Ұрлық талан-тараждың бір нысаны ретінде


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Ұрлық талан-тараждың бір нысаны ретінде . . . 4
1. Ұрлықтың объектісі және қылмыстық қол сұғушылықтың заты . . . 4
2. Ұрлықтың объективтік жағы . . . 8
3. Ұрлықтың субъектісі . . . 13
4. Ұрлықтың субъективтік жағы . . . 15
5. Ұрлықтың сараланушы белгілері . . . 17
6. Ұрлық құрамын шектес қылмыс құрамдарынан ажырату . . . 22
Қорытынды . . . 25
Пайданылған әдебиеттер . . . 27
Кіріспе
Қылмыстылықпен күрес жүргізу кез келген қоғамға тән актуальды құбылыс. Ол кеңестік дәуірдің өзінен ақ ерекше маңызға ие болған. Кеңес одағы өмір сүруін тоқтатқан кездегі қоғамдағы дағдарыс көптеген бұрынғы одақтас республикаларда саяси, әлеуметтік- экономикалық, ұлттық қайшылықөтардың шиеленісуіне әкеп соқты. Бұл жаңа қоғам жағдайына өтуге дайын болмағандықтың көрінісі еді.
Қазіргі уақытта криминогендік жағдайдың шиеленісу факторы болып экономиканың тұрақсыздығы, өндіріс пен тұтынушылық рыноктың мүмкіндігінің қысқаруы, ақшаның құнсыздануы, бағаның үнемі өсуі, көптеген азаматтардың өмір сүру деңгеінің төмендеуіне әкеп соқты. Бұл жағдайдан Қазақстан да тыс қалмады.
Қазақстанда қылмыстылық деңгейі 80 жылдардың соңында жедел өсіп, жоғары күйінде қала берді, соңғы жылдардағы криминалдық өзгеріс, қылмыстыдықтың санының ғана өсуі емес, сонымен бірге қылмыстылық сапасының өзгеруі болды.
Мемлекеттің қылмыстылыққа бақылау жасап, оның алдын алуға қабілетсіздігі- қоғамның саяси, заңдық, элеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы екені белгілі.
Осындай жағдайға байланысты криминологиялық және қылмыстық құқықтың зерттеу шегіне кіретін ұрлықпен күрес жүргізу мәселесі ерекше маңызға ие болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік және жеке меншікті теңдей бекітіп, меншік құқығын бірдей қорғауды заңда бекіткен. Меншікке қылмыстық қол сұғушылық азаматтарға үлкен материалдық шығын әкелгені үшін ғана емес, мемлекет атынан адам мен азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз етіп, қылмыстылықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының қызметінің қабілеттілігіне сенімін жоғалтатын саяси салдар туғызатынымен де қауіпті.
Сондықтан да меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметтерінің алғашқы міндеттерінің бірі ретінде көрініс табады. Осыған орай ұрлық қылмысының алдын алу шараларын қарастыруда әлеуметтік- экономикалық саяси, жағдайлардағы сұрақты шешу үшін ғылыми зерттеуді талап етеді.
Зерттеу объектісі ретінде ұрлық пайдакүнемдік қылмыстың бір түрі кримилогиялық ерекшіліктегі құбылыс ретінде көрінеді.
Ұрлықты зерттеу пәніне оның жағдайын, құрылымын, өзгерісін білу, қарастырылып отырған қылмыстың сандық сапалық ерекшіліктерін зерттеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер органымен ұрлықтың алдын алу шаралырын қолдану мақсатында жүйелі түрде зерттеу кіреді.
Соңғы кезде қылмыстың бұл түрінің сандық және сапалық көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге, жасау тәсілі де өзгеріске ұшырады.
Менің жұмысымдағы алдыма қойған мақсаттарым келесідей:
- меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі талан-тараждың бір нысаны ретіндегі ұрлықтың өзіне тән қылмыстың құқықтық және криминологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- ұрлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып өзіне тән белгілерді ажырату;
- ұрлықтың жасаушы қылмыскер тұлғасын, ұрлықты жасауға әсер етуші себептер мен жағдайларын анықтап, ұрлықтың алдын алу шараларын қарастыру.
Бітіру жұмысы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда талан-тараждың жалпы сипаттамасы туралы айтылса екінші тарау талан-тараждың жеке нысаны ретінде ұрлықты қамтиды. Үшінші тарауда ұрлықтың криминологиялық аспектілері туралы айтылады.
Мұнда қолданылған пікірлер мен қортындылар заңгерлердің, социологтардың, психологтар мен басқа ғылым саласы өкілдерінің тұжырымдамалары мен заңға және нормативтік актілерге негізделген.
1 Ұрлықтың объектісі және қылмыстық қол сұғушылықтың заты
Меншік иесінің мүлкін талан-тараждаудың бір нысаны болып табылатын ұрлық көп таралған мүліктік қылмыстардың қатарына жатады.
Заң ұрлықты меншік иесінің мүлкін жасырын талан-тараждау ретінде анықтаған нақты қылмыстық әрекет нәтижесінде түсетін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175-бабында көзделген, яғни ұрлық бөтеннің мүлкін иелену мақсатында, жасырын, құқыққа қайшы, қасақана түрде, күш қолданусыз алу болып табылады.
Ұрлықтың топтық объектісі ретінде меншік қатынастары танылады, Қазақстан Республикасының Азаматтық заңына сәйкес меншік құқығы заңмен танылған және қорғалатын субъектінің өзінің мүлкін өзқ қарауы бойынша иелену, пайдалану, және билік ету құқығы болып табылады1.
Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны: жеке меншік және мемлекеттік меншік тең танылады және қорғалады, жеке меншік ретінде азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі танылса, ал мемлекеттік меншік республикалық және комуналдық меншік түрінде көрініс табады.
Жеке меншіктің ерекше түрі ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 191-бабына сәйкес қоғамдық меншік, соның ішінде діни бірлестіктердің меншігі танылады.
Ұрлықтың негізгі тікелей объектісіне қол сұғушылық жүзеге асырылған нақты меншік қатынасы жатады.
Меншік иесінің мүлкін ұрлауда кінәлі іс жүзіндегі құқықтық қатынасқа емес, оның элементіне, яғни мүлікті иелену, пайдалану, билік етумен жүзеге асырылатын меншік құқығына қол сұғады.
Ұрлықты талдағанда объектісін ғана емес сонымен бірге қылмыстық затын , яғни ұрланған мүлікті анықтау қажет.
Қылмыстың қол сұғушылық заты ретінде мүлікті қарастыра отырып сол уақытта оны қылмыстың объектісінен бөліп зерттеуге болмайды.
Объекті мен зат құбылыстың бір деңгейінде жатқан бір-бірімен байланысты ұғымдар, заттай мүліктер мүліктік қатынастардың материалдық алғы шарты болғандықтан қол сұғушылық заты, қылмыс объектісінің элементі, құрамдас бөлігі ретінде танылуы қажет, яғни меншік қатынастары мүлікпен байланыссыз жүзеге асырылмайды.
Мүлікке әсер ету жолымен меншік қатынастарына зиян келеді. Затты ұрлау мүліктің бөлшігі ретінде осы заттардың есебінен жүзеге асырылатын меншік қатынастарын бұзады.
Бұл көзқарасқа В. А. Владимиров қарсы шыққан. Ол ұрлықтың заты мен тікелей объектісін бөліп қарастыруда қате санаған. Оның пікірінше ұрлықтың объектісі материалдық дүние заттарының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мүлік табылады.
Сондай-ақ М. П. Михайлов меншік құқығы қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келмейді деген2.
Басқа авторлар ұрлық жасағанда зиян меншік қатынастарына қол сұғушылық затына әсер ету жолымен келтіріледі. Қоғамдық қатынас болып табылатын меншік ұрланбайды, жойылмайды, меншік қатынастары тек бұзылады.
Соған сәйкес ұрлықта зиян мүлікке емес, меншік құқығына келтіріледі. Қылмыс субъектісі яғни ұры сыртқы дүниенің материалдық заттарына емес, меншік құқығына, меншіктік қоғамдық қатынастарға қол сұғады.
Б. С. Никифоров мүлікті сыртқы дүниенің материалдық заттарының белгілі жиынтығы деп дұрыс түсінік берген.
Мүлік өзінің физикалық белгілеріне орай ол объективтік дүниенің әртүрлі заттарында, материалдық, затық денелерде жабдықталған, кез-келген физикалық жанды және жансыз жағдайда болу мүмкіндігі бар, өз алдына маңызға ие немесе басқа басты мүлікке жату рөлін орындайтын ерекшліктерге ие болады.
Ереже ретінде ұрлықта қол сұғушылық заты болып табылатын мүлікке кеңістікте өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпай араласатын қозғалатын мүлік жатады.
Ұрлықтың мақсаты бөтен еңбектің материалдық өнімдерін құқыққа қайшы иеленіп алу болғандықтан ұрлықтың заты ретінде болжамдар, кітапта, картинада материалдық көрініске ие болмаған материалдық құндылықтар танылмайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша мемлекетке немесе басқа құқық субъектісінің меншігіне жататын барлық мүліктерталан-тараждың заты болып саналмайды.
Ұрлықтың затына тек адам еңбегі сіңірген мүліктер мен заттардың жиынтығы жатады. Ұрлықьың заты болуы үшін мүдік тұтынушылық қасиетпен бірге баға құнына ие бола отырып тауар-ақша айналысына, азаматтың айналымға қатысу қабілетіне ие болу керек.
Орман, жан жануарлар мен құстар, судағы балықтар, қоғамға пайдалы еңбек жұмсалған табиғи байлықтар да меншік-мемлекеттің меншігі. Бірақ бұған адам еңбегі жұмсалмағандықтан оны ұрлау мүлкі ретінде есептемейміз. Осы аталған объектілерге қылмыстық қол сұғушылық үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 11 тарауында экологиялық қылмыстарда көзделген3.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175 бабында қарастырылған қылмыс затына ақшы қауылары мен атыс заттарын қоспағанда оқ ату қаруының барлық түрлері жатпайды. Бұл заттарды талан-тараждау қоғамдық қауіпсіздікте маңызды қауіп көрсетеді, оларды қолданып ауыр, аса ауыр қылмыс жасау мүмкіндігін туғызады. Бұл қылмыстың негізгі объектісі меншік емес, қоғамдық қауіпсіздік болып табылады, меншік қатынастары бұл жерле қосымша объекті ретінде көрініс табады. Сондықтан ол Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің «қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарң деп аталатын 9 тарауына енгізілген.
Осы негізге орай көрсетілген тарауға жеке қылмыс құрамы ретінде радиактивті материалдарды талан-тараждау және «халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстарң деп аталатын 10 тарауға «Есірткі заттарды немесе жүйкегк әсер ететін заттарды талан-тараждағаның4 үшін жауаптылық көзделген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115 бабының мазмұнынан келіп мүлік түсінігі заттарда, ақшаны, шет ел валютасын, бағалы қағаздарды, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіленген нәтижесін, фирмалық атауды, тауарлық белгіні, мүліктік құқықтың жекеленген бұйымдарының басқа да құралдарын және басқа мүліктерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115-бабына сәйкес ұрлықтың заты қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер болуы мүмкін. Соңғысына ақша учаскесінен талан-таражға ұшыраған көп жылдық екпелер жатады.
ұрлықтың затына:
- бөлінбейтін мүліктер, яғни шаруашылық мақсатын өзгертусіз бөлінуі мүмкін емес немесе заң ережелерінің күшімен бөлінуге жатпайтын мүліктер (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 120 бабы) . Сонымен бірге бөлінетін мүліктер- бұл бөлікке бөлгенде өзінің мақсатын жоғалтпайтын мүліктер.
- қиын заттар, біртұтас бүтінді құрайтын, белгілі мәнді байланыс мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін заттар (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 121 бабы) . Қиын заттарға кітапхана, кәсіпорын т. б жатады.
- Заң негізінде мүлікті пайдалану жолымен алған тұлғаның кірістері, өнімдері және тұқымдары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 123 бабы) .
- Жануарлар.
- Ақша (валюта) . Біздің елімізде ақша бірлігі теңге болып табылады. Қазақстан Республикасында шет ел валютасымен есеп айырудың жағдайы мен тәртібі Қазақстан Республикасының Заңымен блгіленеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 127 бабы) .
- Валюталық құндылықтар. Валюталық құндылық ретінде танылатын мүлік түрі және онымен мәміле жасау тәртібі заң актілерімен белгіленеді.
- Бағалы қағаздар. Бағалы қағаздарға облигация, коносамент акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 130 бабы) . Сот тәжірибесі талан-тараж затына азаматтық кодекс бағалы қағаз деп танылмайтын, оны иеленушінің берілген мүлікке не қызметке, не жұмысқа белгілі мүліктік құқығын куәландыратын сурагаттық бағалы қағаздарды да жатқызған. Мұндай қағазға мүлікті алуға тікелей құқық беретін нарықтық немесе біртұтас мемлекеттік қордың жанар жағар материалдарының талондары абономент кітапшалары, көліктік қызметке ақы төлегендігін куәландыратын құжат ретінде қарастырылатын метрода немесе қоғамдық көлікке жүруге құқық беретін жол жүру билеттері және лоторея билеттері жатады.
Азаматтық заңда құжатталған және құжатталмаған бағалы қағаздар ажыратылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 135 бабы) . Құжатталмаған бағалы қағазға бекітілген құқық электрондық есептеу техникасы құралдарының көмегімен магниттаспада жазылады. Тәжірибе көрсеткендей шет елде де олар ұрлықтың затына жатқызылады. Мұндай талан-тараж компьютерлік техниканы қолданумен, соның ішінде компьютерлік желіге заңсыз жолмен кірумен жүзеге асады.
Құндылыққа ие емес мүліктік сипаттағы мысалы: өсиет, сенімхат, сақтандыру полистері, әуе, су, темір жол көліктерінде жол жүру билеттерінде, яғни қосымша белгілер (мәтін жазу, мөр басу, компьютерлеу) енгізілгеннен кейін ғана пайдалану мақсатына ие болатын құжаттар және мгимитациялық белгілер (сақтау орнының жетоны, гардероб нөміршесі) бағалы қағаз болып табылмайды.
Мұндай заттарда талан-тараждау әр түрлі қылмыстық құқықтық бағалануы мүмкін. Ол меншікке қарсы қылмыстар жасауға дайындық болып табылуы мүмкін.
Азаматтардың жеке құжаттарын, төлқұжатын оқу орнын бітіргендегі туралы курстық жұмысым, кәсіпорынның мөрін, штампысын, бланкілерін талан-тараждау меншік қатынастарын бұзбайды. Сондықтан заң шығарушы бұл заттарды талан-тараждауды басқару тәртібіне қарсы қылмыстар қатарына жатқызған (Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 14 тарауы) 5.
Мүлік ортақ меншікте бірнеше тұлғаның иелігінде болуы мүмкін. Ортақ бірлескен меншікті құрайтын мүлікті, оның иесінің біреуі қалған басқа тұлғалардың мүддесіне зиян келтіре отырып, өз бетімен пайдаланса, ол тұлғаға мүлік бөтен заты ретінде танылмайды.
Сонымен бірге қылмыс жасалған кезде ұрланған мүлік басқа адамның заңсыз иелігінде болған жағдайда да (мысалы, оны ұрлаған адамда болғанда) айыптының әрекеттері бөтеннің мүлкін талан-тараждау ретінде сараланады6. осыған орай қылмыстың объектісі болып мншіктің әр түрлі формасында көрініс тапқан меншік қатынастары табылады. Ал ұрлықтың заты адам еңбегінің нәтижесінде жасалған ұрлаушы үшін бөтен болып табылатын мүлік.
2 Ұрлықтың объективтік жағы
Ұрлық өзінің объективтік белгісіне орай мүлікті меншік иесінің иелігінен немесе қорғауға берілген тұлғаның қол астынан құқыққа қайшы, күш қолданусыз жасырын алуда көрініс табады. Ұрлық ұрының меншік иесінің билігінен бөтен мүлікті алудың белгілі тәсілімен әрекетпен ғана жүзеге асырылады, ұрлық әрекетсіздікпен жасалмайды.
Осыған орай ұрлықтың объективтік жағын әрекет, зардап және әрекет пен зардаптың арасындағы тікелей себепті байланыс деп көрсетуге болады.
Талан-тараждың ерекше нысаны ретінде ұрлықты бөліп көрсететін маңызды белгі мүлікті алудың жасырын тәсілі болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175 бабы ұрлықты «бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауң деп көрсеткенде осыған көңіл аударған.
Ұрлық әр түрлі тәсілдермен жасалуы мүмкін:
- бұзудың әр түрлі нысаны.
- төбе жапқыларын бұзудың, терезедегі әйнекті сындыру жолымен
- жапқыш құрылғыға ашу құралын таңдаумен.
- қалтаға түсіп ұрлау.
- еркін жету деп аталатын.
Жасырын деп белгісіз, тығылып жасалатын талан-тараж танылады. Бұл ұрлау иелігіндегі қорғауындағы немесе қарауындағы мүлік бар тұлғаға білінбеуі қажет. Мысалы ұры тұрғын жайға кіріп онан мүлікті ұрлағанда күзетінің қорғауындағы басқа объектіні қарауға кеткенін пайдаланып не тұлғаның ұқыпсыздығын пайдаланып автобуста оның қалтасынан әмиянын ұрлап алады.
ұрлау жағдайында үшінші тұлға деп аталатын бөтен адамдар қатысуы мүмкін. Олар дүкендегі сатып алушылар, қойма жанынан өтіп бара жатқан азамат болуы мүмкін. Бұл тұлғалар мүлікті қарауға немесе қорғауға ешқандай қызметтік не шарттық міндетті емес Заң әдебиетіндегі үшінші тұлға раш туралы белгілі пікір бірден қалыатасқан жоқ.
А. И. Санталов ұрлықтың болуы туралы сұрақты шешу үшін үшінші тұлғаның қатысуының не қатыспауының ешқандай әсері жоқ деп санаған.
Бірақ үшінші тұлға -бұл көзбен көргендер яғни қажет жағдайда ұрыға талан-таражды жасағанда әсерін тигізетін, сол сияқты соңынан ұрлаушыны кінәлі ретінде тануға көмектесуі мүмкін. Осыған байланысты талан-тараж қылмыскер мүлікті үшінші тұлға үшін белгісіз тәсілмен алған жағдайда ғана жасырын болып табылады. Керісінше жағдайда ұрлық тонауға ауысады7. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі кінәлінің жасырын әрекет етуіне байланысты тұлғалардың шеңберін шектемеген.
Осының негізінде талан-тараж жәбірленуші мен басқа тұлғалар қылмыс болған жерде болғанымен кінәлінің құқыққа қайшы әрекетін сезбеуі керек. Сондықтан мысалы, көп адам болған жерде бөтен мүлікті иеленген тұлғаның әрекетін басқа адамдар оны мүліктің иесі деп ойлаған әрекет те ұрлық ретінде сараланады. Мұндай сенімді ұрының өзі, яғни сол мүліктің иесі сияқты етіп өзін ұстап қалыптастыруы керек. Егерде, адам автокөлікке еркін барып отырып айдап кетсе айналадағы адамдар оны ұры деп ойламай иесі екн деп ойлап қалады. Сондықтан бөтен автокөлікті, велосипедті мотоциклді көп адамның көзінше талан-тараждаса бұл әрекет Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 175 бабымен сараланады.
Мүлікті автоматтандырылған сақтау қоймасынан талан-тараждау жасырын деп саналады. Сақтау қоймасының шифрын біліп алған ұрыны жанындағы адамдар зат алып жатқанда шифрды тек меншік иесі ғана біледі деген пікір қалыптасқандықтан байқамайды.
Егер ұрыға басқа адамдар оның әрекетінің құқыққа қайшы екендігін білетіні мәлім болса, бұл факті талан-таражды ашық деп санап оны тонау ретінде саралауға негіз болады.
Жас ерекшелігіне, психикалық не басқа ауру жағдайына орай немесе ішімдікке мас болу салдарынан ештеңені білмейтін жағдайда екендігі кінәліге белгілі тұлғаның көзінше жасалған талан-таражды ұрлық ретінде қарастырамыз.
Жеке қарым-қатынасқа байланысты қылмысты жасауға кедергі келтірмейтіндігіне кінәлі сенімді болған тұлғаның көзінше жасалған талан-тараж жасырын болып табылады. Мұнда ұрлыққа қатысушының алдын ала білетіндігі ескеріліп тұлға ұрлықты жасауға қатысушы ретінде жауапқа тартылуы мүмкін. Заңгерлердің арасында жәбірленушінің бас киімін және қолындағы мүлкін кенеттен алып қашқан жағдайда, яғни бір уақытта кенеттен талан-тараждауды қалай саралау керек екендігі туралы ортақ пікір жоқ. Алғаш қарағанда мұндай талан-тараж барлық уақытта ашық жасалып Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 178 бабының құрамына сәйкестенеді. Бірақ мұндай пікір барлық уақытта кенеттен жасалған талан-таражда дұрыс болып табылмайды.
Талан-тараж мүлікті алу кезінде жәбірленушінің сезімімен бұл дерек қамтылмаса ғана жасырын болып саналады. Егерде мысалы жәбірленуші ұры әмиянды алып болып жасырынуға тырысқанда байқаса жасырын жасалған талан-тараж бұдан ашыққа айналмайды.
Жәбірленуші мүлікті өзінен алу аяқталғаннан кейін байқаған дерек талан-таражды ашық деп тануға әсер етпейді.
Айтылғандар кенеттен жасалған талан-тараж туралы сұрақты шешуге мүмкіндік береді. Басындағы бас киімді, қолындағы затты кенеттен тартып алу өткен оқиғаның мәнін жәбірленуші сезінбеген жағдайда, яғни өз затының жоғалғанын талан-тараж аяқталғаннан кейін байқаса ол ұрлық ретінде саралануы мүмкін.
С. және П. деген жасөспірімдердің әрекетін мысалға алатын болсақ, олардың әрекеті тонаудың емес ұрлықтың белгілерін көрсетті. Олар қақпаның артына тығылып отырып өтіп бара жатқан адамдардың бас киімдерін қолдарындағы құралмен сыпырып алып отырған, іс материалынан жасөспірімдердің бұл әрекетті кешкі уақытта жалғыз жолаушыларды құрбан етіп жасағандығы көрініп тұр. Жәбірленушілер кенеттен кездейсоқ болған әрекеттен біраз уақыт бойына болған оқиғаны, бас киімді кім және қалай алғанын байыптап айтып бере алмады8.
Сонымен кенеттен болған талан-тараж ұрлық ретінде жасалған әрекет тәсілі мен жасалу жағдайы жәбірленушіге және басқа тұлғаға белгісіз болғанда қарастырылуы мүмкін.
Кінәлінің жасырын әрекет етуге ұмтылуы үлкен маңызға ие. Бұл белгі жасырын түсінігін анықтау үшін шешуші болып табылады, қылмыскер оның сезімімен және ниетімен қамтылған қылмыс үшін жауапты болады. Егер қылмыскер ұрлық жасап жатып жасырын әрекет етіп жатырмын деп ойласа бірақ оны қойма күзетшісі байқап тұрса, онда мұндай алу жасырын ретінде қарастырылады9.
Ұрлықтың жасырын тәсілі -объективтік жақтың қажетті белгісі. Сонымен А. А. Пионтковский қылмыс құрамының қатарында әрекет тәсілінің ерекшелігі объективтік жақтың қажетті белгісі ретінде танылады деп белгілеп мысалыға ұрлық құрамын келтірген.
В. Н. Кудрявцев объективтік жақтың белгілерін тұрақты және тұрақсыз деп бөле отырып ұрлықтың жасырын тәсілін тұрақты белгіге жатқызған.
Ұрлаушы әрекетін біреудің байқағанын біліпталан-таражды тоқтатса ол жасырын болып қала береді.
Мұндай әрекет ұрлыққа ққталу немесе ұры мүлікті иеленіп үлгерген болса аяқталған ұрлық құрамын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz