің жаңа түрі- текстильдік түймелік (ТУ
УССР 17-874-72) қолданылады.
Қапсырмалар шалбардың , күртешелердің белін түймелеу үшін бүйірін
түймелеу үшін ,аспабауды тарту үшін қолданылуы мүмкін.
Белдік үшін қапсырмалар тартуға мүмкіндік бермейтін шпенькамен болуы
керек(қапсырманың ішкі айнасы 35-45 мм).
Өңірге түймелену үшін қапсырмалар екі бөліктен немесе бір өңірден тұруы
мүмкін , сол кезде түймелену белдікше көмегімен жүруі мүмкін .
Аспабауды қыстыру үшін қапсырмалар түймеленетін , металдық түймемен
немесе аспабау ұзындығымен бірқалыпты болу үшін қапсырмалар мен комплекте
жасалуы тиіс.
Бүйірді түймелеу үшін басқа нұсқалар металдық топсаға ілінетін ілгекпен
иірімдер қолданылуы мүмкін(иірімнің ішкі айнасы 40 мм).Бұл иірімдер бас
киімдерге қыстыру үшін белдікше түймелеу үшін және т.б. қолданылуы
мүмкін.
Кнопкалар 10мм-ге тең диаметрмен алынады және мықты түймелікті
қамтамасыз ету керек.
Бекітпе қалталардың ,түймеліктерді ,күшейтілген қондырманы ,т.б. қатты
ұстап тұру үшін қолданылады.

2. Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының негізгі атқаратын
қызметтері және оларға қойылатын жалпы талаптар

1. Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонына қойылатын негізгі
талаптар

Киімнің негізгі қызметі – адам денесі айналасында жасанды оңтайлы
микроклимат құру. Адам жақсы таңдалған киімде (киімасты ауаның
температурасы 30-330С және көмірқышқыл газдың құрамы 0,8% болғандағы
ылғалдылығы 20-40%) комфортты жағдайда болады.
Адамның киімасты микроклиматы сыртқы факторларға ғана емес, сонымен
қатар орындалатын жұмыс сипатына да байланысты.
Киімнің гигиеналық қасиеттері матаның талшықтарының физикалық
қасиеттеріне байланысты болады. Адамға киім оны қоршаған ортаның жағымсыз
факторларынан – өте төмен немесе өте жоғары температуралардан, желден,
жаңбырдан, қардан, қалыптан тыс күн сәулесінен және тері қабатының
метеорологиялық зақымдануларынан қорғау үшін қолданылады. Сонымен қатар,
киім тері бетін шаңнан, ластан және микроорганизмдерден қорғайды
Сонымен, киім гигиенасы оның негізгі қолданылу мақсаты адамды қоршаған
ортаның жағымсыз әрекеттерінен қорғау және қажетті дене температурасын
сақтау.
Киім ылғалды тез сіңіріп алап және сыртқа шығарып отыруы керек. Ол өте
кеуекті болуы және ластанудан тез тазалануы қажет.
Киім – бұл мал тектес, өсімдік тектес, және жасанды материалдардан,
сонымен қатар синтез жолымен алынған материалдардан дайындалған бұйым
(немесе бұйымдар жиынтығы). Киім адам үшін тамақ, тұрғын үй және т.б.
сияқты алғашқы қажеттіліктердің бірі болып табылады.
Киімге қойылатын талаптар әр түрлі болып келеді. Оларды гигиеналық,
механикалық, эстетикалық, эксплуатациялық, техникалық және экономикалық
талаптарға бөледі.
Гигиеналық талаптары киімнің жылу сақтағыштық, киімасты қабатында ауа
алмасу, денеден ылғалды жоюға және ылғалдан сақтау үшін суөткізбеушілікке
қабілетті гигроскопиялық қасиеттерімен қамтамасыз етеді.
Механикалық талаптары – бұл бұйымның беріктігіне, тозуға, көп ретті
бүктеулерге, бояуға төзімділігіне, формасын сақтауға және т.б. қойылатын
талаптар.
Эстетикалық талаптарына бұйымды көркем безендіру, түсі мен фактурасы
бойынша материал таңдау және т.б. талаптар жатады.
Эксплуатациялық талаптар киімді тұтыну барысында ыңғайлылықпен және
сенімділікпен қамтамасыз етеді. Тұтыну кезінде ыңғайлылық қозғалыста
еркінділік және адамның тыныс алуымен, киімді оңай кию және шешумен; ал
эксплуатациялау кезіндегі сенімділік – киімнің моральды немесе физикалық
тозуына дейін оның қызмет етуімен сипатталады.
Техникалық талаптары киімді өндіру процесінде мемлекеттік стандарттарға
және техникалық шарттарға толық сәйкес орындалуы қажет.
Экономикалық талаптары бұйымды дайындауда оның өзіндік құнын
төмендетуді, материалдардың аз шығындалуын және т.б. қарастырады.
Киімнің эстетикалық және эксплуатациялық көрсеткіштері силуэтті
формалары, тепе-теңдіктері, түсі, қолданылатын материалдары бойынша сәннің
заманауи бағыттарына сәйкес келуі қажет. Бұл мәселелерді көзбен қабылдау
заңдарына сай келетін және дизайнерлік өнердің ережелеріне жауап беретін
бұйымдарды жасау жолымен шешеді. Сонымен қатар, киім өндіріс
технологиясының қажетті талаптары мен нормаларына жауап беруі керек.
Тоқыма материалдарының негізгі физиология-гигиеналық қасиеттері –
гигроскопиялылығы, капиллярлығы, ылғал сіңіргіштігі, ылғалбергіштігі, бу
және ауаөткізгіштігі, ылғалөткізгіштігі, жылу және электрлік кедергілері –
киімнің гигиеналық қасиеттерін бағалау үшін үлкен рөлі бар.
Материалдардың осы қасиеттері адамның сезіміне оның көңіл-күйі мен жұмыс
істеу қабілеттігін арттыратын киімнің микроклиматын реттеуге көмектеседі.
Материалдардың гидрологиялық қасиеттері. Адам денесінің жазықтығынан
тердің буланып шығуы арқылы берілген жылуберу процесі адам мен сыртқы орта
арасындағы жылуберу процесінде үлкен рөль ойнайды. Булану арқылы жылуберу
деңгейі көбінесе киім материалдарының гигроскопиялылығы, капиллярлығы,
ылғал сіңіргіштігі, ылғалбергіштігі, бу және ауаөткізгіштігі,
ылғалөткізгіштігі және т.б. гидрологиялық қасиеттеріне байланысты.
Гигроскопиялылығы – қоршаған ауадан материалдардың ылғал сіңіру
қабілеті. Гигроскопиялық – белгілі температурада және оған қатысты
ылғалдылықта материалдың ауадан сіңірген ылғалдың массасын құрғақ
материалдың массасына қатынасымен анықталады және % - пен көрсетіледі.
Тоқыма материалдарының қоршаған ортадан ылғалды сіңіру қабілеті тоқыма
талшықтарының сорбциялық қасиеттерімен және оларды әрлеу ерекшеліктерімен
байланысты.
Зығырдан жасалынған материалдар ылғалды тез, ал мақта маталары баяу
сіңіреді. Жүн материалдары ылғалды бір қалыпты және баяу сіңіреді.
Синтетикалық талшықтан жасалынган материалдар ылғалды мүлдем сіңірмейді.
Қасиеттері және қалыңдығы, тығыздығына байланысты талшықтардың
гигроскопиялығы ылғалсіңіру және жылуберу жылдамдығына әсер етеді. Маталар
тығыз және қалың болаған сайын ылғалды баяу сіңіреді және береді және
ылғалдылықтың және адам мен киімнің ауалық аралықтарының жылуының
тұрақтылығын өте жақсы қамтамасыз етеді. Материалдың ылғалды тез сіңіруі
киімасты микроклиматтың тез өзегруіне алып келеді.
Гигроскопиялық – киімнің ішкі қабаты ретінде қолданылатын материалдардың
ең жақсы қасиеті. Киімнің ішкі қабаттары материалдарының ылғалды тез
сіңіруі киімасты микроклиматының комфорттылығын сақтайды. Қысқы және
демисезонды киімдер үшін материалдардың гигроскопиялығы онша пайдалы емес.
Олардың ылғалдылығынан жылубергіштігі көтеріледі, ол киімасты
температурасының төмендеуіне және адамның тоңуына әкеліп соғады.
Капиллярлық – тоқыма материалдарының капилляр күші көмегімен сұйықтықты
көшіру және сіңіру қабілеті. Капиллярлық тоқыма материалдарының киімасты
кеңістіктен ылғалды көшіру қабілетін сипаттайды. Ол материалдың өлшеміне,
сетінеу қасиеттеріне байланысты. Мысалы, көлемді жіп немесе иірім жіптерден
жасалынған синтетикалық сетінегіш материалдар жақсы капиллярлыққа ие,
осының арқысында үлкен дәрежеде гигиеналық талаптарға жауап береді.
Ылғалсіңірушілік – тоқыма материалдарының суды қабылдау және физикалық
жолмен суды берілген температура мен уақытта судың ішінде байлау
қабілеттілігі. Іш киімдік мақта маталардың максимальды ылғал сіңірушілігі
(су көлемі) 150-300гм2,жүн маталарының ылғал сіңірушілігі -330-770гм2,
сыртқы киім үшін жүн трикотаж маталарының ылғал сіңірушілігі -2540гм2.
Ылғалберу- тоқыма материалдарының қоршаған ортаға ылғал беру
қабілеті.Ылғалберу киімнің немесе материалдардың кебуімен байланысты.
Материалдардың кебуінің жылдамдығы талшықтардың қасиеттеріне, тоқылым
түріне,бетінің тегістігіне байланысты.
Әртүрлі материалдар ылғалды әртүрлі сіңіреді және береді. Зығыр, мақта
және жібек материалдары қоршаған ортаға ылғалды тез береді және тез
сіңіреді. Жүн маталары қоршаған ортаға ылғалды баяу береді және баяу
сіңіреді, мұнымен ол киімге тұрақты микроклимат құрады. Вискоздық –
штапельдік талшықтардан жасалған материалдар өзінің қасиеттері бойынша
басқалардан ерекшеленеді: олар ылғалды тез сіңіріп баяу береді. Ол осындай
материалдан жасалған киімнің жылу қорғау қасиеттерін төмендетеді. Ылғалды
алып тастаса материалдар жеңіл болып, жылу қорғағыш қасиеттері жақсарады,
беріктілігі өзгереді.
Тоқыма материалдарының ылғал беруі үлкен рөльге ие, себебі киімді
қолдану материалдарының қасиетіне байланысты.
Буөткізгіштік – шектелген материал кеңістігінде тоқыма материалдарының
ылғалды бу түрінде өткізу қабілеттілігі.
Құрамында мақта, зығыр, жүн, вискоздық және ацетаттық талшықтары бар
материалдар олардың тығыздығына қарамастан өте жақсы буөткізгіштікке ие.
Бұл материалдардың буөткізгіштігі тоқыма материалдарының сорбциялық
қасиеттерімен анықталады. Синтетикалық талшықтардан жасалған маталардың
буөткізгіштігі олардың тығыздығына байланысты. И.А.Дмитриеваның мәліметтері
бойынша арнайы маталар, парусинаның буөткізгіштігі 25,5мг(м2·сағ)
синтетикалық талшықтардан жасалған жұқа маталардың буөткізгіштігі 88,5
мг(м2·сағ)-дан көп. Тоқыма материалдарының буөткізгіштігі киім үшін өте
маңызды, себебі киім асты кеңістігінің микроклиматының жақсы жағдайы соған
байланысты. Сондықтан киім үшін материал таңдауда материалдың
буөткізгіштігін ескеру қажет.
Ылғал өткізгіштік – киім материалдары арқылы ылғал буының өтуі –
материалдардың ауа өтетін каналдары арқылы сулы будың диффузия жолымен және
талшық арқылы сорбция-десорбция жолымен болатын күрделі процесс.
Материалдан будың өту процесінде оның конденсациясы байқалады. Бұл жағдайда
капиллярлы күштер әсерінен ылғал бу түрінде ғана емес, сонымен қатар
сұйықтық түрінде де орнын ауыстырады.
Сонымен, ылғалдылығы көп ортадан ылғал буының ылғалдылығы аз ортаға өтуі
бу секілді және сұйық ылғалдың материалдарымен күрделі байланысы жолымен
болады. Осы процесті физикалық тұрғыдан қарағанда материалдардың ылғал
өткізгіштігі деп атайды.
Табиғи (жүн, мақта) және химиялық (капрон,лавсан) талшықтардан жасалған
материалдардың ылғалөткізгіштігі әр түрлі. Жүн және мақта маталарының
ылғалөткізгіштігі өте жоғары, ал синтетикалық талшықты маталардың ылғал
өткізу қабілеттілігі өте төмен. Киім дайындауда қолданылатын маталардың
негізгі тобының ылғалөткізгіштігі олардың гигроскопиялығына, салмағы мен
қалыңдығына байланысты және 0-68гм2-ты құрайды.
Материалдардың ауа өткізгіштігі.
Материалдардың ауа өткізгіштігі – материалдың екі жағындағы белгілі
қысыммен белгіленген уақытта материал жазықтығынан өткен ауа шамасын
көрсететін коэффициент. Киім материалдардың ауа өткізгіштігін салыстыру
үшін ауа қысымының түсуін 50Па-мен өлшеу бекітілген. Ол ауа қозғалысының 8-
10мсек жылдамдығына сәйкес келеді.
Материалдардың ауа өткізгіштігіне олардың структурасының көптеген
параметрлері (қалыңдығы, пішіні және иірімжіп салмағы, тығыздығы, мата
тоқылымы) және де әрлеу түрлері әсер етеді. Әр түрлі тұрмыстық маталардың
ауа өткізгіштігі (іш киімдік, көйлектік, костюмдік, пальтолық) 3,5-тен
500дм3(м2·сек) және одан көп болады.
Маталардың көпшілігі мынадай ауаөткізгіштікте болады (дм3(м2·сек)) -
іш киімдік (89%) - 50-500, көйлектік (92%) – 101-500және жоғары; костюмдік
(98%) – 26-500; пальтолық (79%) – 51-500.
Материалдардың ауа өткізгіштігі олардың қалыңдығы, көлемдік салмағы,
ылғалдығы, қабаттарының саны мен киімнің қабаттары арасындағы ауалық
қабаттарының қалыңдығына байланысты.
Материалдардың ауа өткізгіштігі олардың қалыңдығы, көлемдік салмағы,
ылғалдығы, қабаттарының саны мен киімнің қабаттары арасындағы ауалық
қабаттарының қалыңдығына байланысты.Материалдың бірқалыпты салмағында анық
қалыңдығын үлкейткенде мата ауаөткізгіштігі төмендейді, бұл өткізу
тетіктерінің азайғанымен түсіндіріледі.
Бір қалыңдықтағы, бірақ салмағы әр түрлі материалдардың ауаөткізгіштігі
әр түрлі болады. Салмағын көбейткен сайын қалыңдығы бірдей материалдардың
ауаөткізгіштігі азаяды.
Маталардың ауаөткізгіштігі ылғал көбейген сайын төмендей береді. Себебі
матаның тесіктері ылғалмен толып, талшықтар ісініп материалдан ауаның өтуі
қиындайды.
Материалдың ауаөткізгіштігі арқасында киімді кигенде киімасты
кеңістігінде табиғы вентиляция пайда болады, ол киімасты көмірқышқылы және
теріден газайналу процесінде шыққан әр түрлі өнімдерді жоюды қамтамасыз
етеді.
Киімнің ауаөткізгіштігі оның конструкцияларынан, қабаттары, санынан, жел
жылдамдығы мен сыртқы және киімасты ауаларының температураларының
айырмасына байланысты болады.
Көп қабетты киімнің ауаөткізгіштігі бір қабатты киімдерден аз. Киім
қабатының санын көбейткен сайын ауаөткізгіштік азая түседі.
Киім қабаттарының арасында ауалық қабаттарды ендіру киімасты
кеңістігінің ең жақсы вентиляциясын қамтамасыз ететін ауаөткізгіштікті
көтереді.
Жел жылдамдығы мен киім астындағы ауа және сыртқы ауа айырмасын
көбейткенде материалдағы және киімасты кеңістігінде конвекция күшейеді,
жылуқорғағыш қасиеттерінің төмендеуіне алып келеді.
Материалдардың жылуқорғағыштық қасиеттері.Материалдардың жылуқорғағыштық
қасиеттері жылуөткізгіштікпен сипатталады (материалдардың өткізу
қабілетімен). Материалдың жылуөткізу деңгейі λ, Вт (м·0С) жылуөткізу
коэффициентінің сандық мағынасымен сипатталады. Материалдың жылуқорғағыш
қабілеті жылуөткізу коэффициентінен қарама-қарсы байланыста. Жылуөткізу
коэффициенті матаның структурасы және талшықтық құрамына байланысты болады.
Талшығының жылуөткізуінің төмендігі бойынша былай қоюға болады: капрон,
жасанды талшықтар, зығыр, мақта, табиғи жібек, жүн, нитрон.
Киімнің жылуқорғағыштық қасиеттеріне талшықтардың қалыңдығы, ұзындығы,
бұйралығы, серпімділігі әсер етеді. Жіңішке, қысқа бұйра талшықтарды
қолдану матада ауамен толтырылған көп жабық тесіктер пайда болуына
көмектеседі. Ауа-жылудың онша жақсы емес өткізгіші болғандықтан, матаға өте
жақсы жылуқорғағыш қасиетін береді.
Киім материалдары үшін жылуөткізгіштік коэффициенті 0,033-0,070 Вт
(м·0С) шектеуінде өзгереді.
Маталардың жылуөткізгіштік коэффициенттері әр түрлі факторлардың
әсерлерінен өзгеріп отырады: материал салмағынан, қоршаған ортаның ауа
температурасы мен ылғалдылығынан, материал ауаөткізгіштігімен, жылу
ағынының бағытынан.
П.А.Колесников мәліметтері бойынша костюмдік маталар үшін
жылуөткізгіштік 0,042 ден 0,058ге дейін өзгереді, көйлектік – 0,038ден
0,054ке дейін ішкиімдік маталарда (трикотаж маталарда) – 0,038-0,049 Вт
(м·0С).
Ауаның тыныштық жағдайында әр түрлі талшықтық құрамдағы, салмақтағы,
структурадағы, қалыңдықтағы матаның және киім пакетінің жылуөткізгіштікгі
болар болмас өзгереді, сондықтан олардың жылулық есептеулерінде 0,0495 Вт
(м·0С) деп алынады.
Жел жағдайында киім және киім пакеттерінің жылуөткізгіштігі олардың
ауаөткізгіштігінен, киімнің адам дене жазықтығына қынамалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық киімдердің жіктелуі
RITO брендінің трикотаж матасынан жобаланған киім үлгілері
Бұйымды таңдау және негіздеу
Қалампыр түстегі сәнді жадағай
Лекалоны матаға жаймалау
Бәсеңдеткіш шығаратын механикалық құрастыру бөлімін жобалау және қораптың механикалық өңдеу технологиясын жасау
Бұйымның лекал ауданы
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Бұйымға арналған маталарды таңдау
Шымкент қаласындағы ЖШС «Канди-шымкент» кәсіпорнының агрегатты аумағын ұйымдастыру
Пәндер