Мұнай, газды жинақтау, дайындау, тасымалдау және игеру технологиялары мен принциптері


Алғы сөз
Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан -13, газ және конденсаттан - 15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша - 4 орын алады.
Еліміздің территориясында 200 - ден астам мұнай және газ кен орындары бар.
Өнеркәсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты әкімшілік облысында шоғырланған. Еліміздің батыс аймағының төрт облысында алынатын мұнай қорының 90 % - ы шоғырланған.
Атап айтсақ осы аймақта; Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты және мұнай-газ қоры 100 млн тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған.
Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған; Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол) . Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциалы зор.
Қазақстан Республикасындағы шикізаттардың дәлелденген мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық.
Республикамыздағы мұнайдың құрлықтағы болжамды алынатын қоры 7, 8 млрд. тонна және оның 2/3 бөлігі Батыс Қазақстанда шоғырланған, ал табиғи газдың болжамды қоры 7, 1 трил. м 3 болып табылады.
Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы мұнай газ қоры да мол. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Шығыс Қашаған құрылымына бұрғыланған барлау ұңғыларының нәтижесінде мұнай мен газдың өнеркәсіптік мол қоры дәлелденген.
Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік Үстіртте, Маңғышлақ пен Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан 60-қа жуық кен орны игерілуде. Қазақстан Республикасындағы Мұнай және конденсатты өндіру көлемі 2004 жылы 59 млн. 200 мың тоннадан асты, ал газ өндіру көлемі 20, 5 млрд. м 3 құрады.
Мұнай өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты ұңғы өнімін кәсіпшілікте жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін жетілдіру мәселесіне көп көңіл аудару қажет.
Мұнайгаз өндіру кәсіпорындары мұнай өндіруді; мұнайды жинау, дайындау және тасымалдауды; мұнай газын жинау және дайындауды; қабат қысымын ұстап тұту жүйесінде пайдаланатын тұщы және қабат суларын қабатқа айдау үшін дайындауды қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы міндеттерді атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады.
Тұтқырлығы жоғары шайырлы және парафинді мұнайларды өндіруде, ұңғы өнімінің құрамында күкіртсутегі және көмірқышқыл газы болғанда арнайы мәселелер туындайды.
Мұнай кен орындарының тұрғызу жобасын жасауда және мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға, топырақтың, судың және атмосфералық ауаның ластануынан сақтауға үлкен көңіл бөлінеді.
Мұнай ұңғыларының өнімдерін кәсіпшілікте жинау және дайындау жағдайында өтіп жатқан құбылыстардың, үрдістердің және туындайтын мәселелердің сан алуандығы сонша оны бір кітап көлемінде ашып көрсетіп, тереңірек үңілуге толық мүмкіндік бермейді. Мұнай кен орындарын игерудің қазіргі таңдағы дүниежүзілік тәжірибесі әртүрлі жағдайларда мұнайды, ілеспе газды және суды тиімді жинау және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін әртүрлі техникалық және технологиялық және технологиялық шешімдерді, тәсілдер мен жабдықтарды қлоданумен сипатталады. Технологиялық үрдістерде өнімділігі жоғары, толығымен немесе бір бөлігі ғана автоматтандырылған, саңылаусызданған блокты аппараттар мен жабдықтар қолданылады. Химиялық реагенттердің кең спектрі қолданылады.
Бұл кітапта ұңғы сағасынан бастап туралық мұнай мен газды тұтынушыға дейін жеткізудің технологиялық тізбегіндегі ұңғы өнімдерін жинау мен дайындауға арналған барлық үрдістер мен жабдықтар мен химиялық реагенттердің техникалық сипаттамасы беріледі. Теңіз кен орындарындағы мұнай, газ және суды жинаудың негізгі ерекшеліктері келтірілген.
Мұнай кен орнын тұрғызу жобасының негізгі принциптері мен жағдайы
1. 1. Кен орнын игеру кезіндегі жобалау құжаттары
Мұнай кен орнын тұрғызуды жобалау кезінде жалпыкәсіпшілік шаруашылығымен, бүрғылау техникасы және технологиясымен, пайдаланумен, жинаумен, тасымалдаумен, мұнайды сақтау және дайындаумен байланысты барлық мәселелерді тиімді шешу қажет.
Кез -келген кен орынды жобалау игеру жобасын құрастырудан басталады. Ол келесі бөлімдерден тұрады [6] ; [12] ; [22] :
•мұнай мен газ қорларын есептеу;
•кен орнын игеру сұлбасын(схемасын) жасау;
•барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық, гидродинамикалық және пайдалану сипаттамаларын анықтау;
•қабат суларының сипаттамасы мен химиялық құрамын анықтау;
•мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиетін анықтау;
•айырудың әр түрлі сатысындағы мұнайдың дифференциалды газсыздануы;
•мұнайды өңдеудің неғұрлым сұлбасын ұсыну;
•кен орнын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;
•игерудің барлық мерзіміндегі әр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;
•жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;
•ұңғыны пайдалануға енгізу тәртібі мен уақыты және оларды пайдаланудан шығару;
•игеру кезеңінде ұңғылардағы қабаттық, түптік, буферлік (сағалық) және құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;
•ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі және параметрлері, осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тәсілден механикалық пайдалану тәсіліне ауыстыру қажеттілігі;
•газ факторын анықтау;
•қабат қысымын ұстау тәсілін таңдау және айдалатын жұмысшы агентінің(су, газ) көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;
•айдау ұңғыларының жұиыс режимі, жұмысшы агентінің (су, газ) негізгі көздері;
•кен орнын игеру жүйесі бойынша қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштер.
Игеру жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шараларды сақтай отырып максималды мұнай алу және бір тонна мұнайды өндіруге жұмсалатын шығынды азайтып кен орнынан жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.
Осыдан кейін кен орнын тұрғызудың басты сұлбасы мен техника-экономикалық негізі құрастырылады, және мұнда келесі мәселелер қарастырылады:
І. Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, сақтау және дайындаудың кәсіпшілік кешендерін (объектілерін) орналастыру.
Барлық кешендер 3 категорияға бөлінеді:
1) Технологиялық кешендер
- пайдалану және айдау ұңғылары,
- айыру қондырғылары,
- сығымдайтын және ортадан тепкіш сорап
станциялары, шикізат резервуарлары,
- мұнайды дайындаудың кәсіпшілік қондырғылары,
- кәсіпшіліктік компрессорлы станциялар және
газдыбензинді зауыттар.
2) Мұнайды жинау және дайындау технологиясына тікелей байланысы жоқ кешендер
- мұнайгаз өндіру басқармасының (МГӨБ) базасы,
- бұрғылау ұйымдары,
- транспорттық базалар,
- сумен жабдықтау, канализациялар, энергиямен
жабдықтау және байланыс кешендері,
- құрылыс ұйымдары, өрттен қорғау және т. б.
- жолдар.
3) Кәсіпшілік ішіндегі инженерлік коммуникациялар
- кәсіпшіліктік технологиялық құбырлар (мұнай және
газ құбырлары),
- су құбырлары (ауыз су, шаруашылық және өрткен
қарсы қолданылатын, сондай - ақ су айдау үшін)
- канализация, байланыс, электрмен қамтамасыз ету
желілері (линиялары) және т. б.
ІІ. Ұңғыны бұрғылау. Игеру жобасының мәліметтері бойынша бұрғылау жұмыстапының жалпы көлемі анықталып, бұрғылау түрлері, тәсілдері және әдістері шешіледі және әр жылға бұрғылау жұмыстарына салынатын күрделі қаражат көлемі анықталады.
ІІІ. Мұнай мен газды өндіру. Игеру жобасының негізінде ұңғы қоры, мұнай өндірудің болашақ жоспары, қабат қысымын ұстау тәсілі, ұңғы өнімдерін жинау және тасымалдаудың қабылданған жүйесін ескере отырып ұңғыны тиімді пайдалану, пайдалану жабдықтары, материалдары және т. б. нақтыланып және анықталады.
IV. Мұнай мен газды жинау. Техника - экономикалық есептер негізінде жинау және кәсіпшілікте дайындау пункттеріне дейін мұнай мен газды жинау және оны тасымалдауды толықтай саңылаусыздандыратын (герметизациялайтын), осы кен орнының мұнай және газды жинайтын тиімді жүйесіне ұсыныстар беріледі. Салынған қаржының ең аз көлемі мен пайдалану шығындары, металсыйымдылығы (жұмсалған металл) анықталып, процесстерді автоматтандыру, өнімділігі жоғары жабдықтарды қолдану, саңылаусыздандыру, мұнай мен газды жинау және дайындау пункттерін ірілендіру бойынша шаралар жасалады, ілеспе газды жоюды (утилизациялауды) қамтамасыз ететін мұнайды сатылы айырудың есептері жүргізіледі. Салынған қаржылар көлемі айыру қондырғылары, учаскелік және орталық жинау пункттері, өлшеу қондырғылары, мұнай жинау және газ жинау тораптары, сығымды сорап станциялары, арынды құбырлар, соңғы айыру қондырғылары, компрессорлы станциялар, мұнай қоймалары енетін күрделі құрылыстар тізбектеріне байланысты анықталады.
V. Мұнай мен газды кәсіпшілікте дайындау. Техника - экономикалық есептер арқылы сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру (стабилизациялау) процестерінің қажеттілігін анықтайды. Осы процесстерді жүзеге асыру технологиясына : тұрақтандыру прцессінің тереңдігіне, барлық құрылыс комплексінің орналасу орнына, қуаттылығын арттыру және жыл бойынша кезек - кезегімен енгізуге ұсыныстар беріледі. Ал газға қатысты, оны тасымалдау алдында бензиннен айыру және кептіру тәсілі мен дәрежесін көрсетеді. Осы бөлімде негігі технологиялық сұлбалар, негізгі және көмекші процесстердің материалдық балансы келтіріліп, барлық кешендер тізбегі олардың құны, техника - экономикалық көрсеткіштері анықталады, қабылданған шешімдердің тиімділігі бекітіледі.
1. 2. Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы
Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпщілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін және мұнайдан, қабат суларынан, әр түрлі қоспалардан және еріген газдан тұратын көп компоненті заттарды айтады [18] .
Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жүйесінің негізгі элементеріне мыналар жатады:
• өндіру ұңғылары;
• автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары
(АТӨҚ) ;
• сығымдайтын сорап станциялары (ССС)
• мұнайды, газды және суды жинау мен дайындаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ),
Жүйе элементтері өзара бір - бірімен құбырлар арқылы байланысқан.
Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды.
Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық және климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкілердің батпақтануы, ауыл және орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы және т. б. Игеру барысында мұнай кен орнының даму көрсеткіші оның толық зеттелуіне байланысты. Кен орнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып және жете зертеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің әр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.
Мұнай кен орындарын игеру кезендері(сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипаталады[3, 13] және 1. 1- суретінде көрініс тапқан.
I саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімінің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сиппаталады және пайдалану қоры шамамен 60 -80 %-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5мПа . с дейін болса 3-4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады) . Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.
II саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру -бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың ессбінен ұңғылар саны максимуға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) және сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) және ұңғылардың көп бөлігі жабылып қалады және ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тәсіліне ауысады.
III саты - мұнай өндірудің едәуір төмендеуі - мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып ұңғылар қорының азаюымен), ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстыруымен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сиппаталады, әсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты және орта есеппен 5-10 жылды құрайды. Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды.
Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80 -90% -ке дейін мұнай алынады.
IV саты - игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипаталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды және экономикалық тиімділік щегімен (рентабелділікпен ) анықталады.
Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өту барысында мұнай, мұнай газын және суды өндірудің бірдей еместігі және уақыт өте құбырлар мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере отырып ұңғы өнімдерін жинау және дайындауға арналған кәсіпшілік жабдықтарының жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.
Тұрғызу жобасына қажетті бастапқы мәліметтер:
1) жыл бойынша мұнай, газ және суды тиімді өндіру;
2) пайдалану және айдау ұңғыларын орналастыру торы, олардың саны және пайдалануға енгізу тәртібі;
3) жыл бойынша фонтанды ұңғылардың сағалық қысымының өзгеруі;
4) қабат мұнайының құрамы, тығыздығы, тұтқырлығы, шайырлық құрамы, парафинділігі, асфальтенділігі, күкіртсутектік және көмірқышқыл газылық құрамы.
5) мұнайдың газдылық құрамы, ілеспе газының құрамы, ;
6) қабат суларының физика -химиялық сиппатамасы( құрамы, тығыздығы, сілтілігі, қышқылдылығы, коррозиылық әрекеттілігі) ;
7) ұңғылар орналасқан, мұнайлық, газдылық нұсқаулары көрсетілген құрылым картасы.
8) ауданның климаттық және метеорологиялық жағдайы;
9) су, электроэнергия көздері, темір жолдар мен тас жолардың болуы;
10) топпографиялық карта.
Тұрғызу жобасында мына мәселелер қарастырылады:
- жыл бойынша мұнай мен газдың жоспарланған мөошерін жинау және дайындауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы;
- шығару желісі арқылы автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларына дейін ұңғы өнімдерін бірігей жинау және дайындауды қамтамасыз ететін жинау жүйесі;
- АТӨҚ- нан әрбір жеке ұңғыдан шыққан мұнайды, газды және суды өлшеу;
- АТӨҚ-нан мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ) дейін жинау коллекторлары бойымен суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;
- Мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау және оны тұтынушыға өткізу;
- Қабат суларын дайындау және пайдалану;
- Ілеспе газды дайындау және утилизациялау;
Қазіргі кезде Қазақстан кент орындарында тауарлы мұнайды дайындау ережесі бойынша 1. 1- кестедегідей топтарға бөлуге қарастырылған.
1. 1 кесте Мұнайдың сапалық топтары.
6, 67
(500)
6, 67
(500)
6, 67
(500)
6, 67
(500)
Мұнай өндейтін зауыттардың технологиялық процесі мен жабдықтары осы сапаға есептелген. Мұнай өндірісі мекемелерінің жұмысшылары сапаоы мұнай өткізуге көңіл қояды, өйткені өткізу бағасы оны дайындау топтарына байланысты.
Мұнай кен орындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану жүйесіне келесі талаптар қойылады:
1) өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
2) әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
3) ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, автоматты бақылау және есептеу;
4) өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
5) мұнайдың газдылық құрамы, ілеспе газдың құрамы ;
6) негізгі топтардың блокты түрде жасалып дайындалуы;
7) күрделі (қаржы) щығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету ;
8) жер қойнуын және қоршаған ортаны қорғау.
Экспотқа шығарылатын мұнай үшін 1. 2 - кестедегідей талаптар қойылады.
1. 2 - кесте. ТУ 39 - 1623 - 93. Экспортқа шығарылатын ресей мұнайы.
Техникалық шарты.
4. Парафиннің
Массалық үлесі,
% артық емес
5. Ауырметалдардың
Концентрациясы, (ванадий,
никел, темір т. б) мг\кг,
артық емес
6. Күкіртсутегінің
концентрациясы, мг\кг,
артық емес
меркаптан, этилмеркаптан
7. Судың массалық үлесі, %
артық емес
8. Хлорлы тұздардың
концентрацисы, мг\дм 3
артық емес
9. Механикалық қоспалардың массалық
үлесі, % артық емес
Қазақстан Республикасының мұнай кәсіпшіліктерінде және шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ және суды бірге жинау қарастырылған.
Бақылау сұрақтары
1. Игеру жобасында қандай сұрақтар қарастырылады ?
2. Ұңғы өнімін қалай түсінесіз ?
3. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз ?
4. Жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы қандай жобалау құжаты негізінде жүзеге асады ?
5. Мұнай кен орнының орналастыру жобасын қандай негізгі талаптар қойылады ?
6. Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мәліметтер қажет ?
7. Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына( этапына) сипатама беріңіз ?
8. Мұнай кен орнын игерудің әр сатысының ұзақтығы қандай?
9. Нормативке сәйкес тауарлы мұнайдың сапасын қандай көрсеткіштер сипатайды ?
Мұнай, газ және судың құрамы, жіктемесі және негізгі қасиеттері
2. 1. Мұнайдың құрамы, жіктемесі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері
Мұнай мен газ жанғыш пайдалы қазбалар қатарына жатады. Олар құрамында көмірсутегі емес қосылыстары бар әртүрлі құрылымдағы көмірсутектердің күрделі қоспаларынан тұрады.
Мұнай құрамы өте күрделі және әр түрлі болып келеді. Ол бір кеніштің өзінде де өзгеріске түсуі мүмкін.
Жер жүзінде 23 мыңнан астам кенорны болса, оның ішінде Қазақстанда 200-ге жуық мұнай кенорны бар. Әр кен орнының мұнай құрамы ерекше және қасиеті де әр түрлі.
Мұнайдың қасиеті өндіру барысында, мұнайдың қабат бойымен қозғалысында, ұңғыда және жинау мен тасымалдау жүйесінде өзгеріп отырады.
Мұнайдың құрамына метанды немесе парафинді (С п Н 2н+2 ), нафтенді(С н Н 2н ) және ароматты (С н Н 2н-6 ) көмірсутектер кіреді.
Метанды немесе парафинді көмірсутектері (алкандар) метаннан (СН 4 ) бастап, пентанға (С 5 Н 12 ) дейін қалыпты жағдайда, яғни (Р = Па және Т=273 К) газ күйінде болады. Ал пентаннан бастап гептадеканға (С 17 Н 36 ) дейін - сұйық түрінде, ал одан да жоғарысы-қатты заттар (парафиндер) күйінде кездеседі [2] . Мұнайдың парафинді көмірсутектерінің жартысы қалыпты құрылымға, ал қалған бөлігі тармақталған құрлымға ие екені белгілі. Изоалкандар - бензин мен майдың, олардың пайдаланылу сапасын жақсартатын бағалы компоненттер болып табылады.
Нафтенді көмірсутектер(циклоалкандар) . Моноциклді нафтендер мұнайда циклопентанды және циклогександы көмірсутектермен кең танымал болып келеді. Нафтенді көмірсутектері - моторлы жанар және жағай майлардың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Нафтенді көмірсутектері парафинді көмірсутектеріне қарағанда асфальтендер мен шайырларды өте жақсы еріту қабілетіне ие.
Ароматты көмірсутектері бензолдық қатардың циклді шексіз көмірсутектеріне жатады. Мұнайдың тығыздығы, химиялық тұрақталығы, улылығы және басқада сипаттамалары ароматты көмірсутектерінің алатын үлесіне және құрамына байланысты. Мұнайдың ароматты көмірсутектері басқа қосылыстармен салыстырғанда асфальтты-шайырлы (смолалы) заттарды өте жоғары дәрежеде еріте алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz